Дәнекер тіндерінің дамуы
Бұлшық ет тіндерінің жалпы морфрфункционалдық сипаттамалары. Ет тіндерінің морфофункционалдық және гистогенетикалық жіктелуі. Шығу тегі эпидермалды, нейралды ет тіні.
Құрылысы мен шығу тегі әр түрлі, бірақ жақсы жиырылу қабілеті бойынша ұқсас тіндерді бұлшық ет тіні деп атайды. Олар кеңістікте бүкіл организмнің тұтас немесе оның жеке бөлшектерінің орын алмастыруын жүзеге асырып, ішкі мүшелерді қозғалысқа келтіреді.
Бұлшық ет тiндерi топтарына тән морфологиялық белгілер:
Олардың құрылымдық пiшiндерінің ұзыншақ болуы;
Арнайы органеллар – миофибриллдер мен миофиломенттердің болуы;
Жиырылғыш элементтердің қасында митохондриялардың орналасуы;
Гликоген, липидтер және миоглобин қосындыларының болуы.
Арнайы жиырылғыш органеллалар - миофиламенттерге негізгі фибриллярлы белоктар – актин мен миозин әсер еткенде, миофиломенттер бұлшық еттің жиырылуына ықпал етеді. Бұл процесті митохондриялар энергиямен қамтамасыз етеді. Энергия көзінің қоры гликоген мен липидтерді түзеді.
Бұлшық ет тiнiнiң классификациясы
Бұлшық ет тіні екі принцип бойынша жіктеледі: морфофункциялық және гистогенетикалық.
І. Жиырылғыш органеллалардың құрылысына байланысты бұлшық ет тінінің морфофункциялық жіктелуі:
1. Көлденең жолақты бұлшық ет тіндері;
2. Тегіс салалы бұлшық ет тінідері.
II. Шығу тегiне байланысты бұлшық ет тiндерiнiң гистогенетикалық жіктелуі:
Мезенхимдi – мезенхимадан дамиды;
Эпидермальді – терi эктодермасынан дамиды;
Нейральді – нерв түтiгiнен дамиды;
Целомдық – спланхнотомның миоэпикардиалды пластинкасынан дамиды;
Соматикалық – дорсальді мезодермадан дамиды.
Алғашқы үш түрi тегіс салалыларға, ал целомдық және соматикалқ түрлерi
көлденең жолақтыларға жатады.
Бір қабатты эпителилер: бірқабатты жазық /мезотелий және эндотелий/, бірқабатты куб, бірқабатты призмалы, көпқатарлы призмалы кірпікшелі. Бірқабатты эпителилердің шығуы, таралуы, қызметі мен құрылысындағы ерекшеліктері.
Бір қабатты жазық эпителий. Оған мезотелий мен эндотелий эпителиі жатады.
Мезотелий сірлі қабықты қаптайды. Оның жасушалары – қырлары түзу емес жызық мезотелиоциттер. Мезателий арқылы сірлі сұйықтықтың бөлінуі және сіңірілуі жүреді. Мезотелидің беті тегіс, осыған байланысты ішкі мүшелер жақсы жылжиды. Ол іш перде және төс қуысындағы мүшелердің бір - бірімен жабысып қалуына кедергі жасайды.
Эндотелий қан және лимфа тамырларын, жүрек камераларын астарлайды. Ол базальды мембранада бір қабат болып орналасқан эндотелиоциттерден тұрады.
Эндотелий организмдегі қан мен басқа тіндердің арасындағы зат және газ алмасу процесіне қатысады. Ол зақымданғанда тамырларда қан ағысы бұзылып, ұйыған қан – тромб түзілуі мүмкін.
Бір қабатты куб тәрізді эпителий. Ол бүйрек өзекшелерінің бір бөлігін астарлайды.. Бүйрек каналшаларының эпителиі алғашқы несептен қанға бірқатар заттарды қайта сору қызметін атқарады.
Бір қабатты призмалы эпителий. Бұл түр ас қорыту жүйесінің ортаңғы бөліміне тән. Ол асқазан, жіңішке, жуан ішектер, өт қабының ішкі бетін астарлайды.
Асқазанның бір қабатты призмалы эпителиінде барлық жасушалар безді болып табылады. Безді жасушалар кілегей бөліп, асқазанның қабырғасын тағамның ірі бөлшектерінен қорғайды.
Жіңішке ішекте бір қабатты призмалы көмкермелі эпителий сору қызметін атқарады. Ол призмалық эпителиоциттерден түзілген, олардың араларында безді бокал тәрізді жасушалар орналасқан. Бокал тәрізді жасушалар кілегей бөледі. Кілегей эпителиді қаптап, оны механикалық, химиялық және инфекциялық әсерлерден қорғайды. Эндокринді жасушаларда ішектің эпителиалды астарында орналасқан. Олар қанға гормондар бөліп, асқорыту аппараты мүшелерінің қызметін ретттейді.
Көп қатарлы кірпікшелі эпителий. Ол ауа жүретін жолдарды - мұрын қуысын, кеңірдекті, бронхтарды және т.б бір қатар мүшелерді астарлайды. Ауа жүретін жолдарда көп қатарлы эпителилер кірпікшелі болады. Кірпікшелі жасушалар биік, призмалы. Олардың апикальді бөлімі кірпікшелермен қапталған. Олар қорғаныштық қызмет атқарады.
Базальді жасушалар базальді мембранада эпителиальді пластың түбінде орналасқан. Олар бөлініп және кірпікшелі мен бокал тәрізді жасушаларына түрленетін камбиальді жасушаларға жатады.
Бокал тәрізді жасушалар эпителий бетіне шырыш секреттейді. Бұл жасушалардың көлемдері мен пішіндері әр түрлі, сондықтан олардың ядролары эпителиалді пластың әр түрлі деңгейінде орналасқан: үстіңгі қатарда – кірпікшелі жасушалардың ядролар, ортаңғысында – кірістірмелі, бокал тәрізді және эндокринді жасушалардың ядролары, ал төменгіде – базальді жасушалардың ядролары.
Дәнекер тіндерінің жалпы морфо- функциональдық сипаттамасы мен жіктелуі. Дәнекер тіндерінің дамуы мен құрылысының жалпы принциптері. Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің құрылысы, таралуы және жасушалары. Жасуша аралық заттына жалпы сипаттама және құрылысы.
Дәнекер тіндері мезенхимадан дамиды, ішкі орта тінінің гомеостазын сақтауға қатысады. Ол қан және лимфамен бірігіп ішкі орта тіндерін құрайды. Дәнекер тіндері жасушалардан және жасуша аралық заттардан тұрады, ал жасуша аралық зат талшықтар мен аморфты заттан түзілген.
Дәнекер тіндерінің қызметтері:
1. Трофикалық – жасушалардың қоректенуін реттеу және олардың зат алмасу процесіне қатысуына байланысты.
2. Қорғаныштық - тінді механикалық әсерлерден қорғайды, бөгде заттардың ішке енуіне (фагоцитоздық, гуморалдық иммунитет) тосқауыл болады.
3. Тіректік немесе биомеханикалық – коллогенді және эластикалық талшықтар мен жасуша аралық затының физико - химиялық қасиетіне байланысты.
4. Пластикалық – регенерация мен жарақаттың жазылуы процестеріне қатысуымен айқындалады.
5. Морфогенетикалық – олар көп мүшелердің капсуласы мен стромасын, сіңірді, байламдарды, шеміршек пен сүйекті және т.б. түзеді.
Дәнекер тіндері
Негізгі дәнекер тіндері Қаңқа тіндері
Талшықты Арнайы қасиетті бар дәнекер Шеміршек Сүйек
тіндер
1) болбыр 1) май 1) гиалинді 1) пластинкалы
2) тығыз 2) шырышты 2) эластикалық 2) ретикулофиброзды
А) Қалыптасқан; 3) ретикулярлы 3) талшықты 3) тіс дентині мен цементі
Б) Қалыптаспаған; 4/ пигментті
Дәнекер тіндерінің дамуы
Дәнекер тіндерінің эмбрионалдық және постэмбрионалдық гистогенезін ажыратады. Эмбрионалдық гистогенез процесі барысында мезенхима тіндік құрылым кейпіне келеді.