Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Химиялық қару –улы химиялық заттарды (УХЗ) қолдануға негізделген жаппай зақымдау құралының бірі. УХЗ улағыш заттар мен уыттылар жатады, ол адам мен жануарлар ағзасын зақымдауға арналады, сондай-ақ УХЗ өсімдіктердің әр түрін зақымдау үшін қолданылатын фитотоксиконттар да жатады. Химиялық қаруларды объектілерге жеткізу үшін авиация, ракеталар, артиллерия мен инженерлік және химиялық әскери заттар қолданылады.

Химиялық қарудың ұрыстық қасиеті мен өзіне тән белгілеріне мыналар жатады:

· УЗ мен токсиндер өте улы болады, азғантай дозаның өзінде ауыр және өлім қаупін тудыратындай зақымдайды;

· УХЗ-дың тірі организмді зақымдау әрекетінің биохимиялық механизмі;

· УЗ мен токсиндердің қару-жарақ пен ұрыс техникасына, ғимараттарға, құрылыстарға өтіп, ондағы қорғалмаған тірі күшін зақымдау қабілеті;

· УХЗ-дың белгілі бір уақыт бойы жергілікті жерді, қару-жарақты, ұрыс техникасы мен атмосферадағы өзінің зақымдау күшінің әрекет ету ұзақтығы;

· қарсыластардың УХЗ-ды қолдану фактісін және оның типін дер кезінде табудың қиындығын белгілеу;

· тірі күшті зақымдау дәрежесі мен сипатын басқарудың мүмкін болатындығы;

· химиялық қару зардаптарынан қорғану және оны жою үшін химиялық барлаудың, жеке және ұжымдық қорғану, газсыздандыру, санитарлық өңдеу, антидот және т.б. әр түрлі кешендер шарасын қолдану қажеттілігі.

Химиялық қаруды қолдану нәтижесінде ауыр экологиялық және генетикалық зардаптар болуы мүмкін. Химиялық қаруды қолданудың экологиялық зардабы УЗ-дың жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, сондай-ақ топыраққа, суға, ауаға тигізетін әсерімен байланысты, одан қоршаған ортаның жағдайы шиеленісіп, адамның өмір сүруін қиындатады. Генетикалық зардаптар келешек ұрпақтың дамуында жағымсыз із қалдырады.

Улағыш химиялық заттар (УХЗ) әрекеттері жөнінен:

· жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ - VХ (ви-икс), зарин, заман;

· тері-іріңдік әрекетті УЗ – иприт, люизит;

· тұншықтырғыш әрекетті УЗ – фосген, дифосген;

· жалпы улы әрекетті УЗ – синил қышқылы, хлорциан;

· тітіркендіргіш әрекетті УЗ – СS (си-эс), СR (си-ар);

· психохимиялық әрекетті УЗ – ВZ (би-зет) деп бөлінеді

Химиялық қарудың зақымдаушы факторларына УХЗ-дың әр түрлі күйі жатады. УХЗ-дың ұрыстық күйінің түрлері: бу, аэрозоль және тамшылар. Бу –газ тәрізді түрде болатын зат, Аэрозольдар –ауада тұратын және сұйық бөлшектерден құралған дисперсті гетерогенді (біртектес емес) жүйелер. Тамшылар - өте ұсақ бөлшектер.

Бу және жұмсақ дисперлі аэрозоль қалпындағы химиялық зат ауаны уландырып, дем алу арқылы тірі жанды зақымдайды (ингаляциялық зақымдану).

Қатты дисперлі аэрозоль және тамшы түріндегі УХЗ жергілікті жерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әскери киімді, қорғану құралдарын, суларды зақымдап, қорғалмаған тірі жанды оның тері бетінде бөлшектердің түскен кезінде де, олардың зақымданған жер бетінің булану нәтижесінде түсу немесе тірі жанның зақымданған жермен түйісу жасағанда да зақымдауға қабілетті.

Тірі жанның зақымдануы зақымданған тамақ өнімдері мен суды қолдану кезінде де болуы мүмкін.

Химиялық зақымдану құралдарын әскери мақсатта ішінара пайдалану барлық соғыстар тарихында өз орнын тапқан.

Зақымдану, қирату, өрт және су басу аймағындағы әрекеттер кезінде әскери қызметшілерді қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету келесі шараларды орындаумен жетілдіріледі:

· үзіліссіз радиациялық, химиялық және биологиялық барлау жүргізу;

· уақытымен және ебін тауып жеке, ұжымдық қорғану құралдарын, қару-жарақ, әскери техника мен жергілікті жердің қорғаныш қасиеттерін, радиацияға қарсы препараттарды, антидоттарды, жедел медициналық жәрдем көрсету құралдарын, инженерлік құрылыстарды пайдалану;

· зақымдану, қирату, өрт және су басу аймақтарын мейлінше орынды жеңу тәсілдерін таңдау;

· зақымданған жерде әскери қызметшілермен бекітілген тәртіп ережесін қатаң сақтау.

Көрсетілген шаралар мазмұны мен тізімі әрбір нақты оқиға, жағдай шарттарымен айқындалады.

Зақымдалған аймақ кенеттен жасалғанда немесе бөлімше қарсыластан қорғануға жеткілікті түрде дайын болмағанда, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бірінші кезекте зақымданған аймақты барлауды және әскери қызметшілерді зақымданбаған ауданға қысқа мерзімде орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Жеке қорғану құралдарын орынды және уақытымен пайдалану адамдардың химиялық және биологиялық қарумен зақымданбауына, ядролық жарылыстың зиянды сәулеге шалдығу әсерін әлсіздендіруге және әскери қызметшілерді радиоактивті шаңмен уланудан сақтауға мүмкіндік береді.

Жеке қорғану құралдарына: газтұмылдырықтар; тұмылдырықтар; жалпы әскери кешенді қорғаныш киімі (ЖӘКҚК); жалпы әскери қорғаныш толымы (ЖӘҚТ); қорғаныш киім (ҚК) және қорғаныш көзәйнек жатады.

Аталуы Маркасы Алдыңғы Салмағы, кг  
Сүзгіш газтұмылдырықтар РШ - 4 ШМ – 41 МУ ШМС 1,8  
  ПМГ ШМГ    
  ПМГ – 2 ШМ – 66 МУ 1,1  
    ШМ - 62 0,9
  ПМК М - 80    
Жекеленген дем алу аппараты ИП - 46 ШВС 4,6  
  ИП – 46; МИП - 4 ШВС 5,5  
  ИП - 5 ШИП - 26 3,4  
Тұмылдырық Гопкалит патроны Р - 2 ШИП - М 5,2  
  ДП - 1 Жартылай маска 0,06  

Сүзгіш газтұмылдырықтарыдем алу органдарын, көзді, бетті УЗ, РЗ БҚ аэрозольдерінен қорғауға арналған.Тұмылдырықтың қажетті өлшемі беттің биіктігі Һ бойынша таңдалады ( иектің төменгі нүктесі мен кеңсірік арасындағы қашықтық).

Наши рекомендации