Сарамандық жұмыс.

Бетперденің пішімін үлгі бойынша түрлі түсті қатырмақаздан сызып қиып аламыз.Бетпердені жиек сызығы бойымен таспа баулармен бастырмалап желімдейміз. Бетпердені жылтырақ бояулар жағып немесе щыны және сумоншақтарды желімдеп әшекелейміз.

III.Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстыру. Жұмыс сапасын тексеру.

Шеңберді қандай құралмен сызамыз?

Үйге тапсырма: Шырша ойыншықтарын жасау. Бағалау:

Тексерілді:

Күні: 9.01.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Оригами. Күшік пішінін жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: қағазды бүктеу арқылы күшік пішінін сомдау.

Дамытушылық: қағазды бүктеу арқылы пішін шығару дағдыларын, бейімділіктеріне қарай шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі түсті қағаз, қайшы, фломастер, желі, қылқалам. Күшік пішіні.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

II.Жаңа сабақ:

Көшпенді қазақ тұрмысында иттің үлкен мәні бар, ол оның үйі мен мал-жанын қорғаған. Иттің қойшының еңбегінде атқаратын рөлі аса маңызды. Дала қасқыры малға жақындағаннан үріп, қойшыға жеткізіп, малдың дала жыртқышының паузына түспеуінің алдын алады. Малшы қазақтардың айтуынша, олардың қасқырға қарсы үрген дыбысы жай кездері үргеннен басқаша болып келеді.

Практикалық жұмыс.

Балалар, біз бүгінгі сабақта қағаздан бүктелген күшікті жасап көрейік.

Алдымен біз күшіктің басын дайындап алуымыз керек. Ол үшін:

Қабырғаларының ұзындығы 8см болатын шаршы дайындайды;

Шаршыны диагональ сзықтар бойымен бүктеп, бүгу сызығын түсіреді.

Шаршының екі бұрышын ортаңғы нүктеге қарай бүктейді.

Оны екінші бетіне аударады.

Екі жағын ортаңғы сызыққа бүгу сызықтары бойымен бүктейді. Сонда арғы бетіндегі бұрыштары алдыңғы бетіне ауысады.

Дайын болған күшіктің басына көзін, мұрнын жапсырады.

Күшік пішінінің кеудесін дайындау.

ü Қабырғаларының ұзындығы 10см-ге тең шаршы дайындайды. Шаршыны үшбұрыштап бүктейді.

ü Үшбұрышты дәл ортасынан бүктеп, ортаңғы бүгу сызығын алады.

ü Шеткі бұрыштарын ортаңғы сызыққа келтіріп бүктейді.

ü Астыңғы бұрыштарын қайырып, бүгу сызығын алады.

ü Екі жақ бұрышын ішке қарай бүктеп, бүгу сызығын алады.

ü Көрсетілген белгі бойынша ішке бүктейді.

ü Сызық бойымен қатпарлап бүктейді.

ü Күшіктің басын кеудесіне жабыстыр. Міне, күшік дайын.

Жұмыс барысындағы ереже.

Мұғалімнің жетекшілігімен жұмысты баста.

Жұмыс орныңды реттеп, таза ұста.

Бас қа нәрсегек назар аударып, босқа уақытыңды жоғалтпа.

Құралдарды өз орнында сақта.

Жұмысты ұқыпты жаса.

Қажет болса досыңа көмектес.

III.Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстырады. Жұмыс сапасын тексеру.

IV.Үйге тапсырма: 60,62 бет. күшік пішінін жасау.

Оқушылардың жасаған жұмыстарын бағалау.

Тексерілді:

Күні: 12.01.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Оригами. Мысық пішінін жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: қағазды бүктеу арқылы мысық пішінін сомдау, мысқ жөнінде мәліметтер беру.

Дамытушылық: қағазды бүктеу іскерліктері мен дағдысынарттыру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі түсті қағаз, қайшы, фломастер, желі, қылқалам. Мысық пішіні.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

ü Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

II.Жаңа сабақ:

Мысығым-ау, мысығым ,

Тарғылы жақсы түсінің.

Таңертең де, кеште де,

Бетін жуған пысығым.

Піш-піш десем келе ғой,

Айтқаныма көне ғой.

Шақырғанда «піш-піш» деп,

«Мяу!» - деп дыбыс бере ғой.

Практикалық жұмыс.

Алдымен біз мысықтың басын дайындап алуымыз керек. Ол үшін:

Бір беті қоңыр немесе сұр, бір беті ақ қағаздан ұзындығы 11см-ге тең шаршы дайындайды.

Шаршының ақ бетінің қарама-қарсы бұрыштарын бір-біріне беттестіре бүктеп, бүгу сызықтарын түсіреді.

Астыңғы және үстіңгі бұрыштарының ұшын ортаңғы сызыққа жеткізіп бүктейді. Арғы бетіндегі бұрыштар бергі бетіне ауысады.

Үстіңгі бөліктегі бұрышты артқа, астыңғы бөліктегі бұрышты жоғары қарай қайырады.

Сурет бойынша астыңғы бөлікті көрсетілген нүктеге дейін жоғары көтереді.

Суретте көрсетілгендей екі жағын бүктейді.

Құлағын бүгу сызықтары арқылы көрсетеді.

Астыңғы орта және үстіңгі бұрыштарын суретте көрсетілгендей етіп қайырады.

Жанындағы бұрыштарын ішке қарай бүктейді. Мысықтың көзін, мұрнын жапсырады.

Мысық пішінінің кеудесін дайындау.

ü Ұзындығы 14см-ге тең шаршыны үшбұрыштап бүктейді.

ü Үшбұрышты беттестіре бүктеп, ортаңғы бүгу сызығын алады.

ü Шеткі бұрыштарын ортаңғы сызыққа жеткізіп бүктейді.

ü Астыңғы бұрыштарын бүктеп, бүгу сызығын түсіреді.

ü Төменгі бұрыштарын теріс қаратып бүктейді.

ü Берілген бүгу сызығы бойынша бұрыштарын теріс қарай бүктейді.

ü Сызық бойымен қатпарлап бүктейді.

Мысық пішінінің құйрығын дайындау.

Қабырғаларының ұзындығы 5см-ге тең шаршы дайындап алады.

Оны үшбұрыштап бүктеп, келесі бетіне аударып, артқы бұрышын өзіне қаратып, ақ жолақты көрсетіп бүктейді. Басы мен кеудесін, құйрығын біріктіріп жапсырады.

III.Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстырады. Жұмыс сапасын тексеру.

IV.Үйге тапсырма: 66 бет. «Үй хайуанаттары» композициясын дайындау

Бағалау:

Күні: Пәні: еңбекке баулу сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Шырша ағашы туралы түсінік. Шырша ойыншықтарын жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға шырша ағашы туралы түсінік бере отырып, шырша ойыншықтарын жасап үйрету.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: табиғатты сүюге, табиғат сұлулығын көре білуге тәрбиелей отырып, ұқыпты, таза болуға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі түсті қағаз, шырша ойыншықтары, шырша ағашы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

ü Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ:

Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым. Шаңғы.

Көлге жапқан қақпақ

Сіресіп тұр-

Қатты-ақ. Мұз.

Жаңа сабақ.

Шырша республикамыздың салқын аймақтары мен таулы өлкелерінде өседі. Шыршаның жапырақтары ине тәріздес болады. Сондықтан шыршаны «қылқан жапырақты ағаш» деп атайды. Қылқандары бұтақ бойында біркелкі ілгері қарай тізіле орналасады.

Практикалық жұмыс.

Түрлі түсті қағазданрадиусы 4-5см-ге тең дөңгелектер дайындап ал. Бізге мұндай дөңгелектердің төрт-бесеуі керек.

Осы дөңгелектердің ортаңғы сызығы бойынша бүктеп, әр дөңгелектің жарты бетін келесі дөңгелектің жарты бетіне беттестіріп желімде.

Бір-біріне жартылай беттескен бес дөңгелектен бес қырлы ойыншық пайда болады.

Ойтолғау.

Түсті қағаздардан тағы қандай шырша ойыншықтарын жасауға болады?

Шеңберді қандай құралмен сызамыз?

Үйге тапсырма: Шырша ойыншықтарын жасау.

Бағалау:

Күні: Пәні: еңбекке баулу сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Шырша ағашы туралы түсінік. Шырша ойыншықтарын жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға шырша ағашы туралы түсінік бере отырып, шырша ойыншықтарын жасап үйрету.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: табиғатты сүюге, табиғат сұлулығын көре білуге тәрбиелей отырып, ұқыпты, таза болуға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі түсті қағаз, шырша ойыншықтары, шырша ағашы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

ü Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

Ақ шапан үстінен

Алты ай бойы шешпейді.

Қара шапан үстінен

Алты ай бойы түспейді. Ақ қар, қара жер.

Жаңа сабақ.

Шырша республикамыздың салқын аймақтары мен таулы өлкелерінде өседі. Шыршаның жапырақтары ине тәріздес болады. Сондықтан шыршаны «қылқан жапырақты ағаш» деп атайды. Қылқандары бұтақ бойында біркелкі ілгері қарай тізіле орналасады.

Шыршаның бүрі ұзынша, жұмыр болып өседі. Шырша қабығының түсі қара қоңыр болып келеді. Шырша өте баяу өседі, отыз жылда толық өсіп-жетіледі. Ол қолғауға алынған, кесуге рұқсат етілмейді.

Практикалық жұмыс.

Түрлі түсті қағаздан ұзындығы 27см, ені 10см тіктөртбұрыш дайында. Арақашықтығын 1-2см-ден қатпарлап бүкте. Қатпарланған қағазды дәл ортасынан жіппен буып, екі жағындағы шеткі қатпарларды біріктіріп желімде.

Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстыру. Жұмыс сапасын тексеру.

Түсті қағаздардан тағы қандай шырша ойыншықтарын жасауға болады?

Шеңберді қандай құралмен сызамыз?

Үйге тапсырма: Шырша ойыншықтарын жасау.

Бағалау:

Тексерілді:

Күні: 16.01.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Мата қайдан алынады?

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға киімдерді жөндеу жұмыстарын үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың киімдерді жөндеу жұмысына деген ой-өрісін, сана-сезімін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды шыдамдыққа, ұқыптылыққа, икемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектіліг:і және қажетті материалдар: мата, ине, жіп, түйреуіш, қайшы, үтік.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

Еңбек нысаны: мата шеттеріндегі тігістерін және киім ілгішін жөндеу.

II.Жаңа сабақ:

Мақта өңдеу отаны-Үндістан. Орта Азияға келсек, мақта Өзбекстан, Әзірбайжан, Қазақстанның Оңтүстік өңірлерінде өсіріледі. Ал зығыр Ресей аумағында өседі. Волгоград аумағында қазба жұмыстары жүрген кезде зығырдың тұқымы қыш ыдыстың ішінен табылған. Сөйтіп осы атақты орыс зығыры Украин, Белоруссия және Балтық бойы қалаларында өсіріле бастады.

Жүннен жасалатын мата қой, қозы, түйе және басқа жануарлардың жүнінен алынады. Матаның құрылымы негізгі және арқау жіптердің өзара орналасуына байланысты. Матаның сапасына мата жасалған жіптердің құрылымы, негіз бен арқаудың тығыздығы, тоқылу түрі ықпал етеді.

Тоқыма бұйымның қыртыстанғыш немесе өз пішінін сақтап қалу қабілеті серпімді , созылмалы және иілмелі ұзарулардың арақатынасына байланысты. Мысалы, жүн талшықтары мен синтетикалық талшықтар серпімді де созылмалы болса, ұзарулардың үлесі басым болады, сондықтан бұл талшықтардан жасалған маталар қыртыстанғыш келеді де, жылумен дымқылдап маталар бастапқы қалпына келеді.

Орындалатын жұмысқа қажет матаны таңдау үшін маталардың ерекшеліктерін, қасиеттерін білу керек. Қандай да бір бұйым немесе заттың әдемі де келісті болуы матасына да тығыз байланысты. Сондықтан матаның механмкалық, физикалық, химиялық қасиеттерін көңіл бөлген дұрыс. Матаның техникалық сипатына: ені, салмағы, негіз және арқау жіптерінің тығыздығы және өңдеу кезіндегі қасиеттері жатады. Бұйымды пішін, тіккенде матаның сыртқы көрінісі, созылғыштығы, төзімділігі, қатаң-жұмсақтығы ескеріледі.

Табиғи материалдар құрылысына қарай 4 топқа бөлінеді: мақта, зығыр, жүн және жібек.

Матаның талшықтық құрамын анықтаудың маңызы зор. Жіпті иіру әдісі, алынатын жіптің жуандығы мен мықтылығы талшықтық ұзындығна байланысты таңдалады. Ұзын талшықтардан жіңішке әрі жұмсақ жіп шығады. Талшықтар түзілмейтін мықтылығымен сипатталады.

Матаның технологиялық қасиеті бұйымды пішу және тігілген бұйымды үтіктеу кезінде байқалады. Матаның технологиялық қасиетіне одан жасалған бұйымның мықтылығы, сырғығыштығы, тарқатылғыштығы, матаның отыруы, ылғал жылумен өңдегенде қалпына келу қабілеті, тегістігі, жіптердің жылжымалығы жатады.

Талшықтың ұзындығы миллиметр (мм), сантиметр (см), метрмен (м) өлшенеді.Мамығы мен үлпегі ең қысқа мақта талшықтарының ұзындығы 1-2мм.Жібек құрты жібінің Ұзындығы 1000м және одан да ұзын болады.Жасанды және синтетикалық жіптердің ұзындығы шексіз бола береді. Маталар талшығына қарай біртекті және әртекті болып бөлінеді.

Сармандық жұмыс.

Мұғалім оқушылырдан қауіпсіздік ережесін сұрайдан бастайды. Жұмыс оқулықта берілген киімді және ілгекті жөндеу жұмыстарының реті бойынша орындалады. Жұмысты әрбір оқушы жеке орындайды, мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп жүріп, қателік жібермеуін қадағалайды.

III.Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстырады. Жұмыс сапасын тексеру.

IV.Үйге тапсырма: 67,68 бет. Оқу. Мата қайдан алынады?

Бағалау:

Тексерілді:

Күні: 19.01.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы:Тігін ісіне қажетті құрал-жабдықтар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімдік: оқушыларға тігіс түрлерін орындау техникасын меңгерту.

2. Дамытушылық: оқушылардың тігу барысында , мата мен инені дұрыс ұстауда икемділікке дамыту.

3.Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке,ұқыптылыққа, мәденйетке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі және қажетті материалдар:мата,ине,жіп,қайшы. Еңбек нысаны:мата қол тігістерінің түрлерін және сыйлық қонжық ,қоян тігу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

II.Жаңа сабақ:

Тігісті екі матасының арасын инемен шаншып,жіппен біріктіру әдісі арқылы алады. Әрбір қол тігісі тігіс тізбегінен тұрады. Мысалы,матаның қалыңдығына байланысты бір сантиметрде екі,үш тігіс тізбегі болады. Тігіс тігу үшін қол инесі,жіп,мата,қайшы қажет.Қол тігісі уақытша қолданылады .Қол тігісінің келесідей негізгі бес түрі бар:

1.Түзу тігіс;

2.Қиғаш тігіс;

3.Ілгек тігіс;

4.Айқас тігіс;

5.Қадау;

Тігістің арақашықтығы мен тігіс тереңдігі біркелкі ,5мм артық болиауы керек.

«Айқас тігіс» - ине матаның теріс бетінен тік ,ал оң бетінен қиғаш шаншылады ,ине шаншымының арақашықтығын біркелкі етіп бір қатар тоглық оңнан солға қарай, ал солдан оңға қарай тігу барысында айқас тігіс пайда болады.

«Шынжыр тігісі» (тамбурный)- ине мен жіпті матаның теріс жағынан оң бетіне шығару арқылы жүргізіледі.Жіпті оң бетінетартып,сол қолдың үлкен саусағымен ұстап тұрып жіпті инеге іліп алады. Инені оң бетінен теріс бетіне шаншу арқылы орындайды.Сырттан қарағанда тәріздес көрінеді.Тігіс солдан оңға қарай жүргізіледі.

Наши рекомендации