Күштік және жарықтандыру тораптарының сұлбасы және құрылысы

Күштік және жарықтық тораптардың сұлбалар және құрылымдық орындалуы

Сұлбалар қолданысқа ыңғайлы және электрэнергиясыменқоректелетін тұтынушылар үшін сенімді болуы керек. Электрэнергияның шығыны, өткізгіштерге кететін шығындар желіні салуға кететін шығындар минималды болуы керек.

Цех желілері қоректенуші және таратушы болып бөлінеді. Электржелілердің сұлбалары радиалды және магистральді болып орындалуы мүмкін.

Радиалды сұлба

Мұндай сұлбаларда қорек көзінен, мысалы ТҚС тарату щитінен ірі ЭҚ-дықоректейтін (қозғалтқыштар Д) немесе топтың тарату пунктердіқоректейтін желілері тармақталады, олардан өз кезегінде басқа да кіші ЭҚ қоректейтін желілер тармақталады.

Күштік және жарықтандыру тораптарының сұлбасы және құрылысы - student2.ru Радиалды сұлбалардың мысалы ретінде насос, компрессор станцияларын және де жарылысқа қауіпті, өртке қауіпті және шаң өндірістердің сұлбаларын қарастыруға болады. Оларда электр энергияны тарату бөлек бөлмеде орналасқан тарату пунктерінен радиалды желілер арқылы іске асырылады.

Радиалды сұлбалар өте жоғары сенімділікті қамтамасыз етеді; оларда автоматика элементтерін оңай қолдануға болады. Бірақ радиалды сұлбалар үшін тарату щиттерін, кабельдер мен сымдарды төсеу қымбат түседі.

 
   


Магистралдық сұлбалар

(а) және (б) сұлбаларын цех ауданы бойынша жүктеме бірқалыпты таралған кезде қолданады. (б) сұлбасы қосалқы станцияда тарату щитын орнатуды қажет етпейді, энергия «трансформатор –магистраль» сұлба арқылы таралады, бұл цех ҚС салуды жеңілдейді және арзандатады.

ШМА және ШРА шинасымдармен орындалған магистральдық қоректену технологиялық жабдықтың орнын ауыстыру, желіні қайта жасау мәселесін қозғамайды. Кемшіліктері – электрмен жабдықтау сенімділігі жеткіліксіз, егер де магистральда қандай бір апатты жағдай болса, онда ол жердегі барлық

Күштік және жарықтандыру тораптарының сұлбасы және құрылысы - student2.ru

А) 1000 В дейін ЭЖ магистральдық қоектендіру сұлбасы

Б) 1000 В дейінгі ЭЖ қоректендіруге арналған “трансформатор-магистраль” блогының сұлбасы

Күштік және жарықтандыру тораптарының сұлбасы және құрылысы - student2.ru Күштік және жарықтандыру тораптарының сұлбасы және құрылысы - student2.ru

18 Сурет - Магистральды сұлбалар

электр құрылғыларын түгел ажыратуға тура келеді. Радиалды және магистральді желілердің ерекшеліктерін ескере отырып, әдетте қоршаған ортаның, өнеркәсіптердің сипаттамасына байланысты аралас сұлбаларды қолданады.

Күштік және жарықтандыру тораптарының сұлбасы және құрылысы - student2.ru

ШМА сериялы жабық типті шинаөткізгіштерцехтарда өндірістік жиілікті 3 фазалы тоқты U 660-қа дейін электрэнергияны беру үшін орнатылады. Оларды тікбұрыштық және шеткі секциялардан жинайды да, кронштейндер немесе арнайы тіректерде орнатады.

ШРА сериялы шина өткізгіштер өндірістік жиілікті 3 фазалы токты U=380 В немесе 660 В қоршаған орта қауіпті цехтарда орнатады.

ШМА-ныКТП-ға қосу ШМА-ның қосу секциясы арқылы іске асады, бұл секциялар коммутациялы-қорғаныстық аппараттармен қосылады, олар КТП-ның шкафында орналастырылады.

ШРА қосалқы станцияның шинасына қосу кабель немесе сыммен іске асырылады, ол шығыс қорапшасына қосылады.

ШРА-ныШМА-ға қосу әдетте ШРА-да орналасқан, шығыс қорапша арқылы іске асады, ол ШМА-ның тармақты секциясына кабельді тұйықтаушы арқылы қосылады.

Цехтардың жарықтандыру жүктемесі радиалды сұлба бойынша қосалқы станция әдетте жеке желі арқылы қосылады, ал магистральді сұлба кезінде магистральдің басты бөліктері арқылы қосылады.

Наши рекомендации