Кесте 3.6 Қорытынды технико-экономикалық көрсеткіштер кестесі
№ | Көрсеткіш атауы | Өлшем бір. | Көрсеткіш мәндері | |
1 нұсқа | 2 нұсқа | |||
Энерго жүйеден қабылданған электрлік энергия саны | кВт*ч | |||
Тораптағы энергия шығыны | кВт*ч | |||
Тұтынушыға жеткізілген пайдалы энергия | кВт*ч | |||
Энергия беруге кеткен ортақ эксплуатациялық шығындар | мың тенге | 5235,22 | 5280,59 | |
Энергияға жылдық төлем | мың тенге | 15781,31 | 15571,34 | |
Ортақ шығындалған сумма | Мың тенге | 21016,53 | 20851,93 | |
Энергия беру құны | тенге/ (кВт*сағ.) | 17,07 | 17,21 | |
Энергияның толық қуаты | тенге/ (кВт*сағ.) | 68,51 | 67,97 |
1) 35 кВ қ/станцияны пайдалануда электр және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары |
Қолданысына қарай жерге қосу жұмыстық, қорғаныстық және найзағайдан қорғайтын болып бөлінеді. Жұмыстық жерге қосу электро құрылғыларды нормалы және авариялық шарттарда белгілі бір жұмыс режимін жасауға қажет, мысалы күштік және өлшеуіш трансформаторлардың нейтралдарын жерге қосылуы. Қорғаныстық жерге қосуды адамдарды және ауылшаруашылық жануарларын электро қондырғының металдық бөліктерінің изоляциясың жоғалтқан кезде электр сымымен тікелей жанасқанда электр тоғынан сақтайды. Найзағайдан қорғайтын жерге қосу кернеу асқындылықтан эффекті қорғауға, стержендік және тростық найзағайтартқыштық, таратқыш құрылғылардың порталдары, разрядниктердің жерге қосуын қарастырады.
Әдетте қосалқы станцияларда осы жерге қосудың үш типіне бір жерге қосу құрылғысын қолданады. Жерге қосу құрылғылардың кедергісі қазіргі Электро қондырғының құрылысы ережесіне сәйкес қосалқы станциялардағы трансформаторлардың кернеуі 110/10 кВ кездеR3 £ 0,5 Ом.
Жерге қосу контуры тікбұрыш корінісінде қолданылады 50´30 м.
Топырақтың тығыздық кедергісі r 83 Ом × м құрайды.
Жерге қосу болатты бұрыш түрінде 50´50´4 мм ұзындығы 3 м топырақтың бетінен 0,7 м көмілген және бір бірімен тілігі 40´4 мм сыммен байланысады.
Топырақтың есептік кедергісі мына формуламен анықталады:
rрасч = Кс × К1 × r ,
сондағы Кс – маусымдық коэффициенті, Кс = 1,1
К1– топырақтың жағдайын есепке алатын коэффициент К1 = 1,15;
r - топырақтың тығыздық кедергісі r = 83 Ом × м.
rрасч = 1,1 × 1,15 ´ 100 = 104,7 Ом × м
Жалғыз вертикальды электродтың кедергісі мыны формуламен аңықталады:
Rв.о. = ,
сондағы Lв – вертикальды электродтың үзындығы, м;
t1 – вертикальді электродтың жердің беткі бетінен астынғы бетіне дейінгі аралығы, м;
d = 0.95 × в - сондағы в – астыңғы бұрыштың қалыңдығы, м.
Rв.о. =
Вертикальді жерге қосудың контурына белгілі бір орын ауыстыру беріп олардың шамамен саны табылады:
n = ,
сондағы Ки.в. – вертикальді электродтардың қолдану коэффициенті, Ки.в.= 0,8
n = = 73
Жоғарыға ең жақын бүтін сан алынады n = 73 мм.
Электродтардың санына байланысты және олардың орын ауыстыруымен горизонтальді байланысты электродтардың кедергісі аңықталады. Алдында топырақтың кедергісі есептеледі, маусымдық коэффициенті және топырақтың жағдайының коэффициентің есепке алынады горизонтальді жерге қосу үшін.
rрасч = 1,4 × 1,6 × 83 = 185,9 Ом × м.
Горизонтальді электродтың кедергісі мына формуламен аңықталаы:
Rг = ,
сондағы - горизонтальды электродтың ұзындығы, м;
Киг – горизонтальды электродтың қолдану коэффициенті, Ки2 = 0,8 [8];
t2 – горизонтальді электродтың жердің беткі бетінен астынғы бетіне дейінгі аралығы, м;
d – электродтың диаметрі,
Rг = = 3,33 Ом.
Горизонтальді электродты жерге қосу кедергісі белгілі болғанда вертикальды электродтың керек кедергісін табады.
Rв = , (4.5.)
Rв = = 0,59 Ом.
Вертикальды электродтың саны мына формуламен табады:
ny = (4.6)
ny = шт.
Нақты сонғы вертикальді электродтардың саның орын ауыстыру, бірақ ny – ден аз емес шарты арқылы қабылдайды. n0 = 77 шт санын қабылдаймыз. Сонда қорытынды жерге қосу құрылғысының кедергісі табылады:
Rк = (4.7)
Rк = Ом.
Rк < R3 0,49 < 0,5 Ом. (4.8)
110/10 кВ қосалқы стансаның жерге қосу құрылғысының есептеуі дұрыс және ол Электр қондырғының құрылысы ережесі талаптарына жауап беретіні соңғы шарттан көрініп тұр.
Қызмет көрсететін жұмысшыларды электр тоғынан зақымданудан қорғау үшін жерге қосу (заземление) қарастырылған. Қауіпті жерлердеқауіпті белгілейтін плакаттар ілінген. Электро қауіпсіздікті қамтамасызету үшін кәсіпорында еңбектің қауіпсіздік әдістеріне үйрету және нұсқаулау жүргізіледі.
Электрлік токтың қауіпті әсері адамның электро қондырғылардың ток жүретін бөліктермен тікелей контактісі кезінде көрінеді. Кернеу жүйесіне қосылған электро қондырғылармен жұмыс істеу кезінде электр тоғынан жарақат алу қауіпінен қорғану үшін жалпы және жеке қорғану құралдарынқолдану қажет. Жалпы қорғану құралдары деп қоршаулар, жерге қосулар нольге қосу және электроқондырғылардың корпустарын өшіру, қауіпті жерлерде ілінетінескерту плакаттары және т.б.
Изоляцияның жоғарғы деңгейлі күйі – қауіпсіздіктің негізгі талаптарының бірі.
Изоляцияның тағайындалуы – сымдардың қыстқа тұйықталуларын және өрттердің пайда болуын алдын алу үшін. Изоляцияның кедергісі жүйеде кернеуді белгілейтінсаннан мың есе көбейтілген болуы қажет, бірақ 0,5 мм-нан кем болмауы керек.
Электр қондырғылардың ток жүретін қорғалмаған бөліктерінің барлығы (сымдар, шиналар, ркбилниктер және т.б.) қоршауға алынуы қажет
Өртену дегеніміз – материалдық шығын келтіретін бақылаусыз өрт.
Өрт сөндіру қауіпсіздігі – өрт болып қалған жағдайда адамдарға әсер етуден сақтайтын, материалдық құндылықтарды қорғайтын объектінің жағдайы.
Мекемелерде өрт сөндіру қызметі екі жүйемен жүзеге асады және өрттен адамдарды қорғап қалу болып табылады.
Өртті болдырмау жүйесіне: жанғыш заттарды мүмкіндігінше болдырмау; өртену қаупі бар ортада өртенуді максималды азайту;
Өрт сөндіру жүйесі қауіпсіздігінің қосымша элементтері.
Өрт сөндіру қауіпсіздігінің жүйесі алдын-ала қарастырады.
а) өртенетін заттардың сапасын шектеу;
б) өртенбейтін және өртенуі қиын заттар мен материалдарды қолдану;
в) өртену қаупі бар ортаны оқшаулау;
г) өрт сөндіру құралдын қолдану;
д) өртті жайылып кетуден сақтау;
е) өндіріс объектілерінде өртенбейтін құралдар қолдану;
ж) өрт кезінде адамдарды эвакуациялау;
з) өртен жеке және ұйымдық қорғау;
и) өрт болған кезде хабар беру құралдарын орнату;
Қосалқы станциясы мен тораптардың электр қондырғыларында өрт себептерінің статистикасы қосалқы станция мен тораптардың электр қондырғыларында өрттің келесі объектілерде болатынын көрсетеді:
Генераторлар мен синхронды компенсаторлардағы өрт – сутекті салқындау бар генераторларда жөнге келмейтін нығыздау (подшипниктер, статор орамасының шығысы) арқылы кему нәтижесінде сутегенің жануы мүмкін. Ауалы салқындау машиналарында жүктеме тоғымен немесе орам арасындағы қысқа тұйықталу (қорғаныстың қосылуы қабыл болмағанда ) тоғымен ысу нәтижесінде статор орамасының оқшаулағышы жанады.
Тарату құрылғыларында өрт бөлме ішінде электр пісіру немесе газды пісіру кезінде абайсыз қолданғанда және ТҚ камерасында жануарлар мен құстардың енуі арқылы қысқа тұйықталу нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Өшіру қабілеті қысқа тұйықталу тоғына сәйкес келмейтін майлы ажыратқыштардың жануы нәтижесінде өрт пайда болуы мүмкін.
Май толтырылған трансформаторлар мен реакторларда трансформатордың ішінде қысқа тұйықталу мен май тасу нәтижесінде және газдық қорғаныс нәтижесінде өрт пайда болуы мүмкін.
Кабель шаруашылығында сым оқшаулағыштың қысқа тұйықталу кезінде жану нәтижесінде, сондай – ақ кабельдің нашар суытылған кезінде ысуынан (мысалы, кабель ыстық бөлмеде ыстық жабдықтың жанында болғанда) және ережесі бұзылған кабельді туннел мен құдықта отты жұмыс жүргізілген кезде өрт пайда болады.
Қосалқы станция мен тораптардың көрсетілген объектілерінде өрт электр қондырғыларды жобалағанда ереже мен нормаларды сақтамағанда, электр жабдықтарында ережелерді сақтамағанда және дұрыс емес эксплуатация кезіндегі авария, керекті қорғаныстың орындалмау нәтижесінде болды. Сондықтан электр станциясы мен тораптардың электр қондырғыларында өртті ескерту үшін электр қондырғылардың объектілерін салу мен эксплуатация жұмыстары кезінде электр станциясы мен тораптардың ЭҚҚЕ мен ТЭЕ-ін міндетті түрде сақтау қажет.
Егер өртеніп жатқан қондырғы өшірілмей, кернеу астында болса, онда оны өшіру электр тоғымен жарақаттану қаупін туғызады. Ереже бойынша электр қондырғыларында өртті қолмен өшіру одан кернеуді алу арқылы өшіріледі. Егер кернеуді алу мүмкін болмаса, онда кернеу астындағы электр қондырғыны өртті сөндіру нұсқауында көрсетілген электр қауіпсіздіктің ерекше ережелерін сақтай отырып өртті сөндіруге болады. Энергообъектілі бөлмеде кернеуді алмай, онда кіріп, өртті сөндіру рұқсат етілмейді.
Бірінші өрт бөлімі келгенге дейін өртті сөндіру басшысы болып энергообъектіде ауысым бойынша бастық, кезекші инженер, электр тораптардағы диспетчер, қосалқы станциядағы кезекші тағайындалады.
Электр қондырғыны өшірмей өртті сумен өшіру ствольщик қарай алатын ашық электр қондырғылар, оның ішінде 10 кВ номинал кернеуге дейінгі өртеніп жатқан кабельдерге рұқсат етіледі. Мұнда ствол жерлестірілген, ал стволшы диэлектрлі боты мен қолғапта 3,5 метрден жақын емес, шашу диаметрі 15 мм және кернеу 1 кВ дейін, 4,5 м кернеуі 10 кВ дейін болғанда жұмыс істеу керек. Шашу диаметрі 19 мм болғанда, арақашықтық кабельді 4 немесе 8 метрге дейін болғанда жұмыс істеу керек. Теңіздік, өте лас суды қолдану рұқсат етілмейді.
Қатты түтінді энергообъект бөлмесінде өртті сөндіру кернеуді ажыратпай іске қосу рұқсат етілмейді.
Генератордың және синхронды компенсаторлардың орамалары жанғанда, электрлік машина тораптан сөндірірлу керек және тоқтатылу керек, одан кейін сулық өрт сөндірудің стационарлық жұйесін қолдану керек. Генератор және синхронды компенсатордың ішіндегі өртті сөндіру үшін көбікті химиялық өрт сөндіргіштерді қолдануға тыйым салынады.
Генератордың құймалы май жолдарында, шықпа зоналарында және басқа жерлерінде немесе сутекті салқындатылатын синхронды компенсаторларда сутегінің жауында генератордың турбинасын тоқтату керек.
Трансформатор жанғанда, ол барлық жерінен сөндірілу керек, одан кейін ауалы механикалық көбікпен, шашырылған сумен және өрт сөндіргішпен сөндірілу керек.
Ұнтақты өрт сөндіргіштер
Өрт сөндіруші ұнтақпен зарядталған (“Пирант” , “П – 2АПМ ”) және 16 атм. Қысымға дейін инертті газбен (ауа, азот, көміртекті газ) толтырылған, А,В,С немесе ВС типті өрттерді қолданылатын ұнтақ түріне байланысты сөндіруге, және де 1000 В дейінгі кернеу астындағы электр жабдықтарды сөндіруге арналған. Қолдың қимылымен оңай ашылып жабылатын шашпалы қондырғымен қамтылған. Өрт сөндіргіштің басында орналасқан манометр, өрт сөндіргіштің жұмыс істеу денгейін көрсетеді. температурада қолданылады.
Кесте1 - Қолдық өрт сөндіргіштердің техникалық сипаттамасы
Типі | ОП-1 | ОП-2 | ОП-3 | ОП-5 | ОП-10 |
Өрт сөндіруші заттың массасы, кг | |||||
Өрт сөндіру қабілеттілігі | 1А, 13В | 1А, 1В | 2А, 2В | 2А, 2В | 4А, 4В |
Өрт сөндіргіш заттың берілу уақыты, с кем емес | |||||
Өрт сөндіруші заттың шашу ұзындығы, м кем емес | 3,5 | 4,5 | |||
Өрт сөндіргіштің толық массасы, кг | 2,2 | 2,7 | 5,2 | 8,2 |
Ауалы – көбіктіөртсөндіргіштер
А және В класты өрттерді сөндіруге арналған. Электр қондырғыларды сөндіруге тыйым салынады. Әсер ету принципі қысылған газ энергиясын орташа немесе төменгі ретті көбік түрінде шашуға арналған. Қысым көзі ретінде жоғары қысымды балон қолданылады. Қолдану температурасы +5 тен+50С дейін.
Химиялық көбікті өрт сөндіргіштер
А және В класты өрттерді сөндіруге арналған. Электр қондырғыларды сөндіруге тыйым салынады. Әсер ету принципі зарядтардың қышқылдық және талшықтық химиялық реакциясына негізделген.
Кесте2 – Көбіктік өрт сөндіргіштердің техикалық сипаттамасы
Тип | ОХП-10 | ОВП-10 | ОВП-50 | ОВП-100 |
Корпустың сыйымдылығы | ||||
Өрт сөндіру қабілеттігі | 1А,13В | 1А,21В | 2А,21В | 2А,55В |
Өрт сөндіргіш заттың берілу уақыты, с кем емес |
Кесте3– Жалғасы
Тип | ОХП-10 | ОВП-10 | ОВП-50 | ОВП-100 |
Өрт сөндіруші заттың шашу ұзындығы, м кем емес | 3,5 | 6,5 | ||
Өрт сөндіргіштің толық массасы, кг | 14,5 |
Өртті сөндірушілер арнайы киімде болулары қажет.
Конструкцияларды тек электр тораптарымен приборлардың тоқсыз қалғанжағдайында ғана ашуға болады. Конструкциялардың бекіген жерлеріне зақым келуден сақтаған жөн. Алмалы – салмалы кострукцияларды және эвакуациялық мүліктерді өрт кезінде жұмыс объектісіне кеңінен рұқсат қамтамасыз етілген жерлерге жинайды.
Өрттің, құлаудың, қайнаудың анық қауіпінде өртті сөндіру кезінде қатысатындар қауіпсіз жерге шығарылуы тиіс. Мұндай жағдайларда өрт сөндіру бастығы ортақ сигналдар орнатып, барлық жеке құраушыларға хабарлауға міндетті.
Электр аспаптармен, прожекторлармен жұмыс жасаушылар барлық жұмыстарды резиналы қолғаптарда, қорғаныс көзілдірікте жасауы міндетті. Өртті сөндіру кезінде адамдар тынысалу мүшелері қорғалған болуы қажет.
Көптеген өрт сөндіру құралдары әмбебап болмайды, яғни кез – келген өртті сөндіретіндей болмайды. Мысалы, қосалқы станцияларда өртті сөндіру құралы ретінде суды қолдану ұсынылмайды, өйткені ол үлкен электр өткізгіштікке ие. Қосалқы станциялар дәстүрлі өрт сөндіру құралдарына жатпайтын объектілер қатарына жатады. Эффективті өрт сөндіру ұнтақты өртс өндіргіш, сондай-ақ қатты отынды аэрозоль құрайтын құрамдарды қолдану барысында қол жеткізіледі.
1) Ұнтақты өрт сөндіруші құрамдар
Өрт сөндіруші ұнтақтар өте ұсақ ұнтақталған минералды тұздардың түрлі қосылыстарынан тұрады. Өрт сөндіруші ұнтақтардың негізі болып фосфорлы – аммонды тұздар (моло-, диаммонийфосфаттар, аммофос, карбонат пен натрия бикарбонаты, калия хлориды және т.б.) табылады. Қосылыс ретінде кремний жоғарыдисперсті диоксиді, органикалық қосылысты – модифициялы кремний (мысалы, АМ-1-300 аэросилы), металл стеараты, нефелин, тальк және т.б. пайдаланылады. Ұнтақтар жоғары өртсөндіргіш қасиеттерге ие болады және де жылдам сөндіруді немесе өрттің жайылмауын қамтамасыз етуі мүмкін.
Өрт сөндірудің әрекет механизмі негізінде алауды ағатын, тізбекті реакцияның активті байлануының нәтижесіндегі жанудың ингибриттауымен түсіндіріледі. Бөлшектің бетінде осы орталықтардың гетерогенді ұсыныстары немесеактивті орталықтармен ұнтақтардың айдалуының газ тәрізді өнімнің гомогенді ара қатынасы болады.
Ұнтақтарды арнайы ылғалданудан қорғайтын ормаларда сақтайды, сондай-ақ жану ошағына тығыздалған газ түрінде жібереді. Бұл ұнтақтар улы емес, аз анрессивті, салыстырмалы арзан және де қолданысқа ыңғайлы болады.
2) Қатты отынды аэрозоль құраушы құрамдар
Қатты отынды аэрозольқұраушы өрт сөндіруші құрамдар (ҚОАӨҚ) араласқан түрдегі жаңа сапалы, газұнтақты өрт сөндірудің экологиялық қауіпсіз құралдарына жатады.
ҚОАӨҚ негізі болып бастапқы заттағы арнайы таңдалған химиялық тұрақты жағдайдағы қышқылды – қалпына келтіру жүйе орындайды. Сыртқы жоғары температуралы жылу көзінің (электр двигательдің, электр спиральдардың және т.б.) аз уақыттағы әсер етуі ҚОАӨҚ құрамының реакциясы ынталанады, нәтижесінде қорғалатын көлемге газдардың өрт сөндіру қосылысы (азот, көмірқышқыл газы) және микронды мөлшердегі қатты бөлшектер пайда болады және бір уақытта жіберіледі. ҚОАӨҚ жоғары өрт сөндіргіш эффективтілігі мен эксплуатациялық сипаттамаларын, физика- химиялық талап етілуін қамтамасыз ету үшін, олардың аэрозольқұраушы процесстің температурасын және жылдамдығын реттеуге мүмкіндік туғызатын, ылғал жұтуды төмендететін, өрт сөндіруші қасиетті жоғарылататын, қолдану қауіпсіздігін,технлогиялылығы және т.б. қосылыстар рецептураларына қосылады.ҚОАӨҚ құрамы көп жағдайда қажетті массаның өрт сөндіргіш зарядын қалыптастыратын, қатты денелі цилиндралық шашка (каналмен және каналсыз) түрде қолданады.
ҚОАӨҚ өрт сөндіргіш зарядынтәжірибеде өрт сөндіру құралдарының жаңа түрінің негізгі және ортақ жағдайда орындаушы элементтері болып табылатын аэрозольдың өрт сөндіру генераторында – арнайы құрылғыларында пайдаланады.
Сонымен, өмітіршілік бөлімінде электр қондырғыларына қызмет көрсетудегі қауіпсіздік шаралары, электромагниттк өрістен қорғану және өрт қауіпсіздік сұрақтары толығымен қарастырылды.