Тақырыбы: Сабақтан тыс іс-әрекет арқылы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асыру

Ндылықтарды сабақтан тыс іс-шараларға енгізу

Шаттық шеңбері

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаһандану - Қазақстан дамуының басты бағыты» // Егемен Қазақстан, 28.01.2012ж.

2. Назарбаева С.А. Өмір этикасы - Алматы, 2001.

3. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе. Учебно-методическое пособие для учителей. - Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013.

4. Абай Құнанбаев. Қара сөздері. - Алматы: Жазушы, 1970.

5. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары/Құрастырған М.Жармұхаметов, С.Дәутов. - Алматы, 1988, - 560 б.

Қосымша әдебиеттер:

1. Платон. Диалоги Сократа - М.: Мысль, 2007. - 197с.

2. Амоношвили Ш.А. Основы гуманной педагогики. Кн.1,2. Как любить детей. - М.: Амрита-Русь, 2012.

3. Амоношвили Ш.А. Улыбка моя, где ты? - М.: Изд. дом Ш.А. Амоношвили, 2003

4. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері .-А.,1985

5. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды отбасында адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 2009.

6. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру-А.,1992

Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі.

Қайырымдылық – мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.

Қазіргі заманда қайрымды адамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, сондай-ақ бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп қайырымдық жасау, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептелінеді.

Қайырымдылық акцияларының мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы және қолайсыз отбасылардың, жетім және басқа да санаттағы материалдық көмекке мұқтаж әлеуметтік қорғалмаған балаларды қамқорлау және көмекке зәру жалғыз басты қарияларға, ардагерлерге көмек көрсету.

Осыған орай елімізде қайырымдылық жасаудың негізгі қоры ретінде құрылған – ”Бөбек” қоры.”Бөбек” қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева еліміздегі көмекке мұқтаж балаларға қол ұшын беріп, аялы алақанын ұсынуда.

Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Ол кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегінің, адамгершілік қарым-қатынастарының жиынтығы.

Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал,өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанады.

Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, əлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытта өмір сүртін еді

Қайырымдылық, жақсылық жасау адамның ғана қолынан келеді. Қайырымдылықтан, қамқорлықтан, махаббаттан, ізгілік пен игіліктен тұрады. Осының барлығы бойынан табылатын адам нағыз адам болып табылады. Қиналғанда көрген қамқорлық, жақсылық өмір бойы есіңде қалады.

Қолымыздан келгенше жақсылық жасау керек. Жасаған жақсылығымыз алдымыздан шығады. Жақсылық жасасақ, өзімізде жақсылыққа, қамқорлыққа бөленеміз. Адамзат біткен бір-біріне барлық уақытта жақсылық жасайтын болса, қоғамның болашағы жарқын адамдары бақытты болады.

Шаттық шеңбері

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

Наши рекомендации