Тақырыбы: Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Рекомбинанттық өзгергіштік. Мутациялық өзгергіштік, мутагендік факторлар

6.2. Мақсаты:студенттердетұқым қуалайтын өзгергіштіктің, рекомбинативтік және мутациялық өзгергіштіктің пайда болу себептері, даму механизмдері, мутация типтері және мутагендік факторлар туралы, тұқым қуалайтын өзгергіштіктің тірі ағзалар эволюциясындағы және практикалық медицинадағы рөлі жайлы білімдерін қалыптастыру.

6.3. Оқыту міндеттері:

- рекомвинативті өзгергіштіктің цитогенетикалық негіздерін оқып түсіну;

- генетикалық полиморфизмнің пайда болуындағы гендер рекомбинациясының ролі және оның биологиядағы және медицинадағы маңызын оқып түсіну;

- рекомбинативтік өзгергіштіктің пайда болу механизмдерін оқып түсіну;

- мутациялардың пайда болу себептерін оқып үйрену;

- мутациялардың жіктелуін оқып түсіну.

6.4. Тақырытың негізгі сұрақтары:

6.4.1. Өзгергіштік анықтамасы, жіктелуі.

6.4.2. Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Жіктелуі.

6.4.3. Рекомбинативті өзгергіштік.

6.4.4. Рекомбинативтік өзгергіштіктің пайда болу механизмдері.

6.4.5. Мутагенез, мутагендік факторлар.

*6.4.6. Мутациялық өзгергіштік, жіктелуі.

Mutations and their classification.

Мутации и их классификация

* Ағылшын және орыс тілдерінде талдау үшін

6.5. Оқытудың әдістері:үйлесімді оқыту әдісі(негізгі сұрақтар бойынша әңгімелесу, кестелер толтыру, тест тапсырмаларын шешу, видеофильмдер көру).

6.6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.6.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. с. 164-173, 219-267.

6.6.2. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Жалпы және медициналық генетика негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2009. б. 82-98.

6.6.3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М.,2003. с. 78-82.

6.6.4. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006. б.141-153.

6.6.5. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. А.,2002.б.134-144.

6.6.6. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы,2006. б. 77-86.

6.6.7. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықовтың ред. Алматы, 2004. б. 114-126.

6.6.8. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық - генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

6.6.9.Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010.

Бақылау

6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:

6.7.1.1.Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

6.7.1.2. Тест бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа

6.7.1.3. Тақырып бойынша кәсіби терминдерді ағылшын және екінші тілде игеруін тексеру

6.7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

6.7.2.1. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің жіктелуін сызбамен көрсету.

6.7.2.2 Рекомбинативтік өзгергіштіктің пайда болу механизімін сызу және оның генетикалық маңызын түсіндіру.

6.7.2.3 Кестені толтырыңыз: Мутагендік факторлардың жіктелуі

Химиялық факторлар Физикалық факторлар Биологиялық факторлар
     
     
     
     

6.7.3. Бақылау сұрақтары:

6.7.3.1. Комбинативтік өзгергіштіктің мутациядан қандай айырмашылығы бар?

6.7.3.2. Жасушалардың қандай бөліну типінде рекомбинативтік өзгергіштік пайда болады?

6.7.3.3. Қоршаған ортаның қандай факторлары мутацияға алып келеді? Олар қалай аталады?

6.7.3.4. Мутацияларды қандай критерийлеріне қарай жіктеуге болады?

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Өзгергіштік – тірі ағзалардың орта факторлар әсерінен өзгеруге және жаңа белгілерге ие болу қасиеті Изменчивость - свойство живых организмов изменяться и приобретать новые признаки под влиянием факторов среды Variability– property of living organisms to acquire new characteristics under the influence of environmental factors
Фенотиптік (модификациалық)өзгергіштік-сыртқы ортаның әсерінен генетикалық құрылымның өзгерісінсіз фенотиптің өзгеруі Фенотипическая (модификационная) изменчивость-изменения фенотипа под действием факторов внешней среды без изменения структуры генотипа Phenotypic (мodification) variability-сhanges in phenotype due to the influence of external environmental factors without changing the structure of genotype
Фенокопиялар –ортаның жағымсыз факторлары әсерінен фенотиптің өзгеруі Фенокопии — изменения фенотипа под влиянием неблагоприятных факторов среды. Phenocopies– changes of phenotype due to the influence of adverse environmental factors.
Генокопиялар –түрлі гендердің аллельдерінің негізінде фенотипттегі өзгерістің бірдей болуы. Генокопии -одинаковые изменения фенотипа, обусловленные аллелями разных генов. Genocopies - the same changes of phenotype controlled by alleles of different genes.
Морфоздар –сыртқы ортаның экстремалды немесе кездейсоқ факторынан болған сол түрге тән емес тұқымқуаламайтын өзгергіштік (модификация) Морфозы -ненаследственные изменения (модификации), вызванные экстремальными или необычными для вида факторами внешней среды. Morphosis- non-hereditary changes (modifications) caused by environmental factors that are extreme or unusual for a species
Тұқымқуалайтын өзгергіштік (генотиптік) дараның генотипінің өзгеруі сондықтан, жыныстық көбею кезінде ұрпақтарына беріледі Наследственная (генотипическая) изменчивость проявляется в изменении генотипа особи, поэтому передается при половом размножении потомкам. Hereditary (genotypic) variability appears to change the genotype of the individual, therefore, is transmitted by sexual reproduction descendants.
Комбинативтік өзгергіштік ата-анадан алынған гендердің жаңадан үйлесім түзілуінен ұрпақтарында болатын өзгергіштік Комбинативная изменчивость – это изменчивость потомства, обусловленная возникновением новых сочетаний (комбинаций) генов родителей. Combinative variability - is the variability of offspring due to the appearance of new combinations of the genes of parents.
Гаметогенез – жыныс жасушаларының дамуы мен пайда болу үрдісі Гаметогенез – процесс образования и развития половых клеток Gametogenesis – process of formation and development of sex cells
Мейоз – жетілген гаплоидты гаметалардың түзілуіне әкелетін, жыныс жасушаларының бөліну тәсілі Мейоз – способ деления половых клеток, приводящих к появлению зрелых гаплоидных гамет Meiosis – type of division of sex cells resulting in formation mature haploid gametes
Кроссинговер – гомологты хромосомалардың сәйкес бөліктерімен орын алмасуы Кроссинговер - обмен участками между гомологичными хромосомами Crossing-over – exchange of parts of chromosomes between homologous chromosomes
Мутация– генетикалық материалдың тұрақты өзгерісі Мутация - стойкое изменение генетического материала Mutation– persistent change of genetic material
Мутагендік фактор – мутацияны тудыратын факторлар. Табиғи және жасанды мутагендік факторлар деп ажыратылады Мутагенный фактор - фактор, вызывающий мутацию. Различают естественные (природные) и искусственные (вызванные человеком) мутагенные факторы Mutagenic factors – factors causing mutation. Distinguish natural and artificial (human-induced) mutagenic factors

Құрастырушы: оқыт. Ә.Қ.Қыдырбаева

13-тәжірибелік сабақ

Наши рекомендации