Тақырып. Ұлттық экономикадағы қаржы және ақша-несие жүйесі

Жоспар

1 Ұлттық экономикадағы қаржы жүйесі

2 Ұлттық экономикадағы ақша-несие жүйесі

1«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды.

Қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

1) қаржы қатынастарының жиынтығы;

2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы;

3) басқарудың қаржылық аппараты.

Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады. Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ара қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.

Салықтар дегеніміз-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі-бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – мемлекеттің табыс көзі.

2ҚР ақша-несиелік саясатының негізгі міндеттері:

1. Жылдық 3-4% көлемінде, инфляцияның төмен темптерін ұстау.

2. Шетел валютасына теңгенің нақты курсының өсуін ұстау жолымен дүниежүзілік рынокта Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің бәсекелесу мүмкіндігін көтеруге курсты ұстау.

3. Ресурстік базасының әрі қарай өсуіне және нақты секторды несиелендіруді кеңейтуіне жағдай жасау жолымен банк жүйесімен әрі қарай сақтандыру рыноктың тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

4. Ұлттық банкта қаржылық нарыққа қатысушыларға қарау функциялардың шоғырлану жолымен қаржылық нарықтық қатысушылардың реттеу әрекетін мемлекетпен жетілдірілуі.

5. Қазақстанның төлем жүйесін Евро Одағының стандарттарына жақындатуға ұмтылыс және ТМД елдерінің ортақ төлем жүйесін құру. Ұлттық Банк өз күшін электронды ақшаларды енгізу мен дамуға аударады.

Несие - нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Несие - пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.

Тақырып. Мемлекеттік реттеу және ұлттық экономиканың экономикалық кауіпсіздігі

Жоспар

1 Экономиканы мемлекеттік реттеу

2 Ұлттық экономиканың экономикалық кауіпсіздігі

1Экономиканы мемлекеттік реттеу нарықтық шаруашылықта әлеуметті – экономикалық жүйенің өзгеріп тұратын жағдайларға бейімделуі және тұрақтандыруы мақсатында құқылы мемлекеттік ұйымдар мен жауапты мекемелермен жүзеге асырылатын тәжірибелік шаралар жүйесі болып табылады. ЭМР –дің негізгі объектілері- бұл экономикалық цикл: секторлы, салалы және шаруашылықтың аймақты құрылымы, капитал жиналым белгісі, еңбек ету, ақша айналымы, төлем балансы, баға, әлем, бәсекелес белгісі, әлеуметтік қатынас жұмыс беруші және жұмыс істеушілер арасындағы қатынысты реттеді, сонымен қатар әлеуметтік қамтамасыздандыруды, дайындық кадрларды қайта дайындау, қоршаған орта, сыртқы экономикалық қатынастар. ЭМР әкімшілік құралдары:

- әкімшілік- мемлекеттік билік күшінде негізделеді

- экономикаллық- ақшалы-несиелік және бюджеттік болып бөлінеді

Ақша- несие саясаты несие мен ақша эмиссиясын ынталандыруға немесе оларды ұстау мен айналдыруға (кредиттік шектеу) бағытталған. Ақша-несиелік реттеудің глобалды, аралық және тактикалық мақсатты бөліп көрсетеді. Глобалды мақсат – бағалардың өндірістің өсуі, тең салмақты төлем балансын қамтамасыз ету. Бұл мақсат жылдарға есептелінген тым бояу орындалатын ақша – несиелік саясат көлемінде іс-шаралар көмегімен жүзеге асырылады және нарықтық жағдаяттың өзгеруіне тез жауап әрекеті болмайды. Осыған байланысты ағымдағы ақша – несиелік саясат көбінесе нақты, азында масштабты аралық мақсаттарға бағдар алады: айналымдағы ақша массасының оптималды мөлшеріне жету, коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру ставкасының өзгеруі, айырбастау курсының тұрақтылығын ұстау, резервті қамтамасыз ету деңгейін анықтау және т.б. Тактикалық мақсаттар нақты бір деңгейде аралық пен глобалды мақсаттарды шешуде алға жылжу үшін ақша жүйесінде жеткен түйінді өзгерістерді ұстауға бағытталған. Ақша-несиелік саясаттың жолсерігі боп ОртаБанк шығады, ол оның экономикалық қызметтеріне сәйкес қойған міндеттемелердің орындалуын қалыптастырады, түзетеді және бақылайды.

2 Экономикалық қауіпсіздік – экономикалық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуына қауіп төндіретін ішкі және сыртқы факторлардан, үдерістерден, жағдайлардан қорғау. Экономикалық қауіпсіздікке төнетін қауіп мемлекеттік жүйенің басқару жүйесінің негізгі буындарының құлдырауы, ұлттық байлыққа нұқсан келу, технологиялық артта қалушылық, қаржы - несие, валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми әлеуметтік регресс, қоғамның ыдырауы, конституциялық әлеуметтік және кепілдікпен адамдарды қамтамасыз ете алмау сияқты ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен туындайтын қауіптің мүмкіндігі. Факторлар – үдеріс, құбылыстардың пайда болу жағдайы, олардың сипатын анықтайтын жеке белгілер, нәтижелер, ішкі немесе сыртқы болуы мүмкін, бір мезгілде, бір немесе бірнеше бағытта болуы мүмкін. Экономикалылық қауіпсіздікке әсер ететін факторларға табиғи, техногендік және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайларды жатқызуға болады.

Экономикалық қауіпсіздік жүйесі – экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізуге бағытталған және нормативтік актілердің жиынтығы. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі – атқарушы билік органдарымен, төтенше жағдайлардың салдарын жою мен бөлу қаупінің алдын алуға арналған қаражаттар мен күшті қамтитын экономикалық қауіпсіздік жүйесінің құрамдас бөлігі. Экономикалық қауіпсіздік объектісі – экономика мен мемлекетті тиімді басқару жүйесі аумақтық тұтастықты, егемендікті сақтауға ықпал ететін жағдайлар. Экономикалық қауіпсіздік субъектісі адам мен қоғам заңды-атқарушы сот билігі түріндегі мемлекет. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясы, негізгі мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдары, жалпы қоғамның әрекетінің ортақ бағыттылығын қамтамасыз етуге бағытталады. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік саясатының мақсаты болып, әлуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ету жағдайын жасау, негізгі құндылықтарды қорғау, Қазақстан халқының өмір сүруінің материалдық негіздерін, оның құқықтары мен бостандықтарын, республиканың ішкі және сыртқы саясатына саяси қысым мүмкіндіктерін болдырмауға жағдай жасау.

Экономикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздік қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік шаралар мен кепілдіктердің жүйесімен қамтамасыз етіледі, және одан мынадай міндеттер туындайды:

1. Республикада экономикалық қызметтің тұрақты заңды базасын құру.

2.Валюта - қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы қарызды реттеу.

3. Өндіріс, экспорт,импортты оңтайландыру.

4. Шетел капиталын пайдаланатын кәсіпорындардың құрылуы мен қызмет істеуін реттеу.

5. Жабық, құпия, комерциялық құпияны және басқа да ақпаратты, меншіктік зияткерлікті қорғау жүйесін құру.

6. Экономикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздікті қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік басқару органдарының жүйесін құру.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылымдық инвестицияның, валюталық-қаржылық, экспорттық-импорттық, кедендік институционалдық және кадрлық саясатты, экономикалық реформаларды құқықтық қамтамасыз ету талап етіледі. Ұлттық қаупсіздік мемлекеттің тұтастығымен өмірін қамтамасыз етуден, елдің қажеттіліктерінің жиынтығын білдіретін, мемлекеттің ұлттық мүддесімен анықталады.

Кез-келген мемлекеттің негізгі ұлттық мүдделері болып мыналар табылады:

- елдің аумақтық тұтастығы;

- мемлекеттік егемендігі;

- елдің және халықтың экономикалық өркендеуі;

- әлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие болуы.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісі ішкі және сыртқы қауіптерден немесе қатерлерден қорғалу механизмдерін қалыптастыруға негізделген. Өйткені, экономикалық қауіпсіздік – ішкі-сыртқы экономикалық қатерлердің бетін қайтаруға қабілетті, экономикалық тұрақтылықты сақтау және ұлттық экономиканың мемлекет тарапынан қорғалуына бағытталған өзара байланысты экономикалық кешенді шаралардан тұратын динамикалы жүйені білдіретін экономиканың жай-күйі ретінде анықталады. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің сандық және сапалық көрсеткіштері бар болғанымен, оның негізгі түйіні ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру қабілетімен көрінеді. Экономикалық мүдде қоғам мен мемлекеттің қысқа мерзімдегі мақсаттарына ғана емес, ұлттық экономиканың стратегиялы дамуын қалыптастыруға әсер етеді. Оны жүзеге асыруда басты субъект мемлекет болып табылады.

Экономикалық қауіпсіздік жағдайы кері шамалармен – қауіптермен анықталады. Экономикалық қауіпсіздік қатерлері деп – ішкі және сыртқы факторлардың (немесе олардың жиынтығы) әсерімен экономиканың негізгі звеноларының, оның басқару жүйесінің бұзылу қаупі, ұлттық байлықтың азаюы, технологиялық артта қалуы, қаржы-несиелік және валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми және әлеуметтік регресс, қоғамдағы интеграцияның бұзылуы, конституциялық әлеуметтік құқықты қамтамасыз ету мүмкіндігінің жоқтығы әсерінен ситуациялық дамудағы потенциалдық мүмкіндікті айтамыз. Осылайша, экономикалық мүддеге қатер дұрыс дамушы қоғамдық ұдайы өндірістің жолын бұзатын экономикалық қауіптерді туғызады. Жалпы түрде оларды ішкі және сыртқы қауіптерге байланысты топтарға бөлуге болады.

Наши рекомендации