Ірі қара және қой, жылқы, түйе, құс, шошқа шаруашылығына сипаттама 4 страница

Егер тоңазытқышта су онша салқын болмаса, онда оны алдын ала фригатордағы мұзбен салқындатады. Фригатор теңдей етіп екіге бөлінген жәшік, бөлінген жері түбіне дейін жетпейді. Оның бір бөлігіне мұз салынады да, душ воронкасы арқылы тамшылатылып суық су құйылады, сөйтіп су салқындатылады. Салқындатылған су жәшіктің екінші бөлігінен насос арқылы тоңазытқышқа, ал ондағы жылыған су қайтадан фригатор жәшігіне келіп құйылып салқындатылады. Көп жағдайда сүтті немесе кілегейді фригаторлы тоңазытқышпен салқындатқанда мұз бен тұз қоспасын пайдаланады. Егер мұзға 5 проценттей тұз қосса, оньщ температурасы - 3 градусқа дейін төмендейді.

ООМ-100 сүт тоңазытқыш - тазалағыш аппаратты пайдаланудың да айрықша маңызы бар. Бұл аппарат колхоздар мен совхоздардың сүт фермаларында, сондай-ақ шағын сүт заводтарында қолданылады. Оның жұмыс өнімділігі сағатына 1000 литр. Бұл аппарат бір мезетте сүтті салқындатады, әрі тазартады.

Аппараттың негізгі тетіктері мыналар: 80 литрлік сүт қабылдауыш, 600 литр - сағаттық сүт тазалағыш - сепаратор, екі секциялы тоңазытқыш, сүтті белгіш-лоток, сүт жинағыш-лоток, хладоагенттік насос және фригатор (мұз салынған жәшік). Оның барлық механизмдері рамаға орнатылып, фригатордан басқасы қапталған. Тоңазытқыш камераның есігі мөлдір затпен жабылған, ол сүтті ластанудан сақтайды, әрі ондағы салқындату процесін байқауға мүмкіндік береді.

Сепаратордың екі барабаны бар: біреуі сүтті тазалауға, екіншісі кілегей айыруға арналған. Ол электромотор арқылы істейді. Хладоагенттің насосы да сол мотор арқылы жұмыс істейді және сүт салқындатыла бастағанда іске қосылады.

Әр түрлі сауу алаңдарында сиырды машинамен сауу әдісі енгізілуіне байланысты вакуумды сүт тоңазытқыштар пайда болды. Мұндай жағдайда проводпен келген сүт алдымен тазалағыштан өтіп, вакуум күшімен тоңазытқышқа келіп құйылады.

Бұл аппаратта сүтті салқындатуға суды пайдаланады. Алайда сүттің температурасын төмендету үшін фригатор системасын да оп-оңай іске қосуға болады.

Сүтті салқындату жөнінде инженер Ю. Верещагин ұсынған салқындату әдісі де көңіл аударарлық. Мұндай жағдайда сауу алаңынан проводтың бойымен келген сүт рассекатель арқылы трубалы тоңазытқышқа келіп құйылады.

Рассекатель сүт проводына оңай орнатылып және тез шығарылады. Рассекатель мен сүт проводыньщ ішкі қабырғасының арасындағы саңылаудың шамасы 0,8 - 1 миллиметрдей.

Сүт проводының тоңазытқыш қызметін атқаратын бөлігі - диаметрі 100 мм және ұзындығы 200 мм трубаға (кожух) орнатылады. Бұларға салқын су құйылып түрады.

Тоңазытқыштағы су мен трубопроводтағы сүт бір-біріне қарама - қарсы, спираль тәрізді қозғалады, мұның өзі жылу алмасуын жақсы реттеуге мүмкіндік береді. Тоңазытқыштың пайдалы көлемі 0,3 м2 жуық. Мұндай тоңазытқышта сүт су температурасынан 3 - 4° жоғары шамада салқындайды. Бұл тоңазытқыштың құрылысы қарапайым және оны кез келген сиыр фермаларында қолдануға, сөйтіп сүтті қажетті уақытқа дейін салқындатуға болады.

Сиырды қорада баққан кезде сауу алаңы болмаған жағдайда, вакуумды қолдана отырып, сүтті тасқынды әдіспен салқындату ұсынылып отыр.

Әрбір сиырдың немесе белгілі бір сиыр тобының сауылган сүті есепке алынғаннан кейін, сүтті сүзгісі бар 3 - 6 литрлік құлақты ыдысқа құяды. Мұндай ыдыстардағы сүт шланг арқылы, алдымен бірінші тоңазытқышқа, онан әрі екіншісіне келіп құйылады да, суық сумен салқындатылады. Салқындатылған сүт вакуум қысымымен шланг арқылы бірінші флягаға, одан соң екіншіге және осы ретпен басқа флягаларға: құйылады. Флягалардың саны сауылатын сүттің мөлшеріне қарай белгіленеді, сонымен қоса қай уақытта болмасын бір фляганы резервте ұстайды.

Сонымен сиыр сауылатын жерде сүттің есебі алынып, оны сүзу, салқындату, флягаларға қүю жұмыстары жүргізіліп, бірден қабылдау пунктіне жөнелтіледі, яғни сиыр сауумен бір мезетте сүтті еңдеу жұмыстары да атқарылады.

Бүкіл одақтық ауыл шаруашылығын электрлеидіру ғылыми - зерттеу институтының Запорожье бөлімшесінде сауу алаңында сауылған сиырдың сүтін тасқынды әдіспен өңдеу іске асырылғаи. Мұндай кондырғыны екі және үш тактілі аппараттарда қолданады. Қондырғыда сауылған сүтті бірден тазалауға, салқындатуға және пастеризациялауға болады.

Сауу аппаратындағы сүт - сүт проводы арқылы цистернаға кеп құйылады. Цистернаның ернеуіне қойылған сүзгі ар-қылы сүт сүзіледі де, конус пішінді қабылдағышқа, одан екі қабырғалы цистернаға сыздықтап қүйылады. Ал цистерна қабырғаларының аралығына сүтті салқындату үшін су жібереді.

Егер сүтті пастеризациялау керек болса, онда цистерна қабырғаларының аралығына суык судың орнына бу немесе температурасы 95° ыстық су жіберіледі. Осыдан кейін пастеризацияланған сүтті цистерна шүмегі арқылы суық суы бар бассейнге орнатылған флягаларға құяды. Флягалар сүт және вакуум крандарымен резеңке түтік арқылы жалғастырылған.

Бассейнге трубопровод тартылған. Бұл трубопроводқа фригатордағы суық су келіп қүйылады. Бассейндегі су насос арқылы қосымша бакқа құйылады, ал бос флягаларды койғаннан кейін суды қайтадан бассейнге құяды.

Цистернаға екі фляга қатар орнатылған, онда өлшеуіш линейка және сүтті автоматты түрде ағызатын шүмек бар. Бұл флягалар сүт проводының сүт кранымен және вакуумды резеңкелі шлангімен жалғастырылған провод арқылы флягаларға бұзауға беретін немесе сепараторға тартатын сүт құйылады. Ол үшін алдымсн вакуум-кранды ашып, флягаларда вакуум пайда болған кезде сүт кранын ашады. Онымен сүт флягаларға күйылады. Бірінші флягаға 30 литр сүт құйылғаннан кейін сүт және вакуум шүмектерін жабады. Сосын флягаларға ауа жібереді. Сонда сүт өз салмағымен автоматты түрде ағызу клапанын ашады да, сүт қосымша бакқа құйылады. Бактағы сүт тиісті жеріне жөнелтіледі.

Пастеризациялау деп - сүтті 63 градустан қайнауға таяу температураға дейін ысытуды айтады. Пастеризациялау арқылы сүттегі микроорганизмдер құртылады. Жоғары температурада ысытудың нәтижесінде сүттің физикалық-химиялық қасиеттері біраз өзгеріске ұшырап, оның қоректілігін біршама кемітеді: витаминдсрдің біраз бөлігі бүзылады, суда еритін белоктар шегеді.

Шаруашылықта аусыл, бруцеллез, желінсау сияқты аурулар байқалғанда, ацидофилин мен айран әзірленетін сүтті міндетті түрде пастеризациялайды. Ал сүтті пастеризациялаған жағдайда, бұл өнімдерге кейбір ұнамсыз процестердің әсер етуі, сөйтіп, кейбір бактериялардың, әсіресе ішек таяқшасы, май қышқылдары тобындағы бактериялардыд тіршілік әрекетіне кедергі келтіруі мүмкін.

Сүтті пастеризациялаудың үш түрлі режимі бар:

ұзақ пастеризациялау - мұнда сүтті 63 - 65° температураға дейін ысытады да, осы температурада 30 минуттай үстайды;

қысқа уақытта пастеризациялау – мұнда сүтті 72 - 75° температурада 15 - 20 секундтай ысытады;

тез пастеризациялау - мұнда сүтті 85 - 90° температурада жылдам ысытып алады.

Ұзақ пастеризацияланғанда сүттіц физикалық - химиялық қасиеті мүлде дерлік өзгермейді: витаминдердің көпшілігі сақталады, ферменттер аздап қана бүзылады, белоктар мен минерал түздары ешбір өзгермейді. Сүтті бұлайша пастеризациялаудың тиімділігі канағаттанарлықтай, сүттегі пастеризацияланғанда сүттін, дәмі өзгереді, белок пен минерал тұздары да өзгеріске ұшырайды, ферменттер бұзылады, витаминдер аздап кемиді.

Қысқа уақытта пастеризациялағанда сүттің физикалық-химиялық қасиеті жоғары температурада пастеризациялағанға қарағанда, онша өзгеріске ұшырай қоймайды.

Сиырды қорада баққаннан гөрі, жайып баққанда сауылған сүттегі микрофлоралар ысыту арқылы едәуір жойылады. Бұлай болатын себебі, сиырды қорада баққанда сүтке әр түрлі бактериялар, негізінен қи ұнтақтары арқылы түседі. Мұндай бактериялар жоғары температурада ысытуға едәуір төзімді келеді. Ал сиырды жайылымда баққанда, сүтте көбінесе өсімдікте тіршілік ететін бактериялар болады да, пастеризациялағанда бұл бактериялар түгелдей дерлік жойылады.

Пастеризациялаудың ойдағыдай болуы сүттің механикалық ластану дәрежесіне байланысты. Қысқа уақытта пастеризациялағанда механикалық қоспалардын, барлығы қажетті температураға дейін ысып үлгермейді де, ондағы бактериялар тірі қалуы мүмкін. Сондықтан пастеризациялар алдында сүтті мұқият тазартқан жөн.

Шаруашылық жағдайында кебінесе ұзақ пастеризациялауды қолданады. Ол үшін су жылытқыш қазанды пайдаланады. Қазандағы судың деңгейі сүт құйылған ыдыстың деңгейінен 2 - 3 см жоғары болуы тиіс. Пастеризациялау жұмысы аяқталғанша сүтті піспекпен араластырып отырады. Сүттің температурасын таза термометрмен өлшей отырып, 63 - 65 градусқа жеткізіп, сол температурада 30 минуттай үстайды.

Пастеризацияланған сүтті таза жуылған салқындатқышқа немссе су құйылған және мұз салынған бассейндегі флягаларға қотарып, 10° температураға дейін дереу салқындатады.

Ұзақ пастеризациялауға ваннаны (ВОП) пайдаланады. Мұндай ванна сыйымдылығы 600 л және одан да көп цилиндрлі екі қабырғалы қазаннан тұрады. Қабырға аралығына келген бу суды, содан кейін ішкі резервуардағы сүтті жылытады. Резервуардағы сүтті жетек арқылы жұмыс істейтін араластырғыш арқылы шайқайды.

Пастеризациялау жұмысы аяқталғаннан кейін қабырға аралығы сумен немесе мұзбен толтырылуы тиіс. Сөйтіп сол ваннада сүт салқындатылатын болады.

Қысқа уақытта және тез пастеризациялау үшін конструкциясы әр түрлі үздіксіз жұмыс істейтін пастеризаторды пайдаланады.

Жаппай пайдаланылып жүрген пастеризаторлар – бірі-біріне қарама-қарсы орнатылған екі цилиндрлі резервуар. Олардың қабырға аралықтары жұмыс кезінде бумен толтырылады. Сүт құйылатын ішкі резервуарда ығыстырғыш барабан бар. Сүт резервуарға астыдағы жағынан құйылады. Барабан тез айнала отырып, сүтті жылытылған қабырғаға ығыстырып әкеледі де, сол мезетте оны аз-аздан сыздықтатып ағыза отырып, жоғарғы патрубкаға айдайды. Пастеризациялайтын температураны реттеп отыру үшін будыд күшін неме-се сүттің келуін өзгертіп отырады.

Мұндай пастеризаторлардың жұмыс өнімділігі - сағатына 600 л және одан да көбірек.

Сүт өнеркәсібінде бірнеше қабатты пастеризаторлар қолданылады, кейде оны жылу алмастырғыш деп атайды. Мұнда пастеризаторда ең кем дегенде үш секция бар. Оның біріншісінде – сүт бумен пастеризацияланады, ал ыстық су екінші секцияға құйылып, өзінің біраз жылуын пастеризаторға қарай баратын суық сүтке береді. Екіншісін – регенеративті секция деп атайды. Үшінші секцияда сүт тұзды сумен салқындатылады.

Егер сүтті сату пунктіне бірден апаруға мүмкіндік болмаған жағдайда, оны шаруашылықта біраз уақыт сақтауға тура келеді. Сүтті сақтаудағы негізгі көзделетін мақсат - тапсырғанға дейін оны бүзылмаған күйінде ұстау.

Сүт сақталатын бөлменің іші үнемі жақсы желдетіліп отыруы, терезелері солтүстік жаққа қаратылып, көлеңкеленіп тұруы тиіс. Сүт сақтайтын бөлмеде істейтін адамдар үнемі таза халат киіп жүруі қажет. Сүт сақтағышта бөгде заттарды қоюға рұқсат етілмейді.

Сүтті немесе кілегейді сақтаудың ең қарапайым әдісі, оны ағынды су құйылып тұратын мұз салынған бассейнде ұстау болып саналады. Сүттің температурасы оны сақтау ұзақтығына және жыл маусымына байланысты.

Егер жазда сүтті сақтау және тасып жеткізу ұзақтығы 6 сағатқа созылса, онда сүттің температурасы 8° болуы тиіс. Қыста сүтті 10° температурада сақтайды. 100 килограмм сүтті жоғарыда көрсетілген температурада 6 сағат бойы сақтау үшін бүған 20 - 25 килограмм мұз жұмсалады. Сүт сақтайтын бөлмеде сыйымдылығы әр түрлі бірнеше бассейн болуы тиіс. Сүт аз болған кезде, мүның өзі су мен мұзды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сүтті сақтағанда фляганың қақпағын ашып астайды да, оның аузын дәкемен жауып қояды. Салқындатылған сүтті сақтауға арналған сыйымдылығы әр түрлі бірнеше танктер бар. Мұндай танктер колхоздар мен совхоздардың сүт фермаларында ойдағыдай қолданылуда. Сүтті сақтайтын және агрегатты салқындататын танктерден тұратын қондырғылар бар. Мәселен, Долматов машина жасау заводы (Курган облысы) сүтті әрі салқындатып, әрі сақтайтын қондырғылар жасап шығаруда. Мұндай қондырғылардың сыйымдылығы 2000 және 4000 литр.

Мұз қатырғыш генератордьщ трубасындағы фреонды агрегаттың көмегімен мұз қатырылады. Мұндай мұзға су шашыратыла құйылады, сөйтіп, су онда салқындатылып, тоңазытқыштың қабырғалары аралығына келіп құйылады, тоңазытқыштын жұмыс өнімділігі – сағатына 400 литр. Мұнда су жылиды да, қайтадан мұз қатырғыш генераторға келіп құйылады. Демек, су үнемі жабық жүйе бойыыша айналып отырады. Алдын ала тазартылған сүт, тот баспайтьш металдан жасалған бактан насос арқылы сорғызылады. Тоңазытқыштағы сүт (температурасы 5° шамасында) қысым күшімен немесе вакуум арқылы сақтау үшін танкке жіберіледі. Танкке піспек орнатылған және жанжағы жақсы бітелген. Ондағы сүт насос арқылы автоцистернаға құйылады. Барлық қондырғының алатын аумағы - 8,5 м2.

Сүтті алғашқы өңдеуді (тазалау, салқындату және сақтау) осылайша ұйымдастыру, ондағы жұмысты едәуір женілдетуге, сөйтіп, жұмсалатын еңбек пен қаражатты үнемдеуге және өндіріс орнын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді 2 - 3 градусқа дейін салқындатылған сүтті 24 сағаттай сақтауға және оны заводқа тәулігіне бір-ақ рет тасымалдауға болады.

Флягаларға құйылған сүтті тасымалдар алдында жақсылап араластырады, оның себебі сүтті ұзақ сақтағанда бетіне кілегейі жиналып қалады. Сүт құйылған флягалардың қақпағына резеңкелі қалтқы салып, жақсылап бекітеді де, аузына пломба соғады. Резеңке қалтқыны басқадай нәрсемен ауыстыруға болмайды. Сүтті тәуліктік уақыттың ең салқын кезінде (таңертен, немесе кешқұрым) тасымалдаған жөн. Сүтпен бірге керосин, бензин сияқты иісі шығатын заттарды тасымалдауға болмайды. Сүт қүйылған флягаларды жылудан, суықтан және шаң-тозаңнан қорғау үшін, брезентпен немесе басқадай бір нәрсемен жауып қою керек. Флягаларды біріне-бірін жақын қояды да, оны машинаның бортына байлайды. Машинаның борты таза, әрі бөгде иістер болмауы тиіс.

Соңғы кезде сүт тасу үшін темір жол цистерналары пайдаланылып жүр. Темір жолда сүт құйылған флягаларды изотермалық вагондарда тасымалдайды. Мұндай вагоннын, іші жазда салқындатылып, қыста жылытылып, ондағы температураны 3 - 5 градус шамасында ұстап тұрады.

Сүтті су жолымен де тасымалдайды. Мұндай арнайы катерде тоңазытқыш қондырғы орнатылады.

Озат шаруашылықтарда сүтті тоңазытқышта салқындатудың, сақтаудың және оны флягалармен тасымалдаудың орнына, сүтті салқындататын және сақтайтын, сыйымдылығы әр түрлі танктерді пайдаланады. Мұндайда сауу алаңында алынған сүтті вакуум арқылы тазалауға, сосын тоңазытқышқа және ең соңында танкке жөңелтеді. Сүт бұл жерде автоцистерналар келгенше сақталады.

Сүтті автомобиль цистернасымен тасымалдау басқа әдістердің қай-қайсысынан болмасын едәуір тиімді.

Автомобиль цистернасымен тасығандағы сүттің шашылып – төгілуі 0,03 процент болса, флягамен тасығанда - 0,34 процентке жетеді, яғни шашылып -тегілуі 10еседей артып кетеді. Сүтті цистернамен тасымалдау жұмысты едәуір жеңілдетеді, сүтті қабылдау, флягаларды араластыру, тасу, түсіру, оларды бассейнге салу, кейіннен жуу, оларды жөндеу жұмыстарды едәуір азайтуға, сөйтіп, онда істейтін адамдарды басқа жұмысқа пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда, халықтың азық-түліктік және тұрмыстық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, қазақтың ежелгіт төрт түлік малымен қоса шаруашылық экономикасына тез арада пайда келтіретін, жылдам өсіп-өнетін өсімтал шошқа шаруашылығы секілді салаларды дамыту қолға алынуда.

Наши рекомендации