Бүгін мен осының мүмкіншілігін беретін бизнес жайлы айтпақшымын...

6-шы нұсқа. Табыстың тарихы (Өзіңіздің жеке немесе демеушіңіздің жетістікке жету тарихын баяндап бересіз).

7-ші нұсқа. «Ақша ағымының заңдылығы»

Көптеген адамдар дәстүрлі бизнес пен желілі бизнесті шатастырады. Олардың ойынша бизнес деген бір жерден арзанға алып, осы тауарды не өнімді тілің салақтап жүріп қымбатқа сату. Жақсы желілі бизнесін құру үшін не керек?

Адамдардың арманы ақшадан қысылмау, ақшаның үздіксіз құйылып жатуы. Адамдардың басым бөлігі жанталасып жұмыс жасаса да, тұрмыстары жүдеу – басына тартса аяғына жетпей, қарыздың құрсауынан құтыла алмай бейнеттеніп өмір сүреді.

Енді біреулерасып-тасып шалқып өмір сүріп: «Жегені алдында, жемегені артында», «қарын тоқ – қайғы жоқ». Олардың балалары ең таңдаулы оқу орындарында оқиды, мінген көліктерінің өзі шашасынан жел есетін сәйгілүк – шетелдік аса қымбат жеңіл автокөліктері, барам деген жерлеріне барады, көрем деген елдерін көреді. Осы екі жағдайды салыстыра, талдай келе менің білгенім белгілі жазушы, американдық мультмиллионер Роберт Киосаки ашқан «Ақша ағымының» заңдылығының бар екені және осы заңның мүлтіксіз жұмыс жасап жатқаны.

Осы заңға сәйкес: барлық адамдар «Ақша ағымының заңдылығы» бойынша, «Ақша шаршысының» әртүрлі алаңдарында орын тепкен.

Бұл шаршы 4 алаңға бөлінеді, 2-уі сол жақтағы жартысына, 2-уі оң жақтағы жартысына.

Ж Жалданып жұмыс істеу Б Желілі бизнес құру
Ө Өз бизнесіңді құру И Инвестор (Қаржы құю)

Ші (Ж) алаңына жалданып жұмыс жасайтындар жатады. Бұлар жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемеде істейтіндер. Осыларда тұрақты табыс, жылда алатын ақылы еңбек демалысы, сырқаттанса төленетін бюллетень және әлеуметтік жеңілдіктер. Бірақ біздің бүгінгі аумалы-төкпелі тіршілігімізде – ешкімге де, ештеңеге де тұрақты кепілдік бере алмайсың, беру мүмкін емес! Кепілдік не аңызға, не елеске айналып кетеді. Бұл алаңда – дәрігерлер, мұғалімдер, шенеуніктер, есеп-қисап қызметкерлері т.б. жайғасқан. Осыған келісесіз бе?

2-ші (Ө) алаңына «өзім дегенде өгіз қара күшім бар» деп, өз қаржыларына өздерінің бизнесін ашып алғандар орналасқан. Бұлардың кірісі тікелей өзінің осы салаға бөлетін уақыты мен көңіліне, күш-қайратына т.б. жағдайларға байланысты. Бірақ патшаға да, байға да, кедейге де тәулігіне 24-ақ сағат уақыт берілген. Көңілі мен уақытын бөлуін бір сәтке де болса тоқтатып алса – тоқырауға ұшырап, табысы саябырлап, кірісі кілт тоқтайды.

3-ші (Б) алаңына өздерінің бизнесін құру үшін миллиондап мол қаржы құйғандар орын тепкен. Бұлар басқа адамдардың білімін, күш-қайратын, іс-әрекетін жұмысқа жегу арқылы желілі бизнес құрады.

4-ші (И) алаңда тек Инвестициямен күн көретіндер мекендейді. Олар жұмыс істемейді, құйған инвестициясынан (қаржысынан) белгілі пайыз мөлшерін алатындар. Бұл адамдардың ақшасының молдығы соншама, оларға мүлдем жұмыс істеп қажеті жоқ.

Шаршы алаңдағы ақша ағымдылығының қай алаңында болғыңыз келеді?

Таңдауыңыз менікі сияқты И (инвестор) алаңы болады деп үміттенемін.

Бұл алаңға Ж (жалданып жұмыс істеу) мен Ө (өз бизнесің) алаңынан келу мүмкін емес.

Бұған тек қана Б (желілі бизнес) алаңы арқылы ғана келе аласыз.

«Шаршы алаңдағы ақша ағымының заңдылығы»

Шаршының сол жағындағы екі алаңға жұмыс істейтін адамдардың 80 пайызы кірсе, ал оң жағындағы екі алаңға жұмыс істейтін адамдардың 20 пайызы ғана кіреді. Осы оң жақ алаңдағы адамдар ақша жасау әдістерінің 80 пайызын біледі де, осы ақшаға ие болады. Ал шаршының сол жақ алаңындағы адамдар тек қана 20 пайыз ақшаға ие болады.

Сондықтан да,осы заңдылықтарды түсініп білетіндер, шаршының оң жағына шығуға талпынады. Бұл адамдар желілік бизнес құрудың мүмкіндіктерін іздейді, бірден инвестор (басқа кәсіпорынға қаражат құю) болып кету мүмкін емес.

Бүгін мен сіздерге, аздаған қаржы құю (инвестиция) арқылы үздіксіз кіріс әкеліп өсіп отыратын Желілі бизнес жайлы айтпақшымын...

2-ші бөлім. Бизнестің мәні және әріптестіктің төрт жағы.

Бизнес дегеніміз не?

Бүгінгі таңда өнімдерді өте көп мөлшерде өндіреді. Егер де бұрын Кеңес жүйесінде ақшаңа дұрыс, қымбат та бағалы зат сатып ала алмайтынсың, себебі дүкен сөрелері қаңсып бос тұратын. Бар нәрсенің өзі «бармақ басты, көз қыстының» арқасында белгілі тұтынушылардың арасына ғана бөлінетін. Әсіресе, ауылдық жерлерде «ең беделді, түкірсе түкірігі жерге түспейтін» адам сатушы болатын. Бүгін бәрі керісінше, жаның қалаған нәрсенің бәрі де дүкен сөрелерінде өз тұтынушыларын таба алмай сіресіп тұр. Бүгінгі күннің басты мәселесі тұтынушыға өнімді жеткізу, себебі артық өнім дағдарысқа әкеп тіреп отыр, алушы жоқтың қасы.

Көз алдымызға елестетейік: бір өндіруші тауар шығарды делік. Енді осыны тұтынушыға қалай жеткізеді? Ол делдалдардың көмегімен. Бұл жерде делдалдардың тізбегі құрылады. Олардың өзі бір-бірінен сатып алғандағы өнімнің құнын тұтынушыға жеткенде 100 пайыз деп алсақ, өндірушіден шыққанда 40 пайыз, ал делдалдардың араласуымен 60 пайызға шарықтап шырқап ала жөнеледі.

Делдалдар несімен жақсы, несімен жаман?

Өндіруші тұтынушы

Тауардың құны: 40% 60% делдалдар 100%

Делдалдардың жақсысы өндірушінің өндірген тауарын сатып беретінінде. Ал жаман жағы – әрбір делдал, өзі арқылы тауарларды өткізгенде өзінің % қосады, осы себепті тауар тұтынушыға жеткенде бағасы бірнеше есе өседі.

Бұдан басқа, Делдалдартек белгілі Өндіруші-Компанияның затынның өтуіне немқұрайлы, бейжай болады. Сонымен қатар өнім туралы және оның қажеттілік қасиеттері туралы мәлімет мұндай делделдар тізбегінен өткенде, бұзылып, тәжірибе көрсеткендей тұтынушыдан өндірушіге қарай байланыс еш уақытта берілмейді.

Осындай себептерден алдыңғы қатардағы Өндіруші Компанияларөз тауарларын өткізудің басқа мінсіз (альтернативті) жылжыту Жүйесіне көшуде.

Олар Делдалдар тізбегін Дистрибьюторларменалмастырды.

Мұндай жүйеде Өндіруші Компания – ортадағы барлық Делделдардыңтізбегінің көзін құртып, тек қана бір – әріптес Дистрибьюторлартізбегін ғана қалдырады.

Өндіруші дистрибьютор тұтынушы

Дистрибьютор – кәсіби деңгейі өте жоғары маман, Өндіруші компанияны тұтынушымен таныстыратын, компанияны дәріптеп жарнамалайтын адам.

ДистрибьюторКомпания туралы, оның өнімі мен қызметі жайында толық біледі. Олар тұтынушыға ақпаратты дұрыс әрі сауатты түрде, әрі жан-жақты жеткізеді. Сонымен қоса өнімнің сапасы мен пайдасы туралы дәлелдей алады, себебі өнімді алдымен өзі қолданып нәтижесін көзімен көреді.

Өндіруші Компания осындай жолмен өзінің өнімдерін Тұтынушыға тезірек жеткізу жолына ие болып, кәсіби маман дистрибьюторлардан нақтылы пікір, ұсыныс алатын болды. Нәтижесінде Өндіруші компания келесі тауарлар топтамасы өндірісін тұтынушының сұранысына орай жасап шығарып, өзінің экономикасын Жоспарлы түрде жолға қояды.

Өндірушідистрибьютортұтынушы

Бұл тізбекте Дистрибьютор ең негізгі орынға ие болады. Сондықтан да Өндіруші Компания бұндай адамдарды өте жоғары бағалап, еңбек ақыларын жоғары деңгейге көтеріп, олар үшін сапалы оқытуды тегін ұйымдастырып отырады. Себебі теледидар арқылы өнімдерді жарнамалау өте қымбатқа түседі және адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасап араласуына жететін нәрсе жоқ!

Нәтижесінде – Өндіруші фирма өзінің жаңа тауарларымен жаңа нарық аймағын өз елінде ғана емес, басқа шет мемлекеттерде де жаулап алады.

Бүкіл әлемде бұндай мамандарға көп ақша төлейді.

Өндірушіден Тұтынушығажәне ақпарат қарама-қарсы жылжығандықтан, бұл бизнесті ақпараттық бизнес деп атайды.

Бүгінгі күнде АҚШ-та осы жүйе бойынша мекемелердің 84% жұмыс жасаса, Жапонияда 92 пайыз. Біздің мемлекетіміз де осыған талпынуда, талай кәсіпорындар осы жүйеге көшіп жатыр.

Енді, бұл бизнесті қалай жасауға болатыны жайлы әңгіме-дүкен құрайық.

Наши рекомендации