Анаэробты гликолиз, реакциялар жүйелігі,физиологиялық маңызы,энергетикалық құндылығы.

Анаэробты гликолиз-глюкозаның оттегінің қатысуынсыз ыдырауын айтамыз.Бұл процес цитоплазмада жүреді.

1.Процесс глюкозаның АТФ-пен фосфорлануынан басталады да глю-6-фосфат түзіледі:

2.Түзілген глю-6-фосфат фруктоза-6-фосфатқа изомерленеді:

3.Фруктоза -6-фосфат фосфофруктокиназа әсерінен қайтымсыз фосфорланып фруктоза-1,6-дифосфат түзеді.

4.Альдозаның әсерінен фруктоза -1,6-дифосфат 2-триозофосфатқа бөлінеді:

Осы реакциядан кейін дайындық этапы бітеді.

ДОАФ: 1.Шөрнек механизміне жұмсалады.

2.Тотықсызданып глицеринге айналуы мүмкін,ал глицерин ТАГ жане фосфолипидтің синтезіне қатысуы мүмкін.

3.Бірақ негізгі бөлігі ФГА-ға айналады.

Триозофосфатизомераза

Анаэробты гликолиз, реакциялар жүйелігі,физиологиялық маңызы,энергетикалық құндылығы. - student2.ru ДОАФ ФАГ

ФГА тотығып,фосфорланады.

Тотығу энергиясы 1,3-диФГА-ның макроэргиялық байланысына айналады.ФГА АДФ –пен әрекеттесіп АТФ түзеді.

Осы реакцияның нәтижесінде түзілген 3-Фосфоглицератқа мутаза әсер етіп фосфор қышқылының қалдығы үшінші көміртектен екінші көміртекке ауысады.

2-фосфоглицерат енолаза ферментінің әсерінен суды бөліп шығарады,бұл кезде молекула ішілік тотығу –тотықсыздану реакциясы өтеді.

Түзілген 2-фосфоэнолпируват макроэргтік байланысы үзілуі арқылы фосфор қышқылының қалдығын АДФ-ке береді,сөйтіп АТФ түзіледі.

Енолпируват өз еркімен ПЖҚ-ға айналады.Оттегі жоқ болса ПЖҚ сүт қышқылына тотықсызданады: Анаэробты гликолиз, реакциялар жүйелігі,физиологиялық маңызы,энергетикалық құндылығы. - student2.ru

Заттар алмасуындағы ЦТК, БТ, ТФ ролі.

ЦТК-ның маңызы үлкен :

1.Метоболиттік қазан –адам денесінің ошағы деп атайды.

2.ЦТК-да аралық өнімдеп түзіледі.Бұл өнімдерден басқа керекті қосылыстар түзілуі мүмкін.Бұл ЦТК-ның пластикалық қызметі.

3.Барлық алмасу процестерінің орталығында болып,оларды бір-бірімен байланыстырады.

4.Сутегі атомымен жабдықтаушы көзі болып табылады.

ЦТК-ның мәні:сутегінің көзі болып табылады.

 

БТ-Биологиялық тотығу дегеніміз-көп сатылы тотығу-тотықсыздану реакцияларының жүйелі жолмен жүріп отыратын тізбегі.Органикалық заттардың биологиялық тотығуының нәтижесінде эндогенді су жане энергия түзіледі.Энергия АТФ үшін пайдаланылады жане жылу түрінде бөлінеді.

Анаэробты гликолиз, реакциялар жүйелігі,физиологиялық маңызы,энергетикалық құндылығы. - student2.ru

БТ-ның маңызы:

1.Энергияның бөлінуі.

2.Эндогенді судың түзілуі.

ТФ-тотығудан фосфорлану.бұл биологиялық тотығуда бөлінген энергияны пайдаланып,фосфор қышқылын АДФ түзу процестері,бұл энергиялық алмасудың IV-ші сатысы.

 

Холестерин биосинтезі,мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз ,осы этап жайлы туралы түсінік.Холестериннің алмасуында липопро теидтердің ролі.

Жалпы алғанда барлық тканьдерінде шамамен 140г.холестерин болады.Қанда холестерин жане оның эфирлерінің концентрациясы 3,9-6,5 ммоль/л.Әсіресе жүйке ткані жане бүйрек үсті бездері холестеринге бай.Тканьдерде холестерин бос түрде және май қышқылдарымен этерифицирленген холестеридтер түрінде болады.

Ағзадағы холестериннің деңгейі тағаммен түсетін холестеринмен немесе оның ағзада ситезделуімен қамтамасыз етіледі. Өсімдік тектес тағаммен тамақтанған жағдайда,холестерин денгейінің сақталу механизмі –оның ситезі болып табылады.Холестериннің синтезі үшін қажетті ферменттер жетілген эритроциттерден басқа клеткалардың барлығында бар.Адам ағзасында бір тәлікте ситезделетін холестериннің жалпы мөлшері 1 грамға жетеді.Холестериннің көп бөлігі

( 80%)бауырда,10%-ы жіңішке ішекте,5%-тері клеткаларында

Ситезделеді .

Холестериннің ситезі үшін ең басты зат-ацетил-КоА болып табылады жане - β -гидроксил-Вметилглутарил-КоА түзілуі кезеңіне децін холестериннің синтезі кетон денелерінің синтезі сиқты өтеді

 

Ары қарай редуктазаның әсерінен тотықсызданған НАДФ-тың (НАДФН2) қатысуымен β -гидрокси- β -метилглутарил-КоА ( ГМГ-КоА) мевалон қышқылына (С6)айналады,одан бірнеше айналымнан кейін диметилаллилпирофосфат молекуласы (С5 )түзіледі.

 

Ары қарай диметилаллилипирофосфаттың молекуласынан геранилпирофосфат С5 түзіледі. Геранилпирофосфат С15 түзіледі.Фарнезилпирофосфаттың 2 молекуласынан бірнеше реакциялардан кейін НАДФН2-нің қатысуымен сквален С30,ары қарай ланостерин,соңынан холестерин С27 синтезделеді.Холестерин синтезінің жылдамдығы теріс кері байланыс механизмы бойынша реттеледі.Реттеудің негізгі заты –мевалон қышқылын синтездейтін –ГМГ-КоА –редуктаза ферменті болып табылады.

Наши рекомендации