Шалқар табиғат аумағы

Табиғат кешендерiы

Солтүстiк Қазақстан аумағында республикалық маңыздағы бiрегей табиғат кешендерiнiң қатары орналасқан. Бұл бiрегейлiгi «Қасiрет белдеуi» бекiнiсiнде қызмет атқарған 19-ғасырдың жергiлiктi әскери шенеунiктерiмен де бiрнеше рет аталып өткен. Мысалы, полковник Левинцовтың 1881 жылғы 18 шiлдемен көрсетiлген анықтамасында «местность эта одарена всеми благами природы: огромными, частично строевыми хвойными лесами, обилием речных и озёрных вод с рыбной ловлей, пространными лугами с бесконечными пастбищами для скота, представляет собой одно из самых крупных экономических богатств Петропавловского уезда» деп көрсетiлген.
Солтүстiк Қазақстан облысының Айыртау әкiмшiлiк ауданының аумағында «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғат саябағының Шалқар және Имантау өңiрлiк бөлiмшелерi орналасқан. Бұл — Солтүстiк Қазақстанның бiрегей табиғат кешендерiн, тарихи және мәдении ескерткiштерiн, фауна мен флорасының сирек кездесетiн, құрып бара жатқан және өте құнды түрлерiн сақтауға арналған ерекше қорғалатын аумақтар. Бұл аумақ орманды-далалы және далалы климаттық аймақтарға жатады. Климат ыстық жазы және қатал, аз қарлы қысымен шұғыл континентальды. Әртүрлi экожүйенiң бар болуы жануарлардың алуан түрлiлiгiн анықтайды. Осында сүтқоректiлердiң 160 түрiне дейiн және 200-дей құс түрi саналады, бұл экологиялық туризмнiң дамуына себепшi болып отыр.

Имантау табиғат аумағы

шалқар табиғат аумағы - student2.ru шалқар табиғат аумағы - student2.ru
шалқар табиғат аумағы - student2.ru шалқар табиғат аумағы - student2.ru

Солтүстiктен оңтүстiкке 70 шақырымға, шығыстан батысқа 65 шақырымға созылған табиғи шұратты ұсынады. Оның негiзiн су қоймалары және Имантау көлiмен тау-орман массивi құрайды, ол шын мәнiнде өңiрде ең сұлу көлдердiң бiрi болып саналады. Көл суы тұщы. Көл ортасында жүрек түрiнде көркем, орманмен жабылған шағын арал. Көлдiң түбi тегiс. Оңтүстiк және солтүстiк жағынан жағалары құмды, оңтүстiк-батыс шығысынан — жартас.
Ормандар көлдермен бiрлесе ерекше микроклимат жасайды. Бұнда бұғылар, елiктер, борсықтар, түлкiлер, тиiндер, құрлар, кекiлiктер және жануарлардың басқа түрлерi мекен етедi. Котелок шоқысы, «Казачий» аралы, «Буян» шатқалы — табиғат ескерткiштерi өзiне жергiлiктi тұрғындар мен демалушыларды қайталанбас сұлулығымен тартады. Имантау көлiнiң жағалары — «жабайы туристер» демалысының сүйiктi орны. Жазда мұнда түрлi-түстi шатырлардан толық қалашықтар пайда болады. Көлге қол жетiмдiлiк оңай, жолдардың көлiк торабы демалыс аумағын Чистополье селосымен, әрi қарай Есiл с., Торғай с., Володар с., Қостанай қ., Челябi қ., Көкшетау қ., Омбы қ., Түмен қ., Новосiбiр қ. байланыстырады.
Имантау демалыс аумағы «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағының Арықбалық өңiрлiк бөлiмшесiне жатады.

Шалқар табиғат аумағы

шалқар табиғат аумағы - student2.ru шалқар табиғат аумағы - student2.ru
шалқар табиғат аумағы - student2.ru шалқар табиғат аумағы - student2.ru

Шалқар рекреациялық табиғат аумағы орта таулық бедермен сипатталады. Су бетiнiң алаңы 3241 га құрайтын Шалқар көлi аралас және қарағай орманымен қоршалған, нысаны бойынша таға тәрiздi нысаны бар. Көлдiң оңтүстiк бөлiгiнде емдiк балшық бар. Суы тұзды, таза, 10 метрге дейiн терең, өз құрамы бойынша Қара теңiз суына сәйкес келедi, терi ауруларын емдеу үшiн емдiк қасиетi бар. Жағажай аумақтары құмды, кей жерде тасты. «Тiлек тауы» табиғаттың көркем ескерткiшi болып табылады. Шалқар көлi жанында көптеген аңыздармен байланысты Айыртаушық және Глухое — 2 шағын көл жайылған. Әуесқой балықшылардың жыл бойына алабұға, тұқы, табан, сазан аулауға мүмкiндiгi бар. Көлдер биiктiгi 500 метр Два брата тауымен бөлiнген. Шатқалдар қылқанды орманмен жабылған, шыңдарында жартас гранит тектерiнiң шығулары бар.

Реликтiлiк «Серебряный бор»

Солтүстiк Қазақстанда қылқанды ормандардың пайда болу мәселесiнде ғалымдардың көпшiлiгi осы ормандардың Орал және Алтай ормандарымен байланысты болған ертеде кең жайылған ормандардың қалдықтары болып табылатынына сәйкес көзқарасты қолдайды. Қызылжар әкiмшiлiк ауданындағы Большая Малышка селосынан қашық емес жерде орналасқан реликтiлiк «Серебряный бор» 243 га аумақты құрайды. Ағаштардың жартысынан көбiнiң жасы 100 жылға дейiн. Қарағай орманын ақ қайыңдар айнала қоршап тұр. Сондықтан «Серебряный бор» аталған. Көптеген жылдар қатарында шырша әртүрлi ғимараттар үшiн құрылыс материалы ретiнде қолданылды. Осы жерлерде алғашқылардың бiрi болып Долматов, Красноярка, Соколовка, Вагулин селолары пайда болды. Сол кездiң өзiнде жергiлiктi табиғат ландшафтарының бiрегейлiгiн түсiнген шенеунiктер болды және олар сондықтан қарағай орманын кесуге тыйым салды. Осы әрекеттердiң арқасында бүгiн бiрегей «Серебряный борды» тамашалауға болады. Қазiр бұл Есiл өзенi жайылмасының жоғары бөлiгiн толығымен алмаса да, басым бөлiгiне ие көне қылқанды орманның шағын ғана қалдығы. Қылқанды орманның табиғаты бiрегей. Осы жерде қызамық, құлпынай, қой бүлдiрген — жидектердiң солтүстiк және оңтүстiк түрлерi тоғысқан. Мүк пен қына шүйiншөп және өлеңшөппен қатар өседi.

Наши рекомендации