Ірі қара және қой, жылқы, түйе, құс, шошқа шаруашылығына сипаттама 3 страница

Сондықтан жоғары сапалы сүт алу үшін сүтке микроорганизмдердің, ең алдымен, олардың сауу аппараттары арқылы енуіне жол бермеу керек. Мұны кез келген шаруашылықта іске асыруға болады. Ол үшін сиырды машинамен сауу жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, тазалық шаралары бұлжытпай орындалуы, қораның ауласы үнемі тазартылып, сауу аппараттары мен сүт ыдыстары күнделікті жуып-шайылып, таза ұсталуы тиіс.

Сауу қондырғылары жоқ шаруашылықтарда, сиырды бұрынғыша жылжымалы сауу аппараттарымен сауады. Бұл жағдайда әрбір сауыншыға екі аппарат бекітіліп беріледі де, ол 20-дан 30 сиырға дейін сауады. Мұнда да басқа жағдай сияқты аппараттың таза ұсталуына айрықша назар аударылуы тиіс.

Сауу аппаратын дұрыс күтпеген жағдайда, сүттің бактериялармен қатты ластануы, соның салдарынан оның қышқылдылығы тез көтерілуі мүмкін. Жұмыс аяқталғаннан кейін аппаратты жылы сумен шайқайды. Ол үшін магистральды шлангіге вакуум кранын кигізеді, коллекторды ілгек арқылы төмен қаратып, стаканды суы бар шелекке батырады. Алдымен вакуум кранын, сосын шелек қақпагының кранын ашады. Сонда су стаканға, онан сүт шлангасы арқылы шелекке құйылады. Сауу стакандарын бірнеше қайтара сумен шайқайды. Ал сауу стаканы бар коллекторды іліп қояды. Шелектің қақпағын алып, оны жуады. Осыдан кейін дәл сондай ретпен аппаратты ыстық сумен жуады, оиың темиературасы шамамен 85 градустай болуы тиіс.

Аппаратты тәулігіне бір рет 0,5 проценттік ыстық сода ерітіндісімсн жуып, оны сүт майынан арылтады. Мұнда резеңкелі емізіктің және сүт трубасының ішін үрпекпен (жуғыш), ал оның жеке детальдарын щеткамен ысқылайды. Со-сын аппаратты сумен шайқап, ондағы сілтіден арылтады да, келесі саууға дейін кептіруге іліп қояды. Аптасына бір рет сауу аппаратын бөлшектеп, жылы сумен жуады және пульсатордан басқа барлық детальдарды 0,5 проценттік ыстық сода ерітіндісі (60 - 70°) құйылған легенге салады да, оларды щеткамен немесе үрпекпен жуады. Жуылған детальдарды басқа легенге салып, оның үстіне ыстық су (85°) құйып, онда 30 минуттай үстайды. Бүдан соң аппаратты жинан, оны тағы да ыстық сумен шайқайды. Апта сайынғы түгелдей жуу жұмыстарын жүргізгенде, бір миллилихр суда 150 - 200 мг активті хлоры бар хлорлы әк ерітіндісін пайдалану ұсынылады. Мұндай жағдайда шелектің қақпағын (пульсаторсыз), коллекторды және сауу стакандарын легенге салып, оған ерітінді құйып қояды (келесі сауымға дейін). Мұнда детальдың ішіндегі ауаның түгелдей сорылып алынуы және детальдың барлық бөліктері, әсіресе резецкелі трубканыц ішкі жақтары таза жуылуы тніс. Сиырды сауар алдында аппаратты таза сумен шайқайды. Қейде жуылған резеңкелі детальдарды (магистральды шлангіден басқасын) жаңасымен ауыстырады. Ал бұрынғы пайдаланылған резеңкелі трубаларды біраз күнге пайдаланбай қоя тұрады (2 - 5 антадай).

Сауу қондырғыларынын, труба проводтарын үш айда бір рет жуады, ал ішіне сүт тамған болса сол мезетте жуып тұрады. Трубопроводтыц әрбір бөлігін жске-жеке жуу керек. Ол үшін насосты іскс қосады да, оның шеткі кранына магистральды кигізеді. Ал шланганың екінші жағын ыстық сода ертіндісі құйылған шелекке батырып, кранды ашады. Ерітінді трубопровод арқылы сорылып насосқа қарай жылжиды да, кір-лас қоспасымен вакуумды - баллонға келіп қүйылады. Шланганы дүркін - дүркін ерітіндіден шығарып алып, ауа сорғызып отырады. Трубопроводтың барлық беліктері жуылғаннан кейін вакуум - баллонды тазалайды.

Кейбір шаруашылықтарда арнайы даярланған ваннаны пайдаланады. Бұл ванна 30 минуттың ішінде бірден 10 аппаратты жуады. Ал егер оларды жекелеп жуатын болса 3,5 сағаттай уақьтт кетеді. Ваннаны тығыз қиюластырган тақтайдан жасайды, оның үзындығы 2,5 метр, көлденеці 25 см және биіктігі 20 см. Ваннаны жуу бөлмесіндегі кронштейн керегесіне орнатып, түбіне биіктігін 32 см етіп 10 ілгек жасайды да, оған сауу стакандары бар коллекторларды іліп қояды. Ванна шетінен ететін вакуум проводта 10 кран, ал олардың аралығында сауу шелегінің қақпағын іліп қоятын ілгек болуы тиіс. Ең соңында сауу шелектеріи қоятын ұзындығы 3,5 м және ені 30 см стол болады.

Ваннаға ыстық және суық су жүргізеді және срітіиділерді тиімді пайдалану үшін ішінс скі жерден белгі соғады: бірінші белгіні түбінен 11 см биіктікте (бұл 60 литр суға тең) ал екіншісі 14 см биіктікте (80 литр суға тең) соғылады.

Кезекші сауыншы алдымен 10 шелекті столға орнатып сауу стакандарын ваннага салады, коллекторларды ілгекке іледі, ал магистральды шлангілердің вакуум проводтық кранына кигізеді. Су проводының кранын ашып, ваннаны бірінші белгіге дейін суық сумен толтырады. Осыдан кейін барлық вакуум крандарын ашып, күллі аппаратты бір мезетте жуып шығады. Аппараттарды түгелдей жуып шығу үшін ваннаға (екінші белгіге дейін) ыстық су құяды. Осындай қарапайым құрастырудың нәтижесінде сауыншының жұмыс өнімділігі едәуір артады, ал сауылған сүттің сапасы жақсара түседі.

Сауар алдында сиырдың желінін жуудың да сүттің таза болуы үшін айрықша мадызы бар. Мүмкіндігінше әрбір сиырдың желінін қағаз салфеткамен сүрткен жөн. Сиырдың емшек үрпіндегі алғашқы сүтті сауып алғанда арнайы кружканы (түбі қара) пайдаланған тиімді. Желін ауруға шалдыққанда сүттің құрамы өзгереді, оған қан, іріңді қоспалар араласады, ірімтіктенген сүт пайда болады, т. б. Мұндай белгілер түбі қара кружкадан жақсы байқалады.

Ауру сиырды әсіресе желінсаумен ауырғандарын ең соңында сауу керек, ал оның сүті жалпы сүтке араласпауы тиіс. Желінді үнемі таза ұстау санитарлық жағынан сапалы сүт, алудың иегізгі кепілі. Гигиеналық шарттарды түгел сақтай отырып, желінді үнемі таза ұстаудың өзі сүттегі бактерияларды едәуір азайтады.

Сүт проводымен сиыр сауу гигиенасы. Сиырды бұлай сауғанда желіннен шыққан сүт бірден танкке құйылады, ал оған дейін сүт шлангімен трубопровод арқылы талай ыдыстарға келіп, көптеген кедергілерден өтеді. Егер мұндай жағдайда тазалық шаралары мұқият сақталмаса сүттің сапасы күрт төмендеуі сөзсіз. Зерттеулерге қарағанда, сүт проводтарын тіпті күнделікті ыстық сода ерітіндісімен мұқият жуып тұрғанының өзінде жоғары сапалы сүт алынбайтыны байқалады.

Сүт проводының ұзындығы кей жағдайда 80 - 90 метрге дейін, тіпті одан да ұзын болуы мүмкін, мұның өзі оны тазалау жұмысын едәуір қиындататыны белгілі. Сүттің сиыр желінінен танкке дейін жүретін жолын қарастырып керелік: сауу стаканы, коллектор, резенкелі шлангі, көру қондырғысы, сүт проводы, сүзгіш қондырғы, салқындатқыш, диафрагмалы немесе ортадан тепкіш насос және ең соңында танк. Осы бөлшектердің немесе детальдардың жөнді жуылмауы сүтті едәуір ластайтыны сөзсіз.

Мына жағдайды ескертелік, егер сауу аппараты мен сүт проводы жақсы жуылғанмен, салқындатқыш немесе насостардын. біреуі женді жуылмаса, онда барлық сүт ластанады. Сондықтан қандай жағдайда болмасын сапалы сүт алу үшін сүт жүретін барлық линияларды мүқият жуып отыру керек.

Сиырды байламай баққанда сауу гигиенасы. Басқа әдістерге қарағанда сиырды байламай бағудың көптеген артықшылықтары бар (сиыр сауу технологиясында, сапалы сүт алуда).

Сауыншының жұмыс өнімділігін арттыруда күллі сауу процестерін комплексті механикаландырудын, айрықша маңызы бар. Әрі мұның өзі сапалы сүт алудың да кепілі. Байла-май баққанда сауу станоктарын сиыр еркін кіріп, шығатындай етіп жасайды. Сиыр сауатын бөлменің алдында қаша болады. Онда сиырды топтап ұстайды.

Сауу аладында сиырды сауғанда сүт бірден флягаларға немесе сүт проводтары арқылы салқындатқышка, одан сүт танкісіне кұйылады. Сауу алаңында ұзындығы 8 - 10 м вакуум-провод пайдаланылады. Мұнда сонымен қатар су жылытылатын жерден трубопровод арқылы жылы су жеткізіледі. Сиырдың желінін душ воронкасы арқылы таза, жылы сумен (45°) жуып тұрады. Екпінмен келген су желінді тез, әрі жақсы жуады. Сиырдың желінін жуу, сылау, сүрту оның тез июіне әсер етеді, әрі сүтті көп алуға мүмкіндік береді.

Сауу аралығында сүт проводы мен шлангілерді суық сумен толтырған жөн. Әрбір сауым алдында сүт проводынан губка еткізеді (сода сіңірілген), ал соның артынан барлық линияға ыстық су (80 - 85°) жібереді. Әрбір 7 кунде бір рет жұмыс істеп тұрған аппараттың линияларына 60 литрдей кальцийленген соданың 0,5 проценттік ыстық ерітіндісін қүйып шайқайды. Аппараттың іші жақсы жуылу үшін шелектің ішіндегі ерітіндіні бірден 4 аппаратпен сорып алады.

Қазіргі кезде айналмалы жуу әдісін қолданып жүр. Бұл әдіс әрі тиімді, әрі жұмыс істеуге оңай. Онымен қандай сауу аппаратын болса да жууға болады.

Сауу аппаратының барлық тетіктері - сүт проводы, вакуумды сүт салқындатқыш, жалғастырғыш шланг, диафрагмалы сүт насосы, сауу стакандары, коллекторлар, көру қондырғысы және сүт шлангілері жуылуы және дсзинфекциялануы тиіс. Жуар алдында сүт проводындағы сүзгіш дәкені алып тастайды.

Жуу жұмысын былай жүргізеді: алдымен барлық сауу стакандарын стаканшаларға, ал диафрагмалы сүт насосын шланга арқылы трубаға кигізеді. Осыдан кейін сүт проводын вакуум салқындатқышынан ажыратып, оған суық су құяды да, қайтадан сүт проводына жалғастырады. Жуатын сүйықты ыстық немесе суық су), жуу ерітіндісін кез келген ыдыстағы вакуум салқындатқыштан вакуум насостың көмегімен сорғызып алуға болады.

Алдымен вакуум насосты іске қосады, сонда стакандар сұйықты жақсы сорып, стаканшаларға әкеліп құяды, сосын диафрагмалы насосты іске қосады. Мұнда қысыммен келген су сауу стакандарына сорылады. Су - коллектор, керу қондырғысы, сүт шлангісі арқылы сүт проводына және қайтадан вакуум салқындатқышқа келіп құйылады. Диафрагмалы насос трубаға минутына 20 литрдей ерітінді құяды. Бұл сұйық зат жабық системадағы барлық линиядан өтіп, оны жуып, әрі дезинфекциялап шығады.

Әдетте, диафрагмалы насос мұндай системамен жұмыс істегенде өзі ғана жуылып қоймайды, сонымен бірге күллі линияны жуып шығады.

Линияны жуу жұмысы 4 - 5 минутқа созылады, сосын диафрагмалы насос тоқтатылады да, сұйық зат салқындатқышқа келіп құйылады. Вакуум насос іске қосылғаннан кейін сұйықтық шланг арқылы салқындатқыштан ағызып жіберіледі.

Суық сумен жуғаннан кейін күллі системаны ыстық сумен (85°) жуып шығады. Әрбір сауу аралығында системаға суық су немесе дезинфекциялық срітінді құйып қою керек. Ал сауар алдында бұл суды немесе ерітіндіні ағызып жібереді. Бұл әдіспен жуганда әрбір сауыншы (немесе механик) небары 15 - 20 минут уақыт жұмсайды, ал бұған бұрын 30 - 40 минут кететін. Бұл тәсілді қолданғанда аппаратты бөлшектемей-ақ жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Демек, күн сайын сүт линияларын бөлшектеуге және жууға кететін 5 - 6 сағат жұмыс уақытын қысқартады.

Әдетте, сүт ыдыстарын жууға сілтілі ерітінділер: концентрациясы 0,5 проценттік кальцийленген соданың ерітіндісі (Nа2СО3), концентрациясы 0,15 процентке жуық каустикалық сода (NаОН) қолданылады.

Соңғы уақытта мемлекеттік санитарлық бақылау органдарына сүт өнеркәсібінде пайдалану мақсатымен, дәлірек айтқанда, сүт ыдыстары мен сауу қондырғыларьш жууға жаңа препарат – сульфанолды қолдану ұсынылып отыр. Бұл препарат активті заттар қатарына жатады, әрі ласты өте жақсы кетіреді. Бұл препарат кристалл тәрізді, түсі күрең, иісі жоқ зат. Ол суда көбіктене ериді. Сульфанолды 0,5 проценттік концентрацияда ыстық (50-60°) суға ерітіп пайдаланады. Сондай-ақ бұл мақсатқа трозилин препаратын да пайдалануға болады.

Тәжірибеде қолмен сауудың екі әдісі бар: уыстап сауу және екі саусақпен сауу.

Уыстап сауу- қолмен сауудағы ең тиімді әдіс. Оның тәсілі мынадай: жақсылап жуылған, әрі сүртілген емшекті сауыншы алақанымен қысып, бас бармақпен тарта сауады, сонда емшек үрпіндегі сүт - сүт қаналына келеді. Осыдан ке-йін қолды сол күйінше үстап тұрып, емшекті алдымен бас бармақпен, сосын әрбір саусақпен кезектестіре қыса отырып сауады. Мұндай әдісті қолданғанда сауу жұмысы тез атқарылады, әрі сиыр тыныш түрады.

Екі саусақпен сауу - әдетте бүл әдісті жаңа үйреніп жүрген сауыншылар (уыстап саууды білмейтін) қолданады. Мұндай әдіспен сауғанда емшек қатты созылады да, содан барып мал ауырсынады, әрі сүт те сарқа сауылмайды. Емшекті қатты созғандықтан ол жарылып, тіпті кейде сүйелденіп кетеді. Мұндай емшекті сауыншы вазелинмен, сүтпен сылауға мәжбүр болады, ал мұның өзі сүттің ластануына апарып соқтырады. Оның үстіне бүл әдіспен сауу сауыншыны қатты шаршатады, өйткені мұндай жағдайда күш тек екі саусаққа түседі де, қол тала береді.

Қазіргі кезде шаруашылықтарда сүт едәуір молайды. Сонымен қатар мемлекеттік сүт заводтарына тапсырылатын сүттің сапасы да жақсарды. Бұрынғы уақыттарға қарағанда шаруашылықтардағы сүтхананың өндірген сүті мемлекетке тапсыруға дейін тазаланып және салқындатылып, ал қажет
болған жағдайда ұзақ уақытқа дейін сақталатындай дәрежеге жеткізіледі. Сүт қабылдау пунктімен қоса колхоздар қажетті жабдықтарды да, сонын ішінде сүт тартатын сепараторды да алды. Мұның өзі сүтті мол алуға, әрі бұзауға сүт ішкізуге мүмкіндік берді. Көнтеген колхоздарда сүттін, сапасын тексеретін лабораториялық жабдықтар да бар.

Ферма жанындағы сүтханада істейтін жұмысшылар мынадай жұмыстарды атқаруы тиіс:

Зоотехниялық және санитарлық талапқа сай жоғары сапалы сүт алу;

Сауылған сүттің және сүт өнімдерінің есебін алу, сүт өндіру жөніндегі жоспарды орындау, оньт мемлекетке сату және шаруашылық ішінде жарату;

Сүтті алғашқы баптау жұмыстарын жүргізу және қажет болған жағдайда оны сақтау;

Сүттің қосымша өнімдерін тиімді пайдалану. Көк сүттен, май суынан айран ұйыту, ірімшік қайнату, сыр, брынза т. б. жасау. Төлге ішкізуге арналған көк сүттен ацидофильді айран ашыту;

5. Қажетті жабдықтар болған жағдайда сүт майын алу және стандартты сыр дайындау;

6. Сүтке және сүт өнімдеріне анализ жасау;

7. Ірі қара шаруашылығында істейтін жұмысшыларға сүт өндірудің гигиеналық шарттарын түсіндіру;

8. Фермаға қажетті мұз және отын даярлау;

9. Сүтханаға қажетті жабдықтарды, құрал-саймандарды, реактивтерді және материалдарды дер кезінде тауып алу. Машина мен аппараттардың жұмысқа жарамдылығын бақылау.

Қазіргі бар сүтханалардың өндірістік тапсырмаларын шартты түрде үш категорияға бөлуге болады: ферма маңындағы сүтхана, сүтті өңдейтін және сақтайтын сүтхана (сүтхана үйі) және сүтті өңдейтін, сақтайтын және қайта өңдейтін сүтхана (колхоздардың және совхоздардың сүт заводы).

Ферма маңындағы сутхана- әдетте бір сиыр қораны қамтиды, мұнда сүтті қабылдау, сүзу, шаруашылықтағы орталық сүтханаға тасымалдау жұмыстары жүргізіледі. Мұндай сүтханадағы бөлмеде сүт сақталмайды және қайта өңделмейді. Қейде мүнда сүт тарту жұмысы жүргізілуі мүмкін.

Сиырды машинамен сауу әдісі енгізілген фермаларда аспаптарды жуу және насос-машина бөлмелері болады.

Сүтті өңдейтін және сақтайтын сүтхана

Сүтті өңдейтін және сақтайтын сүтхана бірнеше сиыр қораны қамтиды. Онда сүтті тазалау, ұзақ уақытқа салқында-ту және басқа жаққа тасымалдауға дейін сақтау жұмысы жүргізіледі. Мұнда сүтті тартады, ал кейде пастеризациялайды, одан ацидофилин айранын ашытады. Бұл өзі үшін де, бас-қа шаруашылық үшін де тиімді болып есептеледі.

Сүтхана жанындағы сауу алаңына «Елочка», «Карусель», «Веер» т. б. қондырғылар орнатылады. Мұндай қажетті жабдықтары бар сүтханалар сүтті қабылдап және оны тазалап қана қоймай, оны ұзақ уақыт салқын күйінде сақтай да алады. Сүтханада жеткілікті мөлшерде ыстық су болған жағдайда және қажетті күтім шаралары жүргізілгенде заводтарға жоғары сапалы сүт тапсырылады.

Сүтті өңдейтін, сақтайтын және қайта өңдейтін сүтханаларнемесе сүт заводы. Мұндай заводтарда сүт еңделіп қана қоймай, одан әр түрлі сүт өнімдері жасалады.

Сүтхананың негізгі міндеті - сүтті қабылдайды, тазалайды, салқындатады және сақтайды, сондай-ақ күнделікті келген сүттің 20 проценттейін Селаратормен тартып, одан алынған көк сүтті бұзауға береді. Сүтхана күніне 4 мың литрдей сүтті қабылдай алады. Сүтті алғашқы өңдеу жұмыстары

Шаруашылықтарда немесе өнеркәсіп орындарындағы пункттерде сүтті өңдеуді – бірінші өндеу жұмыстары деп, ал сүт заводтарында өңдеуді – екінші өңдеу деп атайды.

Фермаларда сүтті технологиялық талапқа сай қабылдап алып, өңдегенде оның сапасын арттыру және ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ету жағы көзделеді. Сүтті алғашқы өңдеудегі ең маңызды жұмыстардын бірі салқындату мен тазалау.

Сүтті тазалау.Сүт механикалық қоспалардан сиыр қорасында, флягаларға құйылмай тұрып сүзу арқылы тазаланады. Сүзген кезде сүт механикалық қоспалардан ғана (азықтың, төсеніштің, жүннің қалдықтары және шаң-тозаң) ары-лады. Алайда, сүт мүндай механикалық қоспалармен қатты ластанған болса, оны ойдағыдай тазартуға және бактериялардан арылтуға мүмкіндік болмайды. Сондықтан мақталы сүзгішпен ең кеп дегенде 2 - 3 флягадағы сүтті ғана сүзу керек. Егер сүзгіште тұнба көп қалса, онда оны жиі-жиі ауыстырып тұрады. Дәкені сода араласқан сумен жуады, таза сумен шайқайды және сонан кейін ғана кептіріп пайдалануға болады.

Типі әр түрлі сауын алаңынан алынған сүтті сүт проводына орнатылған тасқынды тазалағышпен тазалайды. Мұндай жағдайда сүт проводына резеңкелі тығыны бар труба орнатады. Трубаның бір жақ ұшына саптама орнатады. Саптамаға сүзгіш матадан тігілген кішкене дорба кигізіледі. Сонда сүт алдымен сүзгішке, сосын вакуумды салқындатқышқа құйылады.

Қазіргі кезде сүтті тазалау үшін сүзгіш ретінде полиэтиленнен (лавсан) жасалған синтетикалық мата қолданылып жүр. Мақта мен дәкеге қарағанда, лавсанмен сүзудің бірқатар артықшылықтары бар. Бұл ткань мүлде зиянсыз, өте берік, ұзақ пайдаланылады, әрі оңай жуылады, тез тазалайды.

Сүтті неғұрлым таза сүзу үшін сүт тазалағыш сепараторды пайдаланған тиімді. Мұндай сепаратордын. әдетте екі барабаны болады: оның біреуі сүтті тартуға, ал екіншісі сүтті тазалауға арналған.

Сүт тазалағыш барабанның тарелкаларынын ешбір тесігі болмайды және диаметрі кішкене, сол себепті оньң сүттегі лас заттарды жинайтын орны әдеттегі сепаратордан көлемдірек келеді. Тарелкалар аралырындағы сақылау да едәуір кеңейтілген (2,5 мм). Осы ерекшеліктеріне қарай оның жұмыс өнімділігі әдеттегі сепаратордан екі есе жоғары. Барабан айналғанда ондағы механикалық қоспалар тез тазартылып алынады.

Сүтті тазалауға кілегей айыратын сепараторды да қолдануға болады. Барабанды әрбір 1,5 сағат сайын жуып, тазартып отырады.

Сүтті салқындату. Жаңа сауылған сүтте бактерияларды қырып, жоя алатын лактенин (лизоцим) деген зат бар. Бұл зат сүтке түскен әр түрлі бактериялардың көбеюіне жол бермейді. Ал кейде тіпті оның азаюына да себепші болады.

Сүттің сапасын арттырып, оны ұзақ уақыт бойы сақтаудың бірден-бір жолы - сүттің бактериостатикалық (бактерицидтік) қасиетін сақтау. Егер сүттің бактериостатикалық қасиеті жойылатын болса, онда бактериялар тез өсіп-ене бастайды да, олардың тіршілік әрекетінен сүт бұзылады.

Сүттің бактериостатикалық қасиетіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар: сүттің ластану дәрежесі, сүтті сауғаннан салқындатуға дейінгі уақыттың аралығы. Сүт аз ластанса әрі ол неғүрлым тез және төмен температурада салқындатылса, оның бактериостатикалық (бактерицидтік) әсері де соғүрлым ұзақ сақталып, сүттің қышқылдылығы көтерілмейді. Кейбір практиктер сүтті заводқа салқындатпай-ақ жеткізген тиімді деп есептейді. Бұл мүлде қате. Мәселен, сүтті редуктаздық сынау нәтижелеріне қарағанда (бактерия мөлшерін анықтау мақсатында), егер жаңа сауылған сүтті «сапалы» класқа жатқызатын болсақ, ал екі-үш сағаттан кейін салқындатылмаған күйінде заводқа жеткізгенде оның сапасы «орташа» деген баға алған.

Сондықтан фермада сүтті салқындату жұмысы табындағы сиырлар түгелдей сауылып біткеннен кейін емес, керісінше, сиырды сауып бола салысымен сол мезетте атқарылуы тиіс. Орта есеппен табындағы сиырларды сауу жұмысы екі сағатқа созылады, егер осы уақытқа дейін сауылған сүт салқындатылмаса, онда оның бактериостатикалық қасиеті мүлде
жойылып кетуі мүмкін. Сүтті тасу және сақтау ұзақтығына қарай оны мынадай температурада салқындатады:

Сақтау ұзақтығы (сағат) 6 - 12 12 - 18 18 - 24

Салқындату температурасы (градус) 10 - 8 8 - 6 6 - 4

Сүтті салқындатуға жер асты суын пайдаланған (бастау, құдық, өзен сулары) тиімді. Бұл сулардың көпшілігінің (84%) температурасы 10 градус және одан да төмен болады. Шаруашылықтарда мұндай су кездері болмаған жағдайда сүтті салқындатудың ең тиімді әдісі - сүт қүйылған фляга-ларды арнайы салынған бассейнге немесе мүз қосылған суға қою. Бассейндегі судың тереңдігі флягадағы сүттің деңгейінен жоғары болуы керек. Сондай-ақ сүтті салқындататын арнайы тоңазытқыш аппараттар да қолданылады. Мұндай аппараттың жоғарғы жағында сүт құятын тесік бар. Сол тесіктен өткен сүт салқындатылған күйінде флягаларға құйылады. Бұл аппараттың бір керегесіне суық су құйылады.

Бір секциялы тоңазытқышта сүт тек сумен салқындатылады. Мұнда салқындатылған сүттің температурасы салқындатқыш судың температурасынан 3 - 4 градус жоғары болады.

Екі секциялы тоңазытқышта сүт алдымен оның жоғарғы секциясындағы сумен, онан соң төменгі секциясындағы температурасы едәуір төмен түзды сумен салқындатылады. Екі секциялы тоңазытқыш сағатына 750 - 1000 литрдей сүтті салқындата алады.

Наши рекомендации