Радиоактивтілік .Радиоактивті заттардың шығу көздері.Адамның радиациялық зақымдалу ошағында болуының салдары.

Радиоактивтілік және оған жалғасатын иондық сәулелену Жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін өмір сүрді.Радиоактивтік материалдар Жер мен Күн жүйесінің планеталарының қүрамына олар пайда болған сәттен бастап кірді.Радионуклидтер тау жаныстарында, топырақта, суда кездеседі.Радиоактивтілікті ашу француз ғалымы Анри Беккерелдің есімімен байланысты, ол 1896 жылы қара қағазбен жабылған фотопластинканы ағартқан уран тұзының сәулеленуін анықтады.Жарыққа және 1895 жылы ашылған рентген сәулелеріне ұқсастыру бойынша бұл құбылыс радиоактивтілік атауына ие болды, яғни сәулелендіру қабілеті.Радиоактивтілік сәулелену көптеген физиктер мен химиктердің назарын аударды.Осы құбылысты зерттеуге Мария және Пьер Кюри орасан зор үлес қосты.1898 жылы олар уранның сәулеленгеннен кейін басқа химиялық элементке айналатындығын анықтады.Олардің кейбірін - радий мен полонийді ғалымдар таза күйінде ажыратты.Бір грамм радийдің сәулеленуінің бір грамм уранның сәулеленуінен миллион есе асып түсетін болып шықты.Бұдан кейін радий өзінің "сәулеленуші" атауына ие болды.Аз уақыттан кейін радиоактивті сәулеленудің біртекті емес екендігі және иондаушы және кіру қабілетімен ерекшеленетін сәулеленудің үш түрінің бар екендігі анықталды.Сәулеленудің осы үш түрі грек аріпінің алғашқы әріптерімен аталды: альфа, бета және гамма.Кейіннен альфа-бөлшектің гелийдің алты, ондық ядросы; бета-бөлшектің электрон екендігі, гамма-сәуленің электромагнитті сәулелену екендігі анықталды.Радиоактивтік ыдырау кезінде шығатын бөлшек пен гамма-квант заттармен ықпалдаса отыра өз энергиясын иондануға жүмсайды.Осы сәулелердің ортақ термині ретінде мына сөздер пайдаланылады:иондаушы сәулелену, иондағыш радиация немесе жай ғана радиация. Радиоактивті заттармен зақымданған жерде тұрған адам әрдайым сыртқы сәулеге ұшырауы немесе сәуле ауруына ұшыратуы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақымдануы ықтимал.Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді.Адамға радиацияның әсері. Адам сәулеленудің екі түріне - сыртқы және ішкі сәулеленуге үшырайды.Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жұлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады.Космостық сәулелөну дозасы адамға әсер етеді.Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, азонның қорғаныс қабаттары жұқара түседі, сондықтан да сәлелену жоғары.Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер ұшырайды.Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосферадағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады.Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4-12 мкр/сағ шегінде болады.Осы аудандарда тұратын адамдардың жылдық дозасы 30-100 мбэр (0,03-0, Ібэр).Табиғи көздерден адамның сыртқы сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады.Балықты көп жейтін адамдар, бұғы етімен қоректенетін солтүстік аудандар түрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бұл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері көбірек кездеседі.
17. Электромагниттік өрістің ағзаға əсері, олардан қорғану.

Радиожиілікті қондырғылар шығаратын электромагниттік сәулелерді мөлшерден көп қабылдаған жағдайда,ол адамда мамандық ауруға әкеліп соғады.Нәтижесінде нерв жүйесі,жүрек қантамырлары,эндокриналық жүйе және басқа да ағзаларға әсер етуі мүмкін.Электромагниттік өріс әсерінде ұзақ уақыт болған жағдайда адам тез шаршайды,ұйқышылдық пайда болады,ұйқысы бұзылады,жиі жиі басы ауырады,нерв жүйесі бұзылады және т.с.с. системалық сәулелену болған жағдайда психикалық ауру,қан қысымының өзгеруі,жүрек соғысының баяулауы,шашының түсуі байқалады.Электромагн.сәулеленуден қорғанудың негізгі әдістері:сәуле шығару көзіндегі сәулеленуді азайту;өте жоғарғы жиілікті және ультражоғарғы жиілікті қондырғыларды дұрыс орналастыру(қуаттылығы 10Вт-тан асатын қондырғыларды сәулелерді жұтатын материалмен(кірпіш) қапталған бөлмеде орналастыру);экрандалған бөлмелердегі қондырғыларды алыстан басқару және бақылау(көзбен бақылау үшін арнайы металл тормен қапталған қарағыш терезеден жасалады);жұмыс істеу орнын және сәуленің шығу көзін экрандау;ұйымдық шаралар;жеке қорғанысты қолдану(арнайы киім,қорғаныс көзілдірігі т.б).

Наши рекомендации