Электронды оқулықтарға қойылатын негізгі талаптар
Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар туралы сөз қозғау өте қиын, өйткені қандай шешім қабылданғанына қарай электрондық оқу басылымының тағдыры, қолдану ыңғайлығы, жаңаруы және тағы басқа жағдайларға әсер етеді. Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар тобын көрсетуге болады:
Техникалық - тұтыншылар аясын кеңейту үшін электронды оқулықты пайдаланушының аппараттық бағдарламалық кешеніне талап қоймауы қажет.
Технологиялық - электронды оқулық технологиясы жалпыға ашық,бейімделгіш,жан-жақты әрі перспективті болуы қажет.
Психологиялық - электрноды оқулық адамның психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, әрбірінің жеке түріне бейімделуі қажет
Даму және қолдау - электронды оқулық модульдік принципте құрылуы, тораптанған навигация жүйесі болуы керек.
Мазмұны және құрылымы - электронды оқулық құрылымы иерархиялы, интуитивті түсінікті,кеңейтуге иәілгіш болуы қажет.
Экономикалық – электронды оқулық өзіндік бағасы ның, оны қолдану бағасы жалпыға қол жететін технологияның арзан болуы қажет.
Қолданушылар талабы – электронды оқулық иілгіш, түсінікті, мазмұнды, бағасы арзан әрі офистік пакеттер мен қосылатын болуы қажет.
«Талап» түсінігін бұл жағдайда орындалатын бағдарламалық қамтамаға немесе өмір сүру циклінің үрдісіне қойылатын шектеу ретінде түсіну керек. Кез-келген шектеу ақыр соңында потенциалды тұтынушылар аясын шектейтіні белгілі. Қолдануға болатын аппараттық-бағдарламалық кешен түрлері диапазонын (аппараттық-бағдарламалық кешен – құрамы жай ғана техникалық және бағдарламалық бөліктерден тұратын ЭЕМ )кеңейтуге ұмтылу керек, сол арқылы өнім функционалдығын шектемей потенциалды тұтынушылар шеңберін кеңейтуге болады.
Техникалық талаптар тобы ішінен бөліп көрсетуге болады:
¾ компьютердің белгілі-бір сипаттамаларына талаптар, мысалы, оқулықтың жұмысы үшін пайдаланушыда pentium процессорлі компьютері, тышқан, пернетақта, cd-rom болуы керек;
¾ енгізу-шығару құрылғыларына және периферия құрамына талаптар. пайдаланушыда, мысалы, түрлі-түсті монитор, принтер және интернетке шығу мүмкіндігі болуы қажет.
¾ бұл топқа шартты түрде пайдаланушы машинасында орнатылған бағдарламалық қамтамаға талаптарды қосуға болады.
Технологиялық талаптар тобына бағдарламалық өнімді жасау технологиясын таңдаудан шығатын шектеулер жатады. Қандай да бір технологияны таңдауда оны қолданумен байланысты көптеген сипаттамалар сәттерді назарға алу керек: аталған технология көмегімен ойластырылғанды қаншалықты іске асыруға болады, берілген оқу құралымен жұмыс үшін пайдаланушы қымбат тұратын бағдарламалық қамтаманы сатып алуы қажет болмай ма, яғни қайсыбір технологияны қолдану жоғары техникалық талаптарға алып келмей ме, қаншалықты болашағы бар, берілген бағдарламалық өнімді қаншалықты жеңіл қолдануға әрі өзгертуге болады және басқа да жағдайлар әсері.
Кез келген бағдарламалық өнімді, оның ішінде электронды оқулық жасау және ендіруге қатысты шектеулерді мәселенің қаржылық жағы қоюы мүмкін. Аталған мәселе туралы қандай да бір ақыл беру өте қиын, тек «тегін» бағдарламалық өнімдерді қолдану нәтижесінде электрондық оқу басылымының өзіндік құнын айтарлықтай түсіруге болатындығын айта кеткен жөн.
Кез келген өнімнің маңызды сипаттамасына оның психологиялық қабылдануы жатады. Адамның қабылдау ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл өз кезегінде мүмкіндік береді:
¾ оқу құралының көркемдігін жақсартуға;
¾ материалдың еске сақталуын жақсартуға;
¾ жаңа бағдарламаға, оқу пәніне пайдаланушының үйренуін жеделдетуге;
¾ экран алдында жұмыс барысындағы шаршауды төмендетуге;
¾ назарды маңызды бөліктерге аудару, оның қабылдануын жақсартуға.
Электронды оқулықтың негізгі қасиеттері:
1. Жинақтылық
2. Жүйелілік
3. Эстетикалық көркемділігі
4. Жылдамдылығы
Электронды оқулық құрылымы:
1. Материалдыі мәтін, сурет,график, кескін, кесте түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.
2. Материалддың кескін түрінде баяндалуы- оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.
3. Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
Электронды оқулық құрылымдық элементтері:
1. Сыртқы беті;
2. Титулдық экран;
3. Мазмұны;
4. Аннотация;
5. Оқу материалының толық баяндалуы;
6. Оқу материалының қысқаша мазмұны;
7. Қосымша әдебиеттер;
8. Өзіндік білімді тексеру жүйесі;
9. Өзіндік бақылау жүйесі;
10. Мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;
11. Авторлар тізімі;
12. Терминдік сөздер;
13. Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;
14. Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.
Электронды оқулыққа қойылатын талаптар:
1. Жан-жақтылығы
2. Ізгіліктілік
3. Бейімділігі
4. Модульдік
5. Экономикалық тиімділігі
6. Тұтынушыға бағдарлау
Cурет 2 Электронды оқулықты топтау
Cурет 3 Электронды оқулықтың деңгейлері
Электронды оқулықты құрастыру алгоритмі:
1. Оқу пәнінің мазмұндық көлемін бағалау
2. Үйренушінің білімділік, икемділік дағдыларын қалыптастыру
3. Оқу материалын өзіндік білім алу деңгейіне бөлу
4. Глоссарий дайындау
5. Лекциялар конспектісін дайындау
6. Тест материалын дайындау
7. Материалдарды электрондық түрде дайындау
8. Өзіндік және практикалық сабақтардың материалын дайындау