Топырақтағы ластағыш заттардың нормалары.
Топырақтағы ластағыш заттар үш бағытта нормаланады:
1) ауыл щаруашылығында пайдаланатын жердің егістік қабатындағы улы химикаттар мөлшері;
2) кәсіпорынның территориясындағы улы заттардың жинақталуы;
3) елді-мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтар сақтайтын жер топырғының ластануы;
Егістік қабатындағы улы химикаттарды нормалауға екі көрсеткіш қолданылады:
---ШРКт – топырақтың егістік қабатындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/кг. Бұл концентрацияадамның денсаулығына тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбеуі қажет, сонымен қатар топырақтың өздігімен тазалану қабілетіне де;
--- топырақтың егістік қабатындағы заттектердің уақытша рауалы концентрациясы мг/кг. Уақытша норматив белгілі 2-3 жыл мерзімге дейін белгіленеді. Оны есептеу арқылы анықтайды.
Бұл проблема сусцессиялар теориясымен, түр әр алуандылығы және ценоздық қарым-қатынастың ерекшелігі мәселелерімен байланысты. Келешекте адамның орнықты және орнықсыз экожүйелерді оңтайлы мөлшерде арнайы аралас орналастыруы, агроценоздарда реттеуші механизмдерді қолдауы тұр, бұндай зерттеулер келешекте биосфераның принцивті түрде жаңа құрылымдық бөлімдерін- бірінші орынға орнықтылық, тұрақтылық, өнім түзу процесінің ең жоғарғы эффективтілігі сияқты ерекшеліктер қойылатын табиғи- шаруашылық экожүйелерін құруға мүмкіндік береді.
Экологиялық индикация. Бұған теориялық мәселелер, сондай-ақ, өнеркәсіптің, ауыл шаоуашылығының, теңіз транспортының әр түрлі салаларының мұқтажымен және адамның тіршілік ортасын сақтау қажеттілігімен тығыз байланысты мәселелердің үлкен тобы кіреді.
Экологиялық индикация міндеті- ландшафтың кейбір компоненттерін мен элементтерінің ерекшеліктерін анықтау және олардың өзгеру бағытын нақтылы жағдайда тіршілік етуші организмдердің түр құрамы арқылы айқындау. Экологиялық индикация торырақ типтерін диагностикалау және топырақ түзу процесі бағытының өзгеруін анықтау үшін, су мен ауаның сапасын анықтау үшін, пайдалы қазба байлықтарды, әсіресе шашыраңқы орналасқан, әдеттегі геологиялық және геофизикалық әдістермен табылмайтын кендерді іздеуде кеңінен қолданылады.
Біздің елімізде бұндай зерттеулер едәуір кең шеңбердегі мәселелерді қамтиды. Атап айтқанда, топырақ фаунасының сипаты бойынша топырақтарды диагностикалау әдісі жүзеге асырылды. Өсімдік жамылғысын талдау нәтижелері негізінде кен байлықтарын іздеу жөнінде кең ауқымды зерттеулер жүргізілуде. Адамның табиғи процестерге ықпаын, атап айтқанда, судың. Атмосфера мен топырақтың ластану деңгейін анықтауда экологиялық индикацияны пайдалануға үлкен мән беріп отыр. Бұл мақсат үшін индикторлық организмдер тізімі пайдаланылады.
Жоғарыда сипатталған жалпы экологиялық проблемалардан басқа, экологтардың қатысуынсыз шешілмейтін көптеген нақтылы практикалық мәселелер бар. Оларды төмендегіше топтастырайық:
--- ландшафтты сауықтыру, яғни табиғи ландшафтта әр түрлі аурулардың таралуы нәтижемінде болатын адамның науқастану қаупін жоюға бағытталған шараларды белгілеу. Аурулардың табиғи ошақтарын зерттеу; ауру қоздырушы, таратушы, сақтаушы(резерватор) түрлердің экологиясын зерттеу; табиғи ошаққа ықпал ету мақсатымен оның құрыдымындағы міндетіне жатады.
--- бүлінген экожүйелерінің қалпына келтіру, яғни адам іс-әрекетінің жағымсыз зардаптарына байлнысты және бәріне ортақ бір мүдде – ландщафтың бүлінген бөліктерін мәдени – шаруашылық үшін пайдалануға қайтару мақсатын біріктіретін мәселелер кешені.
Төмендегі проблемалар осылардың мысалы :
1) бүлінген және шаруашылық айналымнан шығарып тасталған жер алқаптарын – шымтезек ( торф ) өндірілген шұңқырларды, террикондарды ( шахталардың жанындағы бос жыныс үінділерін ), пайдалы қазбаларды ашық әдіспен алу кезінде пайда болған үйінділерді рекультивациялау;
2) шамадан тыс мал жаю нәтижесінде пайдалануға жарамай қалған жайындыларды қалпына келтірк;
3) эрозияға ұшыраған топырақ жамылғысын қалпына келтіру
4) тозған топырақтардың құнарлығын қалпына келтірі
5) су қоймаларының антропогендік факторлар әсерінен бүлінген өнімділігін және басқа адам үшін жағымды қасиеттерін қалпына келтіру. Осы тәрізді мәселелер экожүйелер дамуының ерекшеленген анықтау негізінде іске асырылады. Сукцессиялардың қалай жүретінін біле отырып қана рекультивациялық процестерді тиімді арнаға бағыттауға болады.
--- қалалардан шығарылатын органикалық қоқыстан пайдаға асыру, яғни органиклық қалдықтарды гуммосқа ( қара шірікке ) айналдыру және минералдық заттар деңгейіне дейін ыдырату тәсілдерін іздеру; органикалық затты ұқсату процесіне қатысатын және біртұтас өндірістің келесі буындарында пайдалануға жарамды белгілі бір биологиялық өнім беретін организимдердің әр алуан топтарын қолдану негізінде тұйықталған технологиялық циклдер жасау. Проблема экожүйелердің торфикалық – энергетикалық қызметі мен заттар айналымы теориясы негізінде шешіліді.
---- кәсіпшіліктен шаруашылыққа көшудің, яғни « терушіліктен » жоғары өнімді егіншілікке, « аңшылықтан » мәдениетті шаруашыллыққа жүргізуге көшірудің принцептері мен стратегиясын іздестіру;кәсіптік мақсатта ауланатын жануарларды жартылай еркін және еркін жағдайда өсіру және оларды толығымен қолға уйрету,балықтар мен кәсіпшілік мәні бар омыртқасыз жануарлардың аквадақылдарын шығару,балық өсіретін қуатты кешендер салу және т.б.соның мысалдары бола алады.
---Қазіргі кезде жер жүзінде балық және басқа да су организмдерін өсіру көлемі 6 млн тоннаға жетті(4млн т.балық моллюскалар мен балдырлардың әрқайсысы 1 млн тоннадан),ал олардың аулануы 70 млн тоннадан асады.Кейбір болжамдар бойынша XX ғасырдың аяғына дейін теңіз шаруашылығы өнімі 40 млн тоннаға ұлғаяды.
Кәсіпшіліктен ұдайуы өсіруге көшу-орман шаруашылығының ең таяу уақыттағы перспективасы.Ориан кәсіпшілігінің ресурстары 2000-шы жылы іс жүзінде сарқылып бітеді (Табиғатты қорғаудың әлемдік стратегиясына көрсетілгендей,ормандардың шабу минутына 20 га жылдамдықпен жүріп жатыр,әлемдік көлемде бұл ағаштың табиғи өсімінен 18есе артық)
---Планетаның орман жамылғысы әлі де жыл бойына жылына 1%-ке жуық жылдамдықпен тарыла бермек,ормандардың әлемдік аумағы жалпы құрлық бетінің 20%-не жуықтағанда тарылу қауіпті шегіне жетеді.Одан соң адамдар жанталаса орман өсіруге кіріседі, оны тек демалыс немесе ағаш алу емес,оттегі үшінде өсіретін болады, өйткені оттегі ресурсы әзір сарқыла қоймағанымен,көз алдымызда кеміп барады.
---Биосфераның эталондық бөліктерін сақтап қалу, яғни әр түрлі табиғи аймақтар мен белдеулердің неғұрлым өздеріне тән ландшафттарын,көлдері мен өзге су қоймаларын,экожүйелерін,жануарлары мен өсімдіктерінің жекеленген түрлерін ұзақ уақыт сақтауға бағытталған қорық шаруашылығының жүйесін жобалау. Экожүйеге адам әр түрлі дәрежеде ықпал ететін(толық қорылудан белгілі режимде ұстап отыруға дейін)қорықтық жерлер жүйесін құру қажет. Қорықтар көптеген аутэкологиялық және синэкологиялық мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік беретін экологиялық лабороториялар ретінде қарастыруылуы тиіс. Табиғи қорықтарды жобалағанда аралық теория принциптері мен заңдылықтарын ескерудің маңызы зор.