Тақырып: 4.Қазақстан Республикасының су ресурстарын қолдану мәселелері
Республика территориясында ұзындығы 10 км-ден асатын 8 мыңнан астам өзендер бар. Олардың ішіндегі ірілері – Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле еліміздің шеткі аймақтарын басып өтеді. Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің су деңгейі төмен, көктемде ғана жайылып ағады. Еліміздің басты өзендерінде Жайық, Ойыл, Үлкен және Кіші Өзен, Жем, Тобыл, Есіл, Торғай, Ырғыз, Нұра, Шідерті, Сілті, Сарысу, Қараертіс, Ертіс, Арыс, Сырдария, Талас, Шу, Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсіні жатқызуға болады. Таудан басталатын Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаратал, Есік өзендерінде сел тасқындары болып тұрады.
Егістіктер мен шабындықтарды суландыру, өнеркәсіпті және тұрмыстық қажетті сумен қамтамасыз ету үшін салынған каналдар да бар. Олардың ішінде Ертіс-Қарағанды-Жезқазған (пайдалануға берілген ұзындығы 500 км), Арыс-Түркістан (ұзындығы 200 км), Бөген-Шаян (ұзындығы 29 км) Шыршық (ұзындығы 70 км), Жаңадария (ұзындығы 600км) Қазалының оң жақ (ұзындығы 120 км), және Сол жақ (ұзындығы 80 км), Басқара (ұзындығы 48 км),Қызылорда су торабының оң жақ (ұзындығы 80 км) және сол жақ (ұзындығы 70км), Шиелі-Телікөл (ұзындығы 90 км), Шиелі-Шіркейлі (ұзындығы 139 км), Көксу (ұзындығы 103 км), Лепсі (ұзындығы 39 км), Шу (ұзындығы 82 км) каналдарын айтуға болады.
Қазақстанда көлемі 1 гектардан асатын 48262 көл бар. Олардың орташа тереңдігі 1-8 м аралығында болғанымен кейбіреулері онан көп терең. Мысалы Алакөлдің тереңдігі 45м-ге дейін, Үлкен Шабақты көлі -37 м-ге дейін, Шортанды -31, Марқакөл -27, Балқаш -26 м.
Көлдердің ішіндегі ең үлкені Балқаш, ұзындығы 605, ені 74 км, жиналған су көлемі 112 км³. Екінші орында Алакөл ұзындығы 104, ені 52 км, су көлемі 56,6 км³. Олардан басқа ірі көлдер қатарына Сасықкөл, Ұялы, Теңіз, Сілетеңіз, Үлкен Қарой, Кіш Қарой, Шағалалытеңіз, Теке, Құсмұрын, Марқакөл, Шалқар, Аралсор, Сарықопа, Қамыстыбас, Арыс, Қызықақ, Жалаулы, Қарасор, Индер көлдерін қосуға болады.
Барлық көлдердің су көлемі 190 км³, оның ішінде тұщы (тұзы 1 гр/л) сулар тек 20 км³ шамасында ғана. Қазақстанда 4 мыңнан астам бөгеттер мен бөгендер бер. Олардың жалпы көлемі 10 мың км² де, су мөлшері 90 км³ шамасында.
Бөгендер негізінен өнеркәсіп орталықтарын су және электр қуатымен
қамтамасыз ету, маңайдағы жерлерді суландыру үшін салынған. Олардың ішінде ірілері Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Бөген, Теміртау, Сергеев бөгендері, шығындары – Алакөл, Теріс Ащыбұлақ, Жемсау, Қамыскөл, Орал, Тайкешкен, Желқуар, Қаратомар, Шербайнұра, Кеңгір, Сарышығанақ, Күрт, Теле, Шұқырой, т.б. бөгендер.
Қазақстанда екі теңіз бар. Арал теңізі, ұзындығы 428 км, ені 235 км,
суының көлемі 1000 км³, ең терең жері 67 м болатын. Қазіргі көлемі жөнінде нақты мәлімет жоқ. Теңізге құйылатын өзен суы 76 км³-ден -42 км³-ге дейін азайып, өнімді көп беретін, суы саяз, балықтар уылдырық шашатын шығыс және оңтүстік жағалау құрғап, істен шыққан соң, теңіз жануарларына үлкен нұқсан келуде. Аралдың қазіргі қайғылы жағдайы дүние жүзін алаңдатып отыр. Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы 2430 км, теңіздің ең терең жері 1025 м. Мұнда өсімдіктердің 500, балық пен басқа жануарлардың 854 түрлері бар. Өсімдіктері негізінен көкжасыл балдырлар. Соңғы кезде қызыл қоңыр балдыр да өсе бастады. Жануарлар дүниесінен мекре тұқымдас балықтарды, майшабақтарды, көк серкені, сазанды, табанды, ит балықтарды кездестіруге болады. Қазақстанда жерасты сулардың маңызы үлкен. Олар тау жүйелерінде, Сарыарқада, шөл және шөлейт алқаптарда кездеседі. Жыл сайын қосылатын су мөлшері 40 миллиард м³ шамасында деп бағаланады. Қазір 15 облыс орталығы, Алматы және Ленинск қалалары, 150 өндіріс және аудан орталықтары мен қалалар жерасты суын пайдаланып отыр. Егістіктер мен шабындықтарды суландыруға да жұмсалады. Жерасты суларының ішінде әртүрлі ауыруларды емдеуге жарайтын шипалы сулар да аз емес. Алма-Арасан, Қапал-Арасан, Сарыағаш, Барлық-Арасан, Жаркент-Арасан т.б. курорттар жерасты минералды сулары пайдаланады. Соңғы жылдары әсері күшті радиоактивті, көмірсутек, темірлі, азотты, сілтілі т.б. шипалы сулар табылады. Өкінішке орай, Қазақстан жер асты сулар орынсыз жұмсалып, шашылып,
төгіліп, елге пайдасыз болып жатқан жәйлар да аз емес. Өзеннен ағатын
скважиндер жабылмай, су сай-салға ағып, ысырап болып жатыр. Ленинс
қаласында орналасқан Ресей әскерлер тобы 13794 гектар жерді қоқанлоққы жасап алып, онда 160 су тартатын скважиналар тобын салып, жыл сайын 3 миллион м³ жерасты тұщы суларын құбырмен өзендеріне әкетіп жатыр. Соның салдарынан Жалағаш т.б. аудандардың шаруашылықтары пайдаланып жүрген скважиналарынан су шықпай, олар ауыз сусыз қалды. Су көздерін таза ұстау мәселесі бізде де оңып тұрған жоқ. Алматы қаласының көшелерімен өтетін Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Весновка, Қарасу өзендерінде мұнай өнімдерінен басқа да зиянды қалдықтар көп. Автобаздардың, тері комбинатының, қаладан жоғары канализациясы жоқ елді мекендердің қалдықтары өзен суларын ластайды. 80-шы жылдары Жамбыл облысының химия кәсіпорындарында бірнеше
рет апат болып, олардың уытты өнімдерін маңайдағы көлдерге құйып "өлі" көлге айналдырды.
Қарағанды облысында Нұра облысы сынап қалдықтарымен уланып адамдар мен қоршаған ортаға өте қауіпті болып отыр. Жайық өзеніне Ресей мен Қазақстанның химия, металлургия және мәшине жасайтын кәсіпорындары тазаланбаған қалдықтарын төгуде. Осының салдарынан өте бағалы мекре балықтар ұрық шашатын алқаптар уланып Атырау өңірі көп зиян шегуде. Ертіс өзені мен оның салалары Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар облыстарының түсті металлургия, құрылыс материалдары, ағаш, тері және жүн өңдеу кәсіпорындарының қалдықтармен улануда. Сырдария өзені Өзбекстан мен Қазақстанның мақта, күріш егістіктерінен, химия және мәшине жасау кәсіпорындарынан уытты қалдықтарды көп алуда.
Республика ішінде үш өте ғажап су қоймалары орналасқан. Оларға Арал
және Каспий теңізі, Балқаш көлі жатады. Олардың гидрогеологиялық
сипаттамалары (20002 ж бой.) төмендегі кестеде берілген. Арал теңізі Орталық Азияның далалық бөлігінің солтүстік бетінде Өзбекстан мен Қазақстан аралықтарында орналасқан. Ол 68 мың.кв.км алып жатыр.Ол көлемі бойынша Каспий теңізінен кейін екінші орынды, Жоғарғы (Канада, США) және Виктория көлінен (Танзания, Кения, Уганда) кейін
төртінші орында тұр. Сондықтан да халық оны теңіз деп атайды. Каспий теңізінің ұзындығы 428 км және ені 234 км, максималды тереңдігі 69 м, ал көлемі 1064 км3. Қaзipri кезде Қазақстандағы экологиялық ауыр апат зардаптарының салдарынан Арал теңізі жағалаудан 100 шақырымның үстінде шегініп кеткені белгілі. Осыған байланысты теңіз табанында көлемі 2 млн. ға астам Аққұм атты кеңестік пайда болды. Сол маңнан әр жыл сайын 75 млн. т тұзды дауыл көтеріп әкетіп Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар тағы басқа облыстардың жеріне таратуда. Арал теңізінің тұздары соңғы жылдары Түркияның шай плантациясына елеулі зиян келтіруде. Америка ғалымдары Арал тұздарының Солтүстік мұзды мұхитқа жеткенін жазып жатыр. Енді оның зардабы Сібірдің орманына, Үндістан мен Пәкістанның және басқа да елдердің әсем абиғатына зиянды әcepiн тигізетіні туралы ғылыми болжамдар айтылуда.
Балқаш көлін тілге тиек етсек, ол республика экономикасы мен экологиясына орасан зор зиян келтіруде. Балқаш көлі жыл бойына тек Іле өзенімен ғана 23 мың т жеңіл органикалық заттектермен, 8 мың тоннадай минералды азотпен, 5 мың т фтормен, 2 мың т темірмен, 1,5 мың т бормен, 0,7 мыңт броммен, 70т минералды фосформен, 60т пропанамидпен, 3,4т дихлоранилинмен, т. б. улы заттектермен ластанады. Мұнымен қоса Балқаш көліне металлургия комбинаты су шайындыларын, улы заттектердің қоспасын жіберуде. Осылайша екінші Аралды қолдан жасап алуымыз да мүмкін.
Каспий теңізінің де қазіргі кезде экологиялық тұрғыда зардап шегуде. Өйткені Каспий теңізінен ірі мұнай қорлары табылды. Осыған байланысты кен орындарын игеру жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ танкерлермен мұнайды тасу кезінде, бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде теңіздің ластануы байқалып отыр. Осыған байланысты теңіз биоресурстары өзгерістерге ұшырауда.
Су o6ъeктілерін ластанудан қорғайтын шараларға:
• сусыз және суды аз мөлшерде қолданатын технологияларды
және сумен жабдықтаудың тұйык айналуын;
• тиімсіз сыраптанып жұмсалатын су көлемін жаңа технологияларды ендіру арқылы азайтуды.
Сонымен су қорларын қорғау, ұғымды пайдалану жолдары ретінде келесі шараларды қолдану қажет:
- айналмалы су жүйесімен және сусыз технологиямен жұмыс істейтін
кәсіпорындарды көбейту;
- мәшинелерді, жабдықтарды, қондырғыларды су орнына ауаны пайдаланып салқындатуға көшу;
- өндіріс кәсіпорындарда, коммуналды-шаруашылықтарда су тазалайтын
қондырғылар орнатып, лстаған су қалдықтарын түгел тазалаудан өткізу;
- техникалық қажетке, көше, мәшине, жабдықтар жууға таза су пайдалануды тоқтатып, бір рет тазартудан өткен суларды жұмсауға көшу;
- өзендер, жыралар, балықтардн басталатын батпақтарды құрғатуға, ластауға, шаруашылық қажетіне пайдалануға тыйым салу;
- биологиялық, химиялық, физикалық тазалау өзенге, көлге жібермей, қайта пайдалану немесе егістік жерлерді суаруға жұмсау;
- су тазалайтын қондырғылары жоқ кәсіпорындарды пайдалануға тыйым салу.
Жаңа кәсіпорындар салмас бұрын экологиялық сараптан өткізіп, табиғи ортаға, су қорларына жасайтын зиянды әсерін күн ілгері біліп, оларды болдырмауға шара қолдану;
- өндірістік қажетке жұмсалатын су сатулы болуы керек. Шектен тыс жұмсаған кәсіпорындар айып төлеуі дұрыс;
- көлдер мен су қоймаларында қозғышпен жүретін қайықтарға тыйым салу;
Су қорларын қорғау жұмыстарын басқару тиісті мемлекеттік орындарға
жүктеледі. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті мен жергілікті әкімдеріне су қорларын ұтымды және үнемді пайдалану, оларды таусылудан сақтау, судың зиянды әрекеттерінің (тасқын, тұздану т.б.) алдынл-алу міндеттері жүктелген. Геология және жер қойнауын министрлігі жерасты сулардың таусылмауын, ластанбауын және үнемді пайдалануын және үнемді пайдалануын бақылайды. Су шаруашылығының жөніндегі мемлекеттік комитет жер бетіндегі су қорларының сақталуын, үнемді жұмсалуын бақылайды. Жергілікті су инспекциялары арқылы мемлекеттік маңызы бар су қорларын пайдаланудың және қорғауды басқарады. Қазақстан Республикасы мұхит пен теңіз суларын ластанудан сақтау жөніндегі халықаралық келісімдер мен шарттарға қосылып, оларды орындауға уәде берді.
Лекция №5