Негізгі қорлардың тозуы, негізгі түрлері

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.

Heгізгi қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы ар­қылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.

Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді.

Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді.

Сондықтан, негізгі қорларды әcipece, олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі эко-номикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы — сапалық тозу болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны — ол не­гізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олардың жеке және сапалық тозуыдың деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.

Негізгі капитал өндіріс үдерісіне қатысуымен, пайдалану жылы ұлғайған сайын, табиғат күшінің әсер етуімен ол пайдалану үдерісінде біртіндеп тозады, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі әр бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі капитал сатып алуға тура келеді.

Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық, заман талабына сай келмеуі).

Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс үдерісіне қатысу нәтижесінен және негізгі капиталдың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады.

Моральдық тозу – жабдықтың техникалық прогреске байланысты ексіріп құнсыздануы. Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп құнсызданады.

Тозған негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады. Негізгі капитал өндіріс үдерісінде пайдалынған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс амортизация деп аталады.

Амортизация (латынның "өтеу" деген сөзінен) - тозудың құндық көрінісін білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды.

Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарылып отырады, яғни негізгі капиталдың тозуына байланысты құнның кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.

Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз - негізгі капиталдың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық өнімнің өзіндік құнына қосылатын сомасы.

Амортизация ұдайы өндірісте негізгі қорлардың тозу орнын толтыру үшін қаржы жинақтау түрін білдіреді.

Амортизацияның міндеті –негізгі қорлардың тозу орнын толтыруға байланысты амортизациялық қор оның орнын толтыру құнына сәйкес болуы тиіс.

Негізгі қорлардың табиғи және сапалық тозу олардың құнының экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады.

Сонымен, амортизация – бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте бірте ауысуы. Ол ақшалай қаражаттың қорлану мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді.

Бірінші жағынан, амортизациялық аударымның тым жоғары денгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшеріде азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымы денгейі қысқарады.

Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан, бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.

Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.

Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке алғанда бастапқы негізгі қорлардың құны амортизациясының мөлшерімен анықталады.

Осыған байланысты амортизаиясының мөлшері мына төмендегі формуламен есептеледі:

МА = Негізгі қорлардың тозуы, негізгі түрлері - student2.ru х 100%

мұнда МА – негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері, %;

Қ бқ- негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны;

Қж- жойылу құны;

Мқ- негізгі қорлардың қызмет мерзімі.

Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып табылады. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс анықтау өте қажет:

· негізгі қорлардың төзімділігі;

· сапалық тозу;

· техникамен қайта жарақтандырылудағы келешекке арналған жоспар;

· жабдықтау балансы;

· жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.

Кәсіпорын негізгі қорлар жөнінде пайдаланатын есептеу техникаларын, жаңа үдемелі материалда, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлғайту үшін тездетілген төлемді қолдануы мүмкі, ал ескірген техникаларды жалпылама өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту.

Амортизациялық аударым – негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарынығ элементтін құрайды. Амортизациялық аударым көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады.

Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз. Ол пайыз арқылы беріледі:

Н = (Ф1 – Фж) /(Ф1 х Т) х 100%

мұндағы Ф1 – негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны, теңге

Фж – жойылған негізгі қорлардың құны, теңге

Т – амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативтік қызмет ету уақыты), жыл.

Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формула арқылы анықталады:

А = H x Ф,

мұндағы H - амортизация нормасы (%)

Ф – негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге.

Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытына қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек:

· негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі

· моральдық тозу

· техникалық қайта құрудың жоспары

· жабдықтардың балансы

· модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.

Қазақстан Президентінің «Салықтар» және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы 24 сәуір 1995 жылғы Жарлығы бойынша амортизацияға түсетін негізгі қорлардың амортизация нормалары төмендегідей топтар арқылы анықталған:

Кесте 7 – Негізгі қорлардың амортизация нормалары

Наши рекомендации