Газ тарату механизмдерінің негізгі түрлері
Екі клапанды газ тарату механизмдері бар қозғалтқыш құрылымдары (7, 8-сурет) көп қолданысқа ие болған. Цилиндрлік және сына тәрізді жану камералары бар қозғалтқыштарда клапандар шығыр өсінің бойымен қатар құрып орналасқан (7-сурет). Кіргізуші және шығарушы клапандар кезектесіп орналасады (7 а-сурет) немесе жұп болып орналасады (7, б-сурет). Жұп бойынша орналасқанда көршілес кіргізуші клапандар жалпыға бір немесе әр клапанға жеке трубка арқылы баруы (7,а, в-сурет) мүмкін. Клапандарды екі қатарға (8 сурет) шатырлы немесе жартылай сфералы жану камерасы бар ұшқынды тұтатылуы бар қозғалтқыштарда қолданылады. Екі қатарлы дизельді қозғалтқыштарда қолданылмайды. Клапандары бір қатарда орналасқан ұшқынды оталуы бар қозғалтқыштарда кіргізуші және шығарушы құбырлар цилиндрлер шығырының бір жағында, (7, а, б-сурет) сондай- ақ екі жағынан да орналасуы мүмкін (7, в-сурет). V-тәрізді қозғалтқыштарда және клапандары екі қатарда орналасқан қозғалтқыштарда құбырлар, цилиндрлер шығырының екі жағынан да орналасады (8-сурет). Қазіргі автомобильдерде үш газ тарату механизмдері бар (9-сурет) және бір цилиндрге төрт клапаны бар (10-сурет) қозғалтқыштар жиі кездеседі.
7-сурет. Бір цилиндрге екі клапанның бір қатарлы орналасуы: а, в- кіргізуші және шығарушы клапандар кезектеседі; б- кіргізуші және шығарушы клапандар жұп құрып орналасқан.
8-сурет. Бір цилиндрге екі клапанның екі қатар жасап орналасуы.
Клапанды механизм
Клапандары төмен және таратушы біліктің төменгі орналасуы бар газ таратушы механизмдерде, клапандар жетекті беріліс бөлшектерінен әсер алады (итергіштер, штангалар және күйенте). Клапандар қоректену жүйесінің газ құбырларымен цилиндрлерді қосатын кіргізуші және шығарушы арналардың жабылып- ашылуын қамтамасыз етеді. Клапан (9,а-сурет) жалпақ қалпақша (16) және өзектен (9) тұрады, олар өзара жатық қосылған. Кіргізуші клапанның басының диаметрін шығарушыдан қарағанда үлкендеу етіп жасайды, ол цилиндрлерді жану қоспасымен жақсы толтыруы үшін қажет. Клапан өзегі мен төлке арасындағы саңылаудан цилиндрге майдың ағуын болдырмау үшін, кіргізу ырғағы кезінде кіргізуші клапандардың тіректі тығырығы немесе бағыттаушы төлкелердің жоғарғы жағында резеңкелі манжеттер немесе қалпақшалар (11) (9-сурет) кигізеді, олар клапан ашылған мезетте оның өзегіне және төлке бағыттаушысына тығыз сығылады.
9-сурет. ЗИЛ-431410 (ЗИЛ-130)- қозғалтқышының айналу механизмі бар кіргізуші клапаны: а- шығарушы клапан, цилиндр қалпақшасында орнатылған; б, в- клапанның айналу механизмінің бастапқы және соңғы жұмыс орыны.
Күйентеге (3) бұралған қарсы бұрандалығы (2) бар реттеуші бұрандама (1) клапан арасындағы саңылауды реттеу үшін қолданылады (10-сурет).
10-сурет. Жылулық саңылауды тексеру және реттеу
Итергіштер күйентелерге штанга арқылы таратушы біліктен алған жүктемесін беру үшін қолданылады. Олар болат немесе шойыннан жасалады. Итергіштер цилиндрлік немесе рычагты -роликті болады (11-сурет). ЯМЗ-236 және ЯМЗ-238 дизелдерінде тербелмелі түрде рычагты-роликті итергіштер қолданылады (11, а-сурет), олар өс бойы (6) мен таратушы біліктің үстінде орналасқан. Роликтің жұдырық бойымен қозғалысы кезінде үйкеліс сырғанау тербелмелі үйкеліске ауысады да, роликтің өсі бойымен инелі мойынтіректерді айналады. Итергішке жоғары жағынан штанга (3) тіреледі.
Штангалар итергіштерден келген жүктемені күйентелерге беру үшін қолданады. Олар дюралюминийлі өзегі бар болатты сфералық ұштарымен жасалады (ЗМЗ- 5311 және ЗМЗ-2404 қозғалтқыштарында) немесе ұштары шыңдалған болат шыбықтан (ЗИЛ-130 қозғалтқышында) жасалады. ЯМЗ және КамАЗ дизелдерінде штангаларды (3) (11,б- сурет) болат шыбықтан жасайды. Штангалар бір жағынан реттелетін күйентеге (1) бұралған, ол бұрандаманың (2) сфералық бетіне келіп тіреледі (11,а-сурет), ал екінші жағынан итергіштерге тіреледі. Штангалардың соңында болаттан жасалған сфералық ұштықтарды (7) престеп кигізеді.
11- сурет. Дизельдердің клапан жетегінің бөлшектері: а- ЯМЗ; б- КамАЗ.
Күйентештангадан келген жүктемені клапанға бару үшін қолданады. Ол тең емес иінді рычагқа ұқсайды, оны болаттан немесе шойыннан жасайды. Итергіштердің жүрісін және штанга жүрісін сондай-ақ қозғалыс кезінде пайда болатын инерция күштерін азайту үшін, күйентенің а иінін bиініне қарағанда 1,5 есе көп етіп жасайды. Тиімді жағы иіннің ұзындау болатыны клапан жетегі бөлшектерінің ұзақ уақыттылығын арттырады. Карбюраторлы қозғалтқыштың күйентесі жалпы қуыс өсте орналасқан, оның соңына тұншықтырғыштар престелген. Мұндай орналасу күйентенің бронзалы төлкелеріне және реттеуші сомындардың сфералық ұштарына майлаушы майды жеткізуге жақсы мүмкіндік береді. Күйентемен бірге құралып жиналған өстерді, цилиндр қалпақшасының әр тірегінің көмегімен орнатады. Дизельдерде күйенте өстері тіректермен бітұтас ретінде жасалған және әр күйенте өз өсінде тербеледі.