Скери сәлемдесуді саптағы орнында
Және қозғалыста орындау
97. Саптағы орнында әскери сәлемдесуді орындау үшін бастық 10-15 адымға жақындағанда, бөлімше командирі «Бөлімше, ТІК ТҰР, назар ОҢҒА (СОЛҒА, ОРТАҒА)»командасын береді.
Бөлімшенің әскери қызметшілері саптық қалыпты қабылдайды, бір уақытта басын оңға (солға) бұрады және бастықты, оның соңынан басын бұра отырып, көз қиығымен шығарып салады.
Бастық саптың тыл жағынан келген кезде бөлімше командирі бөлімшені артқа бұрады, ал одан кейін әскери сәлемдесуді орындау үшін команда береді.
98. Бөлімше командирі әскери сәлемдесуді орындау үшін команда беріп (егер ол қарусыз немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, қолын бас киіміне апарады; егер ол «иыққа», «қарубауға» немесе «кеудеге» күйіндегі қарумен болса, қаруы жоқ қолымен қозғалысты жалғастыра отырып, осы Жарғының 74-тармағында көрсетілгендей іс-қимыл жасайды), бастыққа саптық адыммен келеді; оған екі-үш адым қалғанда тоқтайды және баяндайды.
Мысалы: «Лейтенант мырза. Екінші бөлімше сабақ кестесіне сәйкес айналысып жатыр. Бөлімше командирі сержант Әлімов».
Сәлем берілетін бастық әскери сәлемдесуді орындау үшін команда берілгеннен кейін қолын бас киіміне апарады.
Бөлімше командирі баяндап болғаннан кейін қолын бас киімінен түсірмей оңға (солға) бұрылумен бір уақытта сол (оң) аяқпен шетке қарай бір адым жасайды және бастықты өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адым артта және саптың сыртқы жағынан жүреді.
Бастық өтіп кеткеннен кейін немесе «Еркін тұр» командасы бойынша бөлімше командирі «ЕРКІН ТҰР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.
99. Саптағы қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін бастыққа дейін 10-15 адым қалғанда бөлімше командирі «Бөлімше, ТІК ЖҮР, назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасын береді. «ТІК ЖҮР» командасы бойынша барлық әскери қызметші саптық адымға көшеді, ал «Назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасы бойынша бір уақытта бастық жаққа басын бұрады және қолдарымен немесе қару ұстамаған қолымен қозғалыс жасауды тоқтатады. «Иыққа» күйіндегі карабинмен қозғалыста қару ұстамаған қолмен қозғалыс жасау тоқтатылмайды. Бөлімше командирі, егер ол қарусыз болса немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, басын бұра отырып қолын бас киіміне апарады.
Бастықтың жанынан өткеннен кейін немесе «Еркін жүр» командасы бойынша бөлімше командирі «ЕРКІН ЖҮР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.
100. Бастық сәлемдескенде немесе алғыс жариялаған кезде әскери қызметшілер көтеріңкі, анық, үйлесімді жауап береді. Қозғалыста барлық әскери қызметші сол аяқтарын жерге қоя отырып, кейінгі сөздерді әрбір адыммен айтып жауап беруді бастайды.
Взвод саптары
Рістетілген сап
101. Взводтың өрістетілген сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.
Взводты өрістетілген сапқа тұрғызу «Взвод, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАЛ» командасы бойынша жүргізіледі.
Взвод командирі саптық қалыпты қабылдап және команда бере отырып, саптың маңдайшебі жағына қарап тұрады; бөлімше командирден солға қарай 18, 19-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрады. Екі қатарлы сапта әрбір бөлімшенің соңғы қатары толық болуы тиіс.
Бөлімшелерді сапқа тұрғызу басталғанда взвод командирі саптан шығады және бағынысындағылардың әрекетін бақылайды.
Төрт және үш адамы бар бөлімше санынан тұратын взвод 20-суретте көрсетілгендей екі қатарлы сапқа тұрғызылады.
18-сурет. Взводтың өрістетілген сабы – бір қатарлы
19-сурет. Взводтың өрістетілген сабы – екі қатарлы
1) | 2) |
20-сурет. Бөлімшенің мынадай саны бар взводтың өрістетілген екі қатарлы сабы: 1) төрт адамнан; 2) үш адамнан
102. Взводтың өрістетілген саптағы түзелуі,бұрылуы, қайта сапқа тұрғызылуы және басқа да әрекеттері бөлімше үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.
103. Взводты бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа немесе керісінше қайта сапқа тұрғызу осы Жарғының 88-90-тармақтарында көрсетілгендей жүргізіледі. Взводтың бөлімшелерінде бірінші және екіншіге санау кезінде бөлімше командирлері санауға кірмейді.
Жорықтық сап
104. Взводтың жорықтық сабы үш лекті (төрт бөлімшеден тұратын взводта – төрт лекті), екі лекті немесе бір лекті болуы мүмкін (21-23-сурет).
Взводты орнында үш (төрт) лекті сапқа тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі. Осы команда бойынша бөлімше 21-суретте көрсетілгендей жылдам сапқа тұрады.
Төрт және үш адамы бар бөлімше санынан тұратын взводты екі лекке жорықтық сапқа тұрғызу 24-суретте көрсетілген.
1) 2)
21-сурет.Взводтың жорықтық сабы: 1) үш лекке; 2) төрт лекке | 22-сурет.Взводтың жорықтық сабы – екі лекке |
1) 2)
23-сурет. Взводтың жорықтық сабы – бір-бірден бір лекке | 24-сурет. Взводтың жорықтық сабы – бөлімшелердің мынадай санымен екі лекке: 1) төрт адамнан; 2) үш адамнан |
105. Взводты өрістетілген бір қатарлы саптан бір лекке (екі қатарлы саптан екі лекке) қайта сапқа тұрғызу взводты оңға бұрумен жүргізіледі.
106. Взводты өрістетілген екі қатарлы саптан бір лекке (бір қатарлы саптан екі лекке) қайта сапқа тұрғызу «Взвод, оң-ҒА»; «Қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Бір (екі) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
«Адымда» командасы бойынша бірінші бөлімше жүру кезінде осы Жарғының 95-тармағында көрсетілгендей бір лекке (94-тармақта көрсетілгендей екі лекке) қайта сапқа тұрғызылады; қалған бөлімшелер бір (екі) лекке біртіндеп қайта сапқа тұра отырып, бірінші бөлімшенің ту сыртынан бірінің артынан бірі жүреді.
107. Взводты өрістетілген екі қатарлы саптан үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызу «Взвод, оң-ҒА»; «Қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
«Адым-ДА» командасы бойынша бірінші бөлімше жүру кезінде бір лекті сапқа қайта тұрып, жарты адыммен жүреді, қалған бөлімше біріншінің сызығына сол жаққа, сондай-ақ бір лекті сапқа тұрып, белгіленген аралыққа шығады, одан кейін взвод командирі «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» командасын береді.
108. Взводты бір лекті саптан өрістетілген бір қатарлы сапқа (екі лектен екі қатарлы сапқа) қайта сапқа тұрғызу взводты солға бұрумен жүргізіледі.
109. Взводты үш (төрт) лектен екі лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, екі лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
Осы команда бойынша бірінші бөлімше осы Жарғының 94-тармағында көрсетілгендей жүру кезінде екі лекті сапқа қайта тұра отырып, тура жүреді, қалған бөлімшелер орнында адым жасайды, одан кейін біртіндеп екі лекке қайта сапқа тұра отырып, алда келе жатқан бөлімшенің ту сыртына шығады.
110. Взводты үш (төрт) лектен өрістетілген екі қатарлы сапқа қайта тұрғызу үшін взвод алдын ала екі лекті сапқа қайта тұрады және одан кейін – осы Жарғының 108-тармағында көрсетілгендей әрекет жасайды.
111. Взводты үш (төрт) лектен бір лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, бір лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
Осы команда бойынша бірінші бөлімше тура жүреді, қалған бөлімшелер орнында адым жасайды және бөлімшенің лектен кезектесіп шығуына қарай өз командирлерінің «ТУРА» командасы бойынша алдында келе жатқан бөлімшенің ту сыртынан жүріп, қозғалысты толық адыммен бастайды.
112. Взводты бір лектен үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
Осы команда бойынша бірінші бөлімше орнында адымдайды, қалған бөлімшелер бірінші тұрғанның сызығына шығып, сондай-ақ взвод командирінің «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» командасына дейін орнында адымдайды.
113. Взводты екі лектен үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі. «Адым-ДА» командасы бойынша взвод осы Жарғының 107-тармағында көрсетілгендей үш лекті сапқа қайта тұрғызылады.
114. Взводты жинау үшін «Взвод – МАҒАН КЕЛ» командасы беріледі, ол бойынша бөлімшелер жүгіріп взвод командирінің жанына жиналады және оның қосымша командасы бойынша сапқа тұрады.
115. Жорықтық сапта взводтың қозғалыс бағытын ауыстыру бөлімшенің жорықтық сабы үшін көрсетілген командалар мен ережелер бойынша жүргізіледі.