Эксперименттік бөлім

Студентке мұнайдың (мұнай өнімінің) үлгісі беріледі. Студент мұнайдың үлгісінің (өз бетімен) сыртқы көрінісі бойынша кинематикалық тұтқырлығын анықтайды да, қажетті қорытындылар жасау керек.

Кинематикалық тұтқырлықты капиллярлы вискозиметрмен анықтау.

Бұл тәсіл сұйық мұнай өнімдерінің кинематикалық тұтқырлығын анықтауға қолданылады. Бұл тәсілдің мақсаты: зерттелетін сұйықтықтың белгілі бір көлемінің ауырлық күші әсерінен ағу уақытын анықтау.

Анықтау сурет-6-да көрсетілген вискозиметрде өткізіледі.

Эксперименттік бөлім - student2.ru

Сурет 6. Вискозиметр

Вискозиметр U тәріздес түтік. Иінге (1) капилляр (7) қондырылған. Тұтқырлықты анықтағанда сұйықтық резервуардан (4)капилляр бойымен кеңістікте (6) ағады. Капилляр типті вискозиметрлердің капиллярларының диаметрі әр түрлі болады: 0,4-0, 6-0, 8-1, 0-1, 2-1, 5-2, 0-2, 5-3, 0-3, 5-4, 0 мм. Вискозиметр капиллярының диаметрі мұнай өнімінің мөлдірлігіне және тұтқырлығына байланысты, сұйықтықтың ағу уақыты 200с. кем болмайтын етіп алынады.

Тәсіл негізінде нақты сұйықтықтардың капиллярлар арқылы аққыштығын анықтайтын Пуазайль формуласы салынған:

ν=[(π·g·h·r4)/(8·L·V)]·τ

мұндағы: ν-кинематикалық тұтқырлық; V-капилляр арқылы ағатын сұйықтық көлемі, м3; r – капилляр радиусы, м; L - капилляр ұзындығы, м; τ– сұйықтықтың белгілі бір көлемінің капилляр арқылы ағу уақыты, с; h– сұйықтық деңгейінің биктігі, м.

h, r, L,V – мөлшерлері алынған вискозиметр үшін тұрақты деп есептей отырып,

(π·g·h·r4)/(8·L·V)=C

деп есептеуге болады, сонда:

ν=С·τ

немесе:

С=ν/τ

мұндағы С– вискозиметр тұрақтысы.

Бұл көрсеткіш температураға байланысты емес, ол тек вискозиметрдің геометриялық көлемдеріне (мөлшерлеріне) байланысты.

Өлшеуді жүргізу.Анықтауды бастамастан бұрын вискозиметрді жуып, жақсылап кептіру керек, ал зерттелетін өнімдерді судан тазалау керек.

Кептірілген және таза вискозиметрді зерттелетін мұнай өнімімен толтырады. Ол үшін шығарылатын түтікке (3) резеңке түтік немесе «груша» кигізеді де кең түтікті (2) саусақпен жабады. Содан кейін вискозиметрді аударып оның жіңішке түтік жағын мұнай өнімі құйылған әйнек ыдысқа салынады. Вискозиметрге грушамен немесе түтік арқылы екі дөңгелек (4,5) көлемге мұнай өнімін М2 белгісіне дейін толтырады да, вискозиметрді тез аударып қалыпты жағдайға келтіреді. 1 – шінің сыртындағы артық сұйықтықты сүртіп оған резеңке түтік кигізіледі.

Вискозиметрді тік (виртикаль) түрде штативке бекітеді де, термостатта кеңістік (5) термостаттағы сұйықтық деңгейінен төмен болатындай етіп қондырады. Термостатта белгілі температурада 15 мин. ұстағаннан кейін иінге (1) шамамен кеңістіктің (5) 1/3 бөлігіне дейін сұйықтықты сорғызады. Иінді атмосферамен қатынастырады да, М белгісінен М1 белгісіне дейін сұйықтықтың ағу уақытын белгілейді.

Кинематикалық тұтқырлықты анықтау үшін үш зерттеудің орташа арифметикалық анықтау уақыты алынады. Кинематикалық тұтқырлықты келесі формуламен есептейді:

ν = С·τ

мұндағы ν- кинематикалық тұтқырлық, мм2/с; С-вискозиметр тұрақтысы, мм2/с; τ-сұйықтық ағуының орташа арифметикалық анықтау уақыты,с.

Лабораториялық жұмыс № 3орындалуы туралы есеп формасы:

1. Жұмыс мақсаты

  1. Теория элементтері
  2. Практикалық бөлім
  3. Қорытынды
  4. Қолданылған әдебиет

Жұмысты орындаған: Жұмысты қабылдаған:

................................................ ...................................................

топ, студент қолы оқытушы қолы

орындаған күні қабылдаған күні

Глоссарий

Бензиннің тұтқырлығы

Вискозиметр

Наши рекомендации