Тақырып: Табиғи және екінші реттік ресурстар

8.1Табиғи ресурстар және екінші реттік ресурстар

8.2 Табиғи ресурстарды тиімді және тиімсіз пайдалану

8.3 Табиғатты пайдалану түрлері, міндеттері мен мақсаттары

Табиғи ресурстар деп өзінің өмір сүруі үшін қажеттілік мақсатында адамдар пайдаланылатын табиғи денелер мен табиғат көріністерінің жиынтығын айтады.

Табиғи ресурстардың жіктелуіне себеп болатын белгілерге олардың сарқылатындығы және сарқылмайтындығы жатады. Егер осы жіктелуді кестеге түсіретін болсақ, онда шамамен жоғарыдағыдай түрде болады. Табиғи ресурстардың минералдық, климаттық, су, топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі, теңіздің көтерілуі мен қайтуы және жердің ішкі жылуы, т.б. түрлері болады.

Минералдық ресурстар өнеркәсіпте пайдаланылуына қарай: отын-энергетикалық (мұнай, табиғи газ, көмір, жанғыш тақта, шымтезек, уран

рудалары); рудалық (темір, қорғасын, мырыш, мыс, марганец, хромит, боксит, т.б. рудалар); таукендік химия шикізаттары (фосфорит, апатит, ас, калий, магний тұздары, күкірт, т.б.); табиғи құрылыс материалдары, сондай-ақ әшекейлік техникалық асыл тастар (мәрмәр, гранит, алмаз, т.б.); гидроминералдар (жер асты минералды сулар) болып бөлінеді. Климаттық ресурстарға күн мен жел энергиясы, жауын-шашынның түрлері, т.б. жатады.

Қалпына келетін ресурстар – биосфера шегінде айналымда болатын

заттар және өзінен-өзі қалпына келетін барлық табиғи ресурстар (көбейту немесе табиғи циклдер арқылы): адамның шаруашылық іс-әрекетіне қарай өсімдік, көлдердегі су қалпына келетін ресурстар, ал топырақ, көмір, мұнай, басқа да минералдық байлықтар – қалпына келмейтін ресурстар болып саналады.

Қалпына келмейтін ресурстар – табиғи ресурстардың бір бөлігі, қазірде, болашақта да оларды басқалармен алмастыруға болмайды (мысалы, тірі табиғат, адамдардың өмір сүру жағдайы, т.б.).

8.2 Табиғи ресурстарды тиімді және тиімсіз пайдалану

Адам мен адамзат қоғамы өзара әсер етуі процесі кезінде қоршаған

табиғи ортаның жағдайының қиындауы табиғатты тиімді пайдалануды және табиғатты қорғауды талап етуде. Табиғатты пайдалану деп бір жағынан адамның тәжірибелік жұмысын, екінші жағынан ғылымды айтады. Табиғатты пайдалану ғылымының негізін салушысы – Ю.Н.Куражковский.

Табиғатты пайдалану міндеттеріне не табиғатты және оның ресурстарын пайдалануға байланысты, не оның өзгерістерінің адамға әсеріне байланысты барлық шаралардың жалпы жағдайын табу жатады. Табиғатты пайдалану жаратылыстану, жалпы және техникалық пәндермен бірге дамып келе жатыр. Бұл кезде адамның табиғатпен өзара әсерлесуі, яғни ауыл шаруашылығы, экономика, гигиена, табиғатты қорғау, тарих және т.б.әсерлесулерге байланысты мәліметтер қолданылады.

Табиғи ресурстардың сарқылмауы үшін қалпына келмейтін ресурстардың қорын барлау қарқынын арттырып, шикізаттын, отынның, энергияның жаңа көздерін ашуға барлық күшті жұмылдыру қажет.

Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы, экономикалық дамудың барлық факторлары – еңбек ресурстары, өндіріс құралдары қоршаған табиғи ортаны қоғам өндірісін дамытуға бағындырылады. Сұраныстың бірте-бірте артуы табиғи ресурстарды кең түрде пайдалануға әкеліп соқтырады. Мұның өзі олардың бір мезгілде жұтаң тартуына, өндірістік қалдықтардың көбейе түсуіне, сөйтіп қоршаған табиғи ортаны ластауға себепкер болады. Осыған орай, екі мәселе туындайды:

Біріншісі, табиғи ресурстардың қажеттілігі қаншалықты көп болғанымен оларды пайдаланудың ең тиімді жолдарын анықтау, тапшы ресурстардың бір түрін тапшылығы азырақ басқа түрлерімен ауыстыру, қалдықсыз өндірісті дамыту, шикізаттарды екінші қайтара пайдалану.

Екіншісі, қоршаған табиғи ортаның жағдайын үнемі қадағалап, ластағыш заттар түрлерін анықтау, соның негізінде оларды мүлдем қысқарту емесе

тоқтатып тастау шараларын қарастыру. Табиғи ресурстарды шаруашылық тұрғысынан үнемді пайдалану міндетінің барлығы бірінші кезекте қоршаған табиғи ортаны мүмкіндігінше сақтау, жаңа технологияны жетілдіру және зиянды заттарды азайту, олардың зиянды қалдықтарын тазарту, өңдеу жұмыстарымен ұштастырыла жүргізілуі тиіс.

Адамның табиғатпен әсерлесу проблемасы мәңгі проблема болып табылады. Өйткені адамзат табиғи ортамен өзінің шыққан тегі, өмір сүруі және болашағы бойынша байланысты. Адам-табиғаттың бір элементі, «табиғат-қоғам» күрделі жүйесінің бірбөлігі. Өзінің көптеген қажеттілігін (биологиялық, ресурстық, тыныс-тіршіліктік) табиғат арқылы қанағаттандырады. Табиғи орта адам өмірі үшін биологиялық түрдегі жағдай жасайды, яғни адам өмір сүруіне қажетті шаруашылық заттары табиғи ортаның компоненттері болып табылады. Табиғат оның эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын көз болып табылады.

Адамзат өзінің қажеттілігін барлық түрлер арқылы қанағаттандырады.

Қазіргі дамып келе жатырған шаруашылық қоршаған ортаның теріс өзгеруіне әсерін тигізуде. Қазіргі таңда адамзаттың өмір сүруіне қауіп туғызатын экологиялық проблемалар нақты проблемаға айналды. Олардың пайда болуының негізгі себебіне жер бетінде халықтың көбеюі және өндірістердің шексіз түрде өсуі жатады. Технологиялық процестердің жетілмеуі өндіріске қажетті деп алынған көп мөлшердегі табиғи ресурстардың тек 1,5-2 %%-ы ғана соңғы өнім болып табылады. Негізгі салмақ өндірістік және тұрмыстық қалдыққа айналады. Ауыл шаруашылығының, көліктердің, қалалардың өсуі адам үшін теріс экологиялық әсер етеді.

Ғалымдар оларды 3 топқа бөледі:

1. Ресурсты-шаруашылық (табиғи ресурстардың сарқылуы);

2. Табиғи-ландшафты (көптеген түрлердің азаюы, табиғи ресурстардың

деградациясы);

3. Антропты-экологиялық (адамның денсаулылығының нашарлауы).

8.3 Табиғатты пайдалану түрлері, міндеттері мен мақсаттары

Табиғи ресурстарды адамның шаруашылық қажеттілігіне жарату жолдарын және табиғи ресурстарды қалпына келтіру, тірі табиғатты, адамдарды қоршағанорта мен ресурстарды қорғау шараларын біріктіре отырып шешу проблемасы туындады. Осы проблемалармен табиғатты пайдалану деп аталатын жаңа кешенді ілімдер жиынтығы айналысады.

Табиғатты пайдалануға кіреді:

1. Табиғи ресурстарды алу және қайта өңдеу, оларды қалпына келтіру немесе өндіру;

2. Өмір үшін табиғи жағдайларды пайдалану және қорғау;

3. Биосфераның табиғи жүйесінің экологиялық тепе-теңдігін сақтау, қайта өндіру және тиімді өзгерту. Табиғатты пайдалану кезінде өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында адамның әртүрлі жұмыстары нәтижесінде қоршаған табиғи ортаның өзгерісіне және экологиялық зардаптарына мән беріледі. Яғни адамның қажеттілігі → 32 адамның әсер ету түрлері: өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік, уабанизация → қоршаған табиғи ортаның өзгеруі→ адам үшін зардабы.

Табиғаттың пайдалы қасиеттерін алу бойынша адамзаттың шаруашылығының әртүрлі бағыттары табиғатты пайдаланудың әртүрлі түріне жинақталған: ресурсты, отраслды, территориялық.

Ресурсты және салалық табиғатты пайдалануда меңгеру кезінде материалдық және материалдық емес сферада ресурстарды пайдалану нәтижесінде туындайтын проблемалар қарастырылады. Осы түрдегі табиғатты пайдалану міндетіне табиғи ресурстарды оптималды пайдалану жолдарын меңгеру жатады. Мысалы, ресурстық цикл идеялары негізінде оларды кешенді пайдалану және өндіру. Бұл кезде ресурстық циклдарды барлық заттардың бүкіл өндіру сатыларында қайтадан табиғатқа ауысуы, яғни өндірілген заттың табиғатқа қайтып келуі - тұйық процесі ретінде қарастырады. Отрасльдық пайдалану кезінде табиғатты пайдаланудың басқа табиғат көзін жоюы мүмкін. Мысалы, карерді салу міндетті түрде құнарлы топырақты жояды.Сондай-ақ, кейбір табиғи ресурстарды пайдалануды ұлғайту мен азайту басқа табиғи ресурстың не азаюына , не көбеюіне жағдай жасайды. Мысалы, орманды бірыңғай кесу территорияның рекрециялық жағдайын нашарлатады. Сонымен қатар табиғатты пайдалану бір-біріне кедергі келтіретінде жағдайлар болады.

Мысалы, суды қорғау үшін орманды пайдалану аң ату шаруашылығының дамуын кедергі келтірмейді. Ең соңғысы, бір табиғатты пайдалану екіншісінің өсуіне мүмкіндік береді. Рекрециялық аймақта бау-бақша шаруашылығының дамуы осыға мысал болады.

Лекция №9

Наши рекомендации