Заңды жауапкершіліктің ерекшелігі оның экологиялық талаптар мен қолайсыз зардаптардың тууында.

Экологиялық-құқықтық жауапкершілік заңды жауапкершіліктің бөлігі, екеуінің ұқсастықтары бола тұра, бірталай айырмашылықтары да бар: · Экологиялық құқық бұзушылықтан туындаған зиянды екі аспектіде қараймыз: экономикалық (шартты түрде) жəне экологиялық (материалды емес). Кей жағдайда бұзылған жағдайды қалпына келтіру қиын болғанда, ақшалай өтеледі. Сондықтан мүліктік жауапкершілік материалды жауапкершілік саласында көрініс табады; · Келтірілген зиянды айқындау тəртібі бөлек; · Экологиялық заңдарды бұзған тұлғаға қолданылатын мəжбүрлеу шараларының ішінде пайдалану құқығының алынуы, шектелуі, тоқтата тұруы сияқта түрлері бар; · Табиғи объектілерді заңсыз алуда жауапкершілік ұрлық үшін емес, заңсық аң аулау, ағаштарды заңсыз кесу, жерді өзінше басып алу сияқты əрекеттерге тағайындалады.

Əр саланың жауапкершілікке өзіндік шаралары болады. Экологиялық- құқықтықжауапкершілік үш бір-бірімен тығыз байланысты аспектілерімен сипатталады: · Заңмен көзделген талаптарды мемлекеттік мəжбүрлеу; · Мемлекеттің (қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретті органдар) жəне құқық бұзушылар (санкцияға ұшырайтын) арасындағы құқықтық қатынас ретінде; · Құқықтық институт ретінде (құқықтың əр түрлі салаларының заңды жауапкершілік нормаларының жиынтығы, яғни жер, су, жер қойнауы). Экологиялық заң бұзушылық үшін жауапкершілік қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану заңының ең негізгі талаптарының бірі. Заңды жауапкершіліктің мақсаты - экологиялық заңдарды бұзған тұлғаға қолайсыз зардаптар туындату. Ол өз кезегінде төрт қызметтен тұрады: - Құқық нормаларын орындауға, экологиялық-құқықтық талаптарды орындауға ынталандыру функциясы. - Адам денсаулығы мен қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеуге бағытталған компенсациялық функциясы. - Жаңа құқыққа қайшы заң бұзушылықтарды алдын алу, превентивті функциясы. - Жаза қолдану функциясы. Заңды жауапкершілік институты екі бөлімнен тұрады: 1. Экологиялық-құқықтық нормаларын бұзғаны фактісі бойынша туындайтын құқықтық қатынастар (жер, су, орман, атмосфералық ауаны қорғау, жануарлар дүниесін қорғау) 2. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін санкция қолдануға байланысты туындайтын құқықтық қатынастар (əкімшілік, азаматтық-құқықтық, тəртіптік). Экологиялық заң бұзушылықтың объектісі – ұтымды табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар. Бұл жайлы заң əдебиеттерінде əр түрлі пікірлер айтылған. Сонымен, экологиялық құқық бұзушылықтар ретінде табиғи байлықтарда мүліктік қатынастар, шаруашылық қызметте табиғи байлықтарды қолданудың тəртібі жəне оны қолдануға байланысты қоғамдық қатынастар, табиғи байлықтардың өзі.

Бірінші көзқарас бойынша құқық бұзушылықтарды экологиялық тұрғыдан емес, экономикалық шекте қарастырады. Меншікте тек зат нысанындағы жəне адам билігіндегі объектілер болады. Құқықтық қорғауға тек мемлекет меншігіндегі объектілер ғана емес, сонымен қатар ешкімнің меншігінде (атмосфералық ауа) бола алмайтын объектілер де алынады. Екінші көзқарас бойынша ерекше қорғалатын табиғи территориялардың барлығы пайдалану объектісі бола бермейді. Үшінші көзқарас бойынша құқық бұзушылық объектісі мен пəнінің түсініктері аралас келеді. Объективтік жақтан экологиялық құқық бұзушылық құқыққа қайшы əрекет (заңсыз ағаштарды кесу) немесе əрекетсіздік (заңдарды бұзу). «Құқыққа қайшылық» пен «қоғамдық қауіптілік» түсініктер бір-бірімен тығыз байланысты. Құқыққа қайшы əрекет жасау нəтижесінде нақты зардаптар туындайды - зиян келтіру, табиғат элементтеріне, халық шаруашылығына, адамға залал келтіру немесе осы зардаптар болу мүмкіндігі. Заңда көрсетілген жасалған құқық бұзушылық үшін туындаған қоғамға қауіпті салдар тұлғаға тек егер оның жіберген бұзушылықтармен себепті байланысы болған кезде ғана айтылады. Мұндай құрамды материалды деп атайды. Алайда көптеген экологиялық құқық бұзушылықтардың формальды құрамы, яғни қоғамға қауіпті салдар туындауына қарамастан, экологиялық құқық бұзушылықты жасаудың фактісінің өзіне жауапкершілік туындайды.

Құқық бұзушылықтың белгісі - кінə. Ол екі нысанда: қасақана (тікелей жəне жанама) жəне абайсызда (немқұрайлық пен меңмеңдікпен) жасалған құқық бұзушылықтар [13]. Осылай, заңсыз ақ аулау (ҚР Қылмыстық Кодексінің 288-бабы ) тек қасақана оймен, ормандарды құрту мен залал келтіру тек абайсызда ғана жасалады (ҚР Қылмыстық Кодексінің 292 бабы), су мен ауаны ластау (ҚР Қылмыстық Кодексінің 281 мен 282 баптары). Экологиялық құқық бұзушылықтың тағы бір белгісі бұл субъективтік жағы, яғни тұлғаның құқық бұзушылықты жасауға қатысты психикалық қызметі. Оның міндетті белгілері кінə қасақана жəне абайсызда нысанында жасалған. Ал факультативті белгілері болып, мақсаты мен ниеті жатады. Субъектіге қатысты, жеке жəне заңды тұлғалар жалпы экологиялық құқық бұзушылықтың субъктілері ретінде танылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Əкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодексінің 257-бабының тұрғын үйлерді салуға жер учаскелері туралы ақпаратты жасырған жергілікті лауазымды тұлға құқық бұзушылықтың субъектісі болып табылады. 270-бап бойынша өндірістің қалдықтарын утилизациялау, лақтыру жəне пайдалану ережелерін бұзу. Қоршаған ортаны қорғау саласында Əкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып лауазымды жəне заңды жауапкершілік тұлғалар (266-бап бойынша Табиғи байлықтарды ұтымды пайдаланудың ережелерін бұзу). Кей жағдайда Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік жалпы да, арнайы да субъектіге жатқызылады (252-бап бойынша жер пайдалануға қатысты табиғат қорғау режимінің талаптарын орындамау азаматтарға ескерту немесе айыппұл, ал лауазымды тұлғаларға айыппұл салынады). Құрамына байланысты құқық бұзушылық əкімшілік немесе тəртіптік бұзушылық, əлде əкімшілік, тəртіптік, қылмыстық жауапкершілік тундайтын қылмыс болуы мүмкін. Зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылады.

Наши рекомендации