Тақырып: 9.Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және табиғатты қорғау ережелері

Табиғатты тиімді пайдалану – бұл әлеуметтік процестерден ажырамайтын тарихи және диалектикалық процесс. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану мемлекеттік маңызды міндеттердің бірі. Табиғат қорғау құқығы – табиғатты қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың, ережелердің, талаптардың жиынтығы. Организмдер мен олардың бір тобы және бірге түрлі тобы белгілі бір жерді қоныстанып өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыста болады.

Табиғи орта қоршаған ұғымына адамдар мен жануарлар, өсімдіктер мен басқа да тірі жәндіктер өмір сүретін мекен-жәй, ондағы жер-су, ауа мен жел, жылы мен суық, ас пен қорек жатады.

Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз

байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болған барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.

Табиғат байлықтарын есепсіз, бақылаусыз жұмсауға болмайтынын,

қоршаған орта бүлініп, істен шығуы оңай екенін адамдар ХХ ғасырдың

алғашқы жылдарынан түсіне бастады. Сол кезден бастап қоршаған ортаны қорғау деген ұғым пайда болды.

Бұл ұғым, әуелі жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кетуден, табиғаттың қымбат ескерткіштерін қираудан қорғауды білдіреді.

Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау жануарлар мен өсімдіктер дүниесін азып-тозудан, жойылып кетуден, қазбалы кендер қорларын таусылудан, талан-тараж болудан, ауаны, топырақты, өзендерді, көлдерді, теңіздер мен мұхиттарды ластанудан, ысырап болудан сақтау болып табылады.

Табиғатты қорғау проблемалары әр елде әр түрлі. Тіпті кейде басқа елдің іс-әрекетінен де зиян көріп жатады.

Ауаның, өзен, теңіз суларының ластануы мемлекеттік шекараға тоқтамай желмен, ағын сулармен өтіп, бір елдің зиянды қалдықтарын мыңдаған километр қашықтықта жатқан жазықсыз екінші елдің ауасын, суын, топырағын, орманын ластап, оны тазалауға көп қаржы мен күш жұмсауға мәжбүр ететіндігі белгілі.

Табиғат қорғау арзанға түспейді. Көп қаражат жұмсалатын күрделі проблемаларды шешу бір елдің ғана қолынан келмейді. Сондықтан бірнеше мемлекеттер қосылып, өзара шарт жасалып, тез уақытта және арзан бағамен сондай жұмыстарды орындауға мүмкіндік алады.Сөйтіп қоршаған ортаны қорғау бір аймақтың немесе бір елдің проблемасынан көп елге қатысы бар, әлемдік проблемаға айналады. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттер халықаралық келісімдерге конвенцияларға, шарттарға қатынасып, табиғатты бірлесіп қорғауға келісті. Онда өсімдіктер және жануарлар дүниесінің жойылып кету қаупі төнген түрін қорғау, теңізден балық пен басқа жануарларды аулау мөлшері мен мерзімі туралы келісімдерге қол жетті.

Табиғат жағдайын үнемі бақылап отыратын халықаралық ұйымдар мен одақтар құрылды. Оларға мүше болған мемлекеттер халықаралық ұйым жарғыларын мойындап, міндетті түрде орындауға келіседі. Жарғы талаптарын орындамаса немесе бұзса жауапқа тартылады. Табиғат байлықтарын қорғау, пайдалану және қалпына келтіріп отыру жөнінде әр мемлекет өзінің заңдарын қабылдап, мемлекеттік орындар мен азаматтардың оны толығынан орындауын қатаң қадағалап отырады. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер, жергілікті әкімдер заңның орындалуын ұйымдастырушы және бақылаушы міндетін атқарды. Кәсіпорын, ұжым, мекеме басшыларынан, жеке азаматтардан заң талаптарын уақытында орындалуын талап етіп, көнбегендерін жауапқа тартады.

Туған табиғатты қорғау мәселелеріне экономикалық мекемелер, хұқық

қорғау, орындау орындары және қоғамдық ұйымдар да қатысады.

Міне, сондықтан табиғат жұмыстары тек мемлекеттің ғана міндеті болып қоймай, оған бүкіл жұртшылық, барлық азаматтар қатысуы қажет.

Сонымен, қоршаған ортаны қорғау деген ұғымға табиғат байлықтарын

сақтау, ұтымды пайдалану, қалпына келтіріп отыру туралы, ортаның зиянды қалдықтарымен, уытты және басқа да тіршілік үшін қауіпті заттармен ластанудан қорғау жөнінде қабылданған мемлекеттік заңдар, қаулылар, экономикалық мекемелер, хұқық қорғау және ұйымдардың ережелері мен нұсқаулары, халықаралық және мемлекеттер аралық келісімдер, конвенциялар, шарттар кіреді.

Мемлекеттік заңдар мен халықаралық шарттарда көзделген табиғатты сақтау жөніндегі шаралар жинағын қоршаған ортаны қорғау деп атайды.

Табиғатты қорғау- бұл жалпыға ортақ шаруа, оны тек әртүрлі салалар мен техникалар мамандарының бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде іске асады. Қоршаған ортаны кәсіпорындардың зиянды ықпалынан қорғаудың ең тиімді тәсіліне шығыны аз және шығынсыз технологияға өту, ал ауыл шаруашылығы жағдайында арамшөптер мен бүлдіргіштермен күресу кезінде биологиялық тәсілдерге көшу. Бұл әрине күрделі технологиялық, конструкторлық және экономикалық міндеттер кешенін қолдануға мәжбүр етеді. Өндірісті эколизациялау келесі бағыттарда жүргізілуі тиіс: технологиялық процестерді жетілдіру және қоршаған ортаға зиянды қалдықтар мен қоспалардеңгейін азайтатын жаңа жабдықтарды ойлап табу; барлық өндірістік өнімдер мен өнеркәсіптерді экологиялық сараптама жасауды енгізу; зиянды, улы және пайдалануға келмейтін қалдықтарды ауыстыру; қоршаған ортаны қорғау шаралары мен әдістерін қосымша әдістерді енгізу. Қоршаған ортаны қорғаудың қосымша тәсіліне тазалау жабдықтарын қолдану жатады, олар: газ лақтырылыстарын, ақаба суларды тазалау жүйелері мен аппараттары, газды қоршаған ортаға лақтыру кезінде дауысты азайтатын аппараттар. Осы келтірілген шаралар қоршаған ортаға лақтырылатын зиянды заттарды азайтып, табиғи ресурстарды толықтай пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның сапасын қамтамасыз ету ғылымның әртүрлі облысында және техникалар саласында жұмыс істеп жүрген мамандар шешуі тиіс жалпы міндеттер болып табылады. Инженерлік-экологиялық шаралар өндіріс жұмысы кезінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және қоршаған ортаның ластануын болғызбайтын табиғи-өндірістік жүйені құруды жоспарлайды. Инженерлік-экологиялық шараларға шаралардың 3 тобы жатады: инженерлік, экологиялық және ұйымдастыру. Инженерлік шаралар табиғи ортаған өнеркәсіптердің зиянды әсерін азайту мақсатында өндірісте қолданылып жатырған техникаларды, машиналар мен аппараттарды жетілдіруге және жаңа технологиялар ойлап табуға бағытталған.

Инженерлік топқа кіретін шаралар ұйымдастыру – теехникалық және технологиялық болып бөлінеді. Ұйымдастыру-техникалық шаралар өндірістің технологиялық регламентін сақтауға бағытталған, лақтырылатын газдар мен ақаба суларды тазарту процестерін, жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін және уақытында жөндеу жұмыстарының жүргізілуін қадағалайды. Ірі және күрделі өндірістер біршама тиімді жұмыс істейді, әйткені процестердің берілген режимінде тұрақты жұмыс істейді, шығындар да тұрақты және зиынды заттарды бірден лақтырмайды. Ірі кәсәпорындар басқа үлкен территорияларда және жан-жақта орналасқан кәсіпорындарға қарағанда жеңіл басқарылады. Мұндай өнеркәсіпорындарында технологияны жетілдіруге көп мүмкіндік болады және зиянды заттардың мөлшерін тазалау жабдықтарын қолдану арқылы азайтуға болады. Технологиялық шараларға зиянды заттардың лақтырылысының қарқындылығын анықтайтын әсер ету көздерінің сипаттамалары мен көрсеткіштерін өзгерту жатады.

Инженерлік шараларды іске асыру үшін өндірісті модернизациялау үшін, зиянды заттардың лақтырылысын болғызбау, тазалау, ұстау немесе қоршаған ортаға қауіп төндірмейтіндей шамада шығарылуын қамтамасыз ететін жабдықтар енгізу үшін қосымша шығындарды қайта қарау керек. Экологиялық шаралар табиғи ортаның ластануы кезінде өзін-өзі тазалауын және қалпына келуін қамтамасыз етеді. Экологиялық шара екі топқа бөлінеді:абиотиялық және биотиялық.

Абиотиялық шаралар биосфераның барлық құраушыларында жүретін табиғи, физикалық және химиялық процестерге негізделген, соның негізінде зиянды антропогенді әсер ету қаупін азайту, оның зардаптарын азайту немесе жою.

Биотикалық шаралар өндіріс әсер ететін аймақта экологиялық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тірі организмдерді пайдалануға негізделген. Оларға биологиялық рекультивация, ақаба суларды биологиялық тазалау, арнайы өсімдіктер пен микроорганизмдердің көмегімен топырақтың ластануын жою, ластаушы заттарды қайта өңдеу шаралары жатады. Биотикалық шараларға ластанған жерлердің өздігінен қалпына келуі де жатады. Ұйымдастыру шаралары бұрын құрылған немесе құрылатын табиғи-өндірістік жүйені басқаруға, құрылымына байланысты келеді.

Лекция №10

Наши рекомендации