Жалпақ құрттар типінің ұйымдасу ерекшелігі және кластарының құрылысындағы ерекшеліктер
Салыстыру элементтері | Кірпікшелі құрттар | Сорғыш құрттар | Моногенетикалық сорғыштар | Таспа құрттар | |
Дене симметриясы | |||||
Бекіну мүшелері (саны, орны) | |||||
Тері-бұлшықет жабынының құрылысы | |||||
Ас қорыту жүйесінің құрылысы | |||||
Зәр шығару жүйесі | |||||
Тіршілік әрекеті | |||||
Дернәсіл стадиясы | |||||
Есеп беру: Хабарлама дайындау, суретін салу, кесте толтыру, ауызша жауап беру.
10,11,12-СӨЖ: Адам және жануар паразит сорғыштары, олардың морфобиологиялық ерекшеліктері.
1.Ланцеттәрізді, мысық және қан сорғыштар, эхинококк, ми құрты т.б. өкілдерінің морфологиясы, даму циклі.
2.Олардың жұғу жолдары, алдын-алу және күрес шаралары..
Әдістемелік нұсқау: Оқулықтардан ланцеттәрізді, мысық және қан сорғыштар, эхинококк, ми құрты т.б. сорғыштардың даму стадияларын, олардың биологиялық ерекшеліктерін анықтап, аралық және тұрақты иелеріне жұғу жолдары, олардың туғызатын ауруларымен танысып, бұл аурулардың алдын-алу және олармен күрес шараларын танып-білу. Трематодтардың құрылысындағы және биологиясындағы паразитизмге бейімділіктерін анықтап, тіршілік циклінің суретін салу.
Есеп беру: Оқулықтармен жұмыстанып, сипаттап жазу,сурет салу, презентация дайындау, олардан сақтану жолдары туралы халық арасында үгіт-насихат шараларын ұйымдастыру бойынша хабарламалар және материалдар дайындау, тесталық тапсырмалар құрастыру.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Төменгі сатыдағы көпжасушалылармен салыстырғанда жалпақ ұрттар типінің прогрессивті белгілері.
2. Жалпақ құрттардың асқорыту жүйесінің эволюциясы
3. Жалпақ құрттардың зәр щығару жүйесінің эволюциясы
4. Жалпақ құрттардың ортогонды жүйке жүйесі
5. Жалпақ құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы
6. Жалпақ құрттардың әртүрлі кластарының тері-бұлшықет қабының құрылысы
7. Жалпақ құрттардың тіршілік циклі, оның типтері
8. Трематодтардың гетерогония мәні оның адаптивті маңызы және шығу тегі
9. Жалпақ құрттарда паразитизмнің пайда болц жолдары
10. Жалпақ құрттардың шығу тегі және филогениясы
11. Жалпақ құрттар – адам және жануар паразиттері. Гельминтоздармен күрес жолдары және алдын-апу шаралары.
Әдебиет:
Бесінші апта
№9,10 дәрістің тақырыбы:Жұмыр құрттар (Алғашқы қуысты құрттар) типі – Nemathelminthes.
Терминдер мен анықтамалар: нематод, кутикула, гиподерма, схизоцель, регенерация, гельминт, гео- және биогельминт, зоо- және фитонематодтар, девастация, гельминтология.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Жұмыр құрттар типінің құрылысы және физиологиясы.
2. Нематодтардың прогрессивті белгілері, көбеюі және даму циклі. .
3. Нематодтардың экологиялық топтары,
4. Жұмыр құрттар типінің классификациясы
5.Құрсақ кірпікшелілер, олардың жұмыр құрттар типінің филогениясындағы маңызы.
6. Филогениясы және экологиялық радиациясы
№5 зертханалық сабақтың тақырыбы:Таспа құрттар ( Cestoda)
Зертханалық сабақтың мазмұны:
- Цестодтардың сыртқы морфологиясы, дене бөліктері, фиксация мүшелері
- Өгіз (шошқа) цепенінің жыныс жүйесі, т.б. жүйелері
- Цестодтардың даму циклі
Әдістемелік нұсқау:
Тапсырма 1. Шошқа (өгіз) солитерінің ылғалды препаратын қарап, дене бөліктерін, проглотидтерін, сколексін қарап, салыстыру. Микроскоппен микропрепараттан әртүрлі цестодтардың сколлекстерінің құрылысын анықтап, салыстыру, сүретін салу.
Тапсырма 2. Өгіз (шошқа) солитерінің гермофродитті және дамып жетілген проглотидтерін микропрепараттан микроскоппен қарап, құрылысын меңгеру, суретін салу.
Тапсырма 3.Микропрепараттан микроскоп арқылы өгіз (шошқа) солитерінің жұмыртқасын, финкасын қарап, құрылысын анықтап, суретін салу.
13,14 - СОӨЖ тақырыбы: Нематодтардың биологиясы, экологиясын, адам, жануар, өсімдіктердің паразит – нематодтары.
1.Нематодтардың тіршілік ортасы, таралуы, ұйымдасу ерекшелігі, даму циклі. 2.Нематодтар – адам, жануар, өсімдік паразиттері.
3. Аскариданың даму циклі, трихинелла, түкбасты құрттардың құрылысы, даму циклі
4.Гельминтоз туралы түсінік
Әдістемелік нұсқау:Оқулықтардан нематодтардың тіршілік ортасын анықтап, олардың кең таралуын қамтамасыз ететін ұйымдасу ерекшеліктерін көрсету, даму циклін талдап, қортынды жасау. Аскариданың даму циклін зерттеп, жұмыртқасының құрылысына, санына, даму ортасына, адамға (жануарға) жұғу жолына, одан сақтану шараларына ерекше көңіл бөлу. Үшкір құрт, трихинелланың құрылысымен, олардың жұғу жолдары және даму циклін анықтау. Экологиялық топтарын анықтау. Адам, жануар, өсімдіктердің паразит – нематодтарімен танысып, олардың маңызын көрсету, күрес және сақтану жолдарын танып-білу. Жұмыр құрттардың биологиясындағы ерекшеліктерін кестеде көрсету. Гельминтоздарды көрсету.
4 кесте