Ірі қара,қой ешкі шаруашылығы 1 страница
Буаз сиырдың күтіміСиыр бұзаулағаннан кейін, бірінші күйіті 35-56 күн аралығында келеді. Күйіті келген сиыр екінші сиырға асылады. Көпшілік жағдайда екінші немесе үшінші күйіті келгенде қашады. Сиырдың бәрі бірдей қашпайды. Оның көптеген себебі бар. Бұл жерде жыныс мүшелеріне бактериялардың көп жұғуын немесе сары без гармондарының кедергі келтіруін айтуға болады. Табындағы сиырлардың шамамен 5%-і қысыр қалады.
Әуелгі шағылысқаннан кейін, 3-6 апта уақыт ішінде сиыр қайта күйлемесе, буаз болғаны. Сиырдың екі айлық буаздығын мал дәрігері көтен ішек арқылы қол салып тексеріп, анықтайды. Бес айлық буаздығын оң жақ бүйірін алақанмен басып, бұзаудың қозғалуына қарап біледі.
Бұзаулауға 6-8 апта қалғанда, сиырды сауу тоқтатылып, демалыс беріледі. Бұл үшін 1-2 апта күніне бір рет саууға көшіріп, төуліктік азығының құрамынан құнарлы жемнің мөлшерін азайтады. Қабынбас үшін желінді жылы сумен жуады.
Бұзаулауға 6-8 апта қалғанда, сиырдың тәуліктік азығын біртіндеп молайтып, дұрыс азықтандырса, сүтінің мөлшері мен сапасы жақсарады. Осы кезенде бойындағы төлінің өсуі мен бұзаулағаннан кейін беретін сүтке қажетті қоректік заттар қорын жасауы керек. Бірақ шамадан тыс азықтандырудан сақ болған жөн, әйтпесе, сиыр желінінен сүт шығып, бұзауламай тұрып саууға тура келеді.
Жазда буаз сиырды жайылымның көк шөбіне жаяды. Қыста және күзге қарай тәуліктік азық құрамындағы жемнің үлесін көбейтеді. Тәуліктік азығының 60%-ін жем құрайды.
Қоңсыз сиырға жемді көбірек береді. Пішен, көкбалауса немесе сүрлеммен азықтаңдырады. Әсіресе, бірінші бұзаулайтын қашарға баса көңіл бөлінеді. Тәуліктік азық құрамыңда жемнің мөлшері 3-3,5 килограмнан артық болмауы керек. Үйрене беруі үшін, келешекте сауылатын жерінде ұстайды. Бұзаулауға 1-2 күн қалғаңда, тәуліктік азық құрамынан жемді азайтады. Бұзаулауға екі апта қалғанда, сиырдың желіні мен жыныс мүшелері ұлғайып, ісінеді. Қашарларда бұл бірнеше аптаға созылады. Бұзаулауға бірнеше күн қалғанда, бұзаулайтын жерге апарып, жеке қояды. Астына таза, құрғақ төсеніш төсейді.
Бұзаулайтың сиырдың әуелі қағанағы жарылып, бұзаудың шығуына жол ашылады. Ол жыныс мүшесі арқылы созылған қап сияқты, сыртқа шығып, содан кейін жарылады. Егер бұзау: 1) сиыр омыртқаларына параллель; 2) басы жатырдан сыртқа шығуға бейімделіп; 3) басы алдыңғы екі аяғының үстінде жатса, оның жатырда дұрыс жатқаны.
Бұзауы дұрыс келмесе, сиырдың бұзаулауына көмектеседі. Ол үшін екі жақ басында ілгегі бар таза жіп қолданылады. Оны туатын төлдің алдыңғы аяғына байлап, төмен қарай сыртқа тарту керек.
Туысымен мұрнын және аузын тазартып, тыныс алдырады. Содан кейін үстін сиырға жалатады. 2-3 сағаттан кейін түскен шуын сиырға жегізбеу керек. Төлді тезірек ауыздандырып, уызға тойдырады.
Жаңа бұзаулаған сиырды екі тәулік шамадан тыс азықтандыруға және сарқа саууға болмайды. Бұлар сүтін өте көбейтіп, ауруға шалдықтыруы мүмкін.
Малды кез келген жерге жайып, жайылымды бей-берекет пайдалануға болмайды. Ондай жағдайда өрісті аз уақытта тауысып алады. Сиырлардың алдын қайтара отырып жаймаса, бір жерге тоқтап жайылмай, көбіне шөп қуалап, жайылып кете береді. Ондайда, бірнеше күн жайылатын жерді бір күнде-ақ аралап өтуі мүмкін. Жайылымға бұл өте зиянды, мұнда сиырлар шөптің тәуір-тәуірін ғана жеп, басқа шөптерді аяқ асты етіп, таптап кетеді, арам шөптер көп қалып, кейін жайылымда қаптайды. Тәуір шөп қуалаған мал көп жерді аралап, ақырында шаршайды, соңынан жайылуға селқос болып сүтін кемітеді, қоңдылығы төмендейді.
Жайылымдық жерлерді дұрыс пайдаланудың негізгі шараларының бірі – жайылымдарды өрістерге бөліп пайдалану болып табылады. Мұнда жайылым жер бірнеше бөлікке өрістерге бөлінеді, ол өрістердің әрқайсысына малды кезекпен жаяды. Сонда басқа өрістерде кезекпен болып, алғашқы жайылып кеткен өріске сиырлар қайтып біраз уақыт өтеді. Бұл арада алғашқы өріс тынығып, шөбі қалпына келіп қалады. Әрбір өрістің жерін онша үлкен болмауы керек. Сонда сиырлар шұбырындыға түспейді және бақташының малды қайырып тұруына жеңіл болады. Сонымен бірге өрістерді өте шағын етудің де пайдасы жоқ, өріс тар болса, малдың өрістеуіне қиын болады.
Жайылымды өрістерге бөлгенде мына жағдайлар ескеріледі: жайылым шөбінің оттылығы және ондағы шөптердің өсіп жетілетін мерзімдері; жайылымды пайдалану маусымы және онда сиырлар неше күн жайылатындығы; әрбір өрісте сиырлар неше күннен болатындығы.
Өрістердің көлемін, әрбір өрісте сиырлар 5 - 6 күннен болатындай етіп белгілейді. Жері от және екпе жайылымдарды 6 - 10 өріске бөлуге болады. Оты аз, шөбі тез көктемейтін жерлерді 10 - 15 өріске шейін бөліп қояды.
Өріс жерінің кеңдігі – 100 сиыр жайылатын әрбір өріс жерінің көлемі далалық аудандарда 15 - 20 гектардай, шөлейіт жерлерде – 25 - 30 гектардай болуы мүмкін.
Сиырлардың сүт өнімінің көбеюі, күйлі болуы және өрістің шөбін жақсы пайдалануы оны жаю тәсіліне де байланысты. Сиырларды жаяр алдында, сол өрістің шөбінің күйін бақылап отырған жөн. Өйткені, отына, жеріне, ауа райына қарай әрбір өріске мал жаюдың өзіндік ерекшеліктері болады.
Сиырларды алдымен шөбі жақсы өсіп жетілген жерге жаю керек. Өрісте малды шебер сиыршылар – қаптатып жаяды. Сонда сиырлар бірінен-бірі онша озбай, біркелкі қатар жүре отырып жайылатын болады. Жайылып жүрген сиырлардың алдыңғы қатары мен соңындағы сиырлардың арасы 20 - 30 метрден аспай жайымен ақырын жүріп өрістеуі керек. Сиырлар жайылғанда біріне-бірі кедергі келтірмеу үшін бірінен-бірінің қашықтығы 1 метрдей болғаны дұрыс. Егер 100 сиыр жайылса, табын жайылымның екі қанатының арасы 150 - 200 метрдей жер алады.
Бақташылар жайылып жүрген сиырлардың алдында жүріп, жайылымдағы шөпті жеп болуына қарай табынды ілгерілетіп отырғаны дұрыс. Ал көмекші адамы болса, ол артта кейіндеп қалған малды жеткізіп отыру керек.
Күннің ыстық кезінде сиырлардың алдын батысқа қарай жайып, желге қарсы ұстаған жақсы, сонда сиырлардың мадайынан күн өтпейді, ал салқын күндері шығысқа қарай өрістетіп, желдің ығына қаратып жайған дұрыс.
Өріс дұрыс пайдаланылуы үшін, өрісте сиырларды әр ңүні, өрістің бір бөлігінде, ал түс ауа екінші бөлегінде жайған дұрыс, сонда шөп аяқ асты болмайды. Келесі күні жайғанда алдыңғы жайылған жерінен бастап жаю керек. Сөйтіп, бірте-бірте жаңа жерге ауыстырып жаяды. Егер мал жайып жүрген өрістің шөбінің биіктігі 4 - 5 см ғана болса, онда жаюды тоқтатады. Өрістің шөбі әлі толық жетілмей, ол жерге мал жайса, отының берекесі кетеді. Әсіресе, көктемде, жердің шөбі жаңа жетіліп келе жатқанда 2 - 3 күндей ғана жаю керек. Сиырлар өрісте нағыз жақсы оттайтын мезгілінде ұзағырақ болуға тиіс. Сиырларды сауу, суару сияқты жұмыстарға уақыт аз жұмсалуы қажет.
Түс уақытында, әсіресе өте ыстық мезгілде, сиырлар жақсы жайылмайды. Мұндай жағдайда сиырларды кешкі және таңертеңгі салқынмен көбірек жаю керек. Тәжірибелі сиыршылар шілдеде таңертеңгі, кешкі және түңгі салқында сиырларды үстірттеу, шөбі құрғақтау жерлерге жайып, күндіз күн ысыған кезде, шөбі балауса жерлерге жаяды.
Шөбінде жоңышқа, беде, сиыржоңышқа, түйежоңышқа сияқты шөптер бар жерлерге абайлап жаю керек. Ондай өрістерге сиырларды ашқарын кезінде, таңертеңгі шақта, жаңбырда жаймау керек. Ондай жерге жаюдан 1,5 - 2 сағат бұрын сиырларды құрғақ қыраттың түрлі шөбіне жайып алған дұрыс.
Егер сиырларды қолдан егілген бір жылдық шөптерге жаятын болса, жайылымдарының шөбі бітік болуы керек. Ондай екпе шөпті жайылымдарды бір күнге жетерліктей етіп, аз - аздан бөліп алып жаю керек.
Жауын - шашынды күндері өрісте бір жерге сиырларды көп тоқтатудың пайдасы жоқ. Өйткені, сиырлардың аяғымен жер тапталып қалады. Оты жақсы өрісте алғашқы 1,5 - 2 сағат бойы мал қарбытып жақсы жайылады. Сосын жусап, жата бастайды, яғни бытырап кетеді. Міне, бұл кезде 40 - 60 минут тыным беріп, соңынан қайта өргізу керек. Судың мал шаруашылығында маңызы зор екені ешкімге күмәнсіз. Су ішіп, шөлі қанған мал жақсы жайылады, ал сиырлардың сүті көбейеді. Егер сиырлар жеткілікті су ішпесе, оты жақсы өріске жайылып жүрсе де, ондай сиырлардың сүті азайып, қоңдылығы төмендейді.
Сиырларды күніне көктемде кеміне үш рет, ыстық түскен кезде кемінде 4 - 5 рет суарады. Жалпы алғанда, әрбір 2 - 2,5 сағаттан кейін малдың су ішіп жайылғаны мақұл. Өйткені, жиі-жиі суарылса, сиырлардың сүтеюіне пайдасы тиеді. Сиырлар суды қанғанша ішуі керек. Су ішетін кезінде олар суатқа қарай бет алады. Суаттың алыстығы жайылым өрісінен 1 -1,5 километрден аспауы керек.
Сиырларды мезгілінде суарып тұрудың маңызы зор. Суарғаннан кейін мал тағы да жақсы оттайды. Шөбі қалың жерлерге сиырларды күйсетіп жатқызбау керек. Себебі көк шөпті жаншып, тезегімен ластайды. Ондай шөпті мал жемей қояды.
Оқыра (шошала) шыққан кезде бақташы өте абай болуы керек. Оқыра қуалап бір бытыраған сиырларды қайта жинау өте қиын. Оқыраның көп шыққан кезінде түтін салған жөн. Күзде суық түскен кезде, өріске малды күннің ызғары қайтып, шық еріген кезде шығару керек. Сиырларды жайылымда бағу алдағы уақыттарда да малды бағып - күтудің шаруашылықтар үшін басты түрі болып қала бермек. Сиырларды жайылымдарда жайып бағу малдардың денсаулығына, өнімділігіне қолайлы әсер етеді және экономикалық жағынан да өте тиімді. Жайылым шөбінің биологиялық тұрғыдан құндылығы, үнемі қозғалыс, таза ауа, ультракүлгін сәулені сіңіру сиырлардың сүттілігі мен ұрықтануына, тіршілікке қабілетті жақсы өскен бұзау алуға барынша қолайлы мүмкіндік туғызады. Шаруашылықтар жылдық сүт өнімінің 50 - 60%-ын азықтандырудың жайылымдық кезеңінде алады. Сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығында жұмсалатын орташа жылдық азық құрылымындағы көк азықтың үлесі 31%. Сиырларды тек қана жайылым шөптерін пайдалануға негізделген жазғы кезеңде азықтандырғанда, мерзімдік азық үлесінің жалпы жұғымдылығының 45 - 60%-ын көк азық құрайды.
Сүт өндіруді молайтуда малды дұрыс азықтандыру мен күтіп - бағудың озат әдістерін қолданудың айрықша маңызы бар. Қазіргі кезде малды қолда бағып, жекелей азықтандырудың орнына, азықты малдың барлық тобына бірден беріп, байламай бағатын жаңа әдіс енгізілді. Осыған орай кең қора салына бастады. Онда малды азықтандыру, суару, сау және күтіп бағу жұмыстары толық механикаландырылуда. Мұның өзі сапалы сүт алуға мүмкіндік беріп отыр. Сиырдың сүтті болуы азықтандырылуына, сауылу маусымына, жасыиа бай-ланысты екендігі белгілі. Алайда сиырдан сүтті көи алу үшін, оны сауу тәртібін қатаң сақтаудың да айрыкша мадызы бар. Мәселен, сиырды сауу уақытыиың өзгеруі, сауыншының алмасуы, сиыр сауып жатқан жерге бөгде адамның келуі т. б. жағдайлар сүтті аз алуға, тіпті оның майлылығын кемітуге себепші болатындығы арнайы жургізілген тәжірибелерде анықталып отыр. Жұртқа мәлім, мал организмі сыртқы ортамен тікелей байланыста. Сондықтан да сыртқы ортадан болатьш тітіркендіргіштер малдың нерв жүйесін қоздырып, содан барып ол орталық нерв жүйесі арқылы тиісті органдарға әсер етеді.
Физиологтар сүт безі қызметінің екі турлі функциясы болады деп есептейді. Біріншісі - секрет шығару функциясы (сүт бөлу). Мұнда без тканьдерінен сүт бөліну процесі болады. Екіншісі - қозғалыс функциясы. Мұнда бөлініп шыққан сүт бұлшық еттің жиырылып-созылуы нәтижесінде емшек үрпі арқылы сыртқа шығады.
Сүт бөліну процесі сыртқы ортаның әсеріне тікелей байланысты және қолайсыз тітіркендіргіштерден сүттің бөлінуі тез тоқталады. Міне, сондықтан да тәжірибелі малшылар сиыр сауғанда да, сыртқы ортаның осындай қолайсыз әсерін болдырмауға тырысады. Сауын сиырды сыртқы ортаныц белгілі бір әсерлеріне дағдыландыру керек. Мәселен, сиыр белгілі бір сауыншыға ұдайы бекітіліп берілсе, күнделікті бір мезгілде сауылып тұрса, желіні үнемі сүртіліп, уқаланса, онда сиыр да сүтін толық иіп береді. Ал мұндай тәртіп бұзылған жағдайда сиыр исініп кетеді де, сүті сарқа сауылмайды.
Сүттің сарқа сауылуы - сауу жылдамдығына байланысты. Өйткені сиырдан сүт бөліну рефлексі тез арада пайда болады, сондықтан да сиырды тез, әрі белгілі бір ритммен сауу керек. Ал баяу немесе біресе жай, біресе баяу сауу сүттің сарқа сауылуына да және оның сапасына да кері әсер етеді.
Көптеген зерттеушілер желін сүтке әбден толғанда ғана, сүтті тез сауып алуға болады дейді. Ғылыми - зерттеулерге және практикалық байқауларға қарағанда, сиырды екі рет сауған тиімді. Демек, желіні шағын сиырды жиі сауу, оның сүттілігін арттыра түседі. Бұлай болатын себебі, желіндегі сүт жолдары сүтке әбден толғанға дейін сүт құралу процесі бір қалыпты өтеді. Ол желінді сүт кернегенде, ондағы ішкі қысым артады да, сүт құралу процссі мүлде тоқталады. Қомақты желінде ішкі қысымның артуы баяуланды. Мұндай жағдайда сауу аралығы да ұзара түседі. Ол шағын желінде ішкі қысым тез артып, сүт бөліну процесі де тез тоқтайды. Демек, мұндай сиырды жиі сауған жөн. Әдебиеттерде, кейбір сиырды күніне үш рет сауудан екі рет саууға көшіргенде сүті кемігені, ал басқа бір сиырда мұндай жай байқалмағаны женінде де деректер бар. Сиырды үш рет сауудан екі рет саууға көшіргенде әр аралығын жиілету желіні шагын сиырдан сүттін, көп алынуына қолайлы әсер етеді де, ал желіні қомақты сиырға мұнық ешқандай әсері болмайды.
Жүргізілген байқауларға қарағанда үш рет сауылған сиырдың сүті майлы келеді. Мұнын. себебі желінде құралған сүт жиі-жиі сарқа сауылады да, сүт жолдарындағы майлы сут (жебінді) көбірек алынады. Ал екі рет сауғанда, яғни сауу аралығы едәуір ұзарғанда мұндай өзгеріс болмайды.
Егер сақа сиырдың сүттілігі тәулігіне 15 литрден, ал бірінші, екінші рет бұзаулаған сиырдікі – 10 - 11 литрден артпайтын болса, онда мұндай сиырды екі рет сауудың өзі жеткілікті. Ал жылына 5000 - 6000 литрдей сүт беретін сиырды үш рет сауған жөн. Сонда одан сүтті 8 - 15 проценттей артық алуға болады. Табындағы сиырдан алынатын сүт мөлшсрін кемітпеу үшін кейбір сүтті сиыр мен жаңа туған сиырды бұзаулағаннан кейін 30 - 80 күндей тәулігіне үш рет сауған жөн.
Сиырды тәулігіне қанша рет сауу керектігін ойластырғанда, оған экономикалық, әрі биологиялық тұрғыдан мән беру керек. Сауу аралығын сиреткенде, шаруашылық еңбек шығынын үнемдейді, жұмыс өнімділігін арттырады, әрі сүттің өзіндік құны кемиді.
Сиыр сауғанда қандай әдіс қолданылмасын тез саууды және сиырдың тынышын кетіретін жағдайды болдырмау керек. Әсіресе қолмен сауғанда мұндай талап катаң сақталуы тиіс.
Қазіргі сиыр сауатын отандық машиналар қолмен саууға карағанда, сүттің құрамы мен қасиетіне онша көп әсер ете қоймайды.
Сиырдын, сүттілігін арттыру үшін, оны сауарда желінді сүртіп, сылаудың көп пайдасы бар. Желінді сылағанда нерв жүйелері және сонымен қоса қан мен лимфа айналу жүйелері қозады, мұның езі сүт құралуды және сүт бөлінуді күшейтеді, әрі сүт сарка сауылады. Мұнымен қоса сүттің майлылығы да артып, сүт бездерінің әрекеті күшейеді.
Озат тәжірибелердің деректеріне қарағанда, тұмса сиыр меи суалған сиырдың желініне массаж жасау, оның сүттілігі мен сүтінің майлылығын арттыра түсетіні байқалады. Желінге сауар алдында екі немесе үш рет массаж жасалады. Оның біріншісі дайындық массажы деп аталады. Бұл жұмыс желінді жуып, сүрткеннен кейін жүргізіледі. Екіншісі - міндетті немесе қорытынды массаж. Бұл сауу аяқталғаннан кейін істеледі. Көп жағдайда желінге массаж жасауды сауудыц орта шенінде жүргізеді. Желінге массаж жасағанда әрбір сиырдың жеке ерекшеліктерін ескереді. Мәселен, жөнді иімейтін сиырдың желінін тез, әрі көбірек массаждайды.
Сиырды тек белгілі бір мерзімде ғана сауу керек, өйткені онда белгілі бір сауу мерзіміне дағдыланған шартты рефлекс пайда болады. Сондықтан сиырдың сауылу мерзімін жиі-жиі өзгерте беру, оның сүттілігіне қолайсыз әсер етеді.
Сауыншының жиі-жиі өзгеруі де сиырдан сүттің аз сауылуына, әрі оның майлылығы кемуіне әсер етуі мүмкін. Алайда қай сиыр болмасын бөгде сауыншыға бірте-бірте дағдыланып кетеді.
Барлық сауу жағдайы мен сауыншының сиырды сылап - сипауы, оның сүттілігіне де, сүттің майлылығына да біршама әсер етеді. Малдың күтімі мен бағымы жақсы болса, сүт бездерінің әрекеті күшейіп, сүт барынша көп бөліне бастайды, әрі оның майлылығы да арта түседі.
Сауар алдында желінді жылы сумен (температурасы 53 - 56°) жуып отырудың айрықша маңызы бар. Бұл әдісті сиырдың сүттілігі мен майлылығын арттырудағы бірден – бір зоотехникалық шара ретінде көптеген шаруашылықтар қолдана бастады.
Сиырдан сапалы сүт алу үшін, ең алдымен оны жақсы күтіп-бағып, үстін, осірссс желінін үнемі таза үстау қажет.
Сауын сиыр іші жылы, жарық, ауасы желдетіліп түратын, әрі құрғақ төсеніші бар қорада күтілуі тиіс. Сиырды күнделікті 2 - 3 километрдей жерге апарып серуендетіп тұрған пайдалы. Мұның өзі оның денсаулығына, азықты жақсы жеуіне, сүтеюіне жағдай жасайды.
Сиырды сауар алдында қораны тазалауға, төсенішін жаңартып салуға, малдың үстін тазалауға және құрғақ жемшөп шашуға болмайды. Өйткені мұндай жағдайда ауа ішін шаң басады да, ыдыстарды немесе сүтті ластайды. Осы шаңмен бірге сүтке көптеген микробтар түседі. Өзінің қасиеті мен химиялық құрамы жағынан сүт бактериялардың өсіп дамуына өте қолайлы орта болып саналады, сондықтан оны кірластан және бұзылудан сақтау үшін тиісті шараларды бұл жытпай орындау керек.
Сүтке микробтар малдың денесінен, әр түрлі күтім бұйымдарынан, сауыншыдан т. б. жанасқан нәрселерден түседі.
Сүтті сүзгенде, ондағы шөп - шалам, шаң сияқты көзге көрінбейтін заттарды ғана тазартуға болады. Ал ондағы бактериялар өте кішкентай болғандықтан, сүзгіден ешбір кедергісіз өтіп кетеді.
1 мл сүтте 20 - 30 мыңға жуық микроб болса, мүндай сүтті бактериядан едәуір таза, мыңнан кем болса өте таза, ал 1 мл сүтте жүз мыңнан және миллионнан астам микроб болса, онда оны өте қатты ластанған сүт деп есептейді.
Сиырдың үстінде, төсенішінде, қиында, азығында бактериялар өте көп болады. Егер сиырды таза үстамаса, онда оның сүтіне де микроб соғұрлым көп түседі.
Малдың үстін тазалаудың ең оңай да, тиімді жолы - вакуум аппаратын пайдалану. Бұлай тазалағанда, малдың үстіндегі кірлас шлангі арқылы арнайы шелекке келіп жиналады да, қора ауласында ешқандай шаң-тозаң болмайды.
Сиырдың қатты ластанған жерін жылы сумен жуады. Жазда сиырды ұзақ уақыт бойы бір жерде сауғанда, сүттегі бактерия, қыста қолда баққан кездегіге қарағанда едәуір көбейеді. Мәселен, қолда бағылған сиырдың 1 мл сүтінде 60 мыңдай бактерия болған, ал оларды лагерьге бағуға шығарғанда сүттегі бактерия екі еседей азайған, бірақ осыдан екі айдай уақыт өткен соң, сол 1 мл сүтте 200 мыңдай бактерия болғандығы байқалған. Тек сиыр сауатын жерді ауыстырғаннан кейін ғана бактерия 80 мыңға дейін кеміген.
Әсіресе малдың жемшөбіне топырақ араласса сүттегі микрофлоралар көбейе түседі. Бұл азық шашқанда және сауар алдында малға жемшөп бергенде түседі.
Малды өне бойы қышқыл жоммен, сірнемен азықтандыру да зиян. Мұндайда малдың нәжісі сұйылады, оның ұсақ бөлшектері сүтке шашырайды, ал онымен бірге ішек таяқшасына жататын бактериялар да түседі.
Сауыншылар ездерін таза ұстамаса, олардың қолы арқылы да сүтке көптеп микробтар түсуі мүмкін.
Фермада жұмыс істейтін адамдар үнемі медициналық байқаудан өтіп отыруы, сауыншылардың жұмыс киімдері үнемі таза болуы, сиыр сауар алдында олардың қолын сабындап жууы, тырнағын әр кез алып жүруі тиіс. Әрбір сауыншыда сиыр сауғанда киетін ақ және малды күткенде киетін қара халат болуы керек.
Сут ыдыстары мен құралдары былганыш болса бактериялар көбейген үстіне көбейе түседі. Сиыр сауып болғаннан кейін барлық ыдыстарды жылы сумен шайқайды, сода қосылған ыстық сумен жуады, сосын алдымен жылы, артынан ыстық сумен шайқап кептіреді. Шелектерде, флягаларда, сүт түтігінде, салқындатқышта, ваннада және танктарда сүт қалдыруға мүлде болмайды.
Сиырды машинамен сауғанда сүт түтік арқылы ыдыстарға құйылады да, малдың терісі, адамның қолы, ауа т. б. арқылы сүтке микробтың түсуі едәуір азаяды. Бірақ соның өзінде аппараттарға жөнді күтім жасалмаса, сүттің сапасы едәуір төмендеуі мүмкін.
Егер сиыр сауатын қондырғыларды үнемі соданың ыстық ерітіндісімен жуып отырса, онда 14 - 16° температурада үш тәуліктей сақталған сүттің қышқылдығы небары 2° Т жоғарылайды. Сондықтан фермадағы жұмысшылар сауу қондырғылары мен ыдыстарды үнемі жуып, дезинфекциялап отыруы керек. Сиырды сауып болғаннан кейін, оларды алдымен суық сумен, ал сосын 0,5 проценттік кальцийленген соданың ыстық (55 - 65°) ерітіндісімен 30 минут бойы жуады. Ыдыстар мен аспаптарды осылай тазалау, ондағы микробтардан едәуір арылтады. Алайда сілтілі ерітінділердің алюминий ыдыстарды тоттандыратын қасиеті бар. Сондықтан ыдыстар мен аспаптарды 70 бөлігі үш натрийлі фосфаттан, 20 бөлігі кальцийленген содадан және 10 бөлігі натрий силикатынан тұратын 0,5 проценттік ыстық қоспа ерітіндісімен жуу ұсынылады. Осыдан кейін ыдыстар мен аспаптардағы сілтілі ерітінділерді кетіру үшін ыстық сумен шаяды. Ец соңында 16 - 15 секундтай булайды.