Антиденелердi қолдану

Моноклонды антиденелердi, негiзi, ісік жасушаларына тiкелей әсерiн шақыра алатын арнайы залалсыздандыруға арналған әр түрлі улы агенттерді енгiзу үшiн пайдаланады.

Бірінші осындай тәсіл, ол иммунотоксиндердi – ісікерекшелi антигендерге қарсы жасушалық удың молекулаларымен тығыз байланыстырылған (мысалы дифтериялық токсинмен моноклонды антиденелерді жасау). Оның мақсатында, алғашында, нақты улар қолданылған, олар жанама әсер көрсеткен еді, себебі организм жасушаларын қосымша уландырғаны. Осы жасушалардың молекулалы құрылысы мен әсер ету механизмі толық шешiлгеннен кейiн, ғалымдар осы улардың генді инженериялық дәрілерін ашқан, оларда рецепторлар болмаған, сондықтан олар қалыпты жасушаларға арнайы әсер көрсете алмайды. Моноклонды антиденелермен байланысқан соң, олар тек ісік жасушаларына жеткізіледі; бұл медицина тарихында алғашқы ісікке қарсы арнайы дәрілік заттардың, құрылымдық бөлігі болып табылады. Клиникалық тәжірибеде иммунды токсиндер жоғары нәтижелiгiн, әсiресе, химиялық еммен бірігіп көрсетті.

Тоқ ішек обырының операциядан кейінгі емдеуiнде қолданылатын моноклонды 17-1А-антиденелi - иммунды токсиндер 30% жағдайда өлімдi төмендеткен. LMB-1 иммунды токсиндер тоқ ішекпен сүт безі ісігін емдеуiнде қолданылған. Тағы басқа, сүт безі ісігінің емінде Anti-Her2 / new препараты қолданылды.

Цитотоксикалық ісікке қарсы препараттармен байланыстырылған моноклонды антиденелерді қолданғанда немесе ісік жасушаларын сәуледен кейiн өлуін шақыратын аса белсенді белгіленген изотоптармен біріккенде де бұл дәрiлердiң өте жақсы емдiк қасиетi анықталған.

Сөйтіп, шетелдегі (АҚШ) ісік зерттеу орталығында адамдағы В-жасушалық лимфомасындағы СD20-антигенге қарсы бағытталған радиобелгіленген B-антиденелерін ауруларға енгізгенде, ісіктің 85% жағдайында толық регрессиясы көрсетiлген. Осындай зерттеулер Мичиган университетінің клиникасында да жүргізiлген: 28 емге төзiмдi В-жасушалық лимфомасы бар аурулардың 14 толық ремиссия алынған. Барлық жағдайлардың ішінде ұзақ уақыт ремиссия 79% ауруларда болған.

Радиобелгіленген моноклонды антиденелер, химиотерапия сүйек кемігі трансплантациясымен бірiгiп Нью-Йорктың ісік орталығында жедел миелолейкозын емдеуінде қолданылған. Қайталамалы және емге төзiмдi жедел және созылмалы миелолейкозы бар 28 аурудың 27 толық ремиссия байқалған.

Қазір лабораторияларда көптеген жаңа ісік антигендеріне қарсы моноклонды антиденелер дайындалып жатыр, ал олардың клиникада қолданылуы күннен күнге жүзеге асуда. Көпшілік жағдайда, иммунды ем ретінде тышқандардан алынған моноклонды антиденелер жиi қолданылады. Олар адамда күшті иммунды жауап шақырады,сондықтан иммунды токсиндер мен радиобелгіленген препараттар ауруға тек бiр рет енгізіледі, себебі қайта енгізгенде пайда болған антиденелер бұл дәрілік заттарды залалсыздандырады. Бұл жайдың шешуі – гуманизацияланған рекомбинантты моноклонды антиденелердi ашуға байланысты, атап айтқанда тышқан иммуноглобулиндердің Ғс-үзіндісі адамдікіне ауыстырылған. Қазір бірқатар фирмалар осындай ісікерекшелi моноклонды антиденелер жасау тәсілін зерттеп, клиникалық тәжірибиден өткiзуде.

Сонымен қатар, токсиндер және радиоизотоппен біріккен моноклонды антиденелер дайындау әрекеттерi жалғасуда. Ол үшіншi ұрпақты радиоиммунды токсиндерге жеткiзуi мүмкiн.

Ісіктің иммунды емінің жаңа әрекеттерінің бірi - ол ісіктегі тамырлардың өсуіне көмектесетiн нәруыздарға қарсы және эпидермалды өсу факторларының рецепторларына қарсы иммунды токсиндердi жасау.

Қазіргі кезде, осы саладағы жұмыс істеп жатқан ғалымдардың көбісі жаңа иммунологиялық әрекеттер дәстүрлі ем түрін өзгерте алмайды деп есептейді, бірақ бар әдiстердiң қорын әрі қарай жақсартып, күшейте алады. Кейбір кезде, иммунды емдеу жетекші тәсіл бола алады, бірақ ол көпшілік жағдайда хирургиялық әрекет, сәуле және химиялық емнен кейін қолдануы керек. Сөйтіп, иммунды емдеудi түрлендiруге болады, себебi оны қабаттастырып пайдаланса, ерекше жақсы ем болады деп күтілуде.

Наши рекомендации