Табиғат қорғау шаралары

Табиғат қорғау шаралары - қоршаған табиғат ортасына жағымсыз әсерді азайтуға, жоюға, елдің табиғат-ресурстық әлеуетін сақтауға, жақсартуға және ұтымды пайдалануға бағытталған шаруашылық қызмет түрлері. Табиғат қорғау мақсатындағы жобаланатын және жоспарланатын шаралар кешені өндірісті дамытумен және демографиялық ахуалмен байланысты перспективалық өзгерістерді ескере отырып адамдардың денсаулығын қорғау және қоршаған ортаны қорғау мүдделеріне сай келетін қалыпты талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге, қоршаған ортаның жағдайын жақсартудан, табиғат ресурстарын үнемдеуден және неғұрлым толық пайдаланудан барынша тиімді экономикалық нәтиже алуды көздейді. Шаруашылық қызметті жоспарлау кезінде оның экологиялық талаптармен қатаң түрде байланыстырылуы қажет[2].

Микроорганизмдердің морфологиясы және экологиясы[өңдеу]

Микробиологияның дамуының негізгі кезеңдері. Микроб әлемін танудың физиологиялық және морфологиялық кезеңдері, микроорганизмдердің ашылуы. Биология және медицина ғылымының бөлігі ретінде микробиологияның қазіргі заманғы даму кезеңдері; жетістіктері және оның әрі қарай дамуының негізгі бағыттары. Микроорганизмдердің классификациясы және жүйелілігі туралы түсінік. Прокариоттар әлемі, номенклатуралық сипаттамасы. Түр-микроорганизмдердің жүйелігінің негізгі бірлігі ретінде. Штамдар, таза өсінді, клондар туралы түсінік. Микроорганизмдердің негізгі морфологиялық формалары: кокктар, таяқшалар, қисық варианттар; олардың сипаттамалары. Бактериалдық жасуша құрылысы, оның негізгі құрылымдық элементтері. Жасуша ішілік пайда болулардың, цитоплазмалық мембраналардың және жасуша қабырғасының химиялық құрамы мен құрылысы. Бактериалдық жасушаның тұрақты және тұрақты емес құрылымдық компоненттері (капсула, споралар, жіпшелер, қосындылар). Сферопластар, протопластар. Цитоплазманың ұйымдасуы. Капсула, оның химиялық құрамы, бояу әдістері, атқаратын қызметі. Споралар, олардың физиологиялық рөлі, химиялық құрамы, бояу әдістері, табиғаттағы рөлі; микробтардың өмірсүруіндегі қызметі. Бактериалдық қосындылар сипаттамасы, волютиндік дәндер, олардың физиологиялық рөлі, бояу әдістері. Спирохеталар, актиномицеттер, микоплазмалар, риккетсиялар және хламидиялар. Жасуша ішілік құрылымның морфологиялық ерекшеліктері, оларды бояу әдістері. Олардың негізгі биологиялық қасиеттері. Адам патологиясындағы маңызы. Антибиотик өндірісінде актиномицеттер және саңырауқұлақтардың атқаратын рөлі. Категориясы бойынша туыс саны[1]:

Категория — Саны
Туыс жалпы саны
Бактериялар
Мицелиалді саңырауқулақтар
Ашытқылар
Актиномицеттер

табиғат қорғау шаралары - student2.ru

Nazik ktl.

Категориясы бойынша түр саны[1]:

Категория — Саны
Туыс жалпы саны
Бактериялар
Мицелиалді саңырауқулақтар
Ашытқылар
Актиномицеттер

Категориясы бойынша штаммдар саны[1]:

Категория — Саны
Туыс жалпы саны
Бактериялар
Мицелиалді саңырауқулақтар
Ашытқылар
Актиномицеттер

Үлгілердің саны[1]:

Категория — Саны
Туыс жалпы саны
Бактериялар
Мицелиалді саңырауқулақтар
Ашытқылар
Актиномицеттер

Микроорганизмдердің экологиясы. Экожүйелер, экологиялық қуыстар. Популяция, биотоп, микробиоценоз. Симбиотикалық бірігулер ретіндегі микроорганизмдер: мутуализм, комменсализм, паразитизм, антагонизм. Топырақ, ауа, су микрофлорасы. Адам организмінің қалыпты микрофлорасының негізгі бөлімі ретінде - тұрақты (тәуліктік) және кездейсоқ (транзиторлық) микрофлора болып табылады. Топырақ, су, ауаға микроорганизмдердің санитарлық көрсеткіштері; биологиялық қасиеттері, анықтау әдістері. Сүт және сүт өнімдерінің микрофлорасы; ет және шұжық өнімдерінің микрофлорасы; сусындар мен шырынның микрофлора.

Микроорганизмдер, микробтар – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы – микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды.

табиғат қорғау шаралары - student2.ru

Ротавирус

Микроорганизмдер физиологиялық және биохимиялық қасиеттері жағынан әртүрлі. Олардың кейбіреулері басқа организмдер өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, 70 – 1050С ыстықта, жоғары деңгейдегі радиацияда және концентрациясы өте күшті қышқылды (pH<1,0) немесе сілтілі (рН 9,0 болатын, кейде одан да жоғары) орталарда, NaCl-дың жоғары концентрациясында (25 – 30%), оттек жоқ жерде (анаэробты жағдайда) тіршілік ете алатын микроорганизмдер белгілі. Олар өте төмен температурада да, құрғақшылық ортада да көбейе алады. Кейбір бактериялар мен балдырлар өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО2-ні пайдаланады, бұларды автотрофтар деп атайды. Бұлардың ішіндегі кейбіреулері (мысысалы, сүт қышқылы бактериялары және қарапайымдылар) өздерінің дамуына қажетті өсу факторларын, яғни дайын витаминдер, амин қышқылдары немесе т.б. органикалық заттарды өздері синтездей алмайды. Мұндай микроорганизмдерді – ауксотрофтар деп атайды. Көптеген микроорганизмдер өте күрделі органикалық қосылыстарын (ақуыздар, көмірсулар, соның ішінде целлюлоза, липидтер, нуклеин қышқылдары, көмірсутектер) ыдыратса, кейбіреуі адамдарды және жануарларды уландыратын (метанол, көміртотығы, күкіртсутек, нитриттер) заттарды пайдалана алады, ал кейбір түрлері табиғи емес қосылыстарды ыдырата алады (ксенобиотиктер). Микроорганизмдер табиғатта – топырақта, суда, ауада кең таралған, биосферадағы зат айналымына белсене қатысады. Микроорганизмдер фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың минералдануына жағдай туғызып, атмосферадағы СО2 қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады. Микроорганизмдер ауадағымолекуларық азотты сіңіруге де (азотфиксация) белсене қатысады. Тау жыныстары мен топырақ түзілу процесін ыдыратып, кейбір пайдалы қазбалардың (мысысалы, сульфидтер мен күкірт) түзілуіне әсер етеді. Микроорганизмдердің практикалық маңызы зор. Олардың көпшілігі өнеркәсіптің әртүрлі саласында (мал азықтық белокты түзу, шарап жасау, нан пісіру, сүт қышқылы тағамдарын өндіру кезінде антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, кейбір ферменттер, т.б.), адам шауашылығында (сүрлем даярлауда, өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғауда) кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Микроорганизмдер лас суларды тазартуда, жанар газ – метанды түзуде пайдаланылады. Бірқатар микроорганизмдер адамдар, жануарлар және өсімдіктердің патогені болып саналады. Микроорганизмдердің кейбір түрлері топырақты құнарсыздандырып, көптеген адам шаруашылығы өнімдерін бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауына ықпал етеді. Микроорганизмдер биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар ашылып, биотехнологияның негізі қаланды

Наши рекомендации