Дәріс тақырыбы №6. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚҰРЫЛТАЙЫ
1. Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік басқосуы.
2. Қазақтардың 2-ші дүниежүзілік басқосуы.
3. Қазақтардың 3-ші дүниежүзілік басқосуы.
Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік басқосуы.
1992 ж. 28 қыркүйегінен 4 қазанға дейін Алматыда қазақтардың дүниежүзілік бірінші құрылтайы өтті. Оған дүние жүзінің 13 елінен өкілдер қатысты, ресми құрылтай қонақтары 800-дей болды. 1992 ж. 30 қыркүйекте салтанатты жиналыс болып, онда z:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmН.Ә.Назарбаев құттықтау сөз сөйледі: “Біздің бүгінгі құрылтайымыздың басты маңызы мен мақсаты-бүкіл дүние жүзіне тарыдай шашырап кеткен қазақ халқының болашағы туралы ой бөлісу, қазіргі тарихи өтпелі кезеңге тап болған ұлттың тағдырына көз жіберіп, шолу жасау” — деді Президент.
Салтанатты мәжілісте құрылтайды ұйымдастыру комитетінің төрағасы, премьер-министрдің орынбасары М.Жолдасбеков, шығыстанушы ғалым Халифа Алтай, Монғолиядағы Баян Өлгий аймағы әкімшілігінің басшысы Мизамхан Күлтуғанұлы, Германиядан — Қаби Суммер, дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы төрағасының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы Қ.Найманбаев, Өзбекстан облыстық кеңесінің төрағасы Артықбай Үкібаев, Кемерово облыстық кеңесінің төрағасы Амангелді Төлеев сөз сөйледі. Әңгіме қазақ ұлтын, мәдениетін, тілін өркендету, адамгершілікті келісім орнату жайында өрбіді.
Делегациялар жетекшілерін республика Жоғарғы Кеңесінің төрағасы С.Әбділдин қабылдады. Құрылтайға қатысушылармен министрліктерде, ведомстволарда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жезқазған облыстарының еңбекшілерімен кездесулері өткізілді. Барлық жерде әрқилы мерекелік бағдарлама, көркемөнерпаздар концерті, театрландырылған көріністер, ұлттық спорт түрлерінен жарыс, халық қолөнері бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Құрылтай күндері ұлттық бірігу орталығы ретінде Қазақтардың дүниежүзілік ассоциациясы (ҚДА) құрылды. Бұл “Біздің шетелдегі отандастарымыз ешбір ресми өткелектерсіз тура келетін орын болмақ. Бұл жерде оларға қолдан келгенше жәрдем көрсетілетін болады” делінді. Осы шараға орай өткізілген тұсаукесер рәсімінде қазақтардың дүниежүзілік ассоциациясы төралқасының төрағасы болып z:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmН.Ә.Назарбаев сайланды. 1996 ж. ҚДА ұсынысымен шетелдердегі қандастарымызға мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасы қабылданды.
Бүкіл әлем қазақтары тарихта тұңғыш рет бас қосып, өз проблемаларын көпшілік талқысына салды. Құрылтай қазақ халқының болашақ даму бағыттарын белгілеп, әлемде тарыдай шашылып жүрген 4 миллионнан астам қазақтың болашақтағы бірлігіне жол салды.
1997 ж. 24—30 наурызда Стамбұлда түркі халықтарының құрылтайы өткізілді. Ол Мәдениет сарайында (Рашид салоны) өтті. Кіріспе сөзді ҚДА төралқасы төрағасының орынбасары Қ.Найманбаев сөйледі. Мәжілісте профессорлар Невзаш Вальчинташ, Мехмет Сарай (Түркия), Манаш Қозыбаев (Алматы) сөз сөйледі. Ресей қазақтарының атынан құттықтау сөзді Астрахань облыстық “Жолдастық” қазақ мәдениеті мен тілі қоғамының Құрманғазы атындағы қорының төрағасы Н.М.Арешев айтты. Монғолиядан Төлебай Нөгербайұлы қатысты. Соңынан Алматыдан келген әртістер концерт қойды.
ҚДА өз қызметінде бірлестікке көмектесуге, шет ел қазақтарының сан қилы проблемалары мен мәселелеріне, талап-тілектеріне көмектесуге тиіс болды.
Қазақ диаспорасыныңнан шыққан қайраткерлер. Әлемнің әр түпкірінде тарыдай шашырап жүрген отандастарымыздың ішінде айрықша танымал болған азаматтар аз емес.
Саяси қуғын-сүргіннен, жаппай ұжымдастыру жылдарындағы ашаршылықтың азабынан тарихи мекенінен тысқары жерлерді — Түркия, Қытай, Иран, Монғолия, Еуропа елдерін паналауға мәжбүр болғандардың арасында шет жұртта жүріп әлем таныған ірі тұлғалар бар.
Қазақ халқының тарихындағы тағдыры күрделі ірі тұлғалардың бірі, күрескер, қайраткер әрі қаламгер Мұстафа Шоқай өзінің өмірін Орта Азия мен Қазақстан халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күреске арнады. Талай жылдар бойы атын атауға тыйым салынған осынау қайраткер Түркістан (Қазақстан мен Орта Азия мұсылмандарын осылай атаған) ұлттарының тәуелсіз мемлекет болуы жолында күресті. Сондықтан оған “түрікшіл”, “исламшыл”, “ұлтшыл” деген айыптар тағылды. Ол большевизм империялық саясатына қарсы тұрды. Сондықтан Түркістанда кеңес органдарынан тыс Қоқан автономиясын құруға атсалысты. Қоқан автономиясын Қызыл армия бөлімшелері талқандағаннан кейін, сол жылдары меньшевиктердің қол астында болған Грузияға келеді. Ондағы Кавказ халықтарының демократияшыл қозғалысына араласады. Қызыл армия 1920 ж. Грузияға кірген кезде Түркия арқылы 1922 ж. Францияға эмиграцияға біржолата кетуге мәжбүр болады. Түркияда жүргенде де, Францияда болғанда да ол эмиграциялық ұйымдар мен баспасөз жұмысына белсене кіріседі. 1928 жылдан бастап Парижде шыққан “Жас Түркістан” журналын басқарады. Ол КСРО-да басылған большевиктік газет-журналдар материалы негізінде Кеңестік Түркістан жайлы мақалалар, теориялық зерттеулер жариялады. “Жас Түркістан”, “Қазақ жеріндегі ашаршылық”, “Кеңестер билеген Түркістан” және басқа еңбектерінде Орта Азия халықтарына қатысты саяси-экономикалық ахуалдың ащы шындығын баяндады. Сөйтіп, Түркістан халықтарының басындағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне бүкіл әлемнің назарын аудартуға күш салды. Мұстафа Шоқай Орта Азия мен Қазақстан халықтарының байырғы мәдениеті мен тарихын Батыс әлеміне таныстырумен тынымсыз шұғылданды. Оның мақалалары Стамбұл мен Парижде, Берлин мен Лондонда, Варшавада жарияланып тұрды. Ағылшын, француз, неміс, түрік тілдерін меңгерген. Әлемдегі аса белгілі саясатшылармен болатын барлық ресми және биресми кездесулерді жібермей қатысып тұрған. Ол Еуропа елдерінің астаналарын аралап, сөз сөйлеп, Түркістан халқына жасалған озбырлық әрекеттерді әшкерелеумен, оған қарсы күресуге шақырумен айналысты. М.Шоқай эмиграция жылдарындағы саяси белсенділігінің арқасында шетелдердегі мұсылман эмигранттардың көсеміне айналды. Батыс елдеріндегі 20 жыл саналы өмірін Кеңес өкіметіне қарсы бітіспес саяси күреске арнады. Қазақстанда патшалық Ресей тұсындағы отарлау саясаты одан әрі жүргізілуде екендігін дәлелдеумен болды.
Дүниежүзілік деңгейдегі қазақтар ішінде түркиялық ғұлама ғалым, ислам дінінің білгірі әрі таратушысы Халифа Алтай есімі белгілі. Жаппай ұжымдастыру мен жаппай отырықшыландыру кезінде алыс жаққа қоныс аударған “қызылтабан босқыншылықты” басынан өткерген Х.Алтайдың тағдыры тауқыметін айтып жеткізу қиын. Сонау Такла-Макан шөлі арқылы, Тибет пен Гималай тауларын асып, Үндістан мен Пәкстанға жетіп, ең соңында түбі бір туыс Түркия жеріне тұрақтаған. Сол бір қиын күндерде қол ұшын берген Түрік өкіметіне бұл кісілердің алғысы шексіз.
Қазақтарға арнап діни кітаптарды аударумен шұғылданған. Алғаш діни кітаптарды аударуды Шыңжаң қазақтары үшін қолға алады. Қытайдан Түркияға келген қазақтар үшін иманшартты, құран әліппесін, намаз шарттарын, құранды араб қарпімен басып шығарады. Шетел баспаларында “Қазақ түріктеріне тән шежіре”, “Анажұрттан Анадолыға” дейін, “Кәлам Шәриф”, “Құран жолы және иманның шарттары”, “Құран Шәриф. Қазақша мағына және түсінігі”, т.б. еңбектері жарық көрген.
Оның түрік мұсылман жұртына баяғыдан танымал кітаптары Қазақстанда еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана белгілі бола бастады. Бұрын “Отан” қоғамының шақыруымен бірнеше рет Қазақстанда болып қайтқан. Бұл қоғамның “Шалқар” деп аталған газеті шетелдегі қазақтармен байланыс орнатуда көп еңбек сіңірді. Соңғы, 1990 жылғы Қазақстанға сапарынан соң Х.Алтай құранды кириллица әрпіндегі қазақ тіліне көшіруді қолға алады. Сауд Арабиясындағы Дүниежүзілік ислам бірлігі ұйымының көмегімен құранды басып шығарады.
Алматыда өткен Дүниежүзілік қазақтарының құрылтайына Қазақстан үкіметінің шақыруымен Түркияда тұратын Дәлелхан Жаналтай мырза келіп қайтты. Стамбұлдағы Қазақкент қалашығында тұратын Дәлелхан қажы Жаналтайдың есімі бүкіл түркі халқына белгілі. Ол дүние жүзін аралаған, Тайвань республикалық парламентінің 43 жыл бойы мүшесі болған. Дәлелхан қажының арғы ата-бабалары 1723—1727 жылдардағы “Ақтабан шұбырынды” кезінде Шығыс Қазақстаннан Алтай өлкесіне қоныс аударыпты. Дәлелханның әкесі Жанымхан Алтай өлкесінің губернаторы, Шыңжаң өлкесі қаржы министрі қызметін атқарған.
Қытайдың салалық колледждерін тәмамдап, бірнеше тілдерді жетік меңгерген Дәлелхан Алтай аймақтық қазақ ұйымын басқарады, Қытай Жоғары әскери мектебінде кеңесші-дәріскер болған, әскери мектепті бітіріп, 1945 ж. жоғары әскери полковник атағын алады. 1948 ж. Тайвань парламентінің мүшесі қызметіне сайланды.
1950—1951 жж. Қытай коммунистерінің қудалауымен Үндістанға бет алған қазақ босқындарының жетекшісі әрі ұйымдастырушысы Дәлелханның әкесі Жанымхан мен Оспан батыр болған. Тибет өлкесіндегі Гималай тауы баурайында 2 мың қазақ қырылған ұрыста Дәлелханның әкесі де қолға түседі. Қытай жазалаушылары оларды азаппен қинап өлтіреді. Қытай әскерлерінен бас сауғалаған қазақ босқындарының легі 1952 ж. Үндістанның Кәшмір қаласына келгенде Дәлелхан мырза осындағы қазақтарға Үндістан үкіметі тарапынан көмек көрсетуге бар күшін салады. Ол Үндістан ішкі істер министрлігінде 16 жыл қызмет істейді. 1969 ж. Түркияға көшіп келеді. Ол сырт жерлерде жүрсе де Тайвань парламентіндегі қызметін тастамайды.
Дәлелхан қажы Германия, Қытай, Ауғанстан, Иран, Араб елдері, Пәкстаннан келген қазақтарды Түркияға орналастыруға көп еңбек сіңірді. Оқу-білімге құштар 27 жастың Тайваньда тегін білім алуына қол ұшын береді. Олардың арасында әйгілі Мұстафа Өзтүрік, Лондондағы “Би-Би-Си” радиостанциясында жұмыс істейтін Бәшір сияқтылар бар. Стамбұлдағы өздері тұратын Қазақкентте Қожа Ахмет Йассауи құран курсын ашты. Халифа Алтаймен бірігіп құранды қазақшаға аударды. Қазақ жастары үшін тері жасаумен айналысатын фирмалар құрған.
Жалпы шетелдердегі қазақ босқындардың қатал тағдыры, соның ішінде М.Шоқай туралы аса көрнекті тарихшы-публицист Хасен Оралтай көп жазды. Хасен Оралтай да М. Шоқай, Халифа Алтай сияқты мұсылман қауымына белгілі оқымысты адам.
Жат жұртқа ауған Хасен Оралтайдың өмір жолы, тағдыр соқпағы Шығыс Түркістандағы қандас бауырларымыздың қиямет-қайым күндерімен сабақтас.
Қытайдың құрамында қалып қойған Тарбағатайдың Алтынемел ауданында 1930 ж. туған. Әкесі шынайы қазақ түркілерінің ақсүйек әулетінен болып табылатын Әлібек Хәкім де, шешесі — Ханымша ханым. Өз жерінде күн көре алмайтындарына көзі жеткен күрескер қазақтардың бір тобы 1949 жылдың 23 желтоқсанында оңтүстікке қарай қозғалады.
Бұл үш-төрт айлық сапар баяндауға тіл жетпейтін нағыз трагедия еді. 19—20 жастағы Хасен Оралтай су орнына қан ішкендерді өз көзімен көреді. Хасен Оралтай көне түркілер мен қазіргі қазақтар сияқты мерген және ат құлағында ойнайтын шабандоз болатын. Осыған қарай сапар үстінде тамақ табу үшін аңшылықтан да бойын аулақ ұстаған жоқ. Хасен Оралтай өз өмірінің қайғылы да қатерлі кезеңін Гималай тауынан асарда басынан өткізді.
Хасен Оралтай Кәшмірде тұрған кездерінде бос жүрмей, ағылшын тілін оқығандығы арқасында НАТО-ға қызметке кірді. Кейінірек Батыс Германияның Мюнхен қаласындағы Кеңес Одағы үшін сондағы халықтардың тілдерінде хабар жүргізетін редактор және диктор ретінде еңбек етеді. 1986 жылдан бері Х.Оралтай осы радионың қазақ бөлімшесінің директоры, Түркия баспасөзіне де мақалалар жазып тұрады.
Екінші құрылтай.2002 ж. 23—24 қазан күндері Түркістан қаласында қазақтардың екінші дүниежүзілік құрылтайы болып өтті. Құрылтай қазақ халқының рухани жаңаруын және ұйымшылдығын арттыра түсуге, республиканың демократия мен экономикалық дамуын одан әрі өркендетуге бағытталды. Салтанатты ашылу сәтінде сөйлеген сөзінде ҚР Президенті z:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmН.Ә.Назарбаев қасиетті Түркістан жеріндегі кездесу Қазақстан мен бүкіл қазақ халқы өміріндегі аса маңызды оқиға екендігін атап көрсетті. Сондай-ақ Қытайдағы Қазақ диаспорасыныңның өкілі Асқат Керімбай, Астрахань облысындағы қазақ мәдени орталығының басшысы Никита Ысқақов, Өзбекстандағы Қазақ диаспорасының атынан — Мейрам Бәкіров, Түркиядан Дәлелхан Жаналтай, Кельн қаласынан келген Әбдірахман Шетін, АҚШ-тан Есімхан Қосжігіт құттықтау сөз сөйледі.
Құрылтайда бүгінгі күннің актуальды мәселелері: көші-қон жағдайлары, қазақ жастарының тарихи Отанында білім алуы, Қазақстаннан тыс жерлердегі қазақ халқының тарихи ескерткіштерін қорғау, т. б. мәселелер сөз болды.
Салтанатты жиын барысында құрылтайдың төралқа мүшелері сайланды. Құрылтай делегаттары Қазақстан Республикасының Президенті z:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmН.Ә.Назарбаев, вице-емьер Б.Мұхамеджановты, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі М.Құл-Мұхаммедті, Еуропа қазақтары мәдени орталығының төрағасы Ә.Шетінді, жазушы Қ.Найманбаевты төралқа мүшелігіне сайлады. Сондай-ақ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы болып Елбасымыз z:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmН.Назарбаев, төрағаның орынбасары болып Қ.Найманбаев қайта сайланды.
ҚОСЫМША ДЕРЕКТЕР
z:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmН.Ә.Назарбаевтың қазақтардың дүниежүзілік құрылтайында сөйлеген сөзі. “Егемен Қазақстан”. 2 қазан 1992 ж.
Қадірменді туыстар!
Бүгінгі құрылтайдың басты мақсаты — бүкіл әлемдегі қазақ қауымының болашағы жөнінде ойласу, ұлтымыздың тарихындағы осынау ерекше белестің тұсында ендігі тағдыр-талайымыздың қалай өрілетінін талқылау. Қазақ диаспорасыныңның қалыптасуы — зерделі жанды таң қалдыратын құбылыс. Әрбір үш адамның біреуі атамекенінен жырақта жүрген қазақтан басқа халықты атау қиын шығар. Қазір әлемнің 40-тан астам елінде үш жарым миллиондай қазақ өмір сүріп жатыр. Қытайда, Монғолияда қазақ ұйысып отыр, ағайындарымыз Түркияда, Иранда, Ауғанстанда көп, Еуропада да аз емес, Америкада, Канадада, тіпті алыстағы Австралияда да бар. Әрқайсысының тағдыры, тұрмыс халі әр түрлі. Құбатөбел күн кешіп жүргендері де баршылық, дәулеті тасып, айбыны асып тұрғандары да табылады. Бірақ бәріне тән, бәріне ортақ нәрсе — сағыныш, атамекенді аңсау. Шетелдік сапарларға шыққанда отандастарымыз іздеп келіп, ой-арманын, мұң-мұқтажын айтып жатады. Сырласа қалсаң сай-сүйегің сырқырайды, арман-тілектерін тыңдасаң жан-жүрегің елжірейді.
Түрік-қазақ достығының дәнекері, қазақ халқының қадірлі ақсақалы Халифа Алтайдың сөзі
Алла елімізге амандық берсін!
Шет елдерге шыққан көштердің ішінде біздің көшіміз табанынан қан аққан қызылтабан шұбырынды. Бұрын ақтабан шұбырынды болған. Біздің көшіміз — қызылтабан шұбырынды. Солай екені айқын. Мысалы, дүниенің ең қорқынышты шөлі — Тәкла-Маханнан өттік, сонау Тибеттің ұшы-қиырсыз сары жолында көштік, “дүниенің дуалы” деп аталатын Гималай тауынан көштік және Үндістан, Пәкстанда оба ауруға шалдығып, қырылып, ыстығына шыжғырылдық. Бұл жолда басымыздан кешкен бейнетті осы жерде айтып жеткізу мүмкін емес. Алла ондай сергелдеңді ешкімнің басына бермесін. Азып-тозып, арып-ашып жүргенде бізге ие шығып, пана болған туысқан түрік халқына борыштымыз. Алғыстарымыз шексіз сол туысқан түрік елімен Қазақстан қатынасының жақсарып, нығая беруі бізді бақтияр етеді, барған сайын дами берсін деген ізгі тілегімді білдіргім келеді.
“Егемен Қазақстан”. 6 қазан 1992 ж.
Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы
N 33 1998
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 16 қыркүйектегі N 900 қаулысымен бекітілген
Этностық қазақтардың тарихы Отанына оралу тұжырымдамасы.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 4, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 15.
Қосымша әдебиеттер: 17, 22, 23, 24, 25, 26, 29, 30, 33.