Азақстан Республикасының «Депозиттерге міндетті кепілдік беру Қоры» АҚ қызметі

« Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тәуелсіздіктің төртінші жылы 1995ж 31 желтоқсанда қабылданды. Бүгінгі күнге дейінгі қаржы рыногын қалыптастыруда, нығайтуда қолданылып келе жатқан қолданыстағы Заң. Осы Заңның жұмыс істеу аясында Қазақстан Республикасының банкілері ұйымдастырылды, құрылды, қалыптасты. Осы заңның 61 бабының 1,2,3 тармақтары « Депозиттерге кепілдік беру» -деп аталады да оның жолдары «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қаралған. Осы заңмен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін (ДМКЖ) құру қаралып, оның принципі ретінде қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу арқылы банк жүйесіне деген сенімді жоғалтпау.

Осы заңнамада депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұтым акционерлік қоғам ұйымдық- құқықтық нысанда құрылатыны айқындалған. Осыған орай « Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ 1999 жылы 15 қарашада құрылған коммерциялық емес ұйым. Қордың жалғыз құрылтайшысы мен акционері болып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі табылады. Қорды құрудың негізгі мақсаты- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде депозиттерге кепілдік беру жүйесіне (ДМКЖ) қатысушы- банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда салымшы-депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу.

Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым- Қазақстанның депозиттерге кепілідік беру қоры мына функцияларды атқарады:

- Кепілдік берілген өтемді заңға сай төлейді;

- ДМКЖ қатысушы банктер тізілімін жүргізеді;

- Өз активтерін инвестициялайды;

- Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резерв құрады;

- Конкурспен агент- банк таңдайды;

- Қатысушы банк консервацияланған кезеңде уақытша әкімшіліктің құрамына қатысады;

- Депозиттерге кепілдік берілген өтем төленіп біткенше кредиторлар комитеті құрамына қатысады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры немесе депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, оның депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөнінде өзіне міндеттеме қабылдап, өз миссиясын- депозитке кепілдік беру арқылы салымшылардың мүддесін қорғап, қатысушы- банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда олардың шығынын өтейді. Қордың кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап кем дегенде бес жылдан кейін тоқтатылуға жатады[7].

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өз кезегінде комерциялық ұйым емес бола отырып, өз құқықтары мен міндеттерін атқаруға құқылы.

- Қатысушы банктердің жарнамаларын төлеуді талап етуге;

- Қатысушы банктерден банктік ақпараттар сұратуға;

- Қатысушы банктерден заңмен қорғалатын ақпараты жоқ депозиттер бойынша мәліметтер сұратуға;

- Қатысушы банкке қарыз беруге;

- Қатысушы банкке депозитке ақша салуға;

- Кепілді өтемді төлеудің мүмкіндігі болмағанда Ұлттық Банктен қарыз алуды жүзеге асыруға құқылы;

- Қатысушы банктің тарату комиссиясынан кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілік берілген өтем есебін уақытылы берілуін талап етуге;

- Қатысушы банк Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда Ұлттық Банктің немесе Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау агентінің Басқармасына ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану жөнінде өтініш беруге құқылы.

Барлық жағдайда депозитор « кепілдік берілген өтемді» алуға құқылы. «Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы заңына сәйкес: « Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым- депозиторларға- жеке тұлғаларға кепілдік берілген өтемді депозит бойынша есептеп шығарылмаған сыйақысыз депозит бойынша қалдық сомасында, бес миллион теңге мөлшерінде төлейді[7].Байқап тұрсақ кепілдік берілген өтем бірнеше сатыдан өткен сияқты. Ең алғашқы кепілдік берілген өтем 400000(төрт жүз мың) теңгені құрауда. Бұл- мемлекеттің депозиттік салым саясаты.2008 жылғы 23 қазандағы « Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР №72- IV заңының 2- абзацы «Осы тармақта белгіленген мерзім өткеннен кейін кепілдік берілген өтем «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында көзделген мөлшерде төленеді» - делінген. Міндетті кепілдік беру туралы Заңға 2012.24.12 берілген өзгерістер мен толықтыруларда көрсетілгендей 18- бапта «... бес миллион теңгеден аспайтын кепілдік берілген өтем төлейді»- делінген[7].

Кепілдік берілген өтеммен есеп айырысудың екі мысалын қарастырайық. Бірінші мысал: Қатысушы банкте сіздің екі шот бар, бірінші шотта 300000 теңге ағымдық шот, екінші шот 1000 евроға депозит мерзімді салым. Банкті мәжбүрлі тарату туралы сот шешімі күшіне енген күні нарықтық бағам 1 евро үшін 205 теңгеге тең болды. Бұл жағдайда Қор сізге 505 000 теңге (300000 теңге +1000 евро* 205 теңге/ евро=505000 теңге) мөлшерінде кепілдік берілген өтемді төлейді.

Қор қызметінің басты мақсаты Кепілдік беру туралы Заңға сәйкес «кепілдік берілген депозит» жеке тұлғаның салымы ретінде төленуге тиісті. Мысалы: жеке тұлғаның қатысушы банкте үш депозиті бар. 15 000 доллар, 10 000 евро және 3 000 000 теңге. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заң күшіне енген күні нарықтық бағам 1 доллар үшін 150 теңгені және 1евро үшін 205 теңгені құрады. Барлығы: 15 000*150+10 000*205+3 000 000=7 300 000 теңге. Қордың жеке тұлғаға төлейтін кепілдік сомасы заң бойынша 5 000 000 теңгені құрайды. Қалған 2 300 000 теңгені жеке тұлға таратылатын банктің тарату комиссиясынан талап етуге құқылы.

Мәселе Қор таратылған банк салымшыларына кепілдік берілген өтемді қай уақыттан бастап төлеуді бастайды? ҚР заңнамасына сәйкес банкті мәжбүрлі тарату туралы сот шешімі заң күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күн ішінде Қор « Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерде банктің мәжбүрлі таратылуы және кепілді өтемді төлеудің басталуы туралы хабарландыруды жариялайды. Бұл хабарландыруда төлем кезеңі, сондай-ақ Қор конкурстық негізде іріктейтін және төлемді жүзеге асыратын агент-банктің атауын көрсетеді. Бұдан басқа , Қор негізгі теледидарлық арналарда және радиостанцияларда, бұқаралық ақпарат беттерінде алда тұрған төлемдерді жүргізу туралы ақпаратты орналастырады. Депозиторлар- салымшы жеке тұлғалар агент- банкке төмендегі құжаттармен: банк шоты(банк салымы) шарттарының және салым құжаттарының түпнұсқасы мен көшірмесі; салымшының жеке куәлігі мен БИН түпнұсқалары мен көшірмесі және өтемді алуға жазбаша арыз өткізеді.

Кімдер депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді алуға құқылы? Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банкінде өз депозиттерін орналастырған әр бір жеке тұлға- салымшылар депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді жеке алуға мүмкіндігі болмаса, онда ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес рәсімделген сенімхат бойынша басқа тұлғаға төленуі мүмкін.

Салымшының дүние салу жағдайында депозит бойынша кепілдік берілген өтемді алу құқығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделген мұрагерлікке құжаттары болған жағдайда оның мұрагерлері алады. Егер депозит кәмелетке толмаған тұлғаға тиесілі болса, онда ол бойынша кепілдік берілген өтем Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделген тиісті құжаттарды берген жағдайда, оның ата-анасына, ата-анасы орнындағы жебеушісіне не қамқоршысына, бір туған туысына төленуі мүмкін.

Банктердің жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге Ұлттық Банктен алған лицензиясы автоматты түрде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруді міндеттейтін құжат. Осы лицензияның нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесін ДМКЖ-ге лицензияны алған күннен кейінгі күні табыс етуі керек. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіретін банк « Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ мен қосылу шартын жасауы міндетті. Банктің Шартқа қосылуы банкпен Қорға Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген нысанда құрылған арыз ұсыну арқылы жүзеге асады.Шартқа қалған банк-қатысушы банк деп аталады. Шарт депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінде Қатысушы банктің қатысу сұрақтары бойынша Қатысушы банк пен Қор арақатынасын реттейді.

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес « Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу мөлшерін және тәртібін анықтау ережелері» бекітілді. Осы ережелер депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктерінің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу мөлшерін және тәртібін анықтайды. Қор міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды ала отырып, арнайы резерв құра алады. Қордың мақсаты банк депозиттеріне кепілдік беру арқылы салымшылардың мүддесін қорғау, салымшылардың шығынын өтеу.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» Акционерлік Қоғамы Қаржы рыногында 1999 жылдан бері қызмет етеді. Өзінің 14 жылдық тарихында Қор талай биіктерді бағындырды. Қолданыстағы заңнама жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашып, жүргізуге және депозиттер қабылдауға лицензиясы бар банктердің барлығының депозиттеріне кепілдік беру жүйесіне міндетті мүшелігін қарастырады. Қолда бар мәлімет бойынша 2010 жылы депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушылар ретінде Қазақстанның екінші деңгейлі 39 банкінің 34 болды, ал 2011 жылы қатысушы банк саны 35 болды. 2013 жылғы көрсеткіш бойынша екінші деңгейлі 38 банкінің 35 болды.

2010 жылдың маусым айында бұған дейін жеке тұлғалардың депозиттерімен айналыспаған «Банк Kassa Nova» АҚ сәйкесінше лицензия алып, депозиттерге кепілдік беру жүйесіне енді.

2010 жылы ДКБЖ-нен шығарылған « Казинкомбанк» АҚ 2011 жылдың тамызында қайта қатысушы-банк болды. Ал қыркүйек айында осы «Казинкомбанк» «Bank RBK Банкі» АҚ деп атауын өзгертті.

Punjab National Bank үнді банкімен акциялардың бақылау пакетін алуына байланысты « Данабанк» АҚ « Punjab National Bank-Казақстан» Еншілес Банкі АҚ деп аталды. Қысқаша атауы «PNB-Қазақстан» ЕБ АҚ.

2011 жылдың шілде айында қабылдаған Қазақстан Ұлтық Банкі Басқармасының қаулысымен «Банк Астана- Финанс» АҚ «Қазақстан Республикасындағы банктер және Банк қызметі туралы» Заңына сәйкес талаптарды орындамағаны үшін жеке тұлғалардың банк шоттарын ашып, жүргізу және депозит қабылдау бөлігінде банктік және басқа операцияларды жасау үшін алынған лицензиясы кері шақыртылды. Осыған байланысты аталған банк депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылды.

Сол айда заңнаманы бұзғаны үшін «ТАИБ Банкі» ЕБ АҚ және «Сенім-Банк» АҚ үш ай мерзімге жеке тұлғалардың банктік шоттары ашып, жүргізу және депозит қабылдау бөлігінде лицензия күші тоқтатылды. Осылайша, жыл аяғында ДКБЖ қатысушылардың саны 35 банкті құрады.

Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Заңына сәйкес, қордың арнай резервін қалыптастыру көздері қарастырылған. Олар:

- Қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік тоқсан сайын алынатын төлемі;

- Қосымша жарналары кепілдік берілген өтемді төлеу үшін бір жолға төлемдер;

- Қосылу шартындағы міндеттерін орындамағаны үшін алынатын алымдар айып төлем;

- Қатысушы-банкпен банк салымшыларына төленіп жатқан кепілдік берілген өтем сомалары бойынша Қордың талаптарын қанағаттандыру тәртібінде алынған ақша;

- Активтерді қаржылық құралдарға орналастырудан түскен Қордың инвестициялық кірісі.

2011 жылдың аяғында арнайы резерв бір жылда 34,9 миллиард теңгеге өсіп 161 миллиард теңгені құрады. Соның ішінде қатысушы-банктерді міндетті күнтізбелік жарналары 67,1 миллиард теңгені, қатысушы-банктердің тарату комиссияларынан салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша қарызды өтеу ретінде алынған сома-5,8 миллиард теңге. Қордың таза кірісі-21,6 миллиард теңге. Қордың резервіне: 1) қатысушы-банктерден міндетті күнтізбелік жарналар- 2,03 миллиард теңге. 2) Қатысушы-банктердің тарату комиссияларынан түсімдер - 638 млн теңге. 3) таза инвестициялық табыс- 8,3 млрд теңге.

Отандық депозиттерге кепілдік беру жүйесінің дамуының басым бағытын анықтау мақсатында, соңғы жылдары Депозиттерді сақтандырудың тиімді жүйелерінің негізгі қағидаларына сәйкес Қор өзін-өзі бағалау жұмыстарын бастады. Халықаралық сақтандыру жүйелерінің қауымдастығымен бірлескен жұмыстар да атқаруда. Еуразиялық аймақтық комитетте басшылық ете отырып, ТМД елдерінің депозиттерді сақтандыру басшыларының кеңесін өткерді. Банк салымшылары Қордың «шұғыл байланыс телефондарына» қоңырау шалуы жыл сайын артып келеді.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ депозиторлар мүддесіне жұмыс жасауда жалға қоюда. 2013 жылдың 24 сәуірінде «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры банктердің міндетті жарналарды есептеу жүйесіне өзгерістер енгізді»- деп хабарлайды Қордың баспасөз релизі. 2013 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енген ереже, жеке тұлғалардан тартылған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібін ұлғайтты және бұл қадам депозит нарығында банктердің бәсекелстігін арттыруға мүмкіндік береді.

Мысалы, «А» банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 8%, ал бонустық сыйақысы 1 жыл және одан астам мерзімге 1 миллион теңгеден асса салым енгізілген жағдайында 3%-ды құрайды. Егер депозиттер бір жыл мерзімге 1,5 миллион теңге салым салса, онда тартылған депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі 8%+3%=11% болады.Бұл депозитті және салымшыны мемлекеттік қолдау ғой.

АЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРІНДЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН ДЕПОЗИТТЕРГЕ МІНДЕТТІ КЕПІЛДІКТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ («НАУРЫЗ БАНК ҚАЗАҚСТАН» ЖӘНЕ «ВАЛЮТ-ТРАНЗИТ БАНК» ТӘЖІРИБЕСІНДЕ) НАҚТЫ ІСКЕ АСУЫ

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды. Осы заңның 15-бабы қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарудың жолдарын көрсетеді:

а)уәкілетті органның қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, олардың банк шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензиясынан айыру;

б) қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен қатысушы банктің қызметін тоқтату;

в) қатысушы банктің уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге берілген лицензияны ерікті түрде қайтарып беруі негіз болып табылады[7].

Біз зерттеу жұмысымызда «Валют-транзит Банк» АҚ-ның және «Наурыз-Банк Қазақстан» ААҚ қатысты мәселелерді қарадық. Сондай-ақ басқада банктерді белгілі мерзімдерге Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы консервациялады немесе жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, шоттар және жүргізуге берген лицензиясын тоқтады.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агентігінің Басқармасы «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамына ұлттық және шетелдік валютада жүзеге асырылатын банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға берілген лицензияны қайтарып алу туралы» 2006 жылғы 26 желтоқсанда №315 қаулысы шықты. Қаулы шыққанға дейін ҚҚА Басқармасы «Валют-Транзит Банк» АҚ ішінде қалыптасқан жағдайларды реттеуге қадам жасағаны белгілі. Бірақ ВТБ басшылығы тарапынан қалыпты жағдайға келтіру мүмкіндігі қабылдамағандықтан осындай шараға баруға тура келді.

Жалпы лицензияның күшін тоқтату немесе оны қайтарып алу мына жағдайларда заң бойынша іске асады:

- Банктік операцияларды қолданыстағы заңнаманы жүйелі түрде (он екі күнтізбелік ай ішінде қатарынан үш және одан да көп)бұза отырып жүзеге асырғаны үшін;

- Төлем және аударым операциялары бойынша шарттағы міндеттемелерін миісінше жүйелі түрде орындамағаны үшін;

- Пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақтаулы міндетті нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде бұзғаны үшін;

- «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабымен белгіленген, банкпен ерекше қатынастары бар тұлғаларға жеңілдікті талаптарды ұсынуға тыйым салуды бұзғаны үшін;

- Уәкілетті органға қаса-қана анық емес берулер мен мәліметтерді ұсынғаны үшін;

- Нормативтік құқықтық актілерді жүйелі түрде бұзғаны үшін;

- Сондай-ақ уәкілетті органның яғни ҚР ҚҚА Басқармасының жазбаша ұйғарымдарын жүйелі түрде (он екі күнтізбелік ай ішінде қатарынан үш және одан да көп рет) орындамағаны үшін банктік заңнамамен ұлттық және шетелдік валютада жүзеге асыру көзделген операцияларды жүргізуге Банкке берілген лицензия қайтарылып алынатыны Заңда қаралған. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы Қаулысы заңға қарсы емес.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республкасы Заңының 47-бабының 6-тармағына сәйкес банктен банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензияларын қайтарып алғаннан кейін уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігін- уақытша басқарушы тағайындайды. Заңның жоғарыдағы бабын басшылыққа алған Агенттік 2006 жылғы 26 желтоқсандағы өзінің №470 бұйрығымен оның басқару органдарының бар өкілеттігі көшкен Банктің уақытша әкімшілігінің құрамы тағайындалды. Заңға сәйкес Банкінің осының алдындағы қолданыста болған басқару органдарының өкілеттіктері уақытша тоқтатылды[2].

ҚР Банктер туралы Заңының 48-1 бабына сәйкес барлық банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиясы қацтарылып алынған банк ҚР ҚҚА Басқармасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға және банкке келіп түскен ақшаны есептеуге байланысты жағдайды қоспағанда банктік немесе өзге қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ. Агенттік бекіткен уақытта әкімшіліктің негізгі қызмет мақсаты- банк мүлкінің сақтығына, ВТБ басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Банктер туралы Заңның 47-бабына сәйкес банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Заңнамада белгіленген тәртіппен банк қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сотқа өтініш білдірді.2007 жылдың 22 қаңтарында сот «Валют-Транзит Банк» қызметінің тоқталуы туралы азаматтық іс қозғады. Бұл кезде банктің салымшылар алдындағы қарызы 52 миллиард теңге, ал салымшылардың бүкіл Қазақстан бойынша саны 390 мың адам еді. Заңнама талаптарына орай банкті басқару уақытша әкімшілікке көшеді.

«Валют-Транзит Банк» АҚ-ның уақытша әкімшілігі заңнамаға сәйкес банк депозиторлары Банктің деректер базасына талап қою мақсатында Қарағанды қ., Бұқар-жырау даңғылы, 32 үй мекен-жайы бойынша Уақытша әкімшілік төрағасы Т.З.Тұрсыновқа, Банк филиалдарындағы өңірлік уақытша әкімшілік басшыларына шарт көшірмелерін, басқа да құжаттар және басты куәландыратын құжатты қоса бере отырып, жазбаша өтініш беруге болатындығы жөнінде хабарлай отырып, өңірлердегі орналасқан «Валют-Транзит Банк» мекен-жайларының тізімін де көрсеткен.

Банктегі тарату процесінің басталуы-банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды көшіне енген күні болып табылады. Сот шешімі негізінде ҚР ҚҚА Басқармасының 25.02.2006ж №40 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы Ережеге сәйкес оның филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссиясын Агенттік Басқармасы құрады.

«Валют-Транзит Банкі» мәжбүрлі таратуғатап болғанда Банктің тарату комиссиясы бұрынғы басшылары мен лауазымды тұлғаларға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық соты еткінші рет қарауылдық барысында 6514279040 теңге сомасына келтірілген материалдық зиянды Банктің бұрынғы басшылығының өтеуі туралы шешімін шығарды. Сотталғандардың мүлкі «Балалық сарайы» оқу кешені, «Қазақстан», «Чайка» қонақ үй кешенінің ғимараты және Бас банктің ғимараты сатылатын болып, жәбірленуші тараптардың талабын қанағаттандырылатын жағдайда шешілді.

Өз құқықтарын қорғаған Қарағанды қаласы бойынша Банк салымшыларының бастамашы тобы, кредиторлап талаптары тізбесінің үшінші кезегінде салымшы-жеке тұлғалардың талаптарын кіргізу туралы жасаған шағым-арызы қанағаттандырылды. Көріп отырғанымыздай азаматтар өз құқықтарын қорғау мақсатында мемлекеттің заңдарына сүйене отырып, өзінің құқықтарын қорғаудың құқықтық базасы жаналғанын көріп отырмыз.2008 жылдың 26 наурызындағы мәлімет бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 13,8 млрд теңге төледі, бұл сомма жеке тұлғалардың салымдары бойынша 97,6% құра йды. Демек Қордың аударуға тиісті әлі де міндетті кепілдік өтем бар деген сөз. Сондай-ақ 2013 жылғы 2 қыркүйектегі мәлімет бойынша «Валют-Транзит Банк» АҚ-ның тарату комиссиясы Қор талаптарын 53,51%-ға немесе 7,583 миллиард теңгеге қанағаттандырды. Демек тарату комиссиясы қоржынында әлі де қаржы бар. «Валют-Транзит Банкі» сауығу кезеңін бастап кешетін болатын сияқты.

Қазақстан Банкілері тарихында осындай жағдай бұрын «Наурыз-Банк Қазақстан» Ашық Акционерлік қоғамы басынан өткен болатын. 2004 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік Басқармасы екінші деңгейдегі банктің бірі- «Наурыз-Банкті» үш айға консервациялады.Басқарма өкілдері таратқан арнайы баспасөз-мәлімдемесінде «Наурыз-Банк»-тің өз қызметі барысында заң бұзушылықтарға жол бергендігі айтылады. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары бейбіт Ақпейісовтың айтуынша осы үш айлық тексеру нәтижесінде банк қожайынының өзгеруі мүмкін.Бұл деген сөз мемлекеттің заңдарын бұзу-жауаптылыққа алып келеді дегенді білдіреді. Қылмыс заңдарын бұзу-жауаптылыққа алып келеді дегенді білдіреді. Қылмыс жасағандар заң алдында жауаптылыққа тартылады.

Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы «Наурыз-Банк»-ті консервациялаған мерзімнен бір жыл өткенде, 16 қараша 2005 жылы сот шешімімен банк мәжбүрлеп таратылатын болды. 2005 жылдың 14 желтоқсаннан бастап 2006 жылдың 14 маусым айы аралығында жеке салымшылардың депозиттерін беру басталды.ҚР ҚҚА Басқармасыөткізген конкурста «Банк Туран Алем» АҚ жеңімпаз деп саналып, мәжбүрлеп таратылатын «Наурыз Банк Қазақстанның» кепілдік берілген депозиттерін өз филиалдары арқылы тарататын болды. Заңнама талаптары бойынша агент-банк міндетті кепілдік берілген депозиттерді төлеу мерзімін аяқтаған соң, кепілдік берілген депозиттерін ала алмаған жеке тұлғалар «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына» депозиторларға кепілдік берілген өтемді алуға арыз бере алады.

«Наурыз Банк Қазақстан» таризында бұрында консервацияға түскені бар. Ол кезде Наурыз банк атауы-«Қазагробанк» деп аталатын. «Қазагробанк» 2000 жылдың 1 желтоқсанында ішкі қызметтерінің келеңсіз жағдайларға тап болуына орай консервация режиміне тап болған еді. Сауықтыру шараларын қолдану арқылы 2001 жылдың наурыз айында «Қазагробанк» «Наурыз Банк Қазақстан» деп қайта тіркеуден өтіп, өзінің түлеу және қалыптасу тарихын басынан өткерді. Амал жоқ « Қазақстан Наурыз Банкі» АҚ өз тарихында екінші рет консервацияға 2005 жылы тап болды.

Жалпы жоғарыдағы аталған екі банкке қосымша таратылатын банктің үшіншісі болып «Кредит Алтын Банк» АҚ аталады. Бірақ бұл банк туралы мәліметтер кездеспейді.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес мәліметтердің бұл банк туралы жоқтығын құпиялықты сақтау үрдісінен деп түсінеміз.

Жалпы мемлекеттің қаржы рыногын тұрақтандыру мен сауықтыруға арналған бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттік Басқармасы жүргізеді. Осындай бір қадам 2013 жылдың 1 тамызында депозиттерді қабылдау және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу бөлігінде «Азия Кредит Банк» акционерлік қоғамына банктік және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензияның қолдануын үш ай мерзімге тоқтата тұру туралы жасалды «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды жүйелі түрде орындамағаны үшін Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі №161 қаулысы бойынша жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу бөлігінде «Asia Credit Bank (АзияКредит Банк)» акционерлік қоғамына банктік және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензияның қоланылуы үш ай мерзімге тоқтатылды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы рыногын қалыптастыру мен қадағалау тетігін қолында ұстайтын Ұлттық Банк Басқармасының жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу бөлігінде «Bak RBK Банкі» акционерлік қоғамына банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензияның қолданылуы 2012 жылдың 09 жілдесінен бастап алты ай мерзімге тоқтатылуы бойынша қабылдаған 2012 жылдық 10 қаңтарынан бастап алты ай мерзімге тоқтатылуы бойынша қабылдаған 2012 жылғы 04 шілдедегі №211 қаулысының мерзімі өтуіне байланысты 2012 жылдың 10 қаңтарынан

Бастап осы лицензияның қолданылуы автоматты түрде жаңартылды.

Көріп отырғанымыздай Қазақстанның екінші деңгейдегі банкттерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдіктердің нақты жағдайларда, банктер мәжбүрлеп таратылғанда берілгендігін көрдік. Міндетті сақтандыру немесе кепілдендіру қажеттілігі көп жылдарда бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі болатын. Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қалыптасуы мен оның нақты жұмыс істеуі елімізде қаржы нарығы мен қаржы рыногының жұмыс істеуінде, экономиканың нақты салаларын ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды. Тәжірибе көрсеткендей депозиттерге кепілдік беру жүйесінде мемлекеттің реттеуінсіз нәтижелі ұйысдастыруғақол жеткізу мүмкін емес.

Наши рекомендации