Бағалау (ТБТКОС) процедурасы.

Сабақ жоспары:1. Негізгі терминдер мен анықтамалар

2. Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау

(ТБТКОС) - жүргізуге өтініш – мәлімдеме (заявление).

3. ТБТКОС кезеңдері, құрылымы

3. ТБТКОС өткізудің халықаралық тәжірибе процедурасы.

4. Картографиялық модельдеу

5.Европалық Экономикалық Одақтың (ЕЭО) Директивасы, ТБТКОС процедурасының принциптері.

6. Атмосфераның ластануы және Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайлар.

Сабақтыңмақсаты:Табиғат қорғау саясатының әдістемесі мен жобаларының және бағдарламаларының мазмұнын анықтай отырып, мақсаттарды қалыптастыру.

Қысқаша теориялық мәліметтер.

Мақсаттарды қалыптастыру бұл процедураның жауапты және орталық бөлімі болып табылады. Ал мақсаттар, табиғат қорғау саясатының әдістемесі мен жобаларының және бағдарламаларының мазмұнын анықтайтын болады. Егер мақсаттар шаруашылық қызметтер барысында қоршаған ортаға әсердің барлығы жан-жақты ескерілетініне жеткілікті дәрежеде кепілдік бере алатын-дай болса, онда, ТБТКОС процедурасы оны қамтамасыз ететіні анық. Мыса-лы, темір-бетон конструкция комбинатының жобасы қарастырылып жатқан-да тек тұрғын үй проблемалары ғана қарастырылып коймай, басқа да әлеу-меттік мәселелерге (халықтың қол бос болмаушылығы (занятость) т.б.) үлкен орын берілуі қажет. ТБТКОС кезінде бүгінгі күнгі және болашақтағы ұсыныла-тын техникалық шешім қоршаған ортаға мейлінше өз әсер ететіндей болуына көңіл аударған жөн (ауа және су бассейндеріне, топырақ пен жануарлар және өсімдіктер дүниесіне).

Келесі кезең - ұсынылған нұсқалардың анағұрлым тиімдісін таңдап алу,қойылған мақсатқа жетудің өзектілігіне қарай осы күнге дейінгі зерттеушілердің тәжірибелеріне сүйене отырып, бұл мәселелермен терең айналысып жүрген мамандардың ұсынысын пайдалану. Тың - жобалардың шешімдері үшін тіпті халықаралық тәжірибеге де сүйену қажет.

Нұсқаларды таңдап алу кезінде шешілетін максаттарды екі класқа бөлуге болады: олар, ақпараттық потенциалы жеткілікті және жеткіліксіз. Бірінші класс проблемалары үшін біліммен тәжірибе жеткілікті деуге болады, мысалы ластанған суларды тазарту әдісін таңдау.

Екінші класс проблемаларында күрделірек, мысалы, техноло-гияларды енгізген кезде бір маманның ойы жеткіліксіз, тіпті түрлі бөлім мамандарының ой пікірін де қанағат тұтқан, басқа тәжірибелерді де қолдану үшін түрлі сараптамалардан кейін ғана шешім қабылданады.

ТБТКОС жүргізгенде зерттеушілердің топтарын проблемаларды тео-риялык және практикалық жағынан жақсы білетін білікті мамандармен бірге аралас саладағы мамандардың да қатысқаны жөн. Осындай мамандардан топты құрған соң олардың ой-пікірлерін алу басталады. Мысалы, оларға ұсынылған су тазарту технологиясы негізінде таза су алудың әлдеқайда оңай да пайдалы бағыттарын қалыптастыру женінде өз көзқарастарын ортаға салу тапсырмасы беріледі. Бұл проблеманы талқылау жазбаша және баяндама түрінде аралас жүргізіліп, бұл сұрақ-жауап әдісінің нәтижесі сараптамалық бағалаудың бір түрі болып саналады. Сұраудың негізгі түрі анкеталау, интервью алу, Дельори әдісі және дискуссия пікір-талас болып табылады. Бұл әдістердің қайсысын таңдап алатыныңыз, шешуді қажет ететін проблемаға (алғашқы ақпараттың бар-жоқтығына, мерзімнін (уақыттың) аз-көптігіне, ТБТКОС жұмсалатын қаржы көлемше) байланысты болады.

Анкеталау- анкета көмегімен жазбаша формада жүргізіледі. ТБТКОС-да бұл әдістің қолданылуы әдетте шектеулі болады. Интервью тәсіліәңгіме сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Әдетте бұл әдісті жүргізуші, проблеманын құрылымын жақсы білетін, қойылатын сұрақтарды терең мазмұнды етеп және ретімен қоя алатын жақсы маман болуы қажет.

Нұсқаларды таңдауда мамандардан жауап алудың пайдалы әдісі Дельфи әдісі колданылады. Онда анкеталау көп тұрлы процедурадан тұрады, әрбір тұр соңында нәтижелер жарияланып отырады және қатысушылар бірін-бірі білмейтін болады. Бірінші тұрда қойылатын сұрактарға аргументтер келтірмей ластандырылады да параметрлер сандармен бағаланады. Соңында барлық қатысушылардың бағалары оқылады. Сөйтіп ауытқуы өте үлкен болған қатысушыдан дәлел талапетіледі немесе бағаны өзгерту талап етіледі.

Екінші тұрға қатысушылар өз ойларын, жауаптарын аргументтеумен қатар түзетілген болса түсіндіруі тұр соңында бірінші тұрдағыдай нәтижелер жарияланады да, бағалардағы ауытқулар шамалы болса оны түзетіп, аргументтейді. Келесі турларды өткізу де осы нұсқамен жүргізіледі. Үшінші тұрда әдетте бағалар ортақ шамаларға жақындай бастайды, бұл келесі тұрларды жүргізудің қажет еместігінің белгісі болып саналады.

Дельфи әдісімен сауалнама (опрос) жүргізудің тиімділігі, бағалаудың автоматтандырылғандығында, қатысушыларға жариялау жұмыстарын тездету үшін компьютердің қолданылуында.

Пікірталас (дискуссия) - қарастырылып отырған проблеманы ашық түрде ұжьшдық талқылау арқылы түрлі факторларды талдап, олардың он және кері әсерлерін айқындап, мамандардың үстанымдары мен қызығушылығын анықтауда кең қолданылады. Пікірталас нақтылы ғылыми техникалық проблеманы шешуде де пайдаланылады.

Сауалнаманың жоғарыда қарастырылған түрлері бір-бірін толықтырады және белгілі бір дәрежеде бірін-бірі алмастыра алады. Жаңа нұсқаларды генерациялау үшін бұл айтылғандарды кешенді пайдаланған әлдеқайда тиімді болады. Нұскаларды анықтаған соң келесі саты бағалауға кіріседі. Ол үшін, қойылған максаттардың орындалғанын немесе орындалмағанын бағалай алатын кбелгілерді қолдану қажет. Бұндай бағалаудың нәтижесінде қолданылып жүрген және жаңадан қолданылайын деп жатқан технологиялардың ТБТКОС салыстыруға, яғни қайсысында қандай өзгеріс, артықшылықтар бар екенін біліп және соған сәйкес қорытынды жасауға мүмкіндік туады.

ТБТКОС-көптеген әлеуметтік-экономикалық факторларды ескере отырып жүргізілетіндіктен, шешімнің тиімді болуы үшін анықтаған белгілерді де кешенді түрде пайдаланады, сөйтіп әрқайсысының әр түрлі дәрежедегі максатқа сәйкестігі анықталады. Әрбір мақсатты сан жағынан сипаттау қажет, ол үшін төмендеп колданады: тікелей өлшеу, қосалқы (жанама) - белгілер, субъективті шкалалар.Бірінші әдісте тікелей өлшеу жүргізіледі, мысалы атмосферадағы қатты заттар мөлшерін өлшеу арқылы ауаны тазарту жұмысының талаптарға сәйкес атқарылғаны немесе жеткіліксіз екені анықталады. Екінші әдіс жанама анықтамалар жүргізу арқылы, мысалы ауаның өнеркәсіп орнындағы ластануын жұмысқа келмеген жұмысшылар санын есептеу арқылы, жұмыс күндерінің ішіндегі бұл шаманы аныұтау өндірістің шығаратын және пайданалатын заттары (өндірілген зат көлемінің) арасындағы қатынастармендан анықталады. Дәл осы әдіспен әр түрлі өндіріс орындарының қоршаған ортадағы тұрғындардың денсаулығына әсері бағаланады.

Бұл әдістерді жүргізу киындықтар тудыратын болса субъективтік шкала әдісін қолдануға болады. Ол үшін нолден жүзге дейінгі шкала (0 : 100) белгіленеді, онда "0"-ден төменгі және "100" ен жоғарғы баға деп алынады. Мысалы, белгілі бір жобаның қоршаған ортамен гармониясы 100 дейік, ал өндірістік пейзажы 0-ге тең болады. Бұл жағдайда жобаның қоршаған ортаға әсерін осы шкала аралығында бағалауға болады.

Егер экспериментальды мағлуматтар болатын болса, онда түрлі нұсқаларды салыстыру арқылы әлдеқайда жақсыларын анықтау қиын болмайды. Мысалы, құрылыс материалдарын шығаратын (кірпіш, төсеме кірпіш және т.б.) технологиялық топтамада (циклда) атмосфераға шығарылатын ластағыш заттар туралы деректер әрбір іске асырылуы мүмкін жобаларда көрсетіледі. Яғни бұндай жобаларды бағалауда басты белгісі ретінде сандық сипаттамалар қолданылуы әбден мүмкін. Жобаның қоршаған ортаға ұзак мерзімді әсерін аспапты әдіс көмегімен бағалау әркезде мүмкін болмайды. Бұндай жағдайда мамандардың пікірлері жинақталып, содан соң бағаланады.

Наши рекомендации