Пререквизиттер және постреквизиттер.

КАФЕДРА: молекулалық биология Және генетика

ПӘН: молекулалық биология Және медициналық

генетика (MBMG 1201)

МАМАНДЫҚ: «ЖАЛПЫ медицина» - 5В130100

САҒАТ КӨЛЕМІ: 162 сағат

Курс: 1

Семестр: бірінші, екінші

АЛМАТЫ, 2016 жыл

МАЗМҰНЫ

1. СИЛЛАБУС…………………….................................................5-31

2. ДӘРІСТІК КЕШЕН........……………………...........................32-44

3. ТӘЖІРИБЕЛІК (СЕМИНАРЛЫҚ)

САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК

НҰСҚАУЛАР…………….......................................................45-100

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН

ОРЫНДАЛАТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР............................101-154

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК

ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК

ЖҰМЫСТАР........................................................................155-187

6. БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ЖОЛДАРЫ ...................................188-271

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫМЕН

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ .........................................................274-275

ОСЫМША ......................................................................275-277

СИЛЛАБУС

Молекулалық биология және медициналық генетика пәні бойынша МВМС 1201

мамандығы 5В130100 - жалпы медицина

Молекулалық биология және генетика кафедрасы

Бірінші курс Семестр бірінші, екінші

Дәрістер –36 сағ.

Тәжірибелік (семинарлық) сабақтар – 72 сағат

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – 54 сағат

Барлығы: 162 сағат

Бақылау түрі: емтихан

Алматы, 2016

Профессор, м.ғ.д. Е.У.Куандыков және доцент С.К.Альмухамбетова, аға оқытушы К.А.Таракова силлабусты молекулалық биология және медициналық генетика пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырды, кафедра отырысында талқыланып бекітілді, «30» мамыр 2016 ж., хаттама № 16.

Кафедра меңгерушісі, профессор Е.У. Куандыков

4.1. Жалпы мәліметтер:

4.1.1. Жоғары оқу орнының атауы: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

4.1.2. Кафедра: Молекулалық биология және генетика

4.1.3. Пән: “Молекулалық биология және медициналық генетика”, пәннің коды MBMG 1201

4.1.4. Мамандық5В130100 – Жалпы медицина

4.1.5. Оқу сағаттарының көлемі – 162 сағат

4.1.6. Курс және оқыту семестрі – бірінші курс, бірінші, екінші семестр-сызықты оқу жүйесі

4.1.7. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Аты – жөні Ғылыми дәрежесі Қызметі Ғылымдағы басым жетістіктері Кафедра қызметкерлерінің электрондық адресі
Куандыков Есенгельды Усербаевич Медицина ғылымының докторы, профессор кафедра меңгерушісі Генетика [email protected]
Альмухамбетова Светлана Кадыровна биология ғылымының кандидаты, доцент доцент Паразитология almuhambet.s @gmail.com
Нуртаева Курманкуль Салиевна медицина ғылымының кандидаты, доцент доцент Паразитология [email protected]    
Джумашева Рахима Тажибаевна биология ғылымының докторы, доцент профессор Радиобиология Jumasheva.r @gmail.com
Таракова Куралай Акылбаевна     аға оқытуышы   [email protected]
Нурпеисова Индира Кубетаевна   аға оқытушы   [email protected]
Какишева Гульзада Турсынбековна   оқытушы    
Қыдырбаева Әсем Қияшқызы жаратылыстану ғылымдарының магистрі оқытушы   asem.kydyrbaeva@ mail.ru
Танеева Гульжан Туленбековна жаратылыстану ғылымдарының магистрі оқытушы   gulzhan_taneeva@ mail.ru
Қашағанова Жазира Абайқызы биология ғылымдарының магистрі оқытушы   abaikyzy_zh@ mail.ru
Жүзжан Құралай Ермаковна   оқытушы   [email protected]
Бакубаева А.Т. биотехнология магистрі оқытушы    

4.1.8. Байланыс:

Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, №7 оқу ғимараты, 2 қабат.

E-mail: [email protected]

4.1.9. Пән саясаты:

Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары жоғары сапалы білім берудің жауапкершілігін түсінеді және әрбір студентке адамгершілік тұрғыда қарап, студентті объективті түрде бағалауға кепілдік береді.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың кафедра оқытушылары ар-намыс кодексінің барлық бөлімдерін орындауға кепілдік береді және әрбір студенттің ар-намыс кодексін орындауын талап етеді:

- сабаққа кешікпеу;

- себепсіз сабақ жібермеу;

- сабақтарға және дәрістерге студенттер тек ақ халатпен жіберіледі;

- оқу үдерісіне белсенді қатысу;

- тәжірибелік сабақтың барлық тапсырмаларын орындау және талапқа сай жазу;

- жіберілген сабақтарды деканаттың рұқсатымен оқытушы белгілеген уақытта өтеу;

ҚазҰМУ Үштілдік білім беру бағдарламасының және университетінің медициналық білім беру үлгісінің іске асырылуына байланыстықұзыретті-бағытталған білімді жүзеге асырудың іргетасы ретінде, тіл құзіреттілігін қалыптастыра отырып пән саясатына келесі толықтырулар енгізілді:

- Студент үйірмеде немесе жеке өзі ғылыми-зерттеу жұмысын ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз орындаса, үйірмеде немесе ғылыми конференцияда баяндама нәтижелерін ауызша ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз баяндаса, 2 СӨЖ-ге жоғары баға қойылады және 1 коллоквиум бағасына 10 балл қосылады.

- Студент үйірмеде немесе жеке өзі ғылыми-зерттеу жұмысын екінші тілде өрескел грамматикалық және лексикалық қатесіз орындаса, үйірмеде немесе ғылыми конференцияда баяндама нәтижелерін ауызша екінші тілде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз баяндаса, 2 СӨЖ-ге жоғары баға қойылады және 1 коллоквиум бағасына 5 балл қосылады.

- Студент үйірмеде немесе жеке өзі ғылыми-зерттеу жұмысын екінші тілде және ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз орындаса, үйірмеде немесе ғылыми конференцияда баяндама нәтижелерін ауызша екінші тілде және ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз баяндаса, 2 СӨЖ-ге жоғары баға қойылады және 1 коллоквиум бағасына 15 балл қосылады

- Студент үйірмеде немесе жеке өзі ғылыми-зерттеу жұмысын екінші тілде және ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз орындаса, үйірмеде немесе ғылыми конференцияда баяндама нәтижелерін ауызша екінші тілде және ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз баяндаса, 2 СӨЖ-ге жоғары баға қойылады және 1 коллоквиум бағасына 10 балл қосылады

- Билетке өз еркімен ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз жауап берген немесе ауызша «жақсы» немесе «үздік» баға алған студентке емтиханның 2 кезеңіндегі қорытынды бағасына 10 бал қосылады.

- Билетке өз еркімен екінші тілде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз жауап берген немесе ауызша «жақсы» немесе «үздік» баға алған студентке емтиханның 2 кезеңіндегі қорытынды бағасына 5 бал қосылады

- Өз еркімен ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз СӨЖ орындаған және қорғаған студенттің бағасына 10 бал қосылады

- Өз еркімен екінші тілде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз СӨЖ орындаған және қорғаған студенттің бағасына 5 бал қосылады

- Өз еркімен ағылшын тілінде және екінші тілде СӨЖ орындаған студентке; өз еркімен ағылшын тілінде және екінші тілде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз СӨЖ қорғаған студенттің бағасына 15 бал қосылады

- Ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз тақырыптарға сәйкес орындалған жаттығулары және жағдаяттық тапсырмалары, жеке конспектілері бар студенттерге 10 бал қосылады (сәйкес пән бойынша)

- Екінші тілде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз тақырыптарға сәйкес орындалған жаттығулары және жағдаяттық тапсырмалары, жеке конспектілері бар студенттерге 5 бал қосылады (сәйкес пән бойынша)

- Үш тілде (қазақ, ағылшын, орыс) өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз тақырыптарға сәйкес орындалған жаттығулары және жағдаяттық тапсырмалары, жеке конспектілері бар студенттерге 15 бал қосылады (сәйкес пән бойынша)

- Ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз тақырыптарға сәйкес орындалған жаттығулары және жағдаяттық тапсырмалары, жеке конспектілері бар студенттерге 15 бал қосылады (сәйкес пән бойынша)

- Екінші тілде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз тақырыптарға сәйкес орындалған жаттығулары және жағдаяттық тапсырмалары, жеке конспектілері бар студенттерге 10 бал қосылады (сәйкес пән бойынша).

Оқытушы балды (10-ға дейін) төмендетуге құқылы егер:

- студент 15 минутқа және оданда көп уақытқа кешіксе;

- сабаққа халатсыз қатысса;

- альбомы болмаған жағдайда.

Бағдарлама

Кіріспе

Молекулалық биология нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың құрылысы мен қасиеттерін, матрицалық синтезді, генетикалық материалдардың құрылымы мен қызмет атқаруын, сонымен қатар жасушалардың құрылысы мен қызметін оның органеллаларын, жасушалардың өсу, даму, бөліну және өлу үрдістерінің молекулалық негіздерін зерттейді.

Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептері мен дамуын, оларды диагноз қою, алдын алу және емдеудің әдістерін зерттейді.

Медициналық жоғары оқу орындарында молекулалық биологияны оқытудың интеграциялық бағыты жасушалардың құрлысы мен қызметінің, гендер экспрессиясының реттелуі мен матрицалдық синтездердің, сигнал берудің молекулалық негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Мұның өзі қалыпты тіршілік әекеттерін және олардың бұзылуына байлынысты қалыптасатын ауруларды, соның ішінде гендік және хромосомалық мутациалардың себебінен туындайтын тұқым қуалайтын ауруларды түсініп білудің негізгі базасы- медициналық генетиканы құрайды.

Студеттерге бірінші курстан бастап мұндай білім қорын қалыптасыру олардың клиникалық тұрғыдан ойлау қабылетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студент молекулалық биология мен медициналық генетиканы оқу барысында тіршілік үрдістерінің молекулалық және жасушалық құрылымы бұзылуының механизмдерін, патологиялық, өзгерістердің қалыптасуы мен көрінуіндегі рөлін, сонымен қатар диагностикалау мен алдын алудың негіздерін түсінеді.

Сонымен молекулалық биология және медициналық генетика пәнінен білім алу ары қарай биологиялық химия, гистология, физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, фармакология, педиатрия, неврология, акушерлік және гинекология білімдерінің теориялық базасын қалыптастырады.

4.2.2. Пәннің мақсаты:

Молекулалық биология және генетиканы оқыту барысында құзыреттілікке бағытталған медициналық білімнің жаңа моделін қолдану, бұл:

- студенттерде ағза қызметтерінің негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері туралы заманауи білімді (когнитивтік құзырлылықты) қалыптастыру;

- тәжірибелік сабақ тапсырмаларын орындау, типтік және жағдайлық есептерді шығару, сызба және кесте толтыру барысында молекулалық биология мен генетикадан алған білімді тиімді қолдану;

- коммуникативтік құзыреттіліктің бастапқы деңгейдегі дағдыларына үйрету: топта оқытушымен, әріптестерімен өзара жақсы қарым-қатынас құра білуді, сабақтың мақсатына жетуде жағымды атмосфераны тудыру;

- ҚР денсаулық сақтау мен фармациядағы нормативтік-құқықтық құжаттарды (құқықтық құзырлылықты) білу;

- өзінің портфолиосын жасау арқылы өзін-өзі жетілдіру.

4.2.3. Міндеттері:

· кеңінен таралған ауруларды нақты диагностикалау, алдын алу және емдеу үшін ағзаның қалыпты және патологиялық жағдайдағы қызметтеріндегі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдердің рөлін түсіндіру;

· теориялық және практикалық медицинада қазіргі молекулалық генетикалық әдістер мен технологиялардың негізгі ұстанымдар жайлы пікір қалыптастыру;

· тұқым қуалайтын ауруларға дер кезінде диагноз қою және алдын алу үшін олардың негізгі белгілерін тани білуге үйрету;

· молекулалық–генетикалық зерттеулердің жетістіктерін медицинада қолданудың этикалық және құқықтық нормалары жайлы түсінік беру;

· ғылыми әдебиеттер мен тұқым қуалайтын аурулардың электрондық базалары бойынша мәліметтерімен жұмыс істеу дағдыландырын үйрету.

· топта жұмыс істеудің коммуникативтік дағдыларын және кәсіби ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.

4.2.4. Оқытудың түпкі нәтижелері:

Студент өзінің нақты жеткен жетістіктерін – білімдерін, түсініктерін, дағдылары мен, шеберліктерінің жиынтығын көрсетуі қажет:

-когнитивтік құзырлылықты, білімдер мен ұстанымдарды қалыптастыру:

· ағза қызметтерінің негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері, тұқым қуалайтын материалдың молекулалық деңгейдегі (ДНҚ) құрылымдық-функциялық құрылымы туралы;

· тірі жүйелердегі тұқым қуалайтын ақпараттардың берілу бағыттары мен механизмдері, олардың тірі ағзалардың қалыпты және патологиялық жағдайлардағы қызметтеріндегі рөлі мен маңыздары туралы;

· тұқым қуалайтын ақпараттың жүзеге асырылуының молекулалық механизмдері туралы;

· тұқым қуалайтын материалдың гендік, хромосомдық және геномдық деңгейлердегі құрылымдық-функциялық құрылымы туралы;

· тұқым қуалайтын өзгергіштіктің пайда болуының себептері мен механизмдері және адамның тұқым қуалайтын аурулары мен дамудағы туа біткен ақаулықтардың қалыптасуындағы олардың рөлі туралы;

· гендермен бақыланатын тұқым қуалаушылықты, белгілердің (аурулардың) тұқым қуалау типтерінің және дәрігерлер тәжірбиесінде аурулардың тұқым қуалау сипатын анықтаудағы олардың қолданылуы туралы;

· организмнің дәрілік препараттарға реакцияларының молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері туралы;

· дәрілік препараттардың синтезделуі мен қолданылуының молекулалық негіздері туралы;

· халықаралық тілдегі молекулалық-биологиялық және генетикалық терминологиялар туралы;

· тұқым қуалайтын патологиялардың, дамудың туа біткен ақауларының алдын алудың құқықтық аспектеріндегі мәселелер туралы.

- тәжірибелік, коммуникативтік дағдыларды, құқықтық құзырлылықты және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын:

· аурулардың пайда болу механизмдерін түсіндіруде молекулалық–генетикалық білімді қолдануды;

· адамның ауруларының тұқым қуалау сипатын тани білуге;

· хромосомалардың әртүрлі типтерімен адамның қалыпты және патологиялық кариотиптерін ажырата білуді;

· аурудың тұқым қуалау сипатын анықтауда генеалогиялық әдісті қолдануды;

· арнайы анықтамалық материалды, молекулалық-биологиялық және генетикалық базалар мәліметтерін және т.б.;

· рефераттар жазу дағдыларын игеру;

· эсселер жазу дағдыларын игеру;

· тезистер жазу дағдыларын игеру;

· баяндамалардың презентацияларын даярлауда және аудитория алдында сөйлеу дағдыларын

игеру;

· топпен жұмыс істеуге үйрену;

· басшылық дағдыларды;

· шешендік қабілеттілікті;

· ұйымдастырушылық қабілеттілікті игеруді қалыптастыру;

Оқыту аяқталған соң молекулалық биология және генетика пәні бойынша студенттердің бойында қалыптасады:

коммуникативтік құзіреттілік:студент А2-В1 және одан жоғары деңгейде үш тілде кәсіби терминдерді пайдалана отырып өз ойын еркін жеткізеді, кәсіби сұрақтар мен мәселелерді емін-еркін талдайды.Студент жоғары деңгейде үш тілде кәсіби терминдерді пайдалана отырып өз ойын еркін жеткізеді, кәсіби сұрақтар мен мәселелерді емін-еркін талдайды.

Пререквизиттер және постреквизиттер.

Пререквизиттер: жалпы биологияның мектептік курсы, органикалық химия, гистология, қалыпты физиология, медициналық биофизика, клиникалық медицинаға кіріспе.

Постреквизиттер: биохимия, микробиология, патологиялық физиология, фармакология.

4.2.6. Пәннің қысқаша мазмұны:

Молекулалық биология және медициналық генетиканың міндеті мен мақсаттары, негізгі бағыттары. Молекулалық биология және медициналық генетиканың басқа медициналық -биологиялық пәндердің арасындағы орны. Тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуының молекулалық механизмдері. Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Комбинативтік өзгергіштік. Геномды, хромосомалық, гендік мутациялар. Жасушалық цикл және оның реттелуінің молекулалық механизмдері. Генетикалық гомеостаздың бұзылуы және оның адам патологиясында көрініс беруі. Молекулалық-генетикалық зерттеу әдістері және оның медициналық қолданылуы. Электрондық мәліметтер базалары және биомедициналық сайттар. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының пайда болуының молекулалық-генетикалық механизмдері. Тұқым қуалайтын аурулардың лабораториялық диагноз қою және алдын алу әдістері. Жеке дамудың генетикалық механизмдері. Популяциялық генетиканың негіздері. Экогенетика негіздері. Фармакогенетик негіздері. Онкогенетика негіздері.

Наши рекомендации