Даярлық 1 - 4 - сыныптардағы білім алушыларға арналған диктанттарды бағалау нормасы

63.Даярлық, 1 - 4 - сыныптардағы білім алушылардың диктанттарын бағалау нормасы:

«5» бағасы - егер орфографиялық қателер жоқ болса, дистрафиялық бір, екі қате және бір түзету жіберіледі;

«4» бағасы - егер бір - үш орфографиялық қателер болса және дисграфиялық екі - үштен аспайтын қате болса және бір сөзде жіберілген қате қайталанса, ол бір қате болып саналады;

«3» бағасы - егер бес - алты орфографиялық қателер және төрт - бес ерекше қате жіберілсе;

«2» бағасы - егер сегіз - тоғыз орфографиялық және дисграфиялық төрт қате жеберілген болса, көп қате болса бір қойылады.

Ескерту: жалпы моторика және қолының ұсақ бұлшық ет қозғалысы бұзылған балалар бар сыныпта материал көлемі аздап азайтылуы мүмкін. Осындай балаларға жазуы үшін бағасын төмендетуге болмайды. «Ерекше күрделі құрылым» кемістікті 3 - ші нұсқа бойынша оқитын балалар үшін есту диктантының орнына орфограммалары түсіп қалған мәтіннен көшіріп алу сияқты басқа тапсырмалар беруге болады. Ерекшелікті (дисграфиялық) қате және сөздің құрылымының бұзылғаны: орнын ауыстыру, қосулар мен кемістікке байланысты басқаларды жеке тәртіп бойынша қарау керек.

Грамматикалық тапсырмаларды бағалау

65.Диктантқа арналған грамматикалық тапсырмаларды орындауды бағалау:

«5» - егер барлық тапсырма орындалған болса;

«4» - егер тапсырманың Ү орындалса;

«3» - егер тапсырманың жартысына жуығы орындалса;

«2» - егер тапсырманың жартысынан кемі орындалса;

«1» - егер барлық тапсырмалар дұрыс орындалмаса немесе мүлдем орындалмаса.

Мазмұндаманың және шығарманың көмегімен балалардың мәтін мазмұнын дұрыс беру дағдысы, сөйлемдерді дұрыс құру дағдысы, тыныс белгілерін қоюы тексеріледі.

Мазмұндама мен шығарманы бағалау

66.Мазмұндаманы жазу 2 - сыныптың бірінші жартыжылдығынан бастап енгізіледі. 2 - сыныптың екінші жартыжылдығында шығарма жазуға кіріседі. Мазмұндамалар мен шығармалар мәтіні бөлшекке жеңіл бөлінетін хабарлық сипатта болуы тиіс. Сөздер мейілінше таныс болуы керек. Мұғалім балаларды мәтіндерді бөлуге және жоспар құруға үйретеді. Жыл бойы кемінде 10 мазмұндама және шығарма жазылуы керек. 4 - сыныпта хабарлық сипатындағы мәтін мазмұны және құрылымы жағынан күрделене түседі, суреттеу сипатындағы элементтер енгізіледі. Мазмұндама жоспары педагогтың басшылығымен жасалады. Оқу жылы бойы 10 - нан 15 - ке дейін мазмұндама мен шығарма жазылуы керек.

67.Мазмұндама мен шығарманы бағалауға, мазмұндамаға арналған мәтіндер көлемі.

Сынып 1 – ші деңгей 2 – ші деңгей 3 – ші деңгей
2 -сынып 3 -сынып 4 -сынып 25 -35 35-45 55-65 20-30 30-40 50-60 - 20-30 30-40

68.Күрделі құрылымдық кемістігі бар сыныптар үшін сөздердің саны азаяды және оқушыға баға, егер:

«5» - мазмұндама мен шығарма тақырыбына толығымен сәйкес келеді, мазмұны бойынша бірден аспайтын қате, бір орфографиялық және бір ерекшелікті қате жіберілуі мүмкін;

«4» - жұмыс негізінен тақырыбына сәйкес келеді, екі - үш түрлі қателер жіберілуі мүмкін;

«3» - жұмыс тақырыпты толық және нақты ашпаған және үш - төрт
стилистикалық, үш - төрт орфографиялық, үш - төрт ерекшелікті қате
жіберілген;

«2» - жұмыс тақырыбына сәйкес келмейді, жеті - тоғыз түрлі қате жіберілген;

«1»-жұмыс тақырыбына сәйкес келмейді және онда тоғыздан астам орфографиялық және жетіден астам ерекшелікті қате жіберілген.

Ескерту: ерекшелікті қате сөздің дыбыстык - әріптік құрамын бұрмалау және құрылымның бұзылуына сөздерді ауыстыру, мағыналық ауыстыру, грамматикалық, сездерді тастап кету.

Дыбыстап айту

69.Дыбыстық айтуды мынадай өлшемдер бойынша бағалауға болады:

1) пысықталған дыбыстарды дұрыс және нақты айту дағдысы;

2) есту қабілетінің қалыптасқандығы;

3) бағдарлама көлемінде әртүрлі күрделі сөздерді дұрыс және нақты айту дағдысы;

4) мәнерлілігі.

70.Бірінші сыныптың аяғына қарай оқушылар барлық дыбыстардың дұрыс айтылуын меңгеру тиіс, күрделі артикуляциялық патологиясы бар балалардан басқалар, жылдың аяғына жақынырақ айтуға қол жеткізу керек.

71Оқушыға баға қойылады, егер:

«5» - оқитын дыбыстарды дұрыс айтуды табысты меңгерсе, бағдарлама көлемінде белгілі бір қиын сөздерді дұрыс айтса, бір - екі қате жіберуіне болады;

«4» - ана немесе мына дыбысты оқшау дұрыс айта алады, бірақ сөздерде нақты айта алмайды, бұзып айтады, сөз құрамынан дыбысты бөліп айта алмайды, екпінде, интонацияда қателеседі, байланысты сөйлемі нақты емес;

«3» - дұрыс айтуды өз мүмкіндігінен төмен игерген, оқитын дыбыстарды нашар жіктейді, әртүрлі қате жіберіледі;

«2» - жоспарланған тілдік материалды меңгермеген, өтілген дыбыстарды дұрыс айтпайды, өтілген тақырыптарда жиі кездесетін қателерді жібереді.

Ерекше ретінде: даярлық және 1 - сыныпта «2» деген баға қойылмайды. Сондай - ақ басқа мекемелерден 2 - 4 - сыныптарға қабылданған оқушыларға баға қойылмайды.

Наши рекомендации