Сурет 18. "Lummus /"Unocal"-"UOP" процесінің технологиялық схемасы.
I – бензол; II – этилен; III – бензолды рециркулейтін ағынды су;
IV – полиэтилбензолдар; V – ауыр қалдық; VI – этилбензол.
Бағанадан 3 түсетін жаңа және рециркулирлеуші бензолды этиленмен алкилдеу реакторда 1 сұйық фазада, тұрақты қабаты бар цеолит катализаторын қатысында жүзеге асады. Реакциялық қоспа 3-5 бағаналарда ректификация арқылы әрекеттеспеген бензол, тауарлық бензол мен полиэтилбензолдар және ауыр қалдыққа бөлінеді. Полиалкилбензолдарды трансалкилдеу реакторына 2 бағыттайды, бұл жерде рециркулирлеуші бензол қатысында этилбензолдың қосымша мөлшері түзіледі. 1 және 2 реакторлардан шыққан өнімдер араластырылып, бөліну жүйесіне түседі. Катализаторды регенерациялауды реакторда немесе бөлек арнайы жүйеде жүргізуге болады. Реактордың үздіксіз жұмыс істеу ұзақтылығы 12-24 ай. Процесс этилбензолдың тұрақты шығымымен, оның жоғары тазалығымен, салыстырмалы түрде аз меншікті энергия шығынымен және аз ақша қаражатын жұмсаумен ерекшеленеді.
Этилбензол шығымы 99,5% жетеді, ал тазалығы 99,9% кем емес.
"Badger Co. Inc." процесінде бензолды этиленмен алкилдеуді бу фазасында, ZSM-5 цеолит катализаторының тұрақты қабаты бар реакторда жүзеге асырады.
"ABB Lummmus Global" және "Chemical Research and Licensing" процестерінде де цеолитті катализатор қолданылады. Бұл схема бойынша бензолды алкилдеу мен айдау аппараттары бірлесіп бір ректификациялық бағана түрінде жұмыс істейді.
Кумол өндірісінің өнеркәсіптік процестерінің шолуында қатты фосфор қышқылы немесе сусыз алюминий хлоридімен салыстырғанда цеолитті катализаторлар жақсырақ деп көрсетілген.
Өте тиімді процестер ретінде төмендегі процестер ұсынылған:
- "Dow/Kellogg" процесі, бұл процесте катализатор ретінде алюминийсіздендірілген цеолит қолданылады;
- МСМ-22 цеолит катализаторындағы "Mobil/Raytheon" процесі; бұл катализатор қатысында пропиленнің олигомерленуі өте аз, әрі оны H3PO4 пен AlCl3 қолданатын қондырғыларда аз ғана қайта жаңарту жұмыстарын жасау арқылы жүзеге асыруға болады;
- цеолит катализаторы қатысындағы "UOP" процесі.
"Enichem" – β цеолитін қолданатын процесс, бұл цеолитте алюминий жартылай борға ауыстырылған, нәтижесінде кумолдың шығымын 100%-ға жеткізуге мүмкіндік бар.
Өнеркәсіпте циклогексан газ немесе сұйық фазада бензолды гидрлеу арқылы өндіріледі. Газ фазасында гидрлеуде Cr2O3 отырғызылған құрамында 50% (мас.) Ni бар түйіршіктелген катализатор қолданылады. Соңғы кездері сұйық фазада гидрлеу кеңінен қолданылады. Оның мынадай артықшылықтары бар: реактордың көлемі аз, жылуды бұру өте тиімді, нәтижесінде жоғары селективтілік қамтамасыз етіледі.
Сұйық фазада гидрлеу процесінде никель-хром катализаторын қолдануға болады; процестің температурасы 150-2000С, сутектің парциалды қысымы 0,6-5,3МПа. Al2О3 отырғызылған платина тобы металдары негізіндегі ұсақ дисперсті катализаторларды қолдануға болады.
Бензолды сұйық фазада гидрлеу процесінің технологиялық схемасы 19-суретте көрсетілген. Процесс Франция мұнай институтында жасалған.