Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университетінің ұйымдастырушылық құрылымы
Т.Рысқұлов атындағы ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ» МЕКТЕБІ
МЕНЕДЖМЕНТ» КАФЕДРАСЫ
Т.Рысқұлов атындағы ЖЭУ» АҚ-да оқу тәжірибесін өткені жөніндегі
ЕСЕП БЕРУІ
(Алматы қаласы, Жандосов көшесі 55, 87273771332)
Студент:IIIкурс (4 ж.о.) «5В050700 – Менеджмент» мамандығы бойынша Назарбекова Гүлжамал Еркінқызы |
Байланыс:87781199696 [email protected] |
Практика жетекшісі«Менеджмент» кафедрасының аға оқытушы Қабдолдаева А.Ж |
Алматы, 2015ж.
Мазмұны
1. | Т. Рыскулов атындағы ЖЭУ құрылымына және ұйымдастырушылық құрылымына сипаттама............................................................................... | |
2. | Т. Рыскулов атындағы ЖЭУ қызмет түрлеріне сипаттама..................... | |
3. | «5В050700 – Менеджмент» мамандығының ерекшеліктері...................... | |
4. | «5В050700 – Менеджмент» мамандығы түлектері мен талапкерлері, таңдаған мамандыққа қызығушылықты тәрбиелеу және оны арттыру. |
АҚ акционерлерінің кеңесі |
Ұжымдық кеңес | АҚ Директорлары кеңесі | Ішкі академиялық консультациялық кеңес | Оқытушылар кеңесі | ||||
Адам ресурстарын басқару | Адам ресурстарын дамыту бөлімі | ||||||
Оқыту кеңесі | Ұйымдық басқару | Ішкі аудит қызметі | Қауіпсіздікті басқару | Ішкі ақпараттық қауіпсіздік бөлімі | |||
Сапамен қамту бөлімі | |||||||
Республикалық оқыту практикалық кеңесі | Ұйымдық басқарушы – Ректор | Жалпы сұрақтар бойынша көмекші | |||||
Қабылдау комиссиясы | Заң бөлімшесі |
Академиялық қызмет бойынша проректор | Әкімшілік жұмыстар бойынша проректор | Стратегиялық даму және халықаралық қызмет бойынша проректор |
Ғылыми кадрлар дайындаудың жоғарғы мектебі | Бағдарламалар директорлары | Оқу процесін жоспарлау және мониторингтік басқару | Халықаралық бизнес мектебі | |||
PhD докторантурасы | Тіркеу кеңсесі | Қаржылық есеп және анализ басқару | Халықаралық қызметті басқару | |||
ҚР ҰБ магистратурасы | Қашықтықтан оқыту орталығы | Бюджеттеу бөлімшесі | Маркетингтік басқару | |||
Базалық дайындық факультеті (кафедралары) | Аймақтық орталықтар (Семей,Павлодар,Атырау,т.б) | Әкімшілік шаруашылық басқару | Телестудия | |||
Қаржы және есеп факультеті(кафедралары) | Ғылыми кітапхана | Әскери мобильділік орталығы | Карьера орталығы | |||
Қолданбалы ғылымдар мектебі (кафедралары) | Лингвистикалық орталық | Әлеуметтік бөлімше | Емтихан орталығы | |||
Экономика және басқару мектебі (кафедралары) | МГУ, РУДН бағдарламалары | Құжатамалар бөлімі | Қазақ Жапон орталығы | |||
Халықаралық білім факультеті | Әскери кафедра | Іс жүргізу ұйымы секторы | Бизнес инкубатор | |||
Оқы\ыменеджмент ор. |
Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университетінің ұйымдастырушылық құрылымы
Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университетінің басқару құрылымын басқарудың сызықтық құрылымына жатады.
Басқарудың бұл құрылымында әрбір құрылымдықбөлімшеніңбасындажетекші болады, оған барлық өкілеттіктер берілген және өзінебағынатынжұмысшыларға өзі жетекшілік етеді және барлық басқару функцияларытек өз қолында болады.
Сызықтық басқару құрылымында әрбір буын және әрбір бағынышты адамның өз жетекшілері болады, сол бір канал арқылы барлық басқару командалары өтеді.
Сызықтық басқару құрылымында шешім тізбек арқылы «жоғарыдан төмен» қарай берілетіндіктен, төменгі басқару буыныныңжетекшісі өзі жоғары рангтағы жетекшіге бағынады.
Осы басқару құрылымын пайдалану келесідей мүмкіндіктерге жол ашады:
1.Нұсқаудың анықтығы және біреу болуы.
2. Орындаушылардың іс-әрекеттерінде келісімділіктің болуы.
3. Басқарудың қарапайымдылығы (бір байланыс каналы).
4. Жауапкершілік анық байқалады.
5. Шешім қабылдаудағы оперативтілік.
6. Өз бөлімшесінің соңғы жұмыс нәтижелеріне жеке жауапкершіліктің болуы
2.Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университеті-экономикалық және бизнес-білім беру саласында мамандарды көп деңгейлі даярлау және қайта даярлау жүзеге асыратын жетекші экономикалық мекеме , үлкен білім беру холдингі.52 жылдық тарихы бар университеттің атауы осы уақытқа дейін бірнеше рет өзгертілген. Университет 1963 жылы ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) экономикалық факультеті негізінде Алматы халық шаруашылық институты болып ашылған. 1991 жылы Қазақ мемлекеттік экономика университеті, 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы болып өзгерді. 2001 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті болып өзгерді. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашу мақсатында 2014 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университеті болып бекітілді.
Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университетінің төмендегідей қызмет түрлерін атап айтсақ болады:
· Факультеттер мен мектептер : негізгі оқыту факультеті , экономика және басқару мектебі , қаржы және бухгалтерлік есеп мектебі , қолданбалы ғылымдар мектебі , халықаралық білім беру бағдарламалар бөлімі
· Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар мектебі .Магистратура , докторантура PhD, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қосымша білім беру бағдарламасы
· Халықаралық Бизнес мектебі IBS.DBA,MBA,Executive MBA, Mini MBA, семинарлар мен тренингтер
· Ресей халықтар достығы университетінің бағдарламалары
· Білім берудің барлық деңгейлерінде Халықаралық қос дипломды бағдарламалар
· Шетелдік жоғары оқу орындарымен алмасу бағдарламалары
· Лингвистикалық орталық
· Әскери бөлім
· Экономикалық колледж (Алматы және Талғар)
· Қашықтықтан оқыту аймақтық орталықтары (Қызылорда,Шымкент,Атырау,Павлодар,Семей)
3.«Менеджмент» мамандығы бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады.Менеджмент мамандығы кез келген саладағы компанияларды және ұйымдарды басқару бойынша білім береді. Гэри Хэмел, заманауи менеджменттің білгірі, соңғы жүз жылдың ең маңызды жаңалығы – менеджмент деп есептейді. Ол менеджментті адамдарды біріктіру, жұмылдыру, өзіндік ресурстарды ұйымдастыру және тауар шығару үшін қолданылатын құралдар мен әдістер тұрғысынан нағыз өнертабыс ретінде қарастырады. "Менеджер" термині кеңінен қолданылады және ол мынадай мәселелерде:
· белгілі жұмыстарды бір бөлімше шеңберінде ұйымдастырушыға;
· кәсіпорынды басқарушыға немесе оның бөлімшесіне басшылық етушіге;
· кез келген жұмысты ұйымдастырушы, әкімшілік етушіге қолданылады.
Кез келген деңгейдегі менеджерге жоғары талаптар қойылады.
Қазіргі инженер жаңа техниканы, технологияны үйренумен қатар кәсіпорынды басқару әдістерін, әсіресе нарықты жағдайында, білу керек. Басқару деңгейіне орай менеджерлерді үш топқа бөлуге болады: төменгі, орташа және жоғары сатыдағы менеджерлер. Төменгі менеджерлер – бұл бір топ адамдардың немесе бөлімдердің бастықтары. Жоғары сатыдағы менеджерлерге компаниялардың бастықтары жатады. Орта сатыдағы менеджерлер – бұл цехтардың бастықтары.
Барлық менеджерлер техникалық, коммуникалдық және аналитикалық білім мен басқару өнерін қажетсінеді.
Менеджмент әуелі менеджерге жоғары талаптарды қояды:
1.Менеджер салауатты өмір сүру керек. Жақсы менеджерді дайындау үшін көп уақыт пен ақша кетеді. Сол маман өз денсаулығын сақтамай ауырып қалса, фирмаға зиян тиеді. Сақ болу керек: арақ пен темекіден (адамның денесін тоздырады, бетін қарайтады), тұз бен бұрыштан (бүйрек пен бауырға әсерін тигізеді), ыстық пен өте суық тамақтан ашыққаннан (асқазанға әсері болады), тоңғаннан және салқын желден.
2.Менеджер жақсы қасиеттерді өзінде дамытуы керек:
· қиын жағдайдан қорықпауы керек;
· күйгелектенуден сақ болуы керек;
· өндіріс шешімін бірнеше варианттардан іздеуі керек;
3.Әрбір кезеңде кезекті мақсат қою: оқу бітіру, үйлену, жұмыс табу, үй сатып алу, машина алу, т.б.
4.Әрдайым үйрену. Қазіргі уақытта техника және ғылым өте тез дамытылады, сондықтан білімді әрдайым жаңарту керек. Мамандық білімін кітаптардан, газеттерден, теледидардан, радиодан толтыруға болады.
5.Мәселелерді нәтижелі және тез шешу.
4.Қазіргі уақытта жастар арасында ең негізгі мәселе жұмыссыздық. Бұл жастардың нарықта қандай мамандық сұранысқа ие екендігінен хабары болмағандықтан.Мамандықты таңдаған әрбір адам бір сұраққа жауап беруі тиіс: «Мен неге осы мамандықты таңдадым?».
· «Мен неліктен менеджер маманыдығын таңдадым?». Ең бірінші, «менеджмент» сөзінің мағынасын ашып, менеджерлердің алатын орнын анықтап алайық.Бірде-бір компания менеджерсіз өмір сүре алмайды, себебі ұйым пайда болған сәтте оны басқаруға қажеттілік те пайда болады. Менеджерлердің атқаратын қызметі - басқару: персоналды басқару, қаржылық ағымды басқару, жобаларды басқару, ұйымды басқару және тағы басқа. Менеджер – кез келген персонал деп есептеу қате. Жоғары білімсіз, белгілі бір тауарларды сатушы адам сату бойынша менеджер бола алмайды, дұрыс ол - сату маманы. Ал, менеджер - бұл қарамағындағы персоналды басқарып, бөлімшелердің қызметін ұйымдастыратын басқару маманы. Ұйымның кадрларын жинақтаусыз, персоналды басқарусыз ұйым табысты дами алмайды.Менеджер - жоспарлау, бақылау, ынталандыру, басқару, шешім қабылдау қызметтерін атқаратын маман. Мен «менеджер» мамандығын таңдадым. Қазір Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университетте 3-курста оқимын. Оқу барысында болашақ менеджерлер үшін қажет, әрі қызықты пәндерден дәріс жүргізіледі: менеджмент негізі, экономика, бухгалтерлік есеп, персоналды басқару, стратегиялық менеджмент, бизнесті ұйымдастыру, жобаларды басқару және т.б. Басқару саласының мамандары дәріс жүргізіп, тәжірибелі менеджер болуда қиын белестерден өтіп, ұйымды тиімді басқаруда қандай шараларды қолдану қажет екендігін түсіндіреді. Осы алған біліміміз арқылы біз де тәжірибеге ие болдық. Бар ынтасын, қабілетін, құштарлығын білімге жұмсаған адам болашақта елінің мақтанышы бола алады.Болашақта қабілетті, елінің дамуына үлес қосатын мамандардың пайда болуы жастардың қолында. Әр адам дұрыс таңдау жасау керек.