Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты

Кәсіпкерлік жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады: кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізінде (әрбір азаматтың өзінің материалдық жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) шағын және орта бизнесті дамыту формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады.

Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ға жетеді.

2000 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша республикадағы 372 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс істейтіндері -329,1 мың болды. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 2,4 млн адамды құрады.

Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 млрд теңгенің өнімін өндірді және қызмет көрсетті. 1999 жылы олар бюджетке төленетін 33,7 млрд теңге құраса, 2000 жылы – 45,9 млрд теңгеге жетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар мыналар:

- халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

- қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту;

- шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;

- шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.

Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтық жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өзлерінің жеке «ісін»ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай –ақ шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.

Сонымен, тағы да баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде болмайды.

Олар еліміздің ажырамайтын саяси – экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден,нарықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден,рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруды іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден,шағынкәсіпорындар рөлінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне жиек болады.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті реттейтін негізгі заңдық актілер тізбесі:

1. ҚР Азаматтық кодексі. 27.12.94 жыл. (Жалпы бөлім), 16.12.98 ж. өзгерістер енгізген.

2. «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» ҚР заңы. 190.97 ж.и №131-1 (26№07№99 жылы өзгерістер енгізілген).

3. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңы. 19.06.97 №135-1 (29.11.99 ж. өзгерістер енгізілген).

4. «Жұмыстардың жеке түрлері және қызмет рыногын дамыту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы. 31.03.99 ж. №343 (14.02.2000 ж. енгізілген).

5. «Шағын кәсіпкерлікті қорғау мәселелері бойынша заңдық актілерге бірсыпыра қосымша өзгерістер енгізу туралы» ҚР заңы. 29.11. 99ж. №489-1.

6. «Адамдар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіндегі бостандық құқығын қорғау туралы» ҚР Президентінің жарлығы. 27.04.98ж. №3928.

7. «Қазақстан Республикасы Агенттігінің шағын бизнесті қолдау мәселелері жөніндегі» ҚР –сы Үкіметінің қаулысы. 26.04.99 ж. №475.

8. «Шағын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» ҚР Үкіметінің қаулысы 08.04.97 ж. №499.

9. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». ҚР –сы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығы.

Наши рекомендации