Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің (АМЖК) жалпы ережелері. Жарақаттанушыны тасымалдау түрлері.
АМЖК кезінде сынықтардың асқынып кетпеуіне (жарақатты шок, қансырау жөне т.б.) көп көңіл бөлінеді. Ең алдымен, шок немесе артериядан қан кету кезінде (аз уақытқа жгут салынады) жәрдем көрсетіледі. Үлкен түтікті сүйектердің (жамбас және т.б.) сынуы кезінде зардап шегушіге шоктың алдын алу және ауыру сезімін азайту үшін ауыруды басатын дәрілер (промедол, морфин және т.б.) енгізіледі. Морфинді қабырға, жамбас және т.б. сынуы кезінде колдануға болады.
Зақымданған қол-аяқты иммобилизациялау керек (уақытша бекіткіш таңғыш немесе қол-аяқтың, дене бөліктерінің қозғалысы мен тыныштығын қамтамасыз ететін тасымалдағыш жақтаулар салынады). Олар:
· ауыру сезімін (шоктың алдын алу) азайтуға;
· жарақаттық бүлінудің (жұмсақ тіндер мен ішкі органдар) пайда болуына жол бермеуге;
· ашық сынық кезінде жарада ірің пайда болуы мен дамуының қаупін азайтуға;
· сынық сүйектерінің бітіп кетуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектеседі.
Егер ашық сынық болса, онда жақтауларды салмас бұрын жараны өңдеп, стерильді таңғыш салу керек. Жараға жұқпа түспеу үшін, сүйек сынықтарын түзетуге болмайды.
Зақымданған ошақта стандартты жақтаулардан басқа жасаңды (колда бар) жақтаулар (ағаштан, шыбықтан, ағаш қабығынан,сабан байламынан, картон қағаздан, қолшатырдан, күректен, сүңгі пышақтан, мылтықтан жасалған) қолдануы мүмкін.
АМЖК қолдануындағы түрлі стандартты жақтауларды пайдалану керек: металдан жасалған (мысалы, Крамер сатылы жақтаулары) ағаштан жасалған (Дитерихс типті жақтаулар), кейде пластмастан жасалған (кол-аяқты ыстық суға түсіргеннен соң оларды реттейтін).
Жақтаулар — алдын ала мақта немесе басқа матамен оралады; жақтаудың бір бөлігін киім үстінен (соғыс немесе кыс кезінде) салады, оның астында жараға салынатын стерильді таңғыштар қалады.
Дененің ашық жерлерін де мақтамен орауға болады. Мақтамен оралған жақтау үстіңгі жағынан дәкелі бинтпен бекітіледі, оны қол-аяқ формасы мен көлемі бойынша бүгіп салу керек (ол үшін өзіне немесе басқа сау адамға салып көру қажет). Дайын жақтауды бекіту (бүгіліп, мақтамен оралған) дәкелі бинтті ал ол колда болмаған кезінде — үшкіл орамалды, орамалды, ішкі киім етегін, жіп-арқанды, бау-белдікті қолданумен жүзеге асырылады. Бұл кезде қол-аяқ физиологиялық жағдайға келтіріледі. Аяқтың сынуы кезінде жақтау (тасымалдағыш) аяқтың түзетілген жағдайында салынады.
Жақтауды салудың негізгі ережелері: сүйектің сынуы кезінде кем дегенде сынған жерге жақын жатқан екі буын оралатындай етіп жақтауды салу керек (яғни сынақтан биік және төмен).
Мысалы:
балтыр сүйектерінің сыну кезінде — тізе және аяқ басы-балтыр буындарын орап алу;
иык сүйегінің сынуы кезінде — иық, шынтақ жөне кәрі жілік білезік буындарын орап алу;
жамбас сүйегінің сынуы кезінде — жамбас, тізе және аяқ басы, балтыр буындарын орап алу.
Қол немесе аяқ басы саусақтарының ұштарын (егер олар зақымданбаса) таңғыштан бос қалдырады (қол-аяқтың қан айналымын тексеру үшін);
Қолды иммобилизациялау үшін сым темірлы сатылы жақтаулар (Крамер), фанер және картон, үшкіл орамалмен байлау және т.б. қолданылады; аяқ үшін — Дитерихс арнайы тасымалдағыш жақтауларын (ағаш) немесе бірнеше үлкен сатылы Крамер жақтауы қолданылады.
Бас сүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйектері, қол-аяқ сүйектерінің сынуы кезіндегі алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдері (иммобилизацияның табельді және қолда бар құралдарын пайдаланумен)
Бас сүйегі сынғанда: зардап шегушіні зембілге жатқызып, тезірек емдеу мекемесіне жеткізуді камтамасыз ету керек. Жүрек қызметі бұзылған кезде камфора немесе кофеин, ал тыныс алу әлсізденгенде—жасанды тыныс алдыру қолданылады. Ми шайқалғанда морфин енгізуге болмайды (өйткені, тыныс алуды жауып қалуы мүмкін). Тасымалдау кезінде зардап шегушінің жағдайын (тамыр соғуы, тыныс алуы) бакылап отыру қажет, басын бір қырынаа бұрып жатқызып (құсыққа тұншығып қалмауы үшін) және оны мақта-дөкеден жасалған дөңгелек үстіне жатқызады (көрпе, киім, мақта, сабан салынған қапқа немесе үрмелі резеңке дөңгелекке).
Бұғана салғанда: сынған жерді басып көргенде, ондағы майысулардың болуы байқалады. Жәрдем көрсету кезінде қолтық астына мақта немесе дөкеден жасалған тығыз қалтқы қойылып, сосын зардап шегушінің қолын шынтақ буынынан бүгеді, иық сүйегін денеге қатты қысып тұрып, оған қолды мықтап бинтпен орайды немесе үшкіл орамалмен бекітеді.
Қабырға сынғанда: тура (жоғарыдан құлағанда, соққы тигенде) және тура емес (кеуде клеткасы қысылғанда) жарақаттар нәтижесінде пайда болады. Бір уақытта қабырғадағы өкпе қабы, қабырғааралық тамырлар мен жүйкелер, кейде өкпе, бауыр, көк бауыр да зақымдануы мүмкін. Қабырғаның өткір сынықтары өкпеге зақым келтіріп, пневмоторакс пен ішке қан кету дамуына ыктал етуі мүмкін.
Иммобилизация — барынша дем шығару кезінде кеуде клеткасына нығыздалған айналма таңғыш салу. Ауру сезімімен жөтелді азайту үшін промедол және кодеин қолданылады. Көптеген сынықтар, ішкі органдардың зақымдануы, пневмоторакс және жарақаттың тұншығу кездерінде жартылай отырған жағдайда тасымалданып, емдеу мекемесіне жіберіледі, зардап шегушінің жағдайы бақыланады.
Омыртқа сынғанда: бұл аса ауыр зақымдану; жамбас сүйектері қызметінің бұзылуына, қол-аяқтың сал болып қалуына әкеп соқтыратын жұлынның жаншылуымен коса беріледі. Сынықтар ашық, жабык, асқынған, аскынбаған, жаншылған болуы мүмкін.
Алғашқы медициналық жәрдем көрсету кезінде жұлынның жаншылып қалуын (зақымдануын) тудырмас үшін, омыртқа бүгілуін болдырмау қажет. Арнайы уақытша белгілеулер — зардап шегушіні етпетінен абайлап зембілге салады, иық асты мен бас жағына жастық немесе қалтқы қояды. Жұмсақ зембілге аркасымен жатқызғанда, оған ағаш жайма тақта, фанер, кең тактайша немесе бірнеше ұзын фанер жактаулар салынады (аурудың аркасына жөне бүйіріне төрт фанер жақтауларды бинтпен орап байлап қоюға болады).
Мойын омыртқалар сынған кезде — зардап шегушіні зембілге арқасымен жатқызады, ал мойын астына (кейде иық астына) жастық немесе бүктелген киім, мүмкіндік болса, мойын астына мақта жағалық салынады (мақтаның қалың қабатымен орап, дәкелі бинтпен таңу).
Жамбас сүйегі сынғанда: зардап шегушіні көрпемен жабылған жайма тақтаға жатқызады (тақтай немесе фанер) жедел түрде емдеу мекемесіне жеткізеді. Сынықтар жай (жамбас сүйегі тұтастығының бұзылмауы) және күрделі (жамбас сүйегі тұтастығының бұзылуы) болып табылады; сондай-ақ ұршықтық ойықтың сынуы — сан сүйегінің шығуымен және сан сүйегінің шықпауымен де ажыра-тылады. Соңғылары жамбас сүйегінің асиметрияға ұшырауына немесе қисаюымен, ауырсынғыштық және ауыруымен ерекшеленеді. Сан сүйегінің шығуы — табиғи емес, жамбастың жағдайы серіппелі түрде бекітілген, оның басы өзгертілген жағдайда болады. Ауыр сынықтар кезінде қан кету 1,5 — 3 л дейін жетеді.
Қол сынғанда: жақтау салу кезінде келесі ережелерді сақтау керек: зақымданған колды созуға болмайды, ашық жара мен қатты қан кету кезінде, алдымен,таңғыш пен жгут салынады, сосын қолдың екі жағынан жақтау қойылады;екі жақтау да сынық орнынан төмен және жоғары орналасқан буындарды камтуы керек; жақтауды салар алдында жұмсақ мата немесе мақтамен орау қажет.Тасымалдағыш жақтауды салу кезіңде колды белгілі бір жағдайға қояды:қол иық буынында біраз алға беріледі, тік бұрыштап шынтақта бүгіледі; көп жағдайда алақан ішке қарай қысылады;
1. кол қоспасы біраз сыртқа қарай бүгіліп, саусақтар жартылай бүгіледі, ол үшін аурудың алақанына бинт немесе дәкеге оралған тығыз мақта түйіншегі салынады. Зардап
шегуші оны саусақтарымен қысып алады.
Стандартты сым темірлі жақтауларды (Крамер) пайдаланған дұрыс, ал олар қолда болмаған жағдайда — фанер, картон немесе басқа жақтаулар қолданылады, ең болмағанда — зақымданған қолды үшкіл орамалмен асып қою керек (қол коспасы мен білек сынуы кезінде) немесе оны денеге бинтпен орап тастайды (иық сынған кезде).
Иық сынған кезде жақтауды бүгілген колдың сырт жағына салады: саусақ түбінен бастап, козғалмайтын қолдың иық буынына дейін. Жақтаудың ұзындығы келмеген жағдайда оның ұштарына фанер тақтайшаны бинтпен орау арқылы ұзартуға болады.
Білек сүйектер сынған кезде жақтаушаны тікелей білекке салады, ал бинтпен оралған білекті үшкіл орамалмен асып кояды.
Қол қоспасы мен саусақ сүйектерінің сынуы кезінде жақтаушаны алақанының бетіне салып, мықтап бинтпен орайды, ал қолды үшкіл орамалмен асып қояды.