Ндірілетін өнімнің өзіндік құны

Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.

Өзіндік құнның экономикалық мазмұны - жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды жәнс жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік қүнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы - бұл шығындардың басты статьялары.

Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің кызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жар-наларын жасау — бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.

Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.

1. Өзіндік құп өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.

2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.

3. Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігіп есептеу.

Кәсіпорынның өзіндік құны, жалпы табысы және пайдасы

  Жалпы табыс
Материалдық шығындар Еңбекақы Пайда
Өндірістің шығындары (өзіндік құн) Таза табыс
Ө т к і з у к ө л е м і

Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құнның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда территориялық қашықтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия және көлік тарифтері және т.б.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:

- шығьшдардың бастапқы элементтерімен;

- пайда болу және міндет жүктеу сипатымен. Экономикалық элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастьтрудың мәні — әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төмендегі шығын элементтері бөлінеді:

- материалдық шығындар (қайтарылма қалдықтар құрамынан шегеру);

- еңбекақыға жұмсалған шығындар;

- әлеуметтік сақтандыруға аударым;

- зейнетақы қорына аударым;

- жұмыспен қамтылу қорына аударым;

- амортизация;

- басқа да шығындар.

Өнімнің өзіндік құнын төмендету тезервтерінің сыныптамасы Ндірілетін өнімнің өзіндік құны - student2.ru

Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары

Шығьндарды жүйелі түрде төмендету — кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.

Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмөндегі негізгі бағыттарын айтуға болады:

- ғылыми - техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;

- өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

- экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.

Ғылыми - техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру — бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен - көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа матшиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.

ІІІығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету — шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып ие немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізпттардың әрбір бө лігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру.

Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс, ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудін экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салымтырғанда недәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық - техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оламды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми - техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.

Өнімнің өзіндік құнын арзандату — еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.

Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:

• өндірістің технкалық деңгейін көтеру;

• өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;

• басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

• технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, т.б.

Өнімнің өзіндік құны шығындарының экономикалық элементтері және калькуляция баптары бойынша құрылымы

Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық шығындарды талдау, есепке алу және жоспарлау мақсатымен, сонымен қатар әртүрлі кәсіпорындарда өндірілетін өнімнің өзіндік құнын салыстыру үшін бірін - бірі толықтырушы екі жіктеу тәсілі қолданылады: элементтер жэне калькуляциялық баптары бойынша.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар өздерінің экономикалық мазмұны бойынша келесі элементтерге топтастырылады:

1. Негізгі шикізат және материалдар;

2. Көмекші материалдар;

3. Отын (сырттан әкелінетін);

4. Энергия (сырттан әкелінетін);

5. Өндірістік персонал жалақысының шығындары;

6. Әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар;

7. Амортизациялық аударымдар;

8. Т.б. шығындар;

«Материалдар» ("материалдық шығындар") элементінің құрамына мынадай құндар кіреді:

- өндірілетін өнімнің құрамына жататын, оның негізін құрайтын шикізат пен материалдардың;

- өндіріс үрдісінде қолданылатын, сатып алынған материалдың;

- қалыпты технологиялық үрдісті қамтамасыз ету үшін қажетті бұйымдардың;

- материалдық ресурстарды жеткізумен байланысты шығындардың құны.

Материалдық шығындарға қайтатын қалдықтардың құны қосылмайды.

Қайтқан қалдықтар деп - . өнімді өндіру үрдісінде қалыптасқан, бастапқы қасиеттерін толығымен немесе жарым - жартылай жоғалтқан және осыған байланысты жоғары шығынмен (өнім шығымы азайғанда) пайдаланылатын немесе өз орнында тіпті пайдаланылмайтын шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар және материалдық ресурстардың және т.б. түрлерінің қалдықтарын айтады.

Тағайындалған технологияға сәйкес басқа өнім түрлерін өндіру үшін толық бағалы материал ретінде өзге цехтарға жіберілетін, материалдық ресурстардың қалдықтары өндірістік қалдықтарға жатпайды.

Жалақы шығындары элементінде негізгі өндірістік персоналдың жалақысы, оған қоса өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйақылар, ынталандырушы және орнын толтырушы төлемдер, сонымен бірге негізгі қызметке қатысатын, кәсіпорынның штатында тіркелмеген жұмысшылардың жалақысының шығындары бейнеленеді.

Еңбекақы шығындарының құрамына мыналар кіреді:

- кәсіпорында қабылданған еңбекақы төлеу нышаны мен жүйелеріне сәйкес, кесімді бағалар, тарифтік ставкалар мен лауазымдық жалақы мөлшерлеріне қарай белгіленетін, орындалған жұмыс үшін жалақы төлемдері, жұмыскерлерге еңбектері үшін натуралды түрде берілетін өнімнің құны;

- ынталандырушы сипаттағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйақылар, кәсіптік шеберлігі және т.б. үшін тарифтік ставкалар мен жалақыға қосылатын үстемелер;

- жұмыс тәртібі және еңбек жағдайларымен байланысты орнын толтырушы сипаттағы төлемдер, соның ішінде түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімінен тыс, көп ауысымдық тәртіптегі жұмыстар, демалыс пен мереке күндеріндегі жұмыс, бірнеше жұмысты қатар атқарғаны үшін, ауыр, зиянды және ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін тарифтік ставкалар мен жалақыларға қосылатын үстемелер мен қосымша төлемдер;

- заңға сәйкес тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтер, тамақтандырудың және кәсіпорын жұмыскерлеріне берілетін тегін үй шығындарының құны;

- кезекті және қосымша демалыстар ақысы (пайданылмай қалған демалыстың), сонымен қатар мемлекеттік міндеттерді орындау мен медициналық байқаудан өтуге байланысты кеткен уақыттың ақысын төлеу;

- жеке иелікке тегін берілетін (арнайы киім, киім - кешекті қоса алғанда) заттардың құны;

- жұмыскерлер санының қысқаруымен байланысты төлемдер көп жылғы еңбегі үшін берілетін біржолғы сыйақылар (кәсіпорында мамандығы бойынша жұмыс стажы үшін қосылатын үстемелер);

- басқа кәсіпорындардан ауысып келген жұмыскерлерге нақты бір мерзім ішінде лауазымдық жалақы мөлшерін сақтауға байла­нысты төленетін жалақы айырмасы.

Әлеуметтік мұқтаждықтарға, мысалы әлеумттік сақтандыру қорына аударымдар белгілі бір мөлшерлер бойынша еңбекақы қорынан жүргізіледі. Бұл мөлшерлердің көлемі заң тәртібімен тағайындалады және қайта қаралуы мүмкін.

Негізгі қорлар амортизациясына барлық амортизациялық аударымдар жатады.

Бастапқы төрт элемент өзінің экономикалық мазмұны жағынан толығымен біртектес болып табылады. Шартты түрде "тағы басқа шығындар" деп аталатын соңғы топ өзінше ерекше. Бұл топқа шығындардың өзге элементтерінің қай - қайсысына да қосуға болмайтын, өздерінің экономикалық құрамы жағынан әртүрлі шығындар кіреді. Бұл - пайыз бойынша төлемдер, материалдық емес активтердің тозығы, іс - сапар шығындары, өкілдік шығындары, жарнама шығындары, кадрлар дайындау шығындары және т.б. Шығындар элементтері бойынша есептелген өзіндік құн өнімнің қандай нақты түріне пайдаланылғанына байланыссыз өндірістік бағдарламаны орындау үшін тұтынылған ресурстардың жалпы көлемінің құндық өлшемін бейнелеуге мүмкіндік береді. Экономикалық элементтер бойынша жіктеу, сонымен қатар, шығындардың қалыптасуы кезіндегі әр элементтің мәнін анықтауға және өзіндік кұнды төмендетудің, айналым құралдарына қажеттіліктерін есептеуге және инвестициялар мен несиелерді экономикалық орналастыру үшін, яғни бизнес - жоспар құру кезінде шығындар сметаларын есептеуге мүмкіндік береді.

Бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеумен байланысты барлық ықтимал шығындар есептейміз.

Құндық баға қамтиды:

- ресурстар және жабдықтар (М);

- электр энергиясы (Э);

- жабдықтың амортизациясы және бағдарламалық қамтамасыз ету (А);

Құны материалдар (М), қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін ұсынылған кестеге сәйкес 1.

Кесте 1 – Сайт әзірлеу үшін қажетті ресурстардың құны.

Ресурс аттары Саны Құны Құны тг.
Хостинг
Домен
Интернет
Жиыны:    

Сайт үшін қажетті ресурстардың Жалпы құны 147 500 тг.

М= 3360+3600+3830=10790 тг.

Электр энергиясына арналған шығындар (Э), қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін 3800 тг құрады . айына электр энергиясын шығындары 227 кВт. құрады. Екі айға шығындар 2Ч227= 454 кВт. Базалық тариф құрайды 8,364тг. 1 кВт/сағ.

Э = КэЧТр ,(1)

мұндағы Кэ – бір кВт/сағ құны, тг.;

Тр – кВт/сағ. саны

Э=8,364*454=3797=3800

Негізгі құралдарының құны (С) мен интернет сайт әзірлеу процесінде пайдаланылатын материалдық емес активтер:

Негізгі құралдар:

- ноутбук ASUS(150000 (руб.).

Материалдық емес активтер:

- Adobe Photoshop (35000 (тг.).

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер құнын есептейміз:

С =150000+35000=185000тг.

Желілік әдісі үшін амортизация нормасын есептеу мынадай формула бойынша есептеледі:

Ндірілетін өнімнің өзіндік құны - student2.ru

Ндірілетін өнімнің өзіндік құны - student2.ru мұнда жабдықтың пайдалану мерзімі

амортизациялық аударымдарды бес жылға есептейміз.

Ндірілетін өнімнің өзіндік құны - student2.ru

Амортизациялық аударымдарды бір жылға есептейміз.

Ндірілетін өнімнің өзіндік құны - student2.ru

Ндірілетін өнімнің өзіндік құны - student2.ru

Бір айға амортизациялық аударымдар есептейміз (А1)

Ндірілетін өнімнің өзіндік құны - student2.ru

Ндірілетін өнімнің өзіндік құны - student2.ru

Екі ай үшін амортизациялық аударымдар есептейміз (А2).

A2=310*2=620 тг.

Шығындардың жалпы сомасы смета бойынша (жоспарлы өзіндік құны (С) бағдарламалық қамтамасыз ету мына формула бойынша есептеледі:

С =10790+3800+185000= 199590

Есеп айырысу ақысының нәтижесі 2 кестеде

Кесте. 2 – Жоспарлы өзіндік құн есептеу интернет сайт

Шығындар Шығындар тг.
1. Материалдар (М)
2. Электрэнергиясы (Э)
3. Амортизация (А)
4. Смета бойынша шығын құны (толық өз құны) (С)

Орытынды

Web - сайттар жасау әдістері мен құралдарын Зерделеп және талдап мен мынадай қорытынды жасадым, жұмысты жүзеге асыру үшін көптеген технологиялар мен құралдар бар, бірақ бұл ретте көбі жобаның ауқымына байланысты.

Бұл дипломдық жұмыста Франция мемлекетінде өтіп жатқан "UEFA EURO 2016" турнирының сайты әзірленді. Сайт Adobe Dreamweaver CS5 бағдарламасында құрылды. Тағы да Adobe Photoshop CS5 бағдарламасы қолданылды.

Сайтты әзірлеу үшін қазіргі заманғы Web-сайт әзірлеу және жасаудың өзекті мәселелері қаралды.

Бұл ретте мынадай жеке міндеттер шешілді:

- қазіргі заманғы интернет-технологиялармен танысу және оларды нағыз әзірлеуде пайдалану;

- Web-сайттар әзірлеу және құру үшін қолданылатын бағдарламалық құралдарға зерттеу;

- Web-сайт құрылымын анықтау;

- Web-сайттар әзірлеу және құру стратегиясын таңдау.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде таңдалған технологиялардың базасында қазіргі заманғы Web-сайт прототипі құрылды.

Наши рекомендации