Скери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау

134.Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау осы Жарғының 124, 125-тармақтарында рота үшін көрсетілгендей жүргізіледі.

Батальон лекте жүріп келе жатқан кезде әскери сәлемдесуді орындау үшін батальон командирінің командасын бастық алда келе жатқан ротаның орта тұсына теңескенде роталардың командирлері (бағыттаушыдан басқа) біртіндеп қайталайды.

Бригада (полк) саптары

135.Бригаданың (полктің) өрістетілген сабы взводтық немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызылған батальондардан, артиллериялық бөлімшелерден, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінен, қамтамасыз ету бөлімшелерінен тұрады.

Бригаданың (полктің) өрістетілген сабында оң жақ қапталға олардың нөмірлерінің ретімен батальондар, олардан солға қарай – артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері сапқа тұрғызылады.

Бригада (полк) басқармасы батальондардан оңға қарай сапқа тұрады. Бригада (полк) командирінің орынбасарлары басқармадан оңға қарай, ал Жауынгерлік Тумен сапқа тұрғызылған кезде – одан оңға қарай, Жауынгерлік Туды тапсырған кезде – 7-қосымшаға сәйкес тұрады. Батальондар арасындағы аралық – үш адым (33-сурет).

 
 

33-сурет. Бригаданың (полктің) өрістетілген сабы – взводтық немесе

роталық лектер сызығына

Әскерлер тектері мен қызметтері бастықтары, оларға бағынысты офицерлер мен бригада (полк) сержанты бригада (полк) басқармасының құрамында сапқа тұрғызылады.

136. Бригаданы (полкті) сапқа тұрғызу үшін бригада (полк) командирі өзі немесе штаб арқылы бұйрық береді, онда: сапқа тұрғызу мақсатын, орнын, уақыты мен тәртібін; киім нысаны мен жабдықтарды; бөлімшелерде қандай қару-жарақ пен әскери техника болуын көрсетеді.

137.Бригаданы (полкті) жорықтық сапқа тұрғызу тікелей жорықтық лекке сияқты (34-сурет), өрістетілген саптан взводтық немесе роталық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу жолымен де жүргізілуі мүмкін.

138. Орнында жорықтық лекке сапқа тұрғызу кезінде батальондар, артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері лектерде бригаданы (полкті) сапқа тұрғызу орнына келеді және оларға көрсетілген орындарға тұрады.

139.Бригаданы (полкті) өрістетілген саптан жорықтық лекке қайта сапқа тұрғызу командалар бойынша жүргізіледі.

Мысалы: «Бригада (полк), қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, менің соңымнан (немесе жүру бағыты, бағдары көрсетіледі) адым – БАС» немесе «Бригада (полк), қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, жол бойымен, сапқа тұру тәртібімен (немесе өзге де жүру тәртібі көрсетіледі), адым – БАС».

«Жорықтық лекпен» командасы бойынша батальондар командирлері саптан шығады және өз батальондарының бас жағындағы бөлімшелер командирлерінің алдында сегіз адымда, батальондар командирлерінің орынбасарлары – батальондар командирлерінен кейін екі адымда екі қатарда тұрады, роталар мен взводтар командирлері саптан шығады және осы Жарғының 132-тармағында көрсетілгендей тұрады. Батальондар командирлері қозғалу үшін біртіндеп команда береді.

Бригаданың (полктің) қозғалуы 34-суретте көрсетілген сапқа тұру тәртібімен немесе бригада (полк) командирі көрсеткен өзге де тәртіппен жүргізіледі; батальондар (дивизиондар) арасындағы арақашықтық орнында – үш адым, қозғалыста – 10 адым, ал басқа да бөлімшелер арасында – үш адым.

 
 

34-сурет. Бригаданың (полктің) жорықтық сабы – лек

140. Бригада (полк) жорықтық лектен өрістетілген сапқа бригада (полк) командирінің командасы бойынша қайта сапқа тұрғызылады, бұл ретте бригаданың (полктің) сапқа тұрғызылу орны мен маңдайшебі, қандай батальон бойынша және қандай сапқа тұрғызылатыны көрсетіледі.

«Бригада (полк), солға сызыққа, батальондар, роталық (взводтық) лектер сызығына, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша қайта сапқа тұрғызу кезінде бөлімшелер 33-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

141. Саптағы орнында және қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін бригада (полк) командирі «Бригада (полк), ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасын береді.

Саптағы орнында бригада (полк) командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, бастық жаққа бұрылады, оған саптық адыммен келеді және баяндайды.

Жорықтық саптағы қозғалыс кезінде әскери сәлемдесу үшін бригада (полк) командирі берген команданы бастық алда келе жатқан ротаның орта тұсына теңескенде батальондардың командирлері біртіндеп қайталайды.

Наши рекомендации