Ртемизинин (кингхоасу) және оның туындылары.

дам маляриясының қоздырғыштары.

P.vivax – 3 күндік малярияны шақырады, Азия, Окенаия, Оңтүстік және Орталық Америка елдерінде таралған. Р.falcifarum – тропикалық малярияның қоздырғышы, жоғарыда айтылған елдерде, Экваторлы Африка елдерінде таралған. P.malariae – 4-күндік малярияны шақырады, P.ovale – 3-күндік овале-малярияны шақырады, тек экваторлы Африкада кездеседі. Малярияның емі плазмодияның (шизогонияның) эритроцитарлы циклінің дамуын тоқтатып, осыдан ауру ұстамасын төмендетіп, инфекция таралуын тоқтату үшін жыныстық түрлерін құрту, үшкүндік және овале-малярияның бауырдағы тіндік даму кезеңіндегі плазмодияға әсер етуге бағытталады. Малярияға қарсы препараттардың қоздырғыштың даму сатысына байланысты шизотрпоты, оның өзі гематошизотропты, ол эритроцитарлы шизонттарға әсер етеді, гистошизотропты, ол гепатоциттегі тіндік плазмодияға әсер етеді, гемеотропты препараттар плазмодиялардың жынысық формасына әсер теді.

Малярияға қарсы перапараттар паразиттің циклдік кезеңіне байланысты жіктеледі.

Жіктелуі.

1. 4-аминохинолон. Chloroquine – хлорохин (Делагил, хингамин)

2. Хинолон- Mefloquine – мефлохин

3. Акридин – Mepactine - мелактин (акрихин)

4. Алкалоид хины – Quine - хинин

5. Багуанид - Chloquinide (хлоргуанид), Proquanie (пригизанил)

6. Пиримидиндер – Pyrimethamine - пиримета

7. Сульфаниламидтер – Sulfadoxine (сульфотоксин)

8. Тетрациклиндер

9. Жаңа препараттар: Artemisin, Halofartrin (галафантрин)

4-Аминохинолондар.

лоридин.

Синтетикалық 4-аминохинолон көптеген жылдар бойы малярияның емі және оның алдын алуға кең қолданған. Қазіргі кезде оны шектеп қолданады, өйткеі тропикалық малярияның эндомиялық ошағында pl.falcifarum-ның төзімділігі анықталды.

Белсенділік спектрі: Эритроцитарлы түрі P.vivax, P.ovale, P.malariae – гематошизоцитті әсері. Жаңа Гвенеяда, Индонезияда, Мьянмада, Вантуатуда P.vivax-тың сезімталдығы төмендегенні анықталды. Р.falcifarum-ның сезімталдығы тек жееке аймақтарда (Кариб басеиіні, Орталық Америка, Жақын Шығыс, Египет) сақталған. Сонымен қатар хлорохинге патогенді амебалар сезімтал.

Әсер ету механизмі: Нуклеин қышқылының синтезін тежейтін протоцидті әсерге ие. Қабынуға қарсы белсенділігін көрсетеді, сондықтан кейбір ревматоидты ауруларда, фотодерматидтерде қолданылады.

Фармакокинетика: Ішке қабылдағанда тез және толығымен АІТ-да сіңіріледі. Қандағы максималды концетрациясы 3,5 сағаттан кейін ішке қабылдағанда және парентеральды енгізгенде 30 мин. кейін. Плазма белоктарымен 50-65% байланысады. Жоғары концентрациясы бауырда, бүйректе, көк бауырда, өкпеде, көздің және терінің меленинқұрамды клеткаларында жиналады. Эритроциттерде жиналады, әсіресе плазмодиямен зақымдалғанда хлорохиннің 100-300 есе жоғары байқалады. Плацента арқылы және сүт бездеріне енеді. Бауырда метаболизденеді.

Кері реакциялары: Малярияның емі және алыдн алуы кезінде сирек кездеседі, жиі ревматоидты науқастарда ұзақ қабылдаған әсерінен пайда болады.

АІТ: іштегі ауырсыну, анфексия, лоқсу, құсу, диарея

ОЖЖ: бас ауыру, бас айналу, шаршағыштық, ұйқыны, көрудің, естудің бұзылуы, психоз.

Тері: бөртпе, қышыну, түсінің өзгеруі, псорияздың және экңземаның өршуі.

Шаш: депигментация (ақ шаш пайда болуы), түсуі.

Гематологиялық реакциялар: тромбоцитопеня, нейтропения, апластикалық анемия, агранулоцитоз, гемолитикалық анемия, эритроциттегі глюкоза-6-фосфат-дегидрогеназаның жетіспеушілігі.

Көз: кератопатия және ретикулопатия, ол хлорхиннің мүйізді және торлы қабатта жиналуына байланысты. Торлы қабаттың деструкциясы, көрудің бұзылуы болуы мүмкін. Алдын алу шаралары: тікелей инсоляцияны болдырмау, офтальмологқа қаралу.

Көрсеткіштері:Р.falcifarum, P.vivax, P.ovale, P.malariae-мен қоздырылған. Малярия ішектік емес амебиаз. Ревматоидты аурулар: ревматоидты артирит, жүйелі қызыл жегі. Фотодерматит.

Кері көрсеткіштері: Хлорохинге гиперсезімталдық. Эпилепсия, Псориаз. Ретинопатия. Көрудің бұзылуы.

Ескерту: Жүктілік. Хлорохина палцента арқылы өтеді. Емдеу кезінде ұрық көзінің торлы қабатында жиналып, токсикалық әсер көрсетеді. Абайлап қолдану қажет. Хлорохин сүт беөдеріне өтеді. Емізетін әйелдерге кері және оң көрсеткіштерін білу керек.

ефлохин.

4-хинолинметанолдың синтетикалық туындысы. Тек ішке қолданады.

Белсенділік сепектрі:Малярийлі плазмодиялардың барлық түрелеріне гематошизонтоцидті әсер көрсетеді. Комбоджа және Тайландтағы Р.falcifarum шатмдары төзімді.

Әсер ету механизмі: Малярияға қарсы әсердің механизмі толық анықталмаған.

Фармакокинетика: АІТ тоық сіңіріледі. Плазма белоктарымен 98% байланысады. Көптеген тіндерде және секреттерде таралады, эриттпроциттерде жианалады. Гематоэнцефалды бөгеттен өтеді. Бауырда метаболиздейді, нәжіспен бөлінеді. Ішеек-бауырлық циркуляциясына шалдығады. Кумуляцияға ұшырап, 2-4 аптада бөлінеді.

Кері реакциялары: Химиопрофилактика ретінде қолданылады. Емдік мөлшерде қабылдағанда кері реакциялар пайда болуы мүмкін.

АІТ: іштегі ауырсыні, лоқсу, құсу, диарея

ОЖЖ: жалпы әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, кейде нейропсихикалық бұзылыстар, препаратты тоқтатқаннан кейін (тынышсыздық, ұйқысыздық, депрессия, дірілдер, психоз) құлақтағы шу.

Көз: көру бұзылыстары. Алдын алу шаралары: ұзақ қолданғанда офталбмологтың байқауы қажет.

Жүрек: брадикардия, артимия, блокада. Аодын алу шаралары: өткізгіштік бұзылыстары бар науқастарға тиым салу.

Гематологиялық реакциялар: тромбоцитопения, лейкопения.

Бауыр: трансаминазалардың белсенділігінің жоғарлауы.

Тері: бөртпе, қышыну, сирек Стивен-Джонс синдромы

Басқалары: артралгия, миалгия, алопеция

Көрсеткіштері:хлорохинтөзімді Р.falcifarum шатамдарымен шақырылғантропикалық малярияның емі. Хлорохинтөзімді Р.falcifarum штамдарымен жұғу мүмкіндігі бар аймақтарға шығу кезінде химиопрфилактика.

Кері көрсеткіштері: Мефлохинге гипресезімталдылық. Ауыр неврологиялық және психикалық аурулар. Бауыр функциясының ауыр бұзылысы. 2 жасқа толмау. Дене салмағы 15 кг төмен. Жүктіліктің І триместрі. Мөлшерлі көруді қажет ететін мамандар (жүргізушілер).

Ескерту: Хининнің соңғы дозасы 12 сағат енгізгеннен кейін мефлохинді енгізуге болады. Малярияның химиопрофилактикасы ретінде 1 жылдан астам қоолдануға болмайды. Жануарларда тератогенді және эмбритоксикалық әсер көрсетді. Жүктілііктің І триместрінде тиым салынады.

екаприн (Акрихин).

Хининді тал қыртысының алколоиды болатын алғашқы эффективті маллярияға қарсы перапарат болып табылады. Әсердің жедел басталуымен сипатталады. Парентеральды енгізгенде жоғары әсер көрсетеді. Медиицналық тәжірибеде хинин тұздарының: гидрохлорид, дигидрохлорид және сульфат қолданылады.

Белсенділік спектрі. Р.falcifarum-ді қоса малярийлі плазмодиялардың барлық түріне гематошизонтоцидті әсер көрсетеді.

Әсер ету механизмі: малярияға қарсы әсері толық анықталмаған. Ол лизосомалардың функциясының бұзылуы және плазмодия клеткаларындағы нуклеин қышқылдарының синтезі төмендеуімен байланысты. Әлсіз аналгетикалық және қызу төмендетуші әсер көрсетеді.

Фармакокинетика: АІТ-да жылдам және толығымен сіңіріледі. Ішке қабылдағаннан 1,5 сағ кейін ғана максимальды концетрация пайда болады. Плазма белоктарымен 85-90% байланысады. Көптеген тіндерге таралады. Малярияның ұстамасы кезінде қан плазмасындағы концетрациясы жоғары болады. Гематоэнцефальды бөгет арқылы нашар өтеді. Плацента арқылы және сүт бездеріне өтеді. Бауырда метаболизденеді., бүйректен бөлінеді. Жартылай бөліну ұзақтығы 16-18 сағат. Гемодиализ кезінде хинин организмнен шығарылмайды.

Кері реакциялары: Хининге жоғары сезімалдығы бар адамдарда 25-30% кездеседі. Цинхонизм (плазмадағы хининнің 7-10мг/л жоғары) – бас ауырумен, айналумен, лоқсу, көрудің ,естудің бұзылысымен, құсу, қолдрадың дірілдеуімен, жүрек қағу, ұйқысыздық, эритема, миометрий жиырылуының жоғарлауымен, қан кетумен сипататалтын токсикалық хағдай.

Гематологиялық реакциялар: тромбоцитопения, агранулоцитоз, гемолитикалық анемия. Ауыр тропикалық малярия кезінде, әсіресе балаларда және жүктілерде.

ЖҚЖ: жүректегі ауырсыну, аритмия, блоакада, миокард жиырылуының төмендеуі, гипотензия.

Бауыр: гипопротромбинемия, гепатит.

Қаңқа бұлшықеттері: жүйке-бұлшықеттік өьткізгіштіктің бұзылысы.

Жергілікті реакциялар: ауызда ащы дәм болуы, бұлшықетішілік енгізгенде ауырсыну, абсцесс, некроз, пайда болуы мүмкін.

Көрсеткіштер: тек тропикалық малярияны емдеуге көрсетілген. Полирезистентті тропикалық малярияның емі кезіндегі алғашқы қатардағы препарат болып табылады.

Кері көрсеткіш: хининге гиперсезімьалдылық. Ортаңғы және ішкі құлақ ауруларында. Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жетіспеушілігі.

Ескерту: малярия химиопрофилактикасында қолданылмайды. Зерттеулер нәтижесінде ұрыққа кері әсері анықталады. Тропикалық малярия емі кезінде гипогликемия дамуының ұаупі анықталады. Хинин утерокинетикалық әсерге ие, сондықтан түсікке немесе мерзімінен бұрын босануға әкеледі. Абайлап қолдану қажет, тәулііктік мөлшері 1,0 г аспау керек.

рогуанил.

Бигуанидтер тобындағы синтетикалық препарат. Организмдегі белсенді матеболит арқылы әсер етеді және продәрі болып табылады. Маляряның химопрфилактикасында қолданылады.

Белсенділік спектрі: Маляриянық плазмодияның барлық тіндік түрлері гистошизонтоцидті әсер көрсетеді. Сонымен қатар споротоцидті әсер көрсетіп, мас аденесіндегі плазмоцидтің циклдік дамуын бұзады.

Әсер ету механизмі: Пргуанилдің белсенді метоболиті дегирофолатредуктаза ферментін тежап, фолий қышқылының алмасуын және плазмодияның нуклеин қышқылының синтезін бұзады.

Фармакокинетика: АІТ-да толық сііңіріледі. Қандағы максимальды концетрациясы 4 сат кейін жетеді. Плазма белоктарымен 75Ғ байланысады. Бауырда белсенді метаболит-циклогуанил түзіліп метаболизденеді. Кейбір адамдардың генетикалық ерекшеліктеріне байланысты белсенді метаболит түзілмей, соның әсерінен пргуанилге резистенттілік пайда болады. Әсіресе Жапон және Кения тұрғындарында кездседі. Бүйрекпен 60% өзгермеген түрде, 30% циклогуанил түрінде бөлінеді. Жартылай бөліну ұзақтығы 20 сағ.

Кері реакция:

АІТ: афтозды стоматит, диспепсиялық көріністер.

Бүйрек: паренхиманың қоздырылуы, гематурия.

Кері көрсеткіштері: Прогуанилге гиперсезімталдылық.

Пирмметамин (Хлоридин)

Диаминопиримидиннің туындысы, синтетикалық препарат. Тримотапримнің фармакодинамикасы және құрылымы жағынан ұқсас. Монотерапия кезінде пириметаминге резистенттілік пайда болады. Сондықтан басқа дәрілермен қосарланады, мысалы сульфаниламид.

Белсенділік спектрі. Әсіресе Р.falcifarum-ның тіндік түрлері сезімтал, сонымен қатар P.vivax. Плазмодияның барлық түріне гематошизоцидты әсер көрсетеді. Пириметаминге токсоплазмалар сезімтал.

Әсер ету механизмі. Протозойға қарсы дегидрофолатредуктаза ферментін тежеу арқылы іске асырылады.

Фармакокинетика: АІТ толық сіңіріледі. Қандағы максиамльды концентрациясы 3-4 сағаттан кейін дамиды. Плазма белоктарымен 87% байланысады. Эритроциттерде, бүйректе, өкпеде, бауырда, көкбауырда жиналады. ГЭБ арқылы өтеді, жұлын сұйықтығында жиналады. Плацента арқылы және сүт бездеріне өтеді. Бауырда метаболизденеді. Бүйректе баяу бөлінеді. Жартылай бөліну ұзақтығы 4-6 тәулік.

Кері реакция: Гематологиялық раекция: мегалобластты фолийжетіспеушілік анемия, тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз. Алдын алу шаралары: қандағы тромбоциттерді бақылау.

Тері: бөртпе, мультиформды эритема, Стивенс-Джонс синдромы.

АІТ: атрофиялық глоссит, іштегі ауырсыну, лоқсу, құсу, диарея.

Жедел улану: үлкен мөлшер енгізгенде пайда болады.

Белгілері: іштегі өткір ауырсыну, қайталамалы құсу, қозғыштық, дірілдер, Тыныстың бұзылыстары, коллапс. Көмек шаралары: асқазан жуу, реанимациялық шаралар, симптоматикалық терапия.

Көрсеткіштері: Хлорхинорезистентті тропикалық малярияны сульфадоксин және хининді қосарланған ем.

Фансипидар (Пириметамин (Сульфадоксин))

Пириметаминмен қосылған әсер ету ұзақтығы жоғары сульфороксин 1:20 қатынастындағы Фансипидар препаратын ұсынады.

Белсенділік спектрі: Р.falcifarum штамын қоса плазмодияның барлық түріне гематошизонтоцидті әсер көрсетеді. Қазіргі кезде Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Америкада, Океанияда және Экваторлы Африкада Р.falcifarum штамдарының пириметамин/ сульфадоксинге төзімділігі анықталды.

Әсер ету мехаизмі: екі компоненттің қосарлануы әрқайсысының бір-бірін белсендендіру арқылы плазмодиялардың фолий қышқылының метаболизм кезеңін тежейді. Сульфадоксин ПАБК орынбасары, дегидрофолий қышқылының түзілуіне бөгет жасайды, ал пирметамин ДГБФ тежейді, дегидрофолий қышқылын. Тетрагидрофолий қышқылына айналуын бұзады.

Фармакокинетика: АІТ толық сіңіріледі. Қавндағы максиамальды концетрациясы 3-4 сағат кейін дамиды. Плазма белоктарымен 87-90% байланысады. Көптеген тіндерде және секреттерде трлады. ГЭБ арқылы, палцента арқылы және сүт бездеріне өтеді. Бауырда метаболизденеді, бүйрекпен бөлінеді. Жартылай бөліну ұзақытығы 4-8 тәулік.

Кері реакция: Гематологиялық раекция: мегалобластты фолийжетіспеушілік анемия, тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз. Алдын алу шаралары: қандағы тромбоциттерді бақылау.

Аллергиялық реакциялар: бөрьтпе, мультиформды эритема, Стивенс-Джонс синдромы, Лайелл синдромы.

АІТ: атрофиялық глоссит, іштегі ауырсыну, лоқсу, құсу, диарея.

Бауыр: холестатикалық гепатит

Бүйрек: кристаллурия, гематурия, интерстициалды нефрит, каналдар некрозы.

Көрсеткіші: Хлорхинорезистентті тропикалық малярияға ем

Кері көрсеткіш: Пириметаминге гиперсезімталдылық.Сульфаниламидтерге, фурасемидке, тиазидті диуретиктерге, карбоангидраза тежегіштеріне, сульфанилмочевина туындыларына аллергиялық реакциялар. Жүктілік. Омыраумен қоректендіру. Бауыр функциясының ауыр бұзылыстары. Бүйрек функциясының ауыр бұзылыстары. Мегалобластты анемия.

Ескерту: Оңтүстік Шығыс Азия, Оңтүсік Америка, Океанияда және Экваторлы Африкада Р.falcifarum штамдарының пириметамин/ сульфадоксинге төзімділігін ескере отырып препараттың қолданылуы көрсетілмейді. Пириметамин/ сульфадоксинді химиопрофилактика ретінде қолдану қажет емес, себебі көптеген кері реакцияларға әкеледі, Р.falcifarumның резистенттілігін дамытады.

ртемизинин (кингхоасу) және оның туындылары.

Артемиазин – секвитерпенді кингхоасу лактоноэндопероксиді – Қытай медицинасындағы Artemisia аппиа шөбінің экстракті, Қытайда 200 жыл бойы антипиритек түрінде қолданылады. Артемизин қазіргі кезде сирек қолданылады. Жиі оның жартылай синтетикалық туындылары: артеметер және артесунат, олар малярияға қарсы жоғары белсенділікке ие. Малярияның емінде резервті препарат ретінде қолданылады. Тез әсер етеді, ұстаманы 1-3 тәулік бойы басады. Химиопрфилактикада қолданбайды.

Белсенділік спектрі: Кингхаосу және оның туындылары малярийлі плазмодиялардың барлық түріне гематошизоцидті әсер көрсетеді. Олар паразиттің бауырлық даму сатысына әсер етпейді, малярияның рецидивін емдемейді және этиотропты профилактикада қолдайнбайды.

Әсер ету механизмі: маляриға қарсы әсері толық зерттелмеген. Ол тотығу-тоықсыздану процесін белсендіріп, плазмодияның клеткаішілік белокты және мембрананы бос радикалдармен бұзады.

Фармакокинетика:организмге енгізгеннен кейін тез гидролизденіп белсенді метаболит-дигидротемизин түзіледі. Артесунаттың жартылай бөлінуі қысқа мерзімді.

Кері реакциялары:Препарат организммен жақсы қабылданады. Кері реакциялар сирек кездеседі.

АІТ: іштегі ауырсыну, диарея.

Бауыр: трансаминазаның бедлсенділігі жоғарылайды

Гематологиялық реакциялар: транзиторлы ретикулоцитопения және нейтропения

Басқалар: дәрілік қалтырау, брадикардия.

Көрсеткіш: малярияның емі, сонымен қатар церебральды формалары.

Кері көрсеткіш: Артемизинге және оның туындыларына гиперсезімталдық. Жүктілік.

алофантерин.

Фенантренметанол туындысы, тропикалық малярияның резистентті түрлерінде қолданады.

Белсенділік спектрі: Р.falcifarum және P.vivax эритроциатрлы формалары. Плазмодиялардың галофантринге және мефлохинге қайшылықты резистенттілік пайда болуы.

Әсер ету механизмі: Малярияға қарсы әсері толық анықталмаған.

Фармакокинетика: АІТ тез сіңіріледі. Басқа малярияға қарсы препараттарға қарағанда эритроциттерде жиналмайды. Енгізілген мөлшердің 20-30% баауырда белсенді метаболит түзіп, биотрансформацияға ұшырайды. Нәжіспен бөлінеді. Галофантриннің жартылай бөліну кезеңі 1-2 тәулік, белсенді метаболиті 6-10 тәулік.

Кері реакциясы: АІТ: іштегі ауырсыну, лоқсу, құсу, диарея, сирек-іш қату.

Аллергиялық реакциялар: бөртпе, тері қышымасы.

Жүрек: өткізгіштіктің баяулауы, PR және QT аралығы ұзарып, қарыншалық аритмия қаупі пайда болады.

Қауіп факторы: тағамнан кейін қолдану, В витаминінің жетіспеушілігі, электролитті баланстың бұзылуы, туа пайда болған QT ұзаруы синдромы.

ОЖЖ: жалпы әлсіздік, бас ауруы, дірілдер.

Басқалар: артралгия, кеудедегі ауырсыну, жөтел, гипотензия, жиі зәр бөлу, өкпе ісінуі.

Көрсеткіштер: Тропикалық малярияның Р.falcifarum хлоринге резистенттілігі кезінде емдеу.

Кері көрсеткіштер: Галофантринге гиперсезімталдық. Жүктілік. 1 жасқа дейін. QT арылығының ұзаруы бар жүрек аурулары.

римохин.

Құрылымы бойынша (8-аминохинолин) және малярияға қарсы ереекшелігі бойынша басқа хинолондардан айырмашылығы бар синтетикалық препарат. Примахин бауырда орналасқан плазмодиялардың тіндік формаларына белсенді әсер ететін бір ғана препарат. Ол P.vivax шақырылған маляряиның радикалды еміне және редицивіне қарсы қасиетке ие.

Белсенділік спектрі: P.vivax пен P.ovale тіндік түрі, Р.falcifarum-ның жыныстық түрлері.

Әсер ету механизмі: Малярияға қарсы әсері толық анықталмаған.

Фармакокинетика: АІТ толық сіңіріледі. Қандағы нақты концентрациясы 2-3 сағатқа жетеді. Көптеген тіндерде таралады. 4-аминохинолиндерге қарағанда эритроциттерде жиналмайды. Бауырда метаболизденеді. Преапрататың 60% белсенді метаболитке айналады – карбоксипримохин. Ол примохиннің әсерін ұзартады. Бүйрекпен бөлінеді. Примахиннің жартылай бөлінуі 4-8 сағат, белсенді мебатолиттің 22-30сағ.

Кері реакция: АІТ:іштегі ауырсыні, лоқсу, құсу.

Гематологиялық реакциялар: гемолитикалық анемия, метгемоглобинемия, лейкопения.

КЕрі көрсеткіштері: Примахинге гиперсезімталдылық. Қан жасаудың ауыр патологиясы. Бүйрек функциясының ауыр бұзылысы. 3 жасқа дейін. Жүктілік. Жедел инфекциялар (маляриядан басқа).

Ескерту: Примахин плацента арқылы өтеді. Жүктілік кезінде көрсетілмейді, себебі ұрықта гемолитикалық анемияға әкеледі.

Наши рекомендации