Тақырыбы: Тұрақты даму принциптері мен концепциясы. Қазақстанның тұрақты дамудағы болжамдары.
2. Мақсаты:ҚР тұрақты дамыту мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйелерін жақсарту туралы білімдерін қалыптастыру мен дағдыландыру.
3. Дәріс тезистері: Экологиялық жобалардың мақсаты (жаһанды экологиялық қор, СИЯП, Каспийлiк экологиялық бағдарлама).ҚР сулы қорларды қолдану және қорғау бағдарламасы бойынша ҚР –ның 2010 жылға дейiнгi даму стратегиясы.Әлеуметтiк даму бойынша копенгагендiк декларация. Бүкiл әлемдiк мәдени және табиғи ортаны қорғау бойынша конвенция. Мұнаймен ластанудан болатын қатерлер үшiн жауапкершiлiк туралы халхаралық конвенция. Тұрақты даму туралы халхаралық және аймақтық бiрлестiк. (Шанхайлық Ұйымдық бiрлестiгi, ЮНЭП және т.б.). Қазақстанның 2030 жылға дейiн даму стратегиясы. Инвестициялық бағдарламаллар ( ауылшаруашлық, мұнай өңдейтiн өнеркәсiптер және т.б.)
1987 ж. МКОСР «Біздің ортақ болашағымыз» атты есебін жариялады. Онда күрделі экологиялық мәселелерді тек қана элеуметтік, экономикалық, саяси мэселелермен бірге шешуге болатыны анық айтылды. Және адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін экономика планетамыздың, экологиялық мүмкіндігі шегінде болуы керек. МКОСР есебінде қазіргі адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігі туралы зор дауыспен айтылды.
Адамзаттың дамуы үшін, адамдардың қажетін өтеу мақсатында, адамдардың арманы үшін жұмсалатын күш-жігеріміз болашаққа бос әурешілік болады. Өйткені бай елдер де, кедей елдер де табиғат ресурстарын тез және аса зор қарқынмен пайдалануда. Табигат ресурстары тез сарқылады.. Қазіргі ұрпақ үшін көп алғанымыз пайда әкелсе, болашақ ұрпаққа тек шығындар қалдырамыз. Біз болашақ ұрпақтан «Экологиялық капиталды» қарызға алып отырмыз, оны қайтаруды ойламаймыз және мүмкіндігіміз де жоқ. Олар біздің ысырапшылдығымызды қорғауы мүмкін, бірақ ешқашан капиталын қаптарғыза алмайды. Біздің бұлай істеуіміздің себебі бізді ешкім қарызымызды қайтаруға мәжбүрлей алмайды. Болашақ ұрпақтың не саяси, не қаржылық, не басқа құқығы жоқ, біздің шешімімізге қарсы дау айта алмайды, не қолдапн дауыс бермейді. Қазіргі ысырапшылдық болашақ ұрпақтың мүмкіндігін шектейді.
Брунтланд Комиссиясының Баяндамасы жарияланғаннан кейін тұрақты даму түсінігі халықаралық қолданысқа енді. Түрақты даму деп табигаттың экологиясын теңдестіктерін сақтай отырып қазіргі және болашақ ұрпақтпың тіршілігін қанагаттандыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық даму үлгісін айтамыз.
Экологиялық стратегияның негізгі мақсаты экологиялық қолайлы орта қүру үшін табиғат пен қоғамның арақатынасындағы үйлесімділікке қол жеткізу болып табылады.
Тұрақты даму анықтамаларын беру, даму генезисін түсіндіру Тұрақты дамудың негізгі ұстанымдарын түсіндіру «Қазақстан Республикасының 2007-2024жылдардағы орнықты дамуға өту» концепцияларының негізгі жағдайларын анықтай білу (Қоршаған орта және даму бойынша конференция (Рио-де-Жанейро,1992), Мыңжылдық Ссаммит (Нью-Йорк,2000), Орнықты бойынша бүкіләлемдік Саммит (Йоханнесбург, 2002), Меморандум XXI ғасырдың күн тәртібі (Қазақстан,1995)).Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға өту приоритеттері, міндеті және сатылары.
4. Иллюстрациялы материалдар мультимедийлік презентация.
Дебиет
1. Экология: учеб. пособие/ C.А. Сергейчик. - Минск: Современная школа, 2010. -400 с.,
2. Экология в вопросах и ответах: учеб. пособие/ В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс, 2009.-378с,
3. Учение об окружающей среде: учеб. пособие/ Г.К. Ерубаева: Алматы, казак универс 2011.-153с.
4. Экология и устойчивое развитие. учеб. пособие/ Колумбаева С.Ж., Бильдебаева Р.М., Шарипова М.А. Алматы, Қазақ университеті, 2012 -133 с.
5. Экология: учеб. пособие/ В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс, 2008.-315с, стр. 5-14.
6. Бигалиев А.Б., Халилов М.Ф., Шарипова М.А. Основы общей экологии Алматы, «Қазақ университеті» , 2007- 240с.
7. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология и здоровье населения. Учебник для ВУЗов и колледжей. - Алматы, 2002 -260 с.
8. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. Учебное пособие для вузов, средних школ и колледжей. - М.: ФАИР - Пресс, 2000. - 320 с.
9. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек - экономика - Биота - среда: Учебник для вузов. - 2-е изд. перераб. и доп. - М: ЮНИТИ - ДАНА, 2000. - 566 с.
10.Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология и здоровье населения. Учебник для ВУЗов и колледжей. - Алматы, 2002 -260 с.
11.Тулебаев Р.К., Слажнева Т.И., Кенесариев У.И., Белоног А.А., Корчевский А. «Оценка гигиенических рисков в промышленных регионах РК», Алматы, 2005 г.
12.Доклады Министерства охраны окружающей среды РК «О состоянии природной среды РК» 2000-2007гг.
13.Колумбаева С.Ж., Бидельбаева Р.М. Общая экология. Алматы, «Қазақ университеті» , 2006-195с.
14.Пивоваров Ю.П. Королик В.В, Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. Серия «Учебники и учебные пособия» Ростов на Дону: «Феникс», 2002. – 512 с.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
1. Тұрақты даму түсінігіне анықтама беріңіз.
2. Халықаралық әріптестіктің экология аумағындағы мәні қандай?
3. Тұрақты даму жөнінде талқыланған халықаралық конференцияны атаңыз.
4. Тұрақты дамудың мақсаты мен негізгі концепциялары.
5. Тұрақты дамудың міндеттерін атаңыз.
6. Тұрақты даму стратегиясының 27 принциптеріне талдау жасаңыз.
7. Тұрақты даму концепциясының мәні неде?