Тақырып. Үздіксіз білім беру жеке тұлғаны дамытудың шарты ретінде

«Үздіксіз білім беру» ұғымының мәні. Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуының шарты. Үздіксіз білім беру құндылық ретінде. Үздіксіз білім беру – білім алуға қол жетерлікті қамтамасыз ететін үдеріс ретінде. Үздіксіз білім беру жағдайларының тиімділігі.

Тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығы. Білім, білік, дағды және танымдық іс-әрекет – жеке тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығының негізгі шарты ретінде: мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік компоненттері.

Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі үздіксіз білім берудің мәні. Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі үздіксіз білім алудың мәні және тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығын қалыптастырудағы жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің мүмкіндіктері.

Үздіксіз білім алуға даярлығын қалыптастыру үдерісіндегі студенттің тұлғалық ұстанымы. Үздіксіз білім алу тұлғаның кәсіби сұранысқа ие болу және болашақ маманды дайындаудағы құзыреттілік тұрғыда оқытуды іске асыру факторы ретінде.

ІІ бөлім. Педагогикалық кәсіп және педагог тұлғасы

Тақырып. Педагогикалық кәсіптің жалпы сипаттамасы

Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы. Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде. Білім беру деңгейлері бойынша педагог қызметінің квалификациялық сипаттамасы.

Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесі ретінде.

Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында анықталған қазіргі заман мұғаліміне қойылатын кәсіби талаптар және оның құқықтары мен міндеттері. Кәсіби-педагогикалық білім берудің үздіксіздігі – қазіргі заман мұғалімін дайындаудың негізгі талабы ретінде Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім беруді модернизациялау.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық кәсіп, квалификациялық сипаттама, профессиограмма, кәсіби стандарт, нормативтік құжаттар.

Тақырып. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті және оның тұлғасы

Педагогикалық іс-әркеттің мәні және оның құрылымы. Мұғалім іс-әркетінің обьектісі – педагогикалық үдеріс. Педагогикалық үдерісті басқарудағы мұғалім іс-әрекетінің функционалды түрлері. Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іскерліктері.

Педагог-мұғалім және тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері. Мұғалім тұлғасының кәсіби-педагогикалық бағыттылығы. Педагог тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттері. Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық сипаты. Педагогикалық шығармашылық.

Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті: мәні, өзгешелігі, өзара байланысы. Педагогикалық этика және мұғалім әдебі – педагогикалық үдеріс субьектілері арасындағы өзара қатынастарының негізі ретінде.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық іс-әрекет түрлері, функциялары, кәсіби-педагогикалық іскерліктер, кәсіби маңызды қасиеттер, педагогикалық шығармашылық.

Тақырып. Педагогикалық білім беру жүйесі

Педагогикалық білім беру жүйесі туралы түсінік. Қазақстан педагогикасының кадрлары: қазіргі уақыттағы жағдайы мен мәселелері. «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы» жаңа формациялы мұғалімді дайындау туралы.

Үздіксіз педагогикалық білім беру – мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуындағы және өзін-өзі іске асырудағы жетістігінің шарты. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі: кәсіби дайндыққа дейінгі дайындық – базалық кәсіби білім – кәсіби тұрғыда жетілдіру – жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі мұғалімнің

көпдеңгейлі дайындалуы. Қазіргі уақытта педагогикалық еңбекте мұғалімнің кәсіби өсуінің түрлері. Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісіндегі үздіксіз педагогикалық білім беруде студент даярлығын қалыптастыру факторлары мен жағдайлары.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық білім беру жүйесі, педагогикалық кадрлар, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі, тұлғаның үздіксіз педагогикалық білім алуға даярлығы.

Наши рекомендации