Эссе. «Қазақстан Респуюликасы қаржы жүйесі және әлемдік тәжірибе
Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады.
1995 жылдары республика бюджеті түпкілікті өзгерді. Бұл экономиканың макроэкономикалық көрсеткіштерінің үнемі өзгеріп отыруымен, шаруашылық субьектілердің қаржылық жағдайларының өзгеруімен байланысты болды. Бюджеттік жүйедегі табысты тартудың бірнеше әлемдік тәжірибесі бар:
мемлекеттік басқару дәрежесі бойынша салықтың белгілі түрлерін тақайындау, яғни салықтық төлемдерді жалпымемлекеттік және жергілікті деп бөлу;
әрбір мемлекеттік басқару дәрежесі бойынша салықтан түскен табысты бөлу;
жалпымемлекеттік және жергілікті салық түрлеріне үстеме белгілеу.
Бюджетті құрастырғанда осы тәсілдерді пайдалану қажет. Дамыған мемлекеттер тәжірибесіне сүйенсек, олар бюджеттік жүйе арасындағы бөлімшелерінде табысты орналастырудың бір ғана емес бірнеше тісілдерін қосарлау арқылы дамыған. Біздің елімізде тек бір тәсілді қолданады.
Сондықтан, салықты және кірісті бюджеттің бөлімшелері арасында өз беті және біріккендік қағидасы арқылы орналастыру қажет.
Бұл механизм келесі бөлшектерден құралуы қажет:
1. облыс және аудан территорияларындағы қаржы ресурстарының жалпы көлемін белгілеу;
2. бюджеттік ресуртар салмағын бағалау;
3. территорияда қалыптасатын бюджеттік ресурстың төменгі шекті салиағын айқындау. Бұл көрсеткіш 40% төмен болмауы керек;
4. осы көрсеткіштер арқылы бекітілген және өзгермелі табыс түрін белгілеу және бюджеттер арасында табысты бөлу тәсілдерін пайдалану.
Жалпы, әлемдік тәжірибе республиканың бюджет жүйесінің дамуында үлкен рөл атқарады. Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі қаржы жүйесі өте нашар жағдайда болды, бірақ уақыт өте келе қаржы жүйесінің дамуы ілгері басуда.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады.
81.Эссе. «ҚР әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруда қаржының рөлі»
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда маңызды рөл атқарады. Тағы да Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараттары мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық және басқа қызметтердіі атқаруға жұмсалады.
Мемлекеттің әлеуметтік қызметі тек қана, әдетте, «әлеуметтік қамтамасыз ету» деген атауға ие, тікелей шараларды (ақшалай төлемдер және тегін әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру) қолданып қана емес, сонымен бірге жанама реттеу арқылы да жүзеге асырылып отыруы қажет. Ал, мұндай реттеудің оңтайлы түрі салық саясаты.
Мемлекет тарапынан жүргізілетін әлеуметтік бағдарлама мен экономикалық саясаттың түрлі элементтері арасында жеткілікті түрдегі нақты байланыс бар. Сондықтан, мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі – салық жүйесі және оның басты функцияларының бірі болып табылатын әлеуметтік саясаттың өзара байланыстылығын және халыққа салық салудың әлеуметтік шегін анықтау негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Мысалға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бес бағыт бойынша жүзеге асырылады. Біріншісі - жаңа жобаларды жүзеге асыруға арналған несиелер бойынша сыйақының ставкасын субсидиялау; екіншісі - несиелерге ішінара кепілдік беру; үшіншісі - өндірістің инфрақұрылымын дамыту; төртіншісі - бизнеске сервистік қолдау көрсету; бесіншісі - кадрларды дайындау, жастар практикасын ұйымдастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын құру.
Бағдарламаны жүзеге асыруда оған қатысушылардың рөлдері де нақты айқындалған. Қаржылық ұйымдар, яғни банктер жобаларды қаржыландыру жөніндегі шешімді қабылдайды. Ал жергілікті жерлерде құрылған үйлестіруші кеңестер несиенің ставкаларын субсидиялау және несиелерге кепілдік беру жөніндегі шешімдерді қабылдайды. Тұтастай алғанда бағдарламаның бүкіл компоненттері аясында кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсетіледі. Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде несиелер бойынша сыйақының ставкасын субсидиялаудың жалпы схемасы мынадай: банктер жобаларға экономикалық сараптама жүргізіп, субсидиялау жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды жергілікті атқарушы органдарға береді. Өңірлік үйлестіруші кеңестер жобалардың бағдарламаның критерийлеріне сәйкестігін қарастырып, субсидиялау жөнінде шешім қабылдайды. Банктерден сараптамадан өткен және өңірлік үйлестіруші кеңестердің оң шешімін алған жобаларды банктер несиелейтін болады. Ал мемлекет болса, қаржылық агент арқылы сыйақы ставкасының шығындарын өтейді.
Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті – оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.
82. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы және келешектегі даму бағыттары
2012 жылғы 1 желтоқсанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 427 221,9 млн. теңге болды, бұл 2012 жылғы 1 қаңтардағы ұқсас көрсеткіштен 10,3%-ға көп және 2011 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша осы көрсеткіштен 16,7%-ға көп, оның ішінде:
2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары міндеттемелерінің сомасы 187 325,5 млн. теңге болды, бұл 2012 жылғы 1 қаңтардағы ұқсас көрсеткіштен 19,7%-ға көп және 2011 жылғы 1 желтоқсандағы көрсеткіштен 37,4%-ға көп.
Есепті күні сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін құрған сақтандыру резервтерінің көлемі 165 827,3 млн. теңге болды, бұл 2012 жылғы 1 қаңтарда құрылған резервтер көлемінен 29,7%-ға көп және 2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша құрылған резервтер көлемінен 37,9%-ға көп.
ҚҚА пікірі бойынша сақтандыру нарығының даму динамикасы Қазақстанның экономикалық ахуалына тікелей байланысты болады. Оның үстіне, сақтандыру сыйлықақыларының өсімі сақтандырудың ерікті түрлері мен «аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлеміне қарай айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
«Өмірді сақтандыру» саласы.2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 48 774,4 млн. теңге болды, бұл өткен жылдың ұқсас күніне қарағанда 87,7%-ға көп. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сыйлықақылардағы үлесі есепті күні 2011 жылғы 1 желтоқсандағы 16,8%-ға қарсы 25,5% болды.
«Жалпы сақтандыру» саласы.2012 жылғы 11 ай ішінде «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 142 482,7 млн. теңге болды, бұл 2011 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 10,8%-ға көп.
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 53 548,2 млн. теңге болды немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 28,0%-ын құрады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қайта сақтандыруға сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 22,2%-ы берілді.
Қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қабылдаған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасы 19 423,5 млн. теңге болды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденттері еместерден қайта сақтандыруға қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 9 524,3 млн. теңге болды.
01.01.2012ж. бастап 01.12.2012ж. дейінгі кезеңде сақтандыру нарығында сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері бойынша шоғырлану деңгейінің ұлғайғаны байқалады. 5 ірі сақтандыру компаниясының үлесіне жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының 32,3%-ы (ұлғаюы 0,5 пайыздық тармақ) және сақтандыру төлемдерінің 24,4%-ы (ұлғаюы 2,0 пайыздық тармақ) тиесілі болды. Бес ірі сақтандыру компаниясының сақтандыру нарығының жиынтық активтеріндегі үлесі 49,4% (азаюы 3,2 пайыздық тармақ) болды.
83. Эссе: «ҚР Ұлттық қоры: қалыптастыру және пайдалану ерекшелігі».
Ұлттық қор- Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері. Қазақстанда Ұлттық қор институты өз тұрғысында тұрақтандырушы макроэкономикалық құрал, сондай-ақ өткен және ықтимал фискалдық қатерлерге жауап ретіндегі дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыру көзі болып табыла отырып, фискалдық саясатта, бюджетті қалыптастыруда және оны бірқалыпты деңгейде ұстауда негізгі рөл ойнайды. Ұлттық қор 2000 жылы бюджет пен экономиканы мұнай бағасының тұрақсыздығынан және елдің мұнай игілігінің бір бөлігін қаржылық игіліктің әртараптандыру қоржыны етіп қайта құру құралын жасау мақсатында құрылған болатын. Егемен әл-ауқат қорын құруда әр елде өзіне тән әртүрлі себептер бар. Жалпы, егемен әл-ауқат қоры – бұл бюджет профициті, шикізатты экспорттаудан, жекешелендіруден түсетін кірістер есебінен қалыптастырылатын қаржы активтерін сақтау және басқару үшін құрылатын инвестициялық қорлар. Тұрақтандыру қорларының кірістері негізінен табиғи ресурстардың ағымдағы бағасына тәуелді болады және мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының өзгермелілігін білдіртпеу, пайдалы қазбаларды өндіру жүріп жатқан аумақтардағы мемлекеттік шығыстарды қосымша қаржыландыру үшін құрылады. Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік егемен қорларды озық басқару негізін құрайтын құқықтық негіз, бюджеттік үдеріске бірігу, ақпаратты ашу қағидаттарын қоса алғанда, иелік ету және басқару, сондай-ақ есеп беру сияқты төрт элементті бөліп қарауға болады. Ұлттық қор пайдалы қазбалардан түскен кірістерді тиімді пайдалану мақсатында посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болып құрылды. Мұнай қорын құру идеясы шикізат бағасының құбылмалылығын ескере отырып, келешекке резервтер жасау қажеттілігінен туындаған болатын. Ұлттық қорға 2011 жылы 3 488 млрд. теңгеге жуық қаржы түсті. Бюджет шығыстарының көлемін ішкі жалпы өнімнің шамамен 20% деңгейінде ұстап тұрудың сәті түсті және осы деңгей мұнайдың бағасы өзгерген және мұнай кірістері артқан кезде де сақталып қалды.Ұлттық қор «қауіпсіздік кепілі» функциясын қаржы дағдарысы тереңдеген және 2008 жылдың аяғында экономика құлдырауы басталған кезде айқын көрсетті. Дағдарысқа қарсы шаралар пакетін қаржыландыру үшін Ұлттық қордың 1 480 млрд. теңге мөлшерінде қосымша қаражаты тартылған болатын. Осы шаралардың іске асырылуы банктік, құрылыс, агроөнеркәсіптік секторларда ахуалды тұрақтандырып, рецессияға жол бермеуге мүмкіндік жасады. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану саясаты Ұлттық қор активтерін жинақтау жөніндегі нақты мақсатқа қол жеткізуге және 2020 жылы оларды 90 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізуге бағытталған, бұл ішкі жалпы өнімнің кемінде 30%-ын құрауы тиіс.
84. «ҚР Ұлттық қоры: қалыптасуы және бюджет жүйесін дамытудағы ролі»
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстанның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюнктурасына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады. Жалпы мемлекеттік бюджеттегі қорды дамыту, салық несие жүйесін дамыту болып табылмақ. Мемлекеттегі салық жүйесін реттеу, бұл бюджеттік қорының дұрыс қалыптасуын реттейді. Елдегі бюджеттің 95% салықтан, ал қалған бөлігі түсімдер, алымдар мен баждан құралады. Бюджет жүйесін дамыту, елдің халықтың әл ауқаттылығын дамытумен қатар экономиканың дұрыс жұмыс жасауында болмақ.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туын тіккеннен бергі уақытта өткен күрделі әлеуметтік – экономикалық реформалар елдің экономикалық дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие -ақша және қаржы шаруашылығы; ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-сонды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түйінді түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополиаланған мемлекет тік банктердің құрылым дардың әкімшілік-әміршілік басқа ру жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негіз делген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
85. Эссе: «ҚР қаржы жүйесі қызмет етуінің құқықтық қамтамасыз етілуі: мәселелері және жетілдіру бағыттары»
ҚР қаржы жүйесі әлуметтік экономикалық әл ауқаттылықты жақсарту барысында жүргізілетін органдардың жиынтығы. Қаржы жүйесі өз жұмысын дұрыс жобалы жүргізу үшін ұзақ мерзімге стратегия мен қысқа мерзімді тактикасын қолданады. Қаржы жүйесін жетілдіру, ол стратегияны жүзеге асырумен белгілі бір экономикалық дамуды жүргізу болып табылады. Ал сол стратегияны жүзеге асыру мақсатында қаржы жүйесінде қысқа мержімді жоспар яғни тактика орын алады. Яғни стратегияны жүзеге асырудағы тактика болмақ. Бұл стратегия мен тактика арқылы қаржы жүйесінің жоғарғы буындағы белгілі бір мақсатымызға жетуімізге негізгі себептердің бір бөлігі болып табылмақ. Қаржы жүйесінде банктік жүйе де орын алады. Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Банктер мен тауарлық өндіріс пен айналымының дамуы тарихи қатар жүретін және бір-біріне тығыз байланысты, осы кезде банктер ақшалай есеп айырысулар мен шаруашылықты несиелей отырып, капиталдарды қайта бөлуде делдалдық қызмет атқара отырып, өндірістің жалпы тиімділігін мәнді жоғарлатады, қоғамдық еңбек өнімділігін өсіруге жол береді. Бүгін, тауарлық және қаржылық нарықтардың дамуы жағдайында банктік жүйенің құрылымы бірден қиындай түседі. Қазіргі кезде жаңа қаржылық бөлімшелердің түрлері, жаңа несиелік құралдар мен клиенттерге қызмет ету әдістері пайда болды.
Жаңа нарықты құру – біздің қоғамымыздың дамуындағы толық қанды жаңа кезең. Жаңа механизмді құру өркениетті әлемде қабыдданған несиелік бөлімшелердің қызмет етуінің жоғалған рационалды принциптерін қайта қалпына келтіру жолымен және көп ғасырды нарықтық қаржылық құрылымдарға сүйене отырып мүмкін болады. Сондықтанда шетелдік тәжірибені оқып-үйрену, ақша, ресурстар, несиелеу мен есеп айырысулардың тәсілдері мен формаларын қолдану мәні өте маңызды болып табылады.
Соңғы он жылдағы біздің мемлекетіміздің дамуы тәуелсіздік алу, елдің экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі, жаңа мемлекеттік құрылымның біртіндеп дамуы мен нығаюы, экономиканың әлеуметтік және экономикалық сфераларындағы жүргізіліп жатқан реформалаы сияқты негізгі оқиғалармен мінезделеді. Осы кезде қаржылық сферадағы радикалды қайта құруды ерекше атап көрсетуге болады. Әсіресе экономиканың банктік секторындағы. Бантік жүйе неғұрлым икемді және экономиканың индикаторлық ролін атқаратын сектор болуы керек.
86. Эссе: «ҚР мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруда қаржының ролі»
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор. Әрбір елдегі саяси трансформациялар жағдайында әлеуметтік саясаттың сипатына ерекше көңіл аударылатыны заңды құбылыс. Өйткені, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан мен бұрынғы одақтас республикаларда рухани және ғылыми құндылықтарды қайта қарау үрдісі басталды. Ол әлеуметтік мемлекет пен әлеуметтік саясат сияқты саяси ойда да орын алды. Бұл үрдіс нәтижесі әлеуметтік саясат бойынша жарық көрген еңбектердің теориялық және институционалдық негіздерінің дамуына ықпал етіп отыр. Оны саясаттанушы ғалымдардың әлеуметтік саясат мәселесіне тереңдей назар аударып, тақырыпты ғылыми тұрғыда кеңірек талқылауынан, аталмыш мәселеге қатысты арналған еңбектер санының өсуінен көруге болады. Осыған орай саясаттану ғылымында Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың теориялық және құқықтық негіздеріне талдаулар жасалуда. Отандық зерттеуші-ғалымдардың, саясаттанушылардың ғылыми-зерттеушілік еңбектерінде әлеуметтік саясаттың кейбір мәселелеріне - табиғатына, мәніне, құрылымы мен қызметіне, жүзеге асырылу механизмдеріне талдаулар жасалуда. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында мемлекеттің әлеуметтік саясатының саяси мәселелеріне жете назар аударылуда. Өйткені әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру барысында әлеуметтік саясаттың әдістерін жетілдірудің саяси тетіктері іске қосылуы керек. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдірудің саяси мәселелері негізінде әлеуметтік әріптестік ұстанымы, әлеуметтік бағдарланған экономиканы қалыптастырудың тиімді жолдары қарастырылуда. Бұл шараларды жүзеге асырмайынша Қазақстанның әлеуметтік саясаты ішкі және сыртқы экономикалық дағдарыстарға тәуелділігінен құтыла алмайды. Ал егер мұндай тәуелділік жойылмаса немесе азаймайтын болса, мемлекеттік әлеуметтік саясат қоғамның орнықты дамуына кепілдік бере алмайды және әлемдік экономикалық дағдарыстар немесе басқа да күтілмеген жағдайларда сан түрлі өзгерістер енгізуге мәжбүр болады. Әсіресе жұмыссыздыққа қарсы күрестің арнайы бағдарламасының тиімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған іс-шаралардың пәрменділігін арттыру қажет. Сонымен бірге, еңбек нарығын ұйымдастыруда халықаралық нормаларды басшылыққа ала отырып жұмысшылар мен қызметкерлерге жасалатын әлеуметтік қолдаудың жүйесін, нормаларын бекіту кезек күттірмейтін іс болып табылады. Сол жағдайда ғана мемлекетіміздің әлеуметтік қауіпсіздігіне кепілдік жасалмақ деп ойлаймыз.
87. Эссе: «ҚР Үкіметінің орта мерзімді фискалды саясаты»
Фискалды саясатта орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігі мұнайдан тыс түсімдердің есебінен қол жеткізуге көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.
Орта мерзімді фискалдық саясат республикалық бюджетті қалыптастырудың негізі және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде салық және бюджет саясатын қалыптастырған және іске асырған кезде үйлестіруші құжат болып табылады.
Орта мерзімді кезеңде фискалды саясаттың негізгі мақсаты ел экономикасының өсуін мемлекеттік басқарудың институционалдық негізін нығайту және жаңғырту жолымен жеделдетуге жәрдемдесетін, шығыстардың деңгейін ұлғайтпай оның тиімділігін арттыру есебінен мемлекеттің қаржылай мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай негізгі шараларды шешуді қарастыру керек:
1. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу әдісін енгізу мақсатында бюджет заңнамасын жетілдіру,бұл мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, бюджеттің жоспарларымен стратегиялық, орта мерзімді даму жоспарларын үйлестіруіп жүргізуге, бюджеттің әлеуметтік
және инвестициялық құрамдарын жақсарту үшін қаржы ресурстарын оңтайландыру есебінен оларды босатуға мүмкіндік береді.
2. Халықаралық есеп беру стандарттарына көшуіне байланысты салықтық және бухгалтерлік заңдылықтарды үйлестіру.
3. Адами капиталдың, инфрақұрылымның, мемлекеттік басқарудың, инновациялардың өсуінің барынша жоғарғы көрсеткіштерін ынталандыру есебінен бәсекеге қабілеттілікті орнықты түрде арттыру.
4. Қадағаланбайтын экономиканың деңгейін оның барлық құрамдары бойынша жасырын және заңсыз қызметті тудыратын және оны ынталандыратын экономикалық жағдайларды жою, «көлеңкелі» қызмет түрлерін құқықтық тетіктермен жолын кесу арқылы төмендету.
5. Макроэкономикалық тұрақтылықты елдің жалпы сыртқы борышының көлемін қысқартуға және мемлекеттік борыштың тұрақты деңгейін қолдау жолымен сақтау.
88. Эссе: «ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті: мақсаты, міндеттері және қызметтері»
Министрліктер мемлекеттік басқарманың тиісті саласына басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары болып саналады. Министрліктердің құқықтық мәртебесі заңға тәуелді актілердегі қызмет салаларын реттеуші түрлі заңдарда бекітілген. Министрліктер ҚР Президентінің бұйрығымен құрылады, қайта құрылады және тартылады. Министрлер ҚР Президентінің бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Министрлердің орынбасарлары Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкіметпен тағайындалады. Сонымен қатар министрліктерде министрдің бұйрығымен орындау үшін, шешімдерді қабылдай алатын консультациялық, үйлестіруші және кеңесші алқа бөлімшелері құрылады. Қаржы органдары жүргізетін бақылау барлық нысанда жүзеге асырылады және де алдын ала және ағымдағы бақылау оның ай-рықша нысаны болып табылады. Бақылаудың негізгі әдістері тек-серулер және есептемені шоттық тексеру. Салалық басқармалар-дың (бөлімдердің) мамандары тексеріске ревизиялық бригадалар қүрамыңца тартылады.
Қоғамдық қаржылық бақылауды еріктілік және ақысыз негізде топтар, жекелеген түлғалар (мамандар) орындайды. Қоғамдық бақы-лаудың органдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердегі, ведом-стволардағы әкімшіліктің қызметіне жүргізілетін кәсіподақ үйым-дарының бақылауы жатады. Бүл оргаңдардың қызметіңдегі қаржылық бақылау негізгі бақылау болып саналмайды. Әр түрлі қоғамдық үйымдар (саяси партиялар, жастардың, шығармашылық одақтардың, ғылы-ми, табиғатты қорғау, спорт, соғыс және еңбек ардагерлерінің үйымдары, қайырымдылық қорлары) қаржылық бақылауды өз күштерімен жүргізеді, сондай-ақ аудиторлық фирмаларды да тарта алады. Бақылаудың объектісі - табысты алу көздерін және жарғьшық міңдеттерге сәйкес оның пайдаланылуын тексеру.
Нарыққа өту жағдайында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы артпаса ешқандай кемімейді. Қазақстан аумағывда кеңестік дәуірде қаржылық бақылау айтарлықтай дәрежеде дамыды. Түгел-дей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен қаржылық процестерге қатаң, жан-жақты бақылау жасауға ынталы болды. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржы - шаруашылық қызметі мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары (Халықтық бақылау комитеті) тарапынан (болған) қос бақылаудың қарамағында болды.
Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық түтқалар мен ынталандырмаларға жақсы бақылаушылар деген сенім білдірілді. Алайда мүндай көзқарас салық төлеуден бүлтарушылық нысанындағы экономикалық қылмыстардың осуіне, мемлекеттік меншіктерді тегін беру немесе символикалық сомаға сату түріндегі талан-таражға жеткізді және басқалары.
89. Эссе:«Бюджетэкономиканыңмакроэкономикалық тұрақты дамуының құралы ретінде»
Экономиканың мемлекеттік секторы ел заңдылығына сай билік өзіне жүктелген міндеттемелерді орындаудың негізгі құралының бірі. Мемлекеттік сектор мемлекеттік бюджет көмегімен қоғамда толығымен ресурстардың тиімді бөлінуіне жағдай жасайды. Бүгінгі таңдағы мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы тұрғысынан негізгі мәселе бюджет жүйесін басқару процесі деп санауға болады.
Бюджеттің қызметі бюджеттің кірісі мен шығысы сияқты ерекше экономикалық формалар арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорларын қалыптастыру және пайдаланумен байланысты. Бұл жекелеген құндық бөлу этаптарын көрсететін мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің спецификациялық формасы.
Мемлекеттік бюджеттің табысы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер базасында елдің экономикасын ары қарай дамыту мен инвестиция тартуға бағытталған белгіленген халықты ынталандырушы шаралары мен орта мерзімге елдің әлеуметтік экономикалық дамуының индикативті жоспарымен анықталынады.
Бюджет кірісін басқарудың барлық процессі табысты реттеудің негізгі принциптері бекітілген "Бюджет туралы", "Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Ресупубликасы заңдарымен реттеледі, сондай ақ республикалық бюджетте ағымдағы жылға сәйкестендірілген табыстардан нақты аударымдар бекітіледі.
Экономиканың мемлекеттік секторы ел заңдылығына сай билік өзіне жүктелген міндеттемелерді орындаудың негізгі құралының бірі. Мемлекеттік сектор мемлекеттік бюджет көмегімен қоғамда толығымен ресурстардың тиімді бөлінуіне жағдай жасайды. Бүгінгі таңдағы мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы тұрғысынан негізгі мәселе бюджет жүйесін басқару процесі деп санауға болады.
Мемлекеттік бюджеттің табысы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер базасында елдің экономикасын ары қарай дамыту мен инвестиция тартуға бағытталған белгіленген халықты ынталандырушы шаралары мен орта мерзімге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарымен анықталынады.
Жалпы бюджет макроэкономикалық тұрақтылық ретінде бюджетті реттейді. Яғни ондағы кірістер мен шығыстардың түсім жолдарын. Жылдық қорытынды саласында бюджетте қаншалықты макроэкономикалық тұрақтылық болғанын көрсете отырып, өткен жылмен қорытынды салыстырмалы түрде түгендеу жүргізеді. Негізінен бюджеттен жиналатын қор салықтан және салықтан тыс қорлар арқылы болмақ. Ал әр жылғы қорытынды есеппен бюджеттегі ақшаны салыстырмалы түрде есеп жүргізеді. Бұл біздің экономикамыздың макро деңгейдегі тұрақтылығына алып келіп отырмақ.
90. Эссе: «ҚР бюджеттік реттеу: басқару мәселелері және жетілдіру жолдары»
Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдык құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бүгінде бюджеттің атқаратын рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсенді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгерген. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категория-сынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынаста-рының бөлгіштік сипаты, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қатар жүреді. Мемлекеттік бюджеттің құндық бөліністе мына ерекше белгілермен сипатталады:1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты бөлгіштік қатынастардың өзгеше экономикалық нысаны ретінде болады;2) ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, коғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлумен ерекшелінеді;
3) бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс үрдісін білдіреді.Экономиканы басқарудың құралы ретінде мемлекеттік бюджетке анықтама бере отырып, оның халық шаруашылы-ғындағы рөлінің объективті екі факторын айғақтаймыз:
- бюджеттік қатынастарды пайдаланғанда негізгі қар-жылық кұжат арқылы шарттастырылған нысаны экономика-лық байланыстардың реттеушілігін көрсетеді;
- қоғамдық өндіріске ықпал етуші маңызды экономикалық тетігі ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін мемлекеттік бюджеттің бөліп берушілік табиғатымен анықталған. Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үрдісті реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық үрдістер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде көрсетіледі. Негізі бюджет нақты кезеңге бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды.