Курстың компоненттеріне және оны оқуға қойылатын негізгі талаптар

Азақ гуманитарлық заң университеті

Ық жоғары мектебі

Кафедра

  Құқық жоғары мектебінің директоры з.ғ.д., профессор Шапақ У. ___________________ «_____»____________2014 ж. БЕКІТЕМІН

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пәннің/модульдің атауы: Криминалистика

Мамандық атауы: Заңтану

Оқу нысаны: күндізгі

Оқу сабақтарының түрі Курс/семестр
Дәріс (сағат саны)
Семинар/тәжірибелік (сағат саны)
Лабораториялық (сағат саны)
СӨЖ (сағат саны)
СОӨЖ (сағат саны)
Емтихан  
  Барлығы (сағат саны)

Астана, 2014 ж.

Түсіндірме хат

1.1. Оқытушы туралы мәліметтер:Нуркеева Динара Рабаниевна заң ғылымдарының магистрі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Заңтану» мамандығын аяқтаған.

Оқытушының ғылыми бағыттары: Криминалистика, жедел-іздестіру қызметі.

Кафедра туралы мәліметтер: Астана қаласы Қорғалжын шоссесі 8, Қазақ гуманитарлық заң университеті, Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, 352-кабинет.

Байланыс мәліметтері: 8 (7172) 703045 – жұмыс телефоны

1.2. Пәннің сипаттамасы«Криминалистика» курсы «Заңтану» мамандығы үшін Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартымен қарастырылған пән болып табылады.

«Криминалистика» пәнін оқу кезінде оның қолданбалы құқықтық, синтезделген ғылым, сонымен бірге процессуалдық ғылыммен тығыз байланысты екені ескеріледі.

Қылмыстарды дер кезінде ашу үшін тергеу әрекеттерінің тактикасын, сондай-ақ тергеу жүргізуді ұйымдастыруды, тергеуді жоспарлауды, тергеушінің анықтама органдарымен өзара әрекет етуін жетілдіру жолдарын, криминалистикалық болжамдауды, криминалистикалық ситуалогияны, криминалистикалық идентификация ұғымдарын білу, криминалистикалық техникалық құралдарды дұрыс пайдалану, жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесін меңгеру қажет.

«Криминалистика» курсын оқытудың мақсаты қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті менгерген, сот өндірісінде ақиқатты танудың жолдарын және құралдарын үйренген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау.

Пререквизиттер: «Құқық қорғау органдары»; «Қылмыстық құқық»; «Қылмыстық іс жүргізу құқығы»; «Жедел-іздестіру қызметі»; «Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау»; «Криминология».

Постреквизиттер: «Криминалистика пәні бойынша практикум»; «Сот және сот төрелігі: тәжірибе, қазіргі кезең»; «Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру»; «Қылмыстық істерді тергеу бойынша арнаулы практикум»; «Тергеу әрекеттері»; «Сот сараптамасы».

1.3. Курстың мақсаты мен міндеттері: «Криминалистика» пәнін оқытудың мақсаты қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистикалық техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, сот өндірісінде ақиқатты танудың жолдарын және құралдарын үйренген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау.

«Криминалистика» пәнін студенттердің дұрыс ұғынуы қылмыстылықпен күресті күшейтуді, қылмыстарды тергеу және ашу кезінде ғылыми негізделген, тергеу-криминалистикалық тәжірибелік қызметте өзін ақтаған тактикалық әдістер мен техникалық криминалистикалық құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңдегі криминалистиканы дұрыс меңгеру үшін қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша негізгі білімдер болуы керек.

Курстың компоненттеріне және оны оқуға қойылатын негізгі талаптар

Тапсырмаларды орындау аптасына кем дегенде 3-4 сағат уақытты алуы тиіс. Кеңесу кестесіне сәйкес оқытушымен тұрақты негізде консультациялар жүргізіледі. Әрбір сабаққа мұқият дайындалу керек, өйткені әртүрлі ғылыми еңбектерді пайдалана отырып, түрлі ғалымдардың пікірін талдаймыз. Кестеде көрсетілген тақырыпты талдау барысында өткен тақырыптарды алдын ала қарап, қайталау қажет. Аудиторияда өткізілетін сабақтарда ситуативті есептерді шешу түріндегі тапсырмалар орындалып, оның нәтижелері келесі сабақта хабарланады.

Жазбаша реферат алдын ала таңдалған тақырып бойынша орындалып, құрамы келесілерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қажет жағдайларда кесетелер, схемалар түріндегі қосымшалар. Әдебиеттер тізімі келесілерді қамтуы тиіс екендігін айту қажет:

1) нормативті-құқықтық актілер;

2) негізгі әдебиет;

3) қосымша әдебиет.

Пәнді оқып, білім алу нәтижесінде студент міндетті:

Наши рекомендации