Бүгін мен сіздерге, кірісіңіз шығынды басып кететін бизнес жайлы айтпақшымын...

II тарау. Қалыпты (стандартты) ОРР

Қалыпты ОРР-ді өткізуді ойша 7 бөлікке бөлуге болады. Осы ұсынылып отырған ОРР-ді оқып-үйренуге 50-60 минут уақыт қажет.

Жоспар:

1. Кіріспе (8 минут)

2. Бизнестің мәні және төрт жақты әріптестік (7 минут)

3. Кірістің 7 түрі (15 минут)

4. Халықаралық «Тяньши» корпорациясы туралы әңгіме (5 минут)

5. Өнімдер жайында әңгіме (15 минут)

6. «Тяньши»-дің оқу жүйесі жайлы әңгіме (5 минут)

7. Қорытынды (5 минут)

Бөлім. Кіріспе

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ханымдар мен мырзалар. Мен сіздермен осы ғимараттың залында кездескеніме өте қуаныштымын. Менің аты жөнім.............................................., мамандығым бойынша.............................. мен осы компаниямен әріптес болып қызмет істеп жүргеніме .......жыл (бар-жоғы........ай болды).

Мен, бүгін сіздерді адамдардың тағдырын, өмірін өзгертуге, қаржы және денсаулықтарын шыңдауға, өз армандарыңызды іске асыруға ғажайып мүмкіндік беретін компаниямен таныстырып өтемін.

Бірақта алдымен төменгі мәселелерге тоқтала кетейін...

(Кіріспенің 7 нұсқасы ұсынылады. Бұл ОРР өткізетін аудиторияға жиналған адамдарға байланысты. 7 нұсқаның біреуін өзіңіз таңдап аласыз.)

1-ші нұсқа. «Ақша – уақыт»

Адамдардың басым бөлігі ақшаға да, бос уақытқа да шомылып жүргісі келеді. Ақша мен уақыт тәуелділігіне байланысты барлық адамзат баласын төрт деңгейге немесе топқа жіктеуге болады.

Біріншісіне не ақшасы, не уақыты жоқ екеуінен де жұрдай адамдар кіреді.

Олар кімдер? Бұлар мемлекеттік құрылымға немесе «қожайынға» жалданып жұмыс істейтіндер. Олар таңның атысы, күннің батысы – істеген жұмыстарына белгілі мөлшерде ғана, күн көрісіне жетер-жетпес жалақы алатындар. (Осындайлар осы арада бар ма?).

Екіншісіне – ақшасы болса да бос уақыты жоқтар жатады. Бұлар «тәуекел тас жұтады, не бас жұтады» деп өз бизнесін жүргізіп жүргендер. Олар өз еңбектерінің рахаты мен ләззатының дәмін өте сирек татады, себебі байлықтары болғанымен бос уақыттары болмайды. Жалпақ тілмен айтқанда – сіңбіруге де мұршасы жоқ жандар. Барлық уақыттарын бизнеске – жанталасып тиыннан теңге табуға бағыштайды.

Үшіншісіне – ақшасы жоқ, есесіне уақытын өлтіре алмай ерігіп жүрген жандар кіреді. Бұлар зейнеткерлер және белгілі-белгісіз себептермен жұмыссыз сандалып жүрген адамдар.

Төртіншісіне – ақшасы да, бос уақыты жеткілікті адамдар тобы кіреді.

Мен бүгін сіздерге ақшаны да, бос уақытты да табуға мүмкіншілік беретін бизнес жайлы айтамын...

2-ші нұсқа. «Өз бизнесің»

Сіз өзіңіздің жеке бизнесіңіздің болуын қалайсыз ба?

Келіңіз, бұл үшін не қажет екенін талдап көрелік.

Біріншіден, бәсекелестікке төтеп бере алатын идея. Нарық алаңында алуан-алуан тауар мен түрлі қызмет көрсететіндер жыртылып айырылады. Осы аласапыран ортада өз орныңды таба қою да оңай болмас...

Екіншіден, бастапқы қаржы құйылымы. Мысалы, тіпті өзіңнің сауда лашығыңның өзін қалқитып қою үшін кем дегенде 5-10 мың доллар шығын шығаруың қажет.

Үшіншіден, қажетті алаң (өндірістік, сауда, қоймалар), құрал-жабдықтар, керекті саймандар т.б.

Ары қарай, өз ісіңді ашу үшін қажетті құжаттар топтамасын алуың керек (есепке тұру, лицензия, рұқсат т.б.)

Қызметкерлер санын да ұмытпаңыз, оларды іріктеу, оқыту және күн көрісін қамтамасыз етуге міндеттісіз.

Енді бір «сүрініп мұрттай ұшатын» жеріңіз – салықтар.

Осы тізімді Алдаркөсе айтпақшы: «алалайым таусылса, бұлалайым бар» дегендей тізбектеп, шұбыртып жаза беруге болады.

Бүгін мен сіздерге аздаған ғана қаржы құйып, кірісіңіз үнемі тұрақты түрде көбейіп отыратын бизнес жайлы айтып беремін...

3-ші нұсқа. «Жанұя – отбасы ошақ қасы»

Келіңіз, жанұямыздың кірісі мен шығысы туралы сұхбаттасайық

Отбасының кірісіне не жатады?

– Жалақы

– стипендия

– зейнетақы

– әлеуметтік жәрдем

Шығынға мыналарды жатқызуға болады:

– Үйіңнің құны мен ішіндегі мүліктері

– автокөлігіңнің құны мен оны ұстауға кететін шығындар

– балаларың мен кәрі әке-шешеңді асырауға жұмсалатын шығындар

– білім алуға жұмсалған шығын

– тамаққа, киім-кешекке кеткен шығындар

– коммуналдық шығындар т.б.

Егерде таразының екі басына кіріс пен шығынды қойсақ, сөз жоқ шығын кірісті басып кетеді.

Бүгін мен сіздерге, кірісіңіз шығынды басып кететін бизнес жайлы айтпақшымын...

4-ші нұсқа. «Өмір жолы»

Келіңіз бұл фәни өмірдегі қарапайым адамның өмір жолын қарастырайық. Бұны үш бөлікке бөлінген түзу сызықпен бейнелейік. Бұл бөліктер адам өмірінің белестері.

I II III

\/-----------------\/-----------------\/-------------------\/

1-ші кезең: 1 мен 20 жастың аралығы, бұл кез адамның жұмыс істемейтін уақыты. Әке мен ананың қамқорында болады.

2-ші кезең: 20 мен 60 жастың аралығы, бұл еңбек кезеңі. Осы уақытта адам өзін және жанұясын асырау үшін еңбек етеді.

3-ші кезең: 60-тан ары қарай, тағы да «жұмыссыз» немесе зейнеткер кезеңі басталады. Батыста бұны «бостандық» кезеңі деп атайды. Не себептен? Себебі еңбек кезеңіндегі тапқан табысы зейнеткер шақты толықтай қамтамасыз етеді. Ал бізді «зейнетақы» жақсы «бостандықты» қамтамасыз етпек түгілі, өлместің күніне әрең-әрең жетеді.

Кәнеки, 40 жылдың белсенді еңбек кезеңінде біз қаншама табысқа жететінімізді қарастырып көрейікші?

Егер біздің мемлекетімізде орташа еңбек ақысы 200 доллар деп алсақ, ал 40 жылда 96 мың долларға ие болады екенбіз.

Бұл ақшаға не алуға болады?

Керемет дегенде 2...3 бөлмелі орташа пәтер алуға, ал қалған табысыңыз аштан өлмеуге себепкер болады.

Бүгін сіздердің жанұяларыңыздың бәріне пәтер және машинамен қамтамасыз ететін, сонымен бірге еңбек және бостандық кезеңдерінде қандай өмірді қаласаңыз, сондай өмір сүруге мүмкіндік беретін бизнес туралы айтпақпын...

5-ші нұсқа. «Өмір бойы өгіз сияқты жұмыс істегіңіз келе ме?»

Әдетте адамдар өмір бойы жұмыс істейді. Өз өмірінің аяғына дейін жететін ақшаны ілеуде біреуі ғана тапса табады.

Наши рекомендации