Тақырыбы: Пластидтер. Өсімдік клеткасындағы қор жинаушы заттары.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Микроскоптың құрылысы. Өсімдік клеткасының құрылысы.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Пластидтер. Өсімдік клеткасындағы қор жинаушы заттары.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жабындық ұлпалар - эпидерма, тоз, қыртыс. Механикалық ұлпа.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Өткізгіш жиынтықтары. Өткізгіш шоқтар.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Тұқымның құрылысы. Тамырдың морфологиясы мен анатомиясы.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Бүршіктің құрылысы. Өркен және сабақтың морфологиясы.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Даражарнақты өсімдіктер сабағының микроскопиялық құрылысы.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Қосжарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының микроскопиялық құрылысы.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Ағашты өсімдіктер сабағының микроскопиялық құрылысы.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жапырақтың морфологиясы.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жапырақтың анатомиясы.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Гүлшоғырлардың классификациясы.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Гүлдің морфологиясы. Андроцей. Гинецей.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Гүлдің формуласымен диаграммасы.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жемістер.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Микроскоптың құрылысы. Өсімдік клеткасының құрылысы.

Мақсаты:Микроскоп және өсімдік клетканың құрылысын зерттеу, уақытша микропрепараттын дайындау әдістемесін танып білу.

Құрал-жабдықтар: микроскоп, жабын және зат әйнеқтері, сапты ине, пияз пиязшығы, иодтың иодты калийдегі ерітіндісі.

Тапсырмалар:

1. Жарық микроскоптың құрылысы.

2. Уақытша препараттарды дайындау.

3. Өсімдік клеткасының құрылысы.

Орындау тәртібі:

Биологиялық МБР-1 немесе Биолам микроскопының құрылымымен танысып, онымен жұмыс жасап, жаттығу.

Уақытша препараттар жасаудың әдістемесін оқу.

Пияз жуашығының шырынды қабыршақ эпидермасынан уақытша препарат дайындау.

Препаратты кіші объективпен қарап, клеткалардың пішініне, орналасуына көніл аудару.

Клетканың құрылысын үлкен объективпен, алдымен бір тамшы суда, одан кейін иодтың калийдегі ерітіндісіне зерттеу. Қаралған объектілердің суреттін салып, тиісті белгілерін жасау.

Сурақтар:

1. Микроскоп қандай бөліктерден тұрады?

2. Микроскопты жұмысқа қосу ушін қандай дайындық жұмыстарын атқару қажет?

3. Уақытша препараттың тұрақты препараттан айырмашылығы қандай?

4. Пішініне қарай клеткаларды қандай екі топқа бөлеміз?

Әдебиеттер: 1,2,7,8.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Пластидтер. Өсімдік клеткасындағы қор жинаушы заттары.

Мақсаты:Микроскоп арқылы пластидтер түрлерінін пішіні, орналасуы, көлемін зерттеу, ерекшеліктерін танып білу. Өсімдік клеткасындағы қор жинаушы заттарын зерттеу, уақытша микропрепараттын дайындау.

Құрал-жабдықтар: микроскоп, жабын және зат әйнеқтері, сапты ине, виргин традесканциясы, итмұрын, шетен, ас қызанақ піскен жемісі, картоп түйнегі, бидай дәндері, иодтың иодты калийдегі ерітіндісі.

Тапсырмалар:

1. Хлоропластар.

2. Хромопластар.

3. Лейкопластар.

4. Алейрон дәндері.

5. Крахмал дәндері.

6. Өсімдік майлары.

Орындау тәртібі:

1. Традесканция жапырағының астынғы эпидермасынан препарат дайындау. Препаратты үлкен объективпен қарап, эпидерманың клетка құрылысына, оңдағы лейкопластардың орналасуы мен реңіне бақылау жүргізу. Екі-үш клеткасының суреттерін салып, лептесік аппаратының жанаспалы клеткаларындағы хлоропластарды, қосалқы клеткалар мен эпидерма клеткаларындағы ядро және лейкопластарды, цитоплазма шұбырындыларын белгілеу.

2. Итмұрын, шетен немесе қызанақтың піскен жемістерінің жұмсақ етінен уақытша препараттар дайындау. Микроскоптың үлкен объективінен қарап, хромопластар пішіндерінің, реңінің алуан түрлілігіне көніл аудару. Өсімдіктердің әр түрінің жемістерінен бір-екі клетканың суретін салып, делгілерін жасау. Хромопластарға табиғи рең беріп, тиісті түсті қарындаштармен бояу.

3. Үпілмәлік тұқымының жұқа кесіндісінен иодтың иодты калийдегі ерітіндісі мен қаныққан қант ерітіндісі қоспасының бір тамшысына препарат дайындау.

4. Препаратты үлкен объективпен қарап, күрделі алейрон дәндерінің құрылысын байқау.

5. Бір-екі клетканың суретін үлкейтіп салып, күрделі алейрон дәндерінің қабықшасын, кристаллит, галобид және аморфты белок массаларын белгілеу.

6. Үпілмәлік тұқымынан судан III – бояғыш реактивінде препарат дайындап, ондағы май тамшыларын көріп, суретін салу.

7. Картоп түйнегі, бидай, сұлы дәндері және асбұршақ тұқымынан уақытша препараттар дайындау.

8. Препарттағы крахмал дәндеріне иодтың иодты калийдегі ерітіндісімен әсер етіп, реңінің өзгеруін байқау.

9. Препаратты микроскоптың үлкен объективімен қарап, крахмал дәндері түрлерінің (қарапайым, күрделі, жартылай күрделі) пайда болуына және жоғарыда аталған дақыл крахмал дәндерінің бір-біріне ұқсастықтары мен айырмашылықтарына көңіл аудару.

10. Қараған объектілердің суретін салып, тиісті белгілерін жасау.

Сурақтар:

1. Пластидтердің шығу тегін, дамуын және бір түрінен екіншісіне ауысуын қалай түсіндіруге болады?

2. Атқаратын қызметіне байланысты лейкопластар қандай топтарға бөлінеді?

3. Хромопластың пигменттік құрамын атаңыз?

4. Алғашқы крахмал мен соңғы крахмалдың арасында қандай аырмашылық бар?

5. Крахмал дәнінің типтерін атаңыз?

6. Жай, күрделі және жартылай күрделі крахмал дәндері қалай пайда болады?

7. Клеткадағы қор заттарын- крахмал, белок және майды қандай реактивтермен анықтауға болады?

Әдебиеттер: 1,2,7,8.

Наши рекомендации