Тақырып. табиғатты пайдалану құқығы.
Жоспар:
1.Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі.
2. Табиғатты пайдалану құқығының қағидалары және негізгі белгілері.
3.Табиғатты пайдалану құқығының түрлері, объектілері мен субъектілері.
4.Табиғатты пайдалану құқығының пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері.
Негізгі ұғымдар:табиғатты пайдалану, табиғатты пайдалану құқығы, экологияны пайдалану.
Табиғи ресурстарды пайдалану – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде «табиғи ресурстарды пайдалану – бұл адамдардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы» деген анықтама берілген.
Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Субъктивтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл нақты табиғи ресурстарды пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы.
Табиғи ресурстарды пайдалану табиғатты жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
Табиғатты жалпы пайдалану – бұл адамдардың күнделікті өмірі мен денсаулығы, мәдени – эстетикалық қажеттіктерін табиғат объектілері есебінен тегін қанағаттандыру.
Табиғатты арнайы пайдалану – мұнда табиғи ресурстар пайдаланушыларға белгіленген тәртіппен беріледі.
Табиғатты пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік болып бөлінеді.
Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстандық заңды тұлғалар, оның ішінде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға – шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.
Табиғат пайдаланушылар тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді.
Тұрақтысы- бұл табиғатты пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады.
Уақытша - мұнда табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектеледі.
Экология пайдалану құқығы экологиялық құқық институты ретінде әртүрлі деңгейдегі нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген нормалардың жиынтығын құрайды. Экология пайдалану құқығы - экология пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығынан тұрады, және соңғысынан тәуелді. Сонымен, егер, экология пайдалану объективті мәнде экология пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын көрсету нысанын құраса, онда субъективті мәнде - міндеттер мен құқықтарының деректерінің мазмұнын көрсетеді.
Субъективті құқық мазмұнына, пайдалануға ұсынылған табиғи объектіге иелік ету, пайдалану және билік ету заңды құқығы енеді. Табиғи объектімен пайдаланудың субъективті құқығын мұндай объектіні белгілі бір байлық алу мақсатында тікелей пайдаланудың мүмкіндігін заңмен қамтамасыз етілуі деп түсіну керек.
1) табиғи ресурстарға мемлекеттің және өзге де меншік иелерінің заңды құқықтарын экология пайдалану арқылы жүзеге асыруы.
2) табиғи байлықтарды дұрыс шарушылық пайдалану міндеттеріне қол жеткізу.
3) экологиялық құқық қатынастарының барлық субъектілерінің басқа субъектілерге қатысты заңды құқықтарын жүзеге асыру.
2. Экологиялық пайдалану құқықтарының түрлері. Экологиялық пайдалану құқықтарының түрлерін үш негізгі топқа бөлуге болады: объектіге; субъект және пайдаланатын табиғи объектіге байланысты.
Табиғат пайдалану (экология пайдалану) жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол беріледі. Арнайы табиғат пайдалану - осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметі.
Табиғат пайдалану түрлеріне:
Жерді пайдалану; суды пайдалану; орманды пайдалану; жер койнауын пайдалану; жануарлар дүниесін пайдалану; өсімдіктердүниесін пайдалану; қоршаған ортаға эмиссиялар; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де табиғат пайдалану түрлері жатады. Табиғат пайдалану түрлері бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бір түрін не олардың бірнеше түрінің жиынтығын қамтуы мүмкін. (осы Кодекстің 10-бабы).
Экология пайдалану субъектілеріне байланысты мекеменің экология пайдалану құқығы мен азаматтардың экология пайдалану құқығына бөлінуі мүмкін.
Тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
Жоспар:
1. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі.
2. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және арнайы органдар.
3. Экологиялық мониторингті жүзеге асыру тәртібі.
Негізгі ұғымдар:басқару, мемлекеттік орган, экологиялық басқару, арнаулы органдар.
Айналадағы табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару дегеніміз – табиғи ресурстарды пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты заңдылықтар талабын орындауды қамтамасыз ететін арнайы өкілеттігі бар мемлекеттік органының атқарушы-жарлықшы қызметін айтамыз.
Табиғи ресрурстарды пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың принциптері:
- заңдылық принципі;
- айналадағы табиғи ортаны қорғау приоритеті принципі (бірдемені ең алғаш ойлап шығару);
- мемлекеттік басқарудың жоспарлық принципі;
- мемлекеттік басқарудың қоғаммен және өндіріспен үйлесу принципі.
Табиғи ортаны пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқарудың функциялары:
1. табиғи ресурстарды пайдалану лимиттерін белгілеу.
2. айналадағы табиғи ортаның экологиялық сапасын нормалау.
3. экологиялық сараптама жүргізу және т.б.
4. экологиялық бақылауды ұйымдастыру.
Мемлекеттік басқару 3 түрге бөлінеді:
- заң шығарушылық – бұл басқарудың нормативтік актілерін іске асыру бағытындағы мемлекет қызметінің нақты әрекетті жүзеге асыруы.
- құқықтық қорғаушылық – бұл мемлекеттік нормативтік актілерде көрсетілген талаптарды орындамаған немесе бұзған адамдарға жазалау шараларын қолдану барысындағы мемлекеттің қызметі.
Мемлекеттік басқару мақсаты – экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету, айналадағы табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және осы салалардағы заңдар ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау.
Экология саласындағы басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесі екіге бөлінеді: жалпы және арнайы.
1. Жалпы органдарға – Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Парламенті, т.б. жатады.
2. Арнайы органдарға – айналадағы табиғи ортаны қорғау министрлігі және т.б. жатады.
Айналадағы табиғи ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылаудың функцияларының орындалуын және басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушылық органы – айналадағы табиғи ортаны қорғау Министрлігі болып табылады.
Экологиялық сараптама – шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігінің, осы қызметтің қоршаған ортаға жасауы ықтимал теріс жерлерінің және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске асыруға қол жеткізілетіндігінің анықтамасы.
Экологиялық сараптаманың объектілерінің тізімі және олардың жүргізілу тәртібі 2007 жылы 9 қаңтарда қабылданған ҚР Экологиялық Кодексімен реттеледі.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік және қоғамдық экологиялық сараптама жүргізіледі.
Мемлекеттік экологиялық сараптама – Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелерінің сараптама қызметінің түрі.
Қоғамдық экологиялық сараптама – кез-келген қызмет түріне экологиялық баға беру үшін халықтың жекелеген топтарының қоғамдық бірлестіктер мен ғылыми ұйымдардың бастамасымен құрылатын сараптама комиссиялары ерікті негізде жүзеге асыратын қызмет түрі.
Экологиялық сараптама жүргізу сатылары:
- экологиялық сараптама жүргізу туралы өтінішті тіркеу;
- қосымша сараптама - материалдардың толымдығын, соның ішінде жоспарланып отырған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін бағалауды және олардың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және нормативтік талаптарға сәйкес келуін анықтауды тексеру болып табылатын алдын ала сараптама;
- негізгі саты (материалдарды талдап өңдеу);
- қорытынды саты (жекелеген сараптамалық бағасы мен экологиялық сараптаманың нәтижелерін қорытуды, метариалдардың келісілгені немесе олардың қабылданбай тасталғаны туралы тұжырымдары бар сараптамалық қорытынды әзірлеуді қамтиды.)
Экологиялық сараптама жүргізу мерзімі 3 айдан аспауға тиіс, қаралатын құжаттаманың көлемі мен күрделілігіне қарай бұл мерзім 6 айдан аспайтын мерзімге ұзарту құжаттама тапсырысшының өтініші бойынша ғана және оның сараптама жұмыстарына қосымша ақы төлеуге кепілдіктері болған жағдайда жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау- бұл экологиялық заңдардың талаптарының орындалуын және сақталуын тексеретін өкілетті органдардың қызметі.
Экологиялық бақылаудың міндеттері:
- қоршаған ортаның жай-күйін, шаруашылық және өзге де қызметтің ықпалымен оның өзгерістерін байқап отыру;
- табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану жөніндегі жоспарлар мен шаралардың орындалуын тексеру;
- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың сақталуын тексеру;
- Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.
Олардың міндеттері «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексімен» жүзеге асырылады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзіреті шегінде арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Мемлекеттік экологиялық бақылау ескертілмелі және күнделікті түрде жүргізіледі. Ескертілмелі бақылаудың міндеттері – болашақта табиғи ресурстарға зиянды ықпал ететін шаруашлық және өзге де қызметтерге жол бермеу болып табылады. Бақылаудың бұл түрі жоспарлау сатысында немесе жобаны іске асыру негізінде жүзеге асырылады. Күнделікті мемлекеттік бақылау - өндіріс орнын және басқа экологиялық маңызды объектілерді іске кірістіру сатысында табиғи ресурстарды пайдалану негізінде арнайы уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
Өндірістік бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша орталық атқарушы органдар немесе ұйымдар беретін ережелер негізінде жүзеге асырылады.
Қоғамдық бақылауды қоғамдық бірлестіктер өз бастамасы, табиғат пайдаланушылармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен шарттар бойынша жүзеге асырады.
Қоғамдық экологиялық бақылаудың түрлері:
- саяси партиялар жағынан бақылау;
- ерікті қоғамдармен жүзеге асырылатын қоғамдық ұйымдардың бақылауы
- азаматтар жағынан бақылау.
Қоғамдық бақылаудың негізгі бағыттары – табиғатты қорғау қызметі және айналадағы табиғи ортаның жағдайы туралы мәліметтерді талап ету болып табылады.
Айналадағы табиғи ортаның мемлекеттік мониторингі тиісті табиғи ортаның пайдаланылуы мен қорғалуын бақылайтын арнайы уәкілдік алған органдар тарапынан атқарылатын табиғаттың жай-күйіне бақылау және оны бағалап, болжам жасап отыратын қызмет.
Оның мақсаты – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау үшін тиісті мағлұматтар алып отыру. Ондай мағлұматтарды тек қана табиғи ортаны байқау, бағалау және болжау барысында алуға болады.
Айналадағы табиғи ортаның мемлекеттік мониторингі тиісті табиғи ортаның пайдаланылуы мен қорғалуын бақылайтын арнайы уәкілдік алған органдар тарапынан атқарылатын табиғаттың жай-күйіне бақылау және оны бағалап, болжам жасап отыратын қызмет.
Оның мақсаты – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау үшін тиісті мағлұматтар алып отыру. Ондай мағлұматтарды тек қана табиғи ортаны байқау, бағалау және болжау барысында алуға болады.
Тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
Жоспар:
1. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің түсінігі мен құрамдас элементтері.
2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру .
3. Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептесу тәртібі.
4. Табиғатты пайдалану үшін салықтар.
Негізгі ұғымдар:экономика, экономикалық реттеу, экологияны эконмикалық реттеу, эмиссия, қоршаған ортаға эмиссия.
Қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты экономикалық реттеу - бұл экологиялық мәселерді шешуде объективті экономикалық заңдарды есепке алу мақсаты бар, құқықтық нысандар арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік реттеу.
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетіктерінің мәні сонда, экономикалық құралдар мен әдістер субъектілердің табиғатты қорғау мәселелеріне тиісті түрде қарауын ояту, заң шығарушының ойы бойынша шаруашылық іс-әрекеттер нәтижесінде оларға белгілі бір экономикалық пайда келтіруі тиіс. Пайда табу мүмкіндігі сияқты мұндай экономикалық факторлар, оңтайлы салықтық және инвестициялық режимнің болуы, өнімдердің әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату эколгоиялық мәселелерді шешуге шешуші ықпал етуге қабілетті.
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетіктері ұғымын экологиялық құқық аясындағы қандай да бір дербес институтпен салыстыпуға болмайды.
Қоршаған отаны және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлері:
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;
- қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу;
- табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу;
- қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
- нарықты тетіктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін квоталарды сату;
- экологиялық сақтандыру.
Технологиялық, техникалық, ұйымдастыру, әлеуметтік және экномикалық шаралар кешені ретінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және және олардың сапасы ҚР ЭК-нің 96-бабында айқындалған:
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру;
- бюджет қаражаты;
- табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларда белгіленетін бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті өкілді органдардың шешімдеріне сәйкес айқындалады.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын экологиялық бағдарламаларды, жоспарларды әзірлеу тәртібі Қазақстан Ресупликасының бюджет заңнамасымен белгіленеді.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әлеуметтік экономикалық даму бағдарламаларына, жоспарларына, белгілі бір аумақтың экологиялық бағдарламаларына, жоспарпларына енгізіледі.
Өңірлік экологиялық бағдарламалар, жоспарлар және тиісті аумақтың әлеуметтік-экологиялық даму бағдарламалары, жоспарлары олар бекітілгенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды (бағдарламаларды) Қазақстан Ресмпубликасының бюджет заңнамасына сәйкес әзірлеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді.
Экологиялық бағдарламаларды әзірдеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоюаларадың ашық конкурстары жүргізілуі мүмкін, оларды өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Табиғатты пайдаланушының өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспаралайды.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттар алу үшін әзірлейтін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізіледі.
Қоршаған ортаны өзге де көздерден қаржыландырылатын қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.(ҚР ЭК 95-100 баптары).
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.
Табиғат пайдалауншылар экологиялық рұқсатта пйқындалған нормативтер шегінде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ластаушы заттардың және қалдықтар түрлерін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбесіне сәйкес алынады. 2007 жылы 28 желтоқсанда ҚР Үкіметі Қоршаған ортаға эмиссиялар төлемақысының базалық және шекті ставкаларын бекітті.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдер есептеу әдістемесі қоршаған ортаны қорғау саласының уәкілетті органымен белгіленеді.
Қоршаған ортаға төлемақы ставкларын облыстарыдың жергілікті өкілдік органдары белгілейді (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар), бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық ставкалардан төмен болмайтындай және шекті ставкалардан төмен болмауы тиіс.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемелерін орындау табиғат пайдаланушыны оның қоршаған ортаға келтірген залалының орнын толтырудан босатпайды.
Табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды тиімді жүзеге асыруын экономикалық ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының шекті ставкаларын бекітуі мүмкін (ҚР ЭК 101-103 баптары).