Анның азотты қалдығы.Осы топқа кіретін заттардың химиялық табиғаты.

Қанның қалдық азоты—бұл плазманың белокты емес заттарының азоты,ол қан сары суы белоктарын үш хлор сірке қышқылымен тұнбаға түсірегнде бөлінеді. Қанның қалдың азоты белокты емес табиғаты бар төмен молекулалы қосылыстар түрінде болады,мочевина азоты,аммиактың,индиканның,нуклеотидтердің,нуклеозидтердің,билирубинның,холинның ж\е т.б.азоты.Қалдық азоттың құрастырушы компоненттері белокты алмасудың соңғы өнімдері болып табылады,сондықтан ағзадан шығарылуы к\к.Бұйректің экскреторлы қызметтерінің бұзылуын анықтау мақсатында ж\е бүйректің жетіспеушілік дәрежесін бағалау үшін немесе буындардың мочевина түзуші қызметін бағалау үшін қанның қалдық азотын ж\е оның жекеленген компоненттерін анықтайды.

1.Қалдық азот 14-25 ммоль\л

2.Мочевина 2,5-8,3ммоль\л

3.Зәр қышқылы 0,16-0,57 ммоль\л

ерлерде 0,24-0,57 ммоль\л

әйелдерде 0,16-0,40 ммоль\л

4.креатинин

ерлерде 44-100 мкмоль\л

әйелдерде 44-88 мкмоль\л

5.Креатин

Ерлерде 15-45 мкмоль\л

Әйелдерде 45-76 мкмоль\л

6.Жалпы билирубин 8,5-20,5 мкмоль\л

тура 25%дейін

емес тура 75-100%

9 Қан плазмасының азотсыз құрамы,өкілдері,химиялық табиғаты,олардың қалыпты мөлшері.

Қанның азотсыз органикалық компоненттер тобына көмірсулар ж\е липидтер алмасуларының метаболиттері жатады.

Адам тканінің негізгі көмірсулері-гомополисохарид гликоген,гетерополисахаридтер-гиалурон қышқылы,креатинсульфаттар,хондроитинсульфаттар,гепарин ж\е моносахаридтер-глюкоза,фруктоза рибоза дезоксрибоза болып табылады.адамның қанында ж\е тканьдерде дисахарид сахароза болмайды.Дисахарид лактоза тек сүтте кездеседі.Адамның қан плазмасында тек моносахарид глюкоза мен көмірсулар алмасуының метоболиттері болады.Сондықтан қанның қантты деген термин мүлде сәйкес емес. Глюкоза-адам мен жануарлар ағзасының барлық клеткаларының негізгі энергетикалық материалы болып табылады.Глюкозаның қайнар көзі мен пайдалану жолдарының схемасында адам ағзасындағы глюкоза катаболизмы кезіндегі айналу жолдары мен энергетикалық шығымы көрсетілген.Қан сары суында көмірсулар алмасуының мынадай метаболиттері бар:

1.Глюкоза 3,3-5,7 ммоль\л

2.Сүт қышқылы 1 ммоль\л-ге дейін

3. Белоктармен байланысқан гексозалар 5,8-6,6 ммоль\л

4.Серомукоидпен байланысқан гексозалар 1,2-1,6 ммоль\л

5.Сиал қышқылдары 2,0-2,33 ммоль\л

Глюкоза-қанның маңызды компоненттері болып табылады.Қанда глюкозаның мөлшері қан ағымынаиглюкозаның келіп түсуін ж\е тканьдердің глюкозаны пайдалану жылдамдығын қамтамасыз ететін механизімдердің өткізгіштігіне байланысты болады. Клеткалардың плазматикалық мембранасы тек бос глюкозаны өткізеді,ал фосфорлы эфирлерін өткізбейді.

10 Эритроциттер химиясы. Газдар тасымалдауға және рН-ын сақтауға гемоглобиннің қатысуы.

Барлық қанның 36-48%эритроцит алады. 1мм 4-5 млн –ғадейін эритроциттер болады. Эритроциттер-эритробластың ядросыз дериваты болып табылады. Жетілген эритроцитте ядро, хроматин және белоктар мен липидтер синтезінің аппараты болмайды. Эритроциттерде митохондрия да жок. Өсуге, органикалық заттарды синтездеуге қабілетті тірі клетка қатарына жатпаса да, эритроцит ұзақ өмір сүруге қабілетті. Эритроциттердің басты биологиялық қызметі – газдарды тасымалдау (оттегіні және көмірқышқыл газын). Эритроциттер аминқышқылдарды,глюкозаны және калий мен натрий иондарын тасымалдауға қатысады. Қан ағымындағы циркуляциясының бүкіл мерзімінде эритроциттің газды тасымалдау үшін екі бүгілген диск тәрізді формасын сақтауы – эритроциттердің химиялық құрамымен, құрылысымен және мембранасының қасиеттерімен түсіндіріледі. Эритроциттердің негізгі химиялық компоненті глобин белогы болып табылады. Эритроциттердің құрғақ затының салмағының 95% гемоглобин құрайды. Сау адамдарда қандағы гемоглобин концентрациясы 132-164г/л. Ағзаның барлық гемоглобині эритоциттерде шоғырланған.Қан плазмасындағы гемоглобиннің мөлшері өте аз. Гемоглобиннен басқа эритроциттерде анаэробты гликолиз бен глюкоза катаболизмінің пентозды жолын қамтамасыз ететін белок-ферменттер, метгемоглобинредуктаза супероксиддисмутаза, каталаза және т.б ферменттер болады.

11 Қанның қышқыл-сілтілі жағдайы. Қанның құрам бөліктерінің қан рН сақтауға қатысуы,сілтілік резерв.

Қан плазмасының қышқылді-сілтілі балансы минералдық заттармен қамтамасыз етілуі,сау адамның ағзасындағы олардың мөлшері төмкендейді:

Калий -3,4-5,3 ммоль\л

Натрий-130-150 ммоль\л

Кальцый-2,3-2,75 ммоль\л

Темір-12-32 ммоль\л

Фосфор-1-2 мкмоль\л

Хлоридтер-97-108 ммоль\л

Магний- 0,7-1,2 ммоль\л

Бикарбанаттар-21-25 ммоль\л

Буферлі негіздері-40-60 ммоль\л

Қанның қышқылды-сілтілі жағдайының басты көрсеткіштері мыналар:

Қан рН 7,36-7,44

рО2 90-100см с.б

рСО2 36-44см с.б

Сүттектік көрсеткіш-қан рН-ы.Қалыпты жағдайда қан плазмасының рН-ы 7,35-7,44.рН жоғарылауы метоболитикалық немесе тыныс алу компенсацияланбаған ж\е субкомбинсацияланған алкалоз кезінде байқалады.рНтөмендеуі метаболитикалық немесе тыныс алу компенсацияланбаған ж\е субкомпенсацияланған ацидоз кезінде байқалады.Көмір қышқыл газының парциальды қысымы-рСО2-тыныс алу жүйесінің функциональды жағдайын көрсетеді,осы жуйенің потологиясы кезінде ж\е метоболитикалық ауытқу кезіндегі компенсаторлы реакциялар нәтижесінде өзгереді.Гиперкапния - рСО2 қалыпты жағдайдан жоғары компенсацияланбаған немесе суб компенсацияланбаған тыныс алу ацидозы кезінде байкалады. Гиперкапния - рСО2 қалыпты жағдайдан төмен-тыныс алу компенсацияланбаған немесе суб компенсацияланбаған алкалоз кезінде байқалады.40 мм сын бағ жоғары болуы тыныс алу ацидозын көрсетеді.

12 Нерв тканінің химиялық құрамы. Зат алмасу ерекшеліктері.

Нерв жүйесі — информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі ұйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе. Оның негізгі құрылымдық бірлігі — нерв клеткасы — нейрон.
Адам организмі күрделі де өзара тығыз байланысқан жүйелерден, органдардан және тканьдерден тұратын жоғары ұйымдасқан биологиялық супер жүйе болып есептеледі. Осы-күрделі құрылымда ерекше рольді орталық нерв жүйесі — ми мен жұлын атқарады. Ол адам организміндегі барлық клеткаларды, ткаиьдерді, органдарды, бұлардың жүйелерін, өзара байланыстырып функциональдық біртұтастықта ұстайды. Орталық нерв жүйесінің қызметтері арқылы - барлық органдар мен тканьдерде болатын рецепторлар тітіркенген кезде туатын афферрнтті (орталыққа тепкіш) импульстер қабылданады, олардың анализі мен синтезі жүреді (өңделеді) және түрлі шеткі органдардьщ әрекетін тудыратын немесе тоқтататын, болмаса олардың тонусын сақтауға көмеқтесетін эфференттік (орталықтан тепкіш) импульстер пайда болады. Орталық нерв жүйесі жеке организмнің қоршағаң ортаға бейімделуін оның барлық қызметтерінің ең жетілген реттелуін және үйлесімді, бірлескегі түрде іске асуын қамтамасыз етеді.
Орталық нерв жүйесінің түрлі органдар әрекетін нақты бақылауы нерв орталықтары мен шеткі органдар арасында екі жақты байланыс болғандықтан іске асады. Қандай да болмасын эфференттік импульстерден орындалатын әрекеттен жұмые атқарушы органдардағы рецепторлар тітіркенеді де афференттік импульстер туады; ал олар тиісті әрекеттің нәтижесі туралы орталық нерв жүйесін хабарлайды (кері афферентация). Адамның да психикалық әрекеті мен басқа да барлық әрекеттері орталық нерв жүйесінде жүретін процестерге негізделген. Айтылып отырған аса жауапты да күрделі қызметте билеуші роль ми үлесіне тиеді.

13 Қалыпты зәрдің химиялық құрамы,олардың мөлшерінің өзгеру себептері.Ересек адамдарда нормада тәулігіне бөлінетін зәрдің мөлшері-1000-2000 мл және қабылдаған сұйықтықтың көлемінің 50-80% құрарйды.Ересек адамдарда тәуліктік зәрдің мөлшері 500мл-ден төмен және 2000мл-ден жоғары болса патология болып есептелінеді.Полиурия дегеніміз зәрдің көлемінің жоғарылауы.ол сұйықтықтардың көп мөлшерін қабылдау кезінде диурезді жоғарылататын қоректік заттарды қабылдау кезінде байқалады.Олигоурия –зәрдің тәуліктік мөлшерінің төмендеуі.Сұйықтықты аз қабылдаған кезде ,қызба күйінде құсу ,іш өту,улануда,өткір нефритте байқалады.Анурия-зәрдің бөлінбеуі.Ол бүйрек паренхимасының зақымдалуы кезінде, зәр-тас ауруларында ,сынаппен,мишьяк,қорғасынмен улануда байқалады.Тәуліктің зәрдің құрамында 60г құрғақ заттар-органикалық және бейорганикалық заттар болады.Зәрдің органикалық заттарының құрамында:мочевина,зәр қышқылы,креатинин, зәр қышқылы бар.Ал минералды заттарының құрамында:аммонийлітұздар,бикарбонаттар,фосфаттар,Na,K,Ca,Mg және бейорганикалық сульфаттары бар. Адам зәрінің шамамен 96%-ы су, 1,5%-ы бейағзалық заттар. Зәрде хлорлы натрий мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар,калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерін құрайды. Зәрдің құрамында 2,5% ағзалық заттар болады. Әсіресе несепнәр(мочевина), зәр қышқылы көбірек кездеседі. Несепнәр бауырда аммиактан түзіледі. Ересек адам тәулігіне шамамен 1,2 -1,6 л зәрбөледі. Көптеген ауруларды анықтау үшін зәрді талдауға алып зерттейді. Зәрдің сарғыш түсті болуы оның құрамындағы урохромпигментіне байланысты. Урохром гемоглобиннің ыдырауынан, ішек пен бүйректе ет пигментінен түзіледі. Зәрдің құрамындағы азотты өнімдер несепнәрмен бірге шығарылады.

14 Зәрдің патологиялық жағдайда құрамы мен физико-химиялық қасиеттерінің өзгеруі, зәрдің патологиялық құрамдарының пайда болу себептері.

Зәр — құрамында 96% су және 4% қүрғақ қалдық бар сұйық зат. Оның құрамы қорек сипатына, ішілген су мөлшеріне, организмнің физиологиялық күйіне, ауа райы мен жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады.

Зәрдің түсі сарғыш келеді, ол оның құрамындағы урохром және уробилин сияқты бояғыш заттарға байланысты. Адамда зәрдің иісі қышқыл, ал малда ол түлік түріне байланысты өзгереді. Жылқы зәрінің иісі өткір, шіріген шөп иісіне ұқсас, ал сиыр зәрі әлсіз шірік иісті, ит пен шошқа зәрінің иісі ащы, жағымсыз келеді.

Зәрдің осмостық қысымы 23-30 атм. шамасында, ал тығыздығы -1,020-1,040 аралығыңда сақталады. Оның құрамында 50-120 г/л еріген заттар болады, олардың 2/3-сі органикалык, ал 1/3 — бейорганикалық заттар үлесіне тиеді. Органикалық заттардың 80-85%-ы мочевинадан, ал қалған 15-20 %-ы креатин, зәр қышқылы, аллантоин (пуриннің алмасу өнімі), аммиак, амин қышқылдары сияқты заттардан тұрады. Бейорганикалық қосылыстар натрийдің, калийдің, магнийдің көмір қышқылды, хлорлы, фосфор қышқылды тұздары, кальций оксалаты мен фосфаты түрінде болады. Зәрдің әрекетшіл ортасы организмнің қоректену ерекшелігіне байланысты. Ет құрамында қоректілерде ол қышқыл, шөп қоректілерде — сілтілік, талғамсыз қоректілерде — амфотерлік.

Зәр түзу екі кезеңнен — сүзу (филыпрация) және кері сіңіру {реабсорбция) — тұратын күрделі физиологиялық процесс. Зәр түзу процесі нефрон капсуласына қанның сұйық бөлігінің сүзіліп өтуінен басталады. Осының нөтижесінде капсула қуысына коллоид заттардан тазартылған, құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас сұйық — алғашқы зәр өтеді. Капсула қабырғасынан қанның сұйық бөлігінің сүзілуіне шумақ тамырларының жоғары қысым тудыратын (с.б. 70-90 мм) құрылымдық ерекшеліктері мен ондағы майда тесіктер — жасушалар, ықпал жасайды. Бұл жасушалар молекулалық салмағы 7000-нан артық заттарды өткізбейді, сондықтан алғашқы зәр құрамында белок болмайды, оны белоксыз ультрафильтрат (сүзінді) деп те атайды. Плазманың онкостық қысымы (с.б. 30 мм) судың сүзілуіне кедергі

жасағанымен, оның деңгейі шумақтағы қан қысымы деңгейінен (с.б. 70-90 мм) төмен болады. Осы екі қысым айырмасы с.б. 40-60 мм құрайды да, сүзілу (фильтрациялық) қысымы деп аталады. Осы қысым қанның сұйық бөлігінің капсулаға өтуін қамтамасыз етеді. Шумақ пен капсуладағы қысым деңгейі теңескен кезде сүзілу процесі тоқтайды.

Тәулігіне өте көп мөлшерде алғашқы зәр түзіледі (адамда 150-180 л, сиырда 540-1800 л). Демек, бүйрек тамырларынан орасан көп мөлшерде (адамда 1700-1800 л) қан өтіп отырады. Әрбір 6-10 л қан-нан 1 л алғашқы зәр түзіледі.

Алғашқы зәр ирек түтікшелер жүйесіне түскеннен соң зәр түзудің екінші кезеңі — кері сіңіру — басталады да, судың көп мөлшері, кейбір еріген тұздар, амин қышқылдары, глюкоза т.б. қанға қайта өтеді. Кері сіңіру процесі түтікшелер эпителийінің құрылым ерекшеліктеріне байланысты атқарылады. Түтікшелердің ішкі беткейінде ащы ішектегі сияқты микротүктер болатын көрінеді. Қазір әрбір эпителий торшасының беткейінде 6500 микротүк болатыны анықталған. Осының нәтижесінде түтікшелердің ішкі беткейінің сіңіру ауданы 40 есе артады, ол адамда 40-50 м2, малда 40-50 м2 құрайды. Мұндай морфологиялық ерекшеліктер кері сіңіру процесінің қарқынды жүруіне мүмкіндік береді.

15 Қалқанша безі гормондары, құрылысы, түзілуі, әсер ету механизмдері, жануарлар организміне әсері.

Қалқанша безінің атауы гректің «тиреос»-қалқан, «идос»-ұқсас деген сөзінен шыққан. Қалқанша без – ішкі секреция бездерінің ішіндегі негізгілері. Ағзада айналып отыратын барлық қан тәулік бойы бірнеше рет қалқанша безі арқылы өтеді де оның бөліп шығарған секретін барлық ұлпаларға және мүшелерге жеткізеді. Қалқанша без гормондары зат алмасуға қатысады. Сүтқоректі жануарлардың қалқанша безі мойынның ортасына таман, көмейдің астында орналасқан.Ол онша үлкен емес. Адамдікі-15-30гр шамасында. Бездің ішінде «коллоид» деп аталатын қоймалжың массасы болады. Коллоид құрамында белок йодқа бай тиреоглобулин бар. Қалқанша без ағзаға сумен және қоректік затпен бірге енетін йодидтерді өзіне шексіз сіңіреді. Қалқанша бездің негізі де активті гормоны тироксинмен трийодтиронин. Ол гормондар бірнеше рет айналып өзгеруі нәтижесінде тирозин амин қышқылынан түзіледі. Тиреоглобулин гидролизі кезінде тирозиннің йодтанған туындылары және басқа да амин қышқылдары босайды. Тироксин дийодтирозиннің екі молекуласына тотығып, конденсациялану жолымен түзіледі, бұл кезде аланин бөлініп шығады. Ал монойодтирозин мен дийодтирозиннен трийодтиронин түзіледі.Қалқанша без гормонының ең қасиетті бөлігі йод болады. Сондықтан ағзаға йод жеткіліксіз болса қалқанша бездің көлемі ұлғаяды да, без иек астында құстың жем сауына ұқсап шор болып тұрады. Қалқанша бездің үлкеюіне байланысты бұл кесапатты халық арасында жемсау (зоб) деп атап кеткен.1840жылы ғалым Базедов зерттеді.

16 Қалқанша безінің гипо және гиперфункциясы кезіндегі биохимиялық өзгерістері.

Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos —қалқан) - шеткі ішкі секреция безі

Ішкі секреция бездері қызметінде екі түрлі ауытқу байқалады 1) гиперфункция — без қызметінің күшеюі, мұндай жағдайда без гормонды көп бөледі; 2) гипофункция — без қызметінің әлсіреуі, мұндай жағдайда без гормонды аз, жеткіліксіз мөлшерде бөледі. Организм үшін бездің гиперфункциясы да, гипофункциясы да қолайсыз, олар түрлі аурулар тудырады.

Қалқанша без қызметі күшейсе организм базед ауруына шалдығады бездің көлемі үлкейіп, көз шарасынан шығады (бадырақ көз), жүрек қағады, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылап, организм тез қажиды, терлегіш келеді. Без жұмысы әлсіресе ересек организмде шырышты ісік — микседема дерті байқалады тері кебірсіп, қатаяды да, ісінеді, түк түсіп қалады, зат алмасу қарқыны төмендеп, психика өзгереді. Без қызметі жас шақтан жетіспесе өсу процесі нашарлап, ақыл-ойдың дамуы тежеледі, нақұрыс — кретинизм ауруы байқалады. Ауыз су мен топырақта йод жетіспесе бездегі дәнекер ұлпа шамадан тыс ұлғайып, секрециялық торшалар әлсірейді де, организм зоб ауруына шалдығады. Бездің көлемі үлкейгенімен, гормон жеткіліксіз мөлшерде бөлінеді, зат алмасу процесінің қарқыны төмендейді.

Қалқанша серік безінің қызметі нашарласа тетания — құрысу байқалады, дененің бұлшық еттері тартылып, қарысып, қанда кальций мөлшері күрт төмендейді, тіс бұзылады, салмақ кемиді. Бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігінің қызметі нашарласа аддисон ауруы туындайды тері қошқылданып, тәбет жойылады, қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, организм ариды. Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметі нашарласа сусамыр — диабет ауруы байқалады, көмірсулар мен майлардың алмасуы бұзылады, қан мен зәрде қант мөлшері көбейеді.

Гипофиздің алдыңғы бөлімінің қызметі күшейсе организмнің өсу қарқыны үдеп, алыптық (гигантизм), ал әлсіресе — ергежейлік байқалады. Гипофиз қызметінің бұзылуы салдарынан организм акромегамия (дененің жеке бөліктерінің өсуіндегі үйлестіктің бұзылуы), май басу сияқты дерттерге де шалдығады.

17 Бүйрек үсті безінің милы қабатының гормондары, түзілуі, химиялық табиғаты, әсер ету механизмдері, заттар алмасуына әсері.

Бүйрек үсті безінің екі қабаты бар:сыртқы қыртыс қабаты және ішкі ми сияқты зат. Бұл екеуі дара без сияқты және екі түрлі гормон жасап шығарады. Ми заты екі түрлі гормон бөліп шығарады: адреналин және норадреналин. Адреналин ағзада көмірсулардың алмасуына әсер етеді. Фосфорилаза ферментін активтендіреді, ал гликогенсинтетаза жұмысын тежейді. Өзінің әсерін глюкагон сияқты цАМФ арқылы тигізеді. Сөйтіп қан құрамындағы мөлшерін көбейтеді. Адреналин мен норадреналин ұлпаларда қан қысымын арттыруға екі түрлі әсер етеді. Адреналин жүректі жиі соқтырады. Артерия қан тамыры саңылауын кеңейтеді. Ал норадреналин қан тамырларына келетін жүйке ұшына әсер ету арқылы қан қысымын арттырады да, қан тамыр саңылауы тарылады. Адреналин – бүйрек үсті безінің гормоны ол күшті оксидередукторлы қасиеті бар қосылыс. Симпатикалық жүйке жүйесінің туындысын арттырып оның орталықтарын қоздырады. Норадреналин – симпатикалық жүйке жүйесінің өзгешелік медиаторы ретінде қарастырылады. Мүшелер мен тканьдерде норадреналиннің мөлшері әр түрлі болады. Ол сол мүшелер мен тканьдердің симпатикалық инервациясының әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Норадреналиннің коп мөлшері көкбауырда табылған, ал азырақ мөлшерде бүйректе, бауырда, мида болады.

18Бүйрек үсті безіндегі қыртысты қабатының гормондары, түзілуі химиялық табиғаты әсер ету механизмі, заттар алмасуындағы маңызы.Екі қабаты бар:сыртқы қыртысты қабаты және ми сияқты зат.Бұл екеуі дара без сияқты және екі түрлі гармон шығарады.Бүйрек үсті безінің милы затының хромаффинді клкткаларында дофамин түзелу кезеңі арқылы тирозиннен норадреналин және адреналин гормондары синтезделеді.Оларда пирокатехин ядросы бар,сондықтан оларды катехоламиндер д.а.Биохимиктер мен эндекринологтардың Харьков мектебінің зерттеулерінен бастап ғылыми әдебиеттерде гармональді және нейромедиаторлы қызмет атқаратын катехоламиндер физиологиясы мен биохимиясына арналған мәліметтер,монографиялар өте көп.Катехоламиндер физиологиялық әсер етуде кейбір өзгешілікпен сипатталады,жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің қызметіне әсер етеді және горманальді әсері бар

19 Ұйқы безі гармоны-1869 жылы Лангерганс ұйқы безі ерекше аралшалар барын ашты,кейіннен ол аралшалар автордын есимимен аталады.Аралшаларда А(альфа) және В(бетта) жасушалар типі бар.Олар біріне бірі қарама-қарсы екі турлі гармон инсулин және гликоген болып шығартады.Канадалық ғалымдар Бантенг мен Бест 1921 жылы жаңа туған бұзаудың ұйқы безінен инсулин гармонын алып,қант диабетін емдеуде жаңа дәуір ашты.Бізді инсулин 1922 жылы Г.Л.Эйгорнның басшылығы мен алынды.Ағылшын ғалымы Сенджер 1955 жылы инсулиннің химиялық құрылысын.Инсулин-белоктық гармон,оның молек.салмағы 6000 адам және де жануарлар инсулинінің молекуласы 51 аминқышқылының қалдығынан құралған 5 полипептидтік тізбектен тұрады.Ұйқы безінің екі гармоны бар олар:инсулин және гликаген.Бұлар құбылыстардың барлығында ерекше қызмет атқарады.Инсулин қант деңгейін төмендетеді,ал гликоген қант деңгейін көтереді.Ағзада инсулин жоқ болса немесе жетіспесе қант құрамында гликоген мөлшері көбейеді(гипергликемия) және көп мөлшерде зәрмен бірге бөлініп шығады(оны глюкозурия д.а).Глюкозамен бірге ағзадан су көп бөлінеді,сырқат адам сусамырлыққа,ашқарақтыққа ұшырайды.Глюкозаны жоғалту салдарынан қордағы зат гликаген көп бөлініп шығады.

20 Қант диабеті кезіндегі зат алмасу өзгерістері.

Инсулин көптеген зат алмасу үрдістеріне әсер етеді. Сондықтан оның жеткіліксіздігінде барлық зат алмасулар бұзылады. Ең алдымен көмірсуларының алмасуы бүлінеді. Гипергликемия дамиды.

Инсулин жеткіліксіздігінің алғашқы көрінісі болып, организмнің глюкозаға шыдамдылығы (толеранттығы) төмендеуі есептеледі. Аш қарынға 1,75 г/кг глюкоза ішкізгеннен кейін сау адамдардың қанында глюкозаның деңгейі 7,8 ммоль/л (140 мг%)-ден аспайды және 2 сағаттан кейін қалыпты деңгейіне қайта оралады. Ал инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде гипергликемия 11,3 ммоль/л-ден жоғары көтеріледі де, глюкоза ішкеннен 3 сағат өткен соң да жоғары деңгейде сақталып қала береді.

Қанда глюкозаның деңгейі тұрақты көтерілгенде ол жасушаларға бүліндіретін әсер ететін өнімдерге айналуы мүмкін. Бұл аурудың ең жиі көріністері: қан тамырларының бүліністері (ангиопатиялар) және бүйректің бүліністері (нефропатиялар) байқалады.

Глюкозаның қандағы жоғары деңгейі глюкозурияға әкеледі. Глюкозаның зәрмен шығарылуы организмнен суды көптеп ала кетеді. Осыдан полиурия дамиды. Бұл организмнің сусыздануына қан плазмасының осмостық қысымы көтерілуіне, шөлдеу сезіміне, полидипсияға (грек. Polydipsia — қатты шөл) әкеледі.

Қантты диабет кезінде нәруыздардың алмасуы бұзылады. Диабет кезінде нәруыздардың түзілуі баяулайды. Осыдан бұлшық еттерде атрофия дамиды, қанда гипопротеинемия байқалады, антиденелердің түзілуі жеткіліксіз болады. Сондықтан теріде және шырышты қабықтарда іріңдік қабынулар, туберкулезбен ауыру қантты диабетпен ауыратын адамдарда жиі кездеседі.

Инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде майлардың алмасуы бұзылады. Бұл кезде майлардың ыдырауы күшейеді, май тінінен май қышқылдары мен глицерин босап шығады. Осыдан қанда майлардың жалпы деңгейі бірнеше есе көтеріледі. Осыдан келіп бұл адамдарда атеросклероз дамуына қолайлы жағдай пайда болады.

Ацетил-КоА-дан көптеген кетондық денелер түзіледі. Осыдан кетоацидоз дамуы байқалады. Кетонды денелер орталық нерв жүйесіне улы әсер етеді.

Қантты диабет кезінде тұздар мен судың алмасуы бұзылады. Бұл кезде калий иондарының алмасуы қатты бұзылады, оның жасуша ішінде тасымалдануы баяулайды. К+ иондары жасуша сыртында және қанда жиналып қалады. Артынан К+ зәрмен көп шығарылуынан оның қандағы деңгейі төмендейді. Сонымен бірге қантты диабетпен ауыратын адамдардың зәрінде натрий иондары көбейеді.

Зәрде глюкозаның, кетондық денелердің, азоттың, натрий мен калий иондарының деңгейлері көтерілуі организмнен судың көптеп шығуына әкеледі. Сондықтан қантты диабет кезінде тәулігіне 8-10 л зәр шығарылады.

Гипогликемия-қанда қант көлемінің кенет азаюы, бұл жағдай инсулин дозасы артық салынғанда байқалады. Науқасқа қандағы қант мөлшерін көтеру үшін кант, конфет, бал беру керек.

Гипергликемия-қандағы қант көлемінің көбеюі, инсулин уақытымен салынбай қалған кезде немесе инсулин дозасы аз болғанда дамиды. Емінде көктамырға инсулин енгізіледі.

Наши рекомендации