ГидравликалыҚ есептеулерді орындай отырып стандартталҒан баҒананы Қабылдау.
Бағананың диаметрін, ондағы табақшаның жұмысшы ауданынның шамасы бойынша есептейміз, және мұның мәнін келесідегідей анықтаймыз
Fр = Vп/ωр (8.1)
мұндағы Vп – бағанадағы будың көлемдік шығыны, м3/с; ωр – бағананың жұмысшы қимасындағы будың (газдың) жылдамдығы, м/с.
Бағананың жұмысшы қимасын ретінде табақша табанының ауданын қабылдаймыз (тозу құрылғысының ауданын ескекерусіз).
Бағананың жұмысшы қимасындағы будың жылдамдығын келесі өрнек бойынша есептейміз.
ωр = , (8.2)
мұнда - сұйықтың көбектену факторы (8.5 кестені қара); ρж және ρк – сұйықтық пен будың тығыздықтары.
Егерде бағана жиі тазарту және жөндеуді қажет ететін болса, онда
Дк болғанда Нт 0,6 м қабылданған жөн. Нт түбегейлі мәнін мүмкін шашыранды әкетілуін және тозу құрылғысының сенімділігін тексергеннен соң орынбады.
Өнеркәсіптік бағаналарда 1 кг буға 0,1 кг дейін шашыранды әкетілуі рұқсат етіледі. Әдетте салыстырмалы әкетілу шамасын Gп /Gж қатынасын қабылданған жөн.
Қажет жағдайда сұйықтың салыстырмалы әкетілуін келесі өрнек бойынша есептейді.
Y = ( n1 , (8.3)
мұнда сұйықтың бумен және газбен әсерлесу шекарасындағы беттік керілуі, Н/м ; hnʜ - табақша бетінде қалыптасатын көбіктің (газ сұықтықты қоспаның) биіктігі,м.
Көбік биіктігін жуықша келесі өрнекпен бағалауға болады.
hnʜ = (𝓀₃ωр²ρn + 𝓀₄hсл +hпор) (8.4)
мұнда hсл –төгілу ернеуі үстіндегі сұйықтың тегеуріндеу биіктігі, м; hпор табақшадағы төгу ернеуінің биіктігі, м (8.3 сурет).
Төгу ернеуі үстіндегі сұйықтың тегеуріндеу биіктігі (м)
hсл =0,68(Vжд/П)0,67, (8.5)
мұнда Vжд – төгу құрылғысынан ағып түскен, сұйықтың нақты шығыны м3/с; П- төгілу периметірі (төгу ернеуінің ұзындығы), м.
Жоғарыда орналасқан табақшаға бумен тасмалданатын сұйықты ескере отырып, төгілу құрылғысындағы сұйықтың нақты шығыны
Vж.д =Vж + , (8.6)
мұнда - бағанадағы будың массалық шығыны, кг/с; У – сұйықтың салыстырмалы әкетілуі.
Қалпақшалы табақшадағы төгілу ернеуінің биіктігі:
hпор = h2.б - hсл + hпр + hу , (8.7)
мұндағы h2.б – барбатаждау тереңдігі; hпр – қаллақшадағы тесік ені;
hу - 0÷10 мм қаллақшаны биіктігі (табақшадан қаллпақшаның төменгі қырына дейінгі қашықтық).
hпор мм есептемелік мәнінде hпор = 45 мм қабылданған жөн. Барбабаждау тереңдігін (м) [24] ұсынысына сай келесі өрнек бойынша есептелген жөн
h2.б = (0,7/ρж)р0,35 , (8.8)
мұнда р – бағанадағы абсалюттік қысым, Па
Қалыптастырылған табақшалардың тіліктерге ие (8.4сурет). Табақшаның едәуір тиімділігіне тіліктің бүкіл қиммасында өткен жағдайда қол жеткізуге болады, яғни білік толығымен ашық болғанда (8.3 сурет).
Тіліктердің ашылу биіктігін келесі өрнек бойынша есептелуге болады:
hкр = 0,46 , (8.9)
мұнда Vn - бағанадағы бу шығыны, м3/с; m – табақшадағы қаллақшалар саны; z – бір қаллақшалардағы тіліктер саны; в – тіліктің есептемелік ені (8.4.сурет).
Болат (дөңгелек) қалпақшаларда тіліктер саны келесідегідей:
Қалпақша диаметрі Дк, мм 60 80 100 150
Тіліктер саны z..................... 16 20 26 40
Кесте.