Тақырыбы: Экология – табиғатты қорғау мен ұтымды пайдаланудың теориялық негізі.Экология бөлімдері.
Дәріс кОМПЛЕКСТЕРІ
Қайта өңделді:б.ғ.к., аға оқытушы. Молдақарызова А.Ж.
оқытушы Айтжанова Г.М.
Алматы, 2016 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілді
Хаттама №_____ ______________ 2016 ж.
Кафедра меңгерушісі, профессор Кенесариев У.И.
Тақырыбы: Экология – табиғатты қорғау мен ұтымды пайдаланудың теориялық негізі.Экология бөлімдері.
2. Мақсаты:экологияның ғылым ретінде қалыптасуы, оның құрылымы, міндеттері мен негізгі заңдылықтары, тірі ағзаларға жағымсыз әсер ететін экологиялық факторлар туралы білімдерін қалыптастыру.
3. Дәрiс тезистерi:Экология, негізгі түсініктер. Қазіргі таңда экология сабағына алуан түрлі түсінік бар, ең жиі қолданылатыны: экология – бұл тірі ағзалар мен олардың тірішлік ету ортасы арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. "Экология" терминін (грек сөзі: ”oіkos”
- ”үй”, ”тіршілік ету ортасы”; ”logos” - ”ғылым”) 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель ұсынған. Ол өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» (1866 ж.) кітабында экологияны биологияның бір бөлімі – қоршаған ортада ағзалардың тіршілік ету сапасы туралы ғылым деп атады.
Ол өзінің «Организмдердің жалпы морфологиясы» (1866 ж.) атты кітабында, биология тарауларының бірін экология – организмдердің қоршаған ортада өмір сүру жағдайлары туралы ғылым деді. Ежелгі гректің “oikos” осы ғылымның атауы құралуы ғана емес, және адам игерген және тұрақтандырылған табиғатты белгілеу үшін «ойкумена» («экумена») ұғымын құраған. Адам космосты игеруімен «экумена» ұғымы жер шегінен әрі асты, ал экология, әзірше білім ретінде болмаса да, термин ретінде әрбір адамның санасына кірді. Қазіргі уақытта биология тарауларының бірі емес, онымен туыстығына география, саяси экономика, философия да, және жаратылыс және қоғамдық ғылымдардың барлық комплексі таласады. Оның үстіне, қазір экология ғылым ұғымының шегінен шығып, мемлекеттік және әрбір адамның алаңдау мен қамын ойлау затына айналды. Олай болса, экология барлығына қатысты, өйткені, егер экологиялық күйреу экологиялық апатқа дейін дамыса, ол ешкімді де аямайды. Қазiргi кездегi экология – бұл ғылым, өзара қарым қатынасты оқытумен айналысады.
1971 ж. Б.Коммонердің қалыптастырғанэкологияның негізгі заңдары:
1. Барлығы барлығымен байланысты (табиғаттағы құбылыстар мен процесстердің байланысы).
2. Бәрі қайда болса да бару қажет (кез келген табиғи жүйе тек сол жердің қоршаған ортасындағы энергетика мен ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалана отырып қана дами алады).
3. Табиғат «жақсы» біледі (табиғаттың механизмдері мен функциялары туралы нақты дәлелді ақпаратты білмей отырып, оны жақсартамыз деп табиғатқа зардабымызды тигізуіміз мүмкін).
4. Еш нәрсе тегін берілмейді (адамның еңбек барысында алынған заттың барлығының орны толтырылу қажет).
Ортаның экологиялық факторлары. “Экологиялық фактор” дегеніміз тірі организмдерге тікелей немесе жанама түрде әсер ететін ортаның кез келген элементі.Организмдер үшін экологиялық факторлардың түрлі мөлшері, не деңгейі түрліше әсер етеді. Экологиялық факторлардың әсер ету сипаты және организмнің оған жауап реакциясы фактор әсерінің интенсивтілігімен немесе оның мөлшерімен анықталады.
Кез келген организмнің тіршілігі үшін қолайлы не қолайсыз болып саналатын факторлар әсерінің белгілі интервалы болады. Экологиядағы классикалық немесе әдеттегі классификация бойынша экологиялық факторлар абиотикалық, биотикалық және антропогенді болып бөлінеді.
Абиоттық факторлар – бұл тірі емес табиғаттың әсері, тірі ағзаларға тікелей немесе жанама әсер етуі (жарық, температура, радиация, қысым, ауа ылғалдылығы, судың құрамы, жергілікті рельеф т.б.).
Биоттық факторлар – тірі ағзалардың бір біріне тура немесе жанама түрде әсер етуі. Кез келген ағза өзіне шынайы жағдайда басқа ағзалардың әртүрлі әсерін сезеді.
Антропогенді факторлар – адамның іс әрекетінен пайда болатын фактор. Жиі қолданылатын терминдердің бірі «антропогенді фактор». Адамның тіршілік барысына байланысты фактор. Соңғы жылдары әсер ету күшіне байланысты антропогенді факторларды жеке деңгейлі фактор етіп қарайды.
Қазіргі экологияның құрылымы мен міндеттері. Экология – барлық тірі организмдердің тіршілік ету ортасын зерттейтін комплексті ғылым. Экологияның басты зерттеу нысаны - экожүйе, яғни, тірі ағзалар мен тіршілік ортасынан құралған біртұтас табиғи жиынтық. Сонымен бірге, оның құзыреттілік аумағына ағзалардың кейбір түрлерін зерттеу (ағзалық деңгей), олардың популяциясы, яғни, бір түрдің жиынтығы (түрдің популяциялық деңгейі) және биосфера толығымен (биосфералық деңгей) кіреді.
4.Иллюстрациялы материалдар:мультимедийлік презентация.
5.Әдебиет:
1. Экология: учеб.пособие / C.А. Сергейчик. - Минск:Современная школа, 2010. -400 с.,
2. Экология в вопросах и ответах: учеб.пособие/ В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс,
2009.-378с,
3. Учение об окружающей среде:учеб. пособие/ Г.К. Ерубаева: Алматы, казак универс 2011.-153с.
4. Экология и устойчивое развитие.учеб. пособие/ Колумбаева С.Ж., Бильдебаева Р.М., Шарипова М.А. Алматы, Қазақ университеті, 2012 -133 с.
5. Экология: учеб.пособие / В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс, 2008.-315с, стр. 5-14.
6. Бигалиев А.Б., Халилов М.Ф., Шарипова М.А. Основы общей экологии Алматы, «Қазақ университеті» , 2007- 240с.
7. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология и здоровье населения. Учебник для ВУЗов и колледжей. - Алматы, 2002 -260 с.
8. Хандогина Е.К., Герасимова Н.А., Хандогина А.В. Экологические основы природопользования, М., «Форум», 2007
9. Вернадский В.И. «Философские мысли натуралиста», М., «Наука», 1988
10. Вернадский В.И. «Живое вещество», М., «Наука». 1969
11. Доклады Министерства охраны окружающей среды РК «О состоянии природной среды РК» 2000-2007гг.
12. Колумбаева С.Ж., Бидельбаева Р.М. Общая экология. Алматы, «Қазақ университеті» , 2006-195с.
13. Общая экология: учеб.пособие/ МаулкенАкишовна Аскарова.- Алматы: Қазақун-ті, 2004.- 184 с.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
1. Экология, негізгі түсініктер.Қазіргіэкология.
2. Экологиялық білім.
3. Б.Коммонердің қалыптастырған экологияның негізгі заңдары.
4. Ортаның экологиялық факторлары.